Адамгершілік тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.

Оглавление

І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»

2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар

ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау

Файлы: 1 файл

Назгуль.docx

— 133.16 Кб (Скачать)
 

Сабақтың  әдiсi: Сұрақ-жауап, әңгiмелеу, ойын, жарыс, оқу-  жаттығулары. 

Керектi құралдар: М.Әуезов суретi, табиғат суретi, (көктемгi) бұлт суретi, карточкалар, қоржын қалталар. 

Сабақтың  түрi: Аралас-той сабағы. 

Сабақтың  барысы :

1. Ұйымдастыру.

1. Кiрiспе – Бүгiнгi сабақ бұрын болмаған өзгеше сабақ. Бiз бүгiнгi сабақта тойға барамыз. Ол той қандай той? Оқушылардан тиiстi жауап алынады.

– Мұхтар атаның мерейтойы.

– Мұхтар ата туралы не бiлесiң ?

– Дұрыс, балалар. Бiз сол тойға баруға дайындалайық. Ол үшiн үй тапсырмасынан дайындықтарыңды байқайын. Үйге берiлген “Қара торғай“ тақырыбы сұралады.

  1. Жаңа жол бойынша оқыту.
  2. Мазмұнын айту.
  3. Мәтiн бойынша сұрақтарға жауап алу.

“Құстарға қандай көмек беремiз? Құстар - бiздiң  досымыз” тақырыбы бойынша әңгiмелеу.

– Жақсы, бәрiң де жақсы дайындалып келiпсiздер. Тойға баруға дайын екенсiздер. Әуелi тойға апаратын сыйлық дайындап алайық. Мына қоржынның екi басын сыйлыққа толтырайық. Мына жағына құстар туралы тиым сөздер салайық. Кәне қандай тиым сөздер бiлесiңдер? Құсты өлтiрме, аққуды атпа т.б. оқушылар бiлгендерiн айтады. Екiншi басына – құстар туралы өлеңдер толтырамыз. Поэзия минуты өтедi.

“Жорға  торғай” – М. Әлiмбаев, “Суық торғай” – Қ. Мырзалиев, “Құстар келдi” – Т. Молдағалиев, ”Қандай құстарды бiлесiң?”, “Торғай ” т.т. өлеңдерi мәнерлеп айтылады.

– Ал, ендi, балалар, сыйлық дайын болды,  ендi жалға шығайық. Ол жаққа немен барған жөн. Тақтада: самұрық құс, кеме, тiк ұшақ, ұшақ суреттерi iлiнедi. Әрқайсысына мән берiлiп, сыйымдылығын, қонатын жерiн байқату. Ең жылдам көлiк кеме, бұл қайда ұшады, оған бара аламыз ба. Бiзге тиiмдi көлiк қайсысы?

– Дұрыс, ұшақпен бәрiмiз сиып бара аламыз. Кәне, көлiкке мiнейiк. Тақтада: Аспан әлемi – Бұлттар iлiнедi.

– Кәне, балалар, ұшақ терезесiнен қарайық, бiз қайда келе жатырмыз? Жоғарыдағы ауа жердегiден қалай деп ойлайсыңдар? Бұлттардан басқа не көрiнедi? Ай неге көрiнбейдi? (бұлт, найзағай, кемпiрқосақ т.б. деп жауап бередi). Тиiстi оқушының жауабы алынды.

– Ал, ендi, оқушылар Мұхтар ата ауылына – тойлы ауылға жақындадық. Ендi қонамыз. Тақтада: көктемгi табиғат аясында бес-алты киiз үй тiгiлген тойлы ауыл суретi iлiнедi.

– Мiне, тойлы ауылға келдiк. Той қызу жүрiп жатыр екен. Кәне, тойға келушiлер шашу шашу керек, бiзде шашу шашайық. Ол үшiн сәл ойнайық. (”Бiр сөзбен айт”) ойыны жүргiзiледi.

1 Сабақтан  кешiгiп, көп ұйықтап, ештеңе iстемейтiн  баланы – кiм деймiз?

– Жалқау.

2 Үстi – басы лас, оқу құралы ырым-жырым, дәптер кiтабы қара ала, оны кiм деймiз?

– Салақ деймiз.

3 Үлкенге  де, кiшiге де ұрынып, бiр нәрсенi бүлдiрiп, жүретiн баланы кiм деймiз?

– Сотқар деймiз.

4. Қолынан  ештеңе келмейтiн, iстеуге, үйренуге, ұмтылмайтын баланы кiм деймiз?

– Олақ деймiз.

Осы сияқты сұрақтар қойылып, жауабын бiр сөзбен айтады. Ал, ендi, осындай балалар  бiзбен бiрге тойға барсын ба?

– Жоқ, - дейдi оқушылар.

II. Мiне, шашу шашылды. Ендi той үйiне кiрелiк. Кiрсек, үлкен дастарханда бетi жабылған тамақ тұр. Бұл қандай тамақ екен? Қасында мынадай жазу бар екен: (жұмбақ айтылады)

      Ат  шаптырым аумағы,

      Байқалмайды салмағы.

      Мың кессең де ол мейлi,

      Жұредi ұшып, өлмейдi – ол не?

– Бұлт – дейдi оқушылар.

– Бәрiмiз де осы бұлтты алайық. Кәне, ала қойыңдар, бәрiңе де бар. Оқушылар кiтаптарынан “Бұлт” тақырыбын табады. Ендi, той иесi “Тойбастар” айтамын дейдi. Айтсын ба?

– Айтсын, - дейдi оқушылар.

Осы жерде  “Аспан ана, Күн сұлу, Бұлт” ертегiсi тыңдалады. Ертегiнiң соңында Аспан ана баласы Бұлтқа:

– Шырағым, адамдарға мейiрiмдi бол, қайырымды бол. Күнмен тату бол! Адамдарға тек қана жақсылық жасап отыр, - деп тапсырыпты дегенiн түсiндiремiн. Ертегi тыңдалып болған соң “Бұлт” осы анасының тапсырмасын орындап жүр ме екен, кәне оқып көрейiк.

1. “Бұлт”  ертегiсiн оқулықтан оқып беремiн.

2. Түсiнiксiз сөздер түсiндiрiледi.

3. Ертегiнiң  мазмұны түсiндiрiледi. Тақтаға ертегi бойынша салынған сурет iлiнiп оқушы назары аударылады.

4. Оқушыларға  ертегiнi оқытамын.

5.Сөйлем  түрлерiне назар аударылып, қазақ тiлiмен байланыстырылады. Шығарманың соңында қыз жылауын қойып “бұлтқа арнап өлең айтып жiбередi” – деген сөйлемнен кейiн: - “Кәне, қандай өлең айтыпты? Тыңдайық. Әнес Нарымбаевтың “Бұйра бұлттар” өлеңi тыңдалады.

      Бұйра бұлттар аунап,

      Найзағайлар ойнап,

      Құйды нөсер заулап,

      Гүлiмдейдi сай жақ,

      Көрiнбейдi тау жақ.

      Бұйра бұлттар аунап

      Ұзап кеттi аулақ.

      Жердiң  бетi жайнап,

      Гүлдер өстi қаулап

      Түледi бар аумақ. 

– Мiне, бұлт ертегiсiн түсiндiк. Ендi, той дастарханынан тұрайық. Дастарханға бата жасалсын. Бата туралы не бiлесiңдер? Бата түрлерi қандай? Кiмдерге арналады? Оқушылардан тиiстi жауаптар алынады. Мына дастарханға кiм бата жасайды? 

       – Дастарқандарыңа береке берсiн

      Бастарыңа мереке берсiн

      Астарыңа  береке берсiн

      Дендерiңе саулық берсiн! – дейдi бiр оқушы.

– Ендi сыртқа шықсақ, той қызып жүрiп жатыр екен. Олар айтыс өнерi. Бiз де осы айтысқа қатысайық. Екi оқушыға бұлт пен қыздың сөзiн оқытып, жақсы оқығанын айтыста жеңгенi деймiз. 3-4 оқушыға рөлмен оқытқызу.

– Ендi мына жақта бәйге жарысы болып жатыр. Бiз де осы ауылдың жақсы, жүйрiк аттарымен бәйгеге қатысайық. Тақтаға “Аттар бәйгесi” суретi iлiнедi. 1 минутқа жаппай оқушыларға мәтiндi оқыту. Кiм көп сөз оқыса, сол бәйгеден бiрiншi келгенi болады. Оқушылар түгел бiр минутта мәтiндi оқиды.

– Ендi ауылға қайтатын уақыт та болып қалды. Қоржынымызды елге алып қайтайық. Той иесi қоржынға “Сыбаға – сарқыт, базарлық” қалталарына салыпты. Осы жерде “Кiм болады?” ойыны жұргiзiледi.

– Сенiң апаңның баласы алдыңнан шықты, ол саған кiм болады?

– Жиен.

– Сенiң ағаңның баласы шықты, ол саған кiм болады?

– Iнi.

– Сенiң анаңның сiңлiсiнiң баласы шықты, ол саған кiм болады?

– Бөле (т.б. сұрақ-жауаптар алынады).

– Мiне, бiз осы балаларға той қоржынынан дәмдер беремiз.  

“Базарлық”  қалтасынан сәукеле, қамзол, тақия, шапан деп жазылған карточкалар алынады. Онда мынадай сұрақтар жазылған:

      1. Көктемгi бұлттар не болып жауады?

      2. Қыста бұлттар не болып жауады?

      3. Көктемде көбiне қандай бұлт  болады?

4. Жазғы  жаңбырдан соң аспан әлемiнде қандай құбылыстар болады?

Жазылған  ұлттық киiмдерге түсiнiк берiледi.  

“Сыбаға”  қалтасынан – балқаймақ, құрт, iрiмшiк, қазы – деп жазылған карточкалар  алынады. Онда мұнадай сұрақтар жазылған:

1. Қыз  неге жылады?

2. Бұлт  қызға не дедi?

3. Неге  қыз гүлге су құмайды?

4. Бұлт  қызға қандай қамқорлық жасады?

5. Неге  су арнасы тартылып қалған?

6. Бұлт  неге көшедi екен?

Карточканың артындағы ұлттық тағамдарға түсiнiктер берiлiп, сұрақтарға тиiстi оқушы жауабы алынады. 

“Сарқыт”  қалтасынан карточкалар алынып, ондағы “Бұлт”, “Найзағай”, “Кемпiрқосақ”, “Жалт” құбылыстарынан түсiнiктер оқылып берiледi. Соңғы қоржын қалталарындағы сұрақтар сабақтың бекiту, қорытындылау есебiне жүргiзiледi. Осымен сабақты қорытындылап, оқушыдан не үйренiп, не iлгенiн пысықтай отырып, сабақ аяқталады. Осы бiр сабақтың өзiнде бiрнеше адамгершiлiк туралы ұғымдар берiледi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сабақтың  тақырыбы:     Аулақ бол, жаман әдеттен. 

Сабақтың  мақсаты: 

а) Оқылған ертегiлер мазмұнын өз беттерiнше   рөлдерге бөлiп, кезектесiп ретiмен жүйелi ойыншықтармен драмалауға машықтандыру.

ә) Сөйлеу дағдыларынын арттыру, жаман әдеттерден аулақ болуға, ырым-тиымдарды дұрыс түсiнiп меңгеруге тәрбиелеу.

б) Кейiпкерлердiң мiнез-құлықтарын, iс-әрекеттерi, жағымды-жағымсыз жақтарын аша отырып, әдептiлiкке, тапқырлыққа, шыншылдыққа, еңбекке, адамгершiлiкке тәрбиелеу. 

Көрнекiлiгi:

  1. Буклеттер, суреттер, плакатқа салынған орман, тоғай суреттерi. (жылжымалы)
  2. Ойыншықтар, қуыршақтар, театрларға арналған.
  3. “Әдептiлiк-әдемiлiк”, “Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен”, “Аулақ бол жаман әдеттен”, “Ертегiлер елiнде”, “Ертегi-ғажайып сыр шертедi” жазылған плакат, стендiлер.
  4. Күйтабақ, диафильм (мультфильмдер). Ойындар: шелектегi судан қасықтап ыдысты толтыру, “Кiм жылдам” заттарды дастарқанға дұрыс ретiмен қояды, (картоп аршу).
 

Сабақтың  барысы: 

I бөлiм

      а) Ата-ана, келген қонақ, ұстаздар, әдiл қазылар алқасымен таныстыру.

      ә) Кiрiспе:

  • Балалар, бiз бүгiн сендермен алғаш рет “Ертегiлер кешiн” өткiзгелi отырмыз. Бiз “Ана тiлi” – сабағында қандай тақырыптарды аяқтап бiтiрдiк. (Ертегi, жұмбақ, жаңылтпаштар).
  • Ал, осы тақырыптарды бiр ауыз сөзбен қалай атаймыз. (Халық ауыз әдебиетi).
  • Ал, осы халық ауыз әдебиетiне тағыда нелердi қосуға болады?
  • Нелiктен халық ауыз әдебиетi деп аталған деп ойлайсыңдар?
  • Ал, осы жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегiлерден бiз ненi үйренiп, қандай болуға тәрбиеленемiз екен.
  • Бiз көбiне ертегiлермен таныстық. Ертегiлердiң қандай түрлерi болады екен? (Қиял, ғажап, жан-жануар, аң-құс, тұрмыс-салт т.б.)
  • Сонымен, ендеше бiз бүгiнгi тақырыбымызды оқып жiберейiк. “Аулақ бол, жаман әдеттен”.
  • Балалар, аулақ бол, жаман әдеттен дегенде бiз қандай өзiмiзге жат әдеттерден аулақ болуымыз керек деп ойлайсыңдар. (Ерiншектiк, жалқаулық, мақтаншақтық, өтiрiк айту, ұрлық жасау, алдау т.б.) балалардың өз жауаптары.
  • Ал, қандай жақсы әдеттердi, қасиеттердi үйренуiмiз керек екен? (балалар жауабы).
  • Ал, ертегiлерде қандай жан-жануарлар қандай мiнез-құлықтарымен көрiктi. Ең қу, бiреудiң еңбегiмен күн көретiн қандай аң екен? Ең аңқау, адал, сенгiш ше? Ал, қай аң озбыр, қатыгез екен? Ал, осындай мiнез-құлық әр адамдарда да болады екен, сондықтанда бiз, әрқашан қандай болуымыз керек екен?
  • Ендеше, осылар туралы айтылған мына мақал-мәтелдердi жаттап әрқашанда есiмiзде сақтайық.

Информация о работе Адамгершілік тәрбие