Адамгершілік тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.

Оглавление

І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»

2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар

ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау

Файлы: 1 файл

Назгуль.docx

— 133.16 Кб (Скачать)

      “Уайымды  бөлiсу” жағдайында шәкiрттер адамның терең сезiмдi қайғыруын көре бiлу, түсiну, оған үн қосу, өзгенiң қайғысын бөлiсу.

      Уайымды бөлiсу, әсiресе, оның адамгершiлiктi түрi-адамдардың топтасуының, өзара түсiнiсуiнiң аса маңызды адамгершiлiк-психологиялық факторы. Сiрә, адамдардың бойында тәрбиелеу және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалау керек болатын бiрге уайымдау өнерi туралы айтатын да кез келдi.

      Бастауыш  сыныптарда “уайымды бөлiсу” жағдайлары сыныптағы нашар баға алған кезде  мәз болысу, басқалардың қайғына немқұрайды қарау, сыныптасы оқуды үлгеруде қиналғанда оған көңiл аудармау және көмектескiсi келмеу, басқаның мұқтаж болған нәрсесiн беруге құлықсыздық, әлсiздерге, өзiнен жасы кiшiлерге қатыгездiк немесе мүлдем немқұрайдылық, ата-анасына, мұғалiмге сергек қарамау, қыздарға дөрекi болу және басқа көрiнiстердi аластау үшiн қолданылады. өзiмiз тұрған оқушыларды кез-келген сәтте өзiнiң және өзгелердiң адамдық қасиетiн сақтай бiлуге, жеке адамға құрмет көрсете бiлуге, айналасындағыларға сергектiкке, мейiрбандыққа тәрбиелеуге назар аударылады.

      2. “Ерiктi мәжбүрлiк” жағдайы. Жағдайдың бұл түрiн қолдануда қоғамның адамгершiлiк нормаларын тек оқушылардың бойына адамгершiлiк тәжiрибесiн қалыптастыру арқылы ғана игеруге болады деген психологтардың қағидасы негiзге алынады. Мұндай тәжiрибе жинау оларды адамгершiлiк үлгiлерiне, оның iшiнде iзгiлiктi қатынас үлгiлерiне сәйкес келетiн қарым-қатынастарға араластырудың арқасында жүзеге асады. Бұл процестi басқара отырып, педагог оқушылардың алдына “өз айналасындағылар жөнiнде белгiлi бiр моральдық көзқарас ұстау, белгiлi бiр сипатта әрекет ету, басқалардың әрекетiн өзiнше бағалау қажеттiгi мiндетiн қояды. Нақ осы тұста адамгершiлiк нормасын белсендi игеру процесi, яғни соған лайықты мiнез-құлық үрдiстерiнiң қалыптасуы жүредi. Адамгершiлiк нормасын тiкелей өмiрдiң өзiне тура әрекет ететiн жағдайдан тыс, дайын ереже түрiнде игергенде ешқашан мұндай табиғи “ерiктi мәжбүрлiктiң” нақты тәжiрибесi тумайды”, — Т.Е.Конникова бұл жағдайдың басты мәнiн осылай анықтайды. Тәрбиелiк жағдай кезiнде педагог шәкiрттің ол үшiн ұнамды қызметке тарта отырып, балалардың көңiлге түйген себеп-бағдарына сүйенедi. Ол қызмет өзiнiң шынайы мәнiсi арқылы жаңа, неғұрлым биiк себеп-бағдар туғыза алатын болуға тиiс. Демек, бұл жағдайда нақты ұжымдық қызметке дұрыс көзқарас қалыптасып қана қоймай бұрынғы себеп-бағдар бiр сатыға жоғары көтерiледi, қызметтiң жүзеге асырылып жатқан мақсаты оқушылар үшiн объективтi маңыздыға айналады. Балалар өздерiнде себеп-бағдардың жүзеге асуынан ғана емес, қызметтiң шынайы мәнiсiнен де қанағаттану сезiмiн алады.

      Педагог жасайтын “ерiксiз мәжбүрлiк” жағдайлары өзiнiң нысаны жөнiнен адамгершiлiктi болады. Солардың арқасында педагог оқушыларға бiлдiрмей, қарым-қатынастың құрылымы мен мазмұнын өзгерте алады және осы арқылы ұжымдағы өзара қарым-қатынасқа ықпал ете, яғни оқушыларды қатынастың мазмұнын байытуға қызмет ететiн, адамгершiлiк моралiнiң нормалары туралы түсiнiктi кеңейтiп, тереңдететiн қызметке тарта алады. Мәселен, бастауыш сыныптар жағдайында оқушылардың басқа жастағы оқушылармен, сондай-ақ өзге жынысты сыныптастармен араласуын жеделдету үшiн бiз оларды ұжымға қосылмай қалған балалармен қарым-қатынас жасауға сыныптастарын мәжбүр ететiн қызметке тарттық. Осының арқасында ұжымда “аласталғандарға” көзқарас өзгердi, ер балалар қыздарға ыждағатпен қарамай, дөрекiлiк көрсететiн жағдайда, олардың қыздарға зейiнмен, iлтипатпен қарауын талап ететiн қызмет ұйымдастырдық, т.б.

      3. “Ерiктi таңдау” жағдайы адамның  айналасындағы ақиқат құбылыстарға  таңдап араласуына негiзделген.  Адамның өмiрде шешiм қабылдауы  көп реттерде оның қылығының  адамгершiлiк жағы көрiнiс табатын  таңдау жағдайына орай болады. Нақ сондықтан да еркiн таңдау  жеке адамның нақты жағдайлардағы  мiнез-құлқын белгiлейтiн адамгершiлiк  белгiлерiне айналған өз қоғамыңыздағы  принциптерiмен жанасуы тиiс.

      О.С.Богданова  мен В.И.Петрованың пiкiрiнше, нақ  “iс-қылықтардың адамгершiлiк бағасы және оны әркiмнiң өзi бағалауы мiнез-құлықты реттеушi болып көрiнетiнiне” байланысты, адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру және дамыту мақсатымен балаларды өз мiнез-құлқын таңдап алу қажеттiгi жағдайына қоюдың маңызы бар. Ерiктiлiктiң орнына, негiзiнен мiндеттiлiк принципi әрекет еткен кезде, олар мұндай қызметтi сынап-мiнейтiн болады. Бұл оқушыларды таңдауды өздерi дербес жасау, сондай-ақ, өз мiнез-құлқын жеке бастың намыс, абырой, мақтаныш, т.б. қасиеттерiнiң нәзiк психологиялық саласында реттеуге ден қою мүмкiндiгiнен айырылады. “Адамгершiлiк тәрбиесi үшiн, - деп санайды авторлар, бұл арада нақ осындай, дұрыс қылық жасауға мұғалiм мен ұжым мәжбүр етпейтiн, адамгершiлiк бағдарды оқушының өзi таңдап алатын жағдай маңызды”. Бiздiң ойымызша “таңдауды өзi жасады” деген түсiнiк бiршама салыстырмалы түрде ғана алынады. Қарым-қатынас субъектiсi барлық кезде, әсiресе бастауыш сыныптарда таңдау жағдайында бiрдей дәйектi бола бермейдi.

      Бастауыш  сыныптарда өзiне-өзi қызмет көрсету iсiнде, сыныпта, асханада кезекшiлiк еткенде  балалар қайткен күнде де ең жақсысын өзiне иемденуге ұмтылатын кезде, өзiне жұмыстың жеңiлрегiн таңдайтын  немесе адал атқармайтын кезде, ойын үстiнде өзiнiң жеке қамы немесе жеңiске  жетуi үшiн жолдастарының мүддесiн  ұмытатын кезде, сәбилерге, қыздарға қарым-қатынаста ара түсетiн немесе қарамай өте шығатын, т.б. кездерде жиi туындайтын “таңдау” жағдайлары басқаруды талап етедi. “Моральдық таңдау” жағдайларында оқушылардың мiнез-құлқына ұжымдағы қарым-қатынас адамгершiлiктi ету мақсатымен ықпал ете отырып, педагог оқушыларда адамгершiлiктiң мәнi туралы дұрыс түсiнiк қалыптастырады, олардың адамгершiлiк заңдары бойынша нақты мiнез-құлық тәжiрибесiн жинақтауына көмектеседi.

      4. “Моральдық шығармашылық” жағдайы  “моральдық таңдау” жағдайымен  тығыз ұштасып жатады. Қандай  да бiр нақты жағдайда қалай  әрекет ету, қандай нақты таңдау жасау дәл сол жағдайдың өзiне шығармашылықпен қарауға байланысты болады. Балалардың өзара қарым-қатынасында адамгершiлiктi iске асыру фактiлердi, құбылыстарды қарап, бағалауға диалектикалық тұрғыдан келудi талап етедi, ал олардың қылықтарын догматтықпен бағалау, тiптi жақсы ниетпен жасалғанның өзiнде, адамгершiлiкке жатпайтын, адамгершiлiкке қарсы әрекетке айналуы ықтимал. Мысалы, сынап-мiнеу, түрiндегi талапшылдық жеке адамға құрметтiң орнына, оның адамдық намысын қорлау, сөйтiп адамның өз кемшiлiгiн сезiп-бiлуiне көмек көрсетудiң орнына оның жеке адам ретiнде сағын сындыруы, ретсiз айтылған шындықтың дөрекiлiк, тiптi қатыгездiк болып шығуы мүмкiн. Сайып келгенде, адамгершiлiк нормаларын игеру, моральдық тәжiрибе жинақтау, оларды өмiрдiң түрлi жағдайларында жүзеге асыру-жеке адам үшiн шығармашылық процесс болып табылады. 

      “Моральдық  шығармашылық” жағдайлары оқушылар педагогтың бастамасынсыз-ақ, өздерi жеке ынтагерлiгiмен адамгершiлiк қылықтар жасауға қабiлеттi болып қалған жоғары даму деңгейiндегi ұжымға тән.

      Шәкiрт адамгершiлiк қарым-қатынастар процесiнде субъект тұрғысында бола алуы үшiн оған көбiнесе шығармашылық жағдайларында алынатын тәжiрибе қажет. Бастауыш сыныптардың оқушыларында олардың жас ерекшелiктерiне байланысты, мұндай тәжiрибе аз. Сондықтан балалар арасындағы өзара адамгершiлiк қатынастарды қалыптастыруды бастамасы-ақ педагог “уайымды бөлiсу”, “ерiктi мәжбүрлiк” жағдайларын жоспарлап, “моральдық шығармашылықты” олардың қисынды аяқталуы ретiнде болжап бiледi. Педагог балалардың  ұсыныс-бастамасын қолдап, оны қажеттi арнаға салады, олардың қызметiнiң адамгершiлiктi негiзде ұжымдылыққа айналуына көмектеседi.

      5. “Сенiмдiлiк” жағдайы. Адамгершiлiк  тәрбиесiнiң процесi басқарудың барлық кезеңдерiндегi жарнама араласулармен қатар, балалар арасында қалыптаса бастаған қатынастарды тез арада түзету үшiн жедел түрде тiкелей араласуды да жиi талап етедi. Мұндай араласудың тиiмдiлiгi педагогтың оқушылармен қатынаста “сенiмдiлiк” жағдайын туғыза бiлу шеберлiгiне байланысты. Осының арқасында ол балалардың қылықтарының себебiн терең зерттей отырып, жеке адамның  мiнез-құлқына неғұрлым нәзiк жолмен ықпал етедi. Сонымен бiрге “сенiмдiлiк” жағдайы оқушыларға ойдағыдай ықпал етуге қажеттi “керi байланыс” арнасының қызметiн атқарады. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынаста сенiмдiлiк ахуалын орната бiлуi-оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi шарттарының бiрi.

      Педагогикалық жағдайларды адамгершiлiк тәрбиесiнiң құралы ретiнде пайымдап-талдаудың нәтижесiнде бiз мынадай қорытындыға келдiк, әрбiр жағдай өзiнiң алдындағы қарағанда шәкiрттiң көбiрек дербестiк пен белсендiлiк көрсетуiн талап етедi: “уайымды бөлiсу” адамгершiлiк принциптерiн сезiм-әсер деңгейiнде түсiнуге мүмкiндiк ашады, “ерiктi мәжбүрлiк” жағдайы белсендiлiк пен дербестiктiң бiртiндеп көрiнуiн көздейдi, өйткенi адамгершiлiк принциптерiн игеру мен жүзеге асыруда педагог, балалар ұжымының қоғамдық пiкiрi, ұжымдық қызметте ұстанған бағыт ұйымдастырушылық қызмет атқарады. “Еркiн таңдау” жағдайы оқушыға жеке басының тәжiрибесi мен моральдық құндылықтарына сүйене отырып, өзiнiң мiнез-құлық желiсiн, өз қылықтарын анықтау мүмкiндiгiн бередi, “моральдық шығармашылық” жағдайы-оқушыларды ұжымда адамгершiлiк құндылықтар жасауға шығармашылықпен қарауға дейiн көтеретiн дербестiк пен белсендiлiктiң жоғары деңгейiнiң көрiнетiн тұсы.

      Тәрбиелеу процесiнiң бастапқы кезiнде жағдайлар негiзiнен алдын-ала ойластырылған сипатта болады, оларды педагог белгiлеп, жоспарлайды. Жоспарланған жағдайлардың өздiгiнен туатын жағдайлардан көп болуы балалар ұжымында адамгершiлiк қатынастардың даму деңгейiнiң төмендiгiмен түсiндiрiледi, педагог қарым-қатынасты алдын-ала берiлген, жоспарланған қызметте ұйымдастырады, бұл қызметтi ұжымға өзi “таңуға” тырысады. Ал, жағдай өздiгiнен туған жерде, педагог оны “iлiп алады” да, басқарылатын етедi, оның дамуына бағыт бередi. Балалар ұжымындағы адамгершiлiкке тәрбиеленудiң неғұрлым жоғары деңгейiнде “стихиялық” жағдайлар жоспарланатын жағдайлардан көбiрек болады, өйткенi, оларды туғызуда ендi балалардың өздерi басшылық, бастамашылық көрсетедi. Педагог үшiн адамгершiлiк қарым-қатынастарды түзетiп отыру басты мәселеге айналады. Оқушылардың адамгершiлiктi қызметiне оның қосымша ынталандыру енгiзе отырып, жағдайды тездетуiне, ұзартуына, үзiп тастауына, неғұрлым үрдемелi етуiне болады. Ол осы арқылы педагогикалық жағдайлардың барысына бақылауды да бiр мезгiлде жүзеге асырады. Ақырында, педагог алынған нәтиженi алдын-ала жоспарланғанымен салыстыра отырып, әрбiр жағдайдың тиiмдiлiгiне талдау жасайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сабақтар  мен тәрбие шараларындағы адамгершiлiк тәрбиесi 

      Қазiргi таңда жас ұрпақты оқытудың қыры да, сыры да мол. Қазақ халқы егемендiк  алып, өз алдына биiк шыңға құлашын  кең сермеген кезде жас ұрпақтың өз тiлiн, өз дiнiн, тарихын бiлуге, басқа  шетелдермен де кеңiнен қоян-қолтық шымыр да, ширек болып араласуына жағдай жасалуы керек.

        Жас ұрпақ ертеңгi - азамат алдын-ала  дайындалуы керек. Сол дайындық  бiлiм кемесi мектепте бапталып  ұшырылуға тиiс. Мұғалiм қауымдары  осы жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды – халықтық педагогиканы пәрмендi үйретуге тиiс. Халықтық педагогиканы ұтымды, тиiмдi жерде қолданып, әр сабақты тартымды етiп өткiзсе, оқушы есте сақтай отырып, таным белсендiлiгi артады.

         Қазақтың әдет-ғұрпының бәрiнiң де тәрбиелiк мәнiн дұрыс ұғындырып, адамгершiлiк, қарапайымдылық iлтипаттарын оқушы бойына төменгi сыныптардан бастап, дарыта бiлген жөн.

      Сабақ-оқу  жұмысын ұйымдастырудың басты түрi болғандықтан, оның атқаратын қызметi мен оқыту жүйесiнде алатын орны ерекше екенiн бiлуi қажет. Сабақта оқушыларға бiлiм берумен қатар, олардың рухани қасиеттерi мен ақыл-ой қабiлеттерiн дамыту мақсаттары көзделедi.

      Сабақ – күрделi психологиялық және дидактикалы үрдiс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас және тәрбиелеу мiндеттерi iске асырылады. Сабақты ұйымдастыруда мұғалiмнiң әдiстемелiк шеберлiгiне сынып оқушыларымен және оқушымен жеке қарым-қатынастағы өзара қарым-қатынасының да маңызы зор.

      Бұдан оқушылардың ең қиын деген пәндi меңгерiп кетуiне сабақ барысында оқушылардың шаршамауына, жалықтырмауына уақытты рационалды пайдалануына әсер етедi.

      Яғни  ең қиын деген сабақтың өзi оларға оңай, ең ауыр күн дегеннiң өзi жеңiл, ең түсiнiксiз тақырып түсiнiктi болып көрiнедi.

      Сонымен қатар баланың қабiлетiн, оның жеке тұлғаның ерекшелiктерiн бiр сөзбен айтқанда, психологиялық жағынан  жаң-жақты зерттеудiң оқу-тәрбие үрдiсiн ұйымдастыруда маңызы зор. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сабақтың  тақырыбы: « Бұлт » 

Сабақтың  мақсаты:

  1. Мәтiндi түсiнiп оқып, мазмұнын бiлу, өз сөзiмен әңгiмелей бiлу.
  2. Аспан әлемi туралы – бұлт, кемпiрқосақ, найзағай туралы ұғымдарды кеңейту, тiл дамыту, сөздiк қорын байыту.
  3. Адамгершiлiк, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр    туралы бiле отырып, таным белсендiлiгiн арттыру.

Информация о работе Адамгершілік тәрбие