Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.
І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Сонымен қатар, Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12 жылдық бiлiм беру жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты енгiзу мұмкiндiгi бар екенiн атап көрсеткiмiз келедi .
Тарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақ бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, оқушы ментали-тетiне жақын, күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойынадағы құндылықтарды дамытуға ықпалы мол. Тәжiрибе барысында қоршаған ортаның бастауыш сынып оқушыларына қандай ықпалы болатынына зерттеу жүргiздiк. Зерттеу барысында әсiресе бастауыш оқушыларының көңiл-күйiне сыртқы қоршаған ортаның ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк зерттеу жұмысында айқындадық. Әсiресе, қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым-қатынаста болу арқылы табиғаттың небiр қыр-сырын бiлуге мұмкiндiк алады.
Бiз зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған Маңғыстау өлкесi-тарихи және табиғи ескерткiштерге мол өлкелердiң бiрi. Тарихи ескерткiш мұралардың тарихи және әдеби маңызын олардың салыну ерекшелiгi мен ұлттық сәулет өнерiне қосар үлесiн түсiндiру арқылы олырдың қоршаған ортаға деген мәдени көзқарастарын дамыту арқылы, адамгершiлiк-құндылық қасиеттерiн қалыптастыруға болатынына көзiмiз жеттi. Жалпы, Орта Азия тарихи ескеткiштерге өте бай өлке болып саналады. Әсiресе, Қазақстанда тарихи ескерткiштер ұлттық мәдениетiмiз бен өнерiмiздiң дамуына үлкен үлес қосып отыр. Тарихи ескерткiштер мен тасқа басылып жазылған таңбалар түркi мәдениетiнiң өзiндiк бiр ерекшелiгiн, бiр қырын көрсетедi. Тастағы таңбалар арқылы түркi халқының жазба мәдениетiнiң ертеден өркениеттi елдер қатарында болғанының нышанын бiлдiредi. Тарихи ескерткiш мұралар – бұл ұлттық сәулет өнерiнiң, бiлiмнiң, мәдениетiмiздiң, тарихымыздың, әдебиетiмiздiң дамуының басты белгiсi болып отыр. Оңтүстiктегi Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи, Баба түктi шашты Әзiз, Қоқыт ата, Домалақ ана, Айша бибi т.б., Батыстағы Шақпақ ата, Шопан ата, Масат ата, Қараман ата, Бекет ата т.б. жерасты мешiттер мен күмбездер, Шығыстағы Қозы-Көрпеш-Баян сұлу, Абай т.б. ескерткiштер, Орталық Қазақстандағы Жошы хан, Алаша хан т.б. тарихи ескеткiш мұралардың тәлiмдiк негiздерi арқылы жеке тұлғаның бойындағы рухани-адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыруға болатынына зерттеу барысында көзiмiз жеттi.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың, бiрi –тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшелiктерiне, дайындығы мен даму дәрежесiне лайық iске асырылады. Тәрбие арқылы адамдардың iс-әрекеттерiн ұйымдастыру үшiн, тәрбиешi тәрбиенiң құралдары мен әдiстерiн және формаларын iздестiредi, оларды тиiмдi етiп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргiзiледi. Сондықтан да тәрбиенiң ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.
Педагогика тарихында тәрбиенiң рөлiн аса артық бағалаушылар да болды.
Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастырудағы тәрбиенiң шешушi рөлiн мойындай келiп, адам тәрбие арқылы жетiмдi деген сыңар жақ қорытындыға келдi. Локк бойынша, бала жаны табиғатынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиешi ненi қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиiс. Бұл жерде Локк тәрбиенiң рөлiн аса дәрiптеп, әлеуметтiк орта мен тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағалайды.
В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретiн таза ақ тақта емес, оған өмiр жазатын әрiптердiң мәнi тәрбиешi мен жазу құралына және сол тақтаның өз сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиенiң рөлiн жоғары бағалай келiп, адамның дамуына тұқым қуалаушылық пен ортаның „серiн де ескерген жөн дедi.
Локк пен Белинский көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлi дәрменсiздiктен, кемiстiктен, кесiрлiктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертiп, жөндеуге болады деген жорамалды ойға келдi.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту және оның таным қабiлетiн дамыту мәселелерiн педагогика таптық қоғамды жойып, жаңа демократиялық қоғамды құрғанда ғана iске асыруға болады деп қарастырады.
Тәрбие процесiнде бала өзiнiң дамуына қажеттi жағдайларды пайдалануы тиiс. Осыған орай, тәрбиешi тәрбие арқылы баланың түрлi iс-әрекеттерiн тиiмдi етiп, ұйымдастырады, оның дамып жетiлуiне қажеттi материалдарды iрiктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтiк ортаға көзқарасын дамытады.
Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табудың нәтижесiнде баланың ой-өрiсi кеңидi, эстетикалық сезiмi мен талғамы артып, адамгершiлiк сапасы қалыптасады.
Балаларды мектепке оқытудың алғашқы кұнiнен-ақ бiрiншi сыныптардың қоршаған өмiр туралы әр түрлi түсiнiкпен келетiндiгi, мораль туралы ұғымдары да, мiнез-қырларымен әдеттерi де әр басқа екендiгi анықталады. Мектепке iлтипаттары да әртүрлi. Кейбiр балалар құрбыларымен тату-тәттi ойнайды, керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал, ендi бiреулерi сырттап жүредi. Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мiнез-құлықтары дағдылары мен әдеттерiнiң дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершiлiк тәрбиесi барысында мектеп түзетуi керек.
Мектеп бiлiмi өсiп келе жатқан ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр ықпал етедi. Адамгершiлiк тәрбиесi белгiлi жүйеде жүзеге асырылады. Мектептi бiтiргеннен кейiн адам мiнездiң жаңа сапаларын игермейдi, қайта бұрынғыларын шыңдай түседi немесе түзетедi. Сол себептi балалардың мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi өте шеңберлi болуы тиiс.
Педагогика адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұнымен ұйымдастырушының қоғамдық мораль сипатына тәуелдiлiгiн объективтiк заңдылық деп санайды.
Мектептегi адагершiлiк тәрбиесi бiздiң өмiрiмiздiң тек осы кездегi талаптарын ғана емес, болашақта да бағытталуы тиiс.
Адамның социалистiк қоғамға қатысты, оның халық, қоғам алдындағы борышы моральдық кодексте бiрiншi орынға қойылады:
Адамгершiлiк
бейненiң сұлулығы мен iзгiлiгi адамдардың
гуманизм мен коллективизмге негiзделген
өзара қатынасында айқын
Адалдық және шыншылдық, адамгершiлiк, тазалық, қарапайымдық, қоғамдық және жеке өмiрдегi сыпайылық, үлкендi сыйлау сияқты мiнездегi моральдық-ерiктiк ерекшелiктерiдi тәрбиелеу кодекстiң маңызды бөлiмiнiң бiрi.
Адамгершiлiк
бастамалары “Оқушыларға
Адамгершiлiктiң бастамасын қалыптастыруда ең алдымен оқушының жақсы, жаман мiнезi туралы дұрыс түсiнiк берiлу ұсынылады. Жақсы iс iстеу – бұл “Оқушыларға арналған ережелерде” көрсетiлген барлық мiндеттердi дәл және дұрыс орындау болып табылады.
Ал, жаман iс iстеу – бұл осы мiндеттердi орындамау, коллективтi, жолдастарын сыйламау, олардың пiкiрлерiн бағаламау.
Осы бастапқы түсiнiктерден мектеп өз оқушыларында күрделiрек адамгершiлiк сапалардың қалыптасуына: туған жерге, оларда барлық халықтар балаларымен достық, еңбек сүйгштiк, еңбек адамдарына сүйiспеншiлiк, адалдық, шыншылдық, iзгiлiк, тәртiптiлiк сезiмдерiн тәрбиелейдi, дiни сезiмдер мен нанымдардың зияндылығын түсiндiредi.
Бұл жоғары сезiмдер бiрте-бiрте қалыптасады. Еңбек сүйгiштiк, өзiнiң және қоғамдық заттарға ұқыптылықпен қарау сезiмi, отбасындағы жеңiл-желпi жұмыстан, сынып, мектеп үшiн еңбек етуден қалыптаса бастайды. Оқу сабақтарында, еңбек, экскурсия, өндiрiс озаттарымен кездесу процесiнде, жиындарда балалар үлкендердiң еңбегi жайлы түсiнiк алады, мұғалiм осы адамдар еңбегiмен барлық материалдық игiлiктер, оның iшiнде мектепте балалар қоданып жүрген құралдар мен оқу жабдықтары да жасалатындығын ұғындырады.
Адамгершiлiк тәрбиесi балалар арасындағы тәрбие жұмысының барлық буындарында, сабақта, оқу және еңбек процесiнде, эстетикалық және дене тәрбиесiнде жүзеге асырылады. Адамгершiлiк нормаларын тек жаттап алу жеткiлiксiз, оны ой елегiнен өткiзiп, бастан кешiруi керек, сонда ғана ол оқушы мiнез-құлықы мораль нормасына айналады. Бұл жағдайлар адамгершiлiк тәрбиесiнiң әдiстемесiн анықтағанда негiзге алынуы тиiс.
Адамгершiлiк тәрбие тәрбиеленушiнiң дамуына қандай игi әсер ететiндiгiн, тәрбие әсерiмен оқушы қалай өзгеретiндiгiн, тәрбие әртүрлi әсерiмен адамгершiлiк кемелдiң жаңа сатысына қалай көтерiлетiндiгiн педагог жақсы бiлуi тиiс. Ол үшiн адамгершiлiк тәрбиесiнiң бүтiн процесiн жеке буындарға бөлiп, әрқайсысын жекелей қарастыру керек. Бұл процестiң аса маңызды буыны – адамгершiлiк сананы қалыптастыру. Адамгершiлiк, саналылық дәрежесi адамның тәртiбi мен iс-әрекетiн анықтайтыны әлдеқашан дәелденген.
Сана-сезiмнiң қалыптасуы ұзақ та күрделi процесс, ол мектепке бармастан көп бұрын, қоғам туралы, жақын адамдардың өзара қатынасы туралы алғашқы ұғым-түсiнiктерiнiң қалыптасуынан басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та жоғарылайды. Бiрiншi сыныптар басқалардың жағдайымен санаса бiлуi, жұмыста бiр-бiрiне кедергi болмауы тиiс. Алғашқы ұғым-түсiнiктер негiзiнде өскелең адамның тұрақты көзқарасы мен сезiмдерi қалыптасады, бұл жағдай оның мiнез-құлқына әсер етедi, бағыт бередi.
Алайда, бұл процесс әрдайым сәттi өте бермейдi. Мәселен, еңбек қоғам игiлiгiнiң қайнар көзi екендiгiн бәрi де бiледi, бiрақ бәрi бiркелкi еңбек етпейдi. Сондықтан тұрақты көзқарасты қалыптастыру – мектептiң аса маңызды мiндетi. Бiздiң балаларымызға кұштi сезiм туғызарлық, мiнез-құлқы мен iсiнде көрнекiлiк терең идеялы сенiм керек. Ондай сенiмдiлiк ойлағанда емес, адам басынан кешкен жағдайда, өзiнiң iс-тәжiрибесiнде дәлелденген жағдайда тууы мүмкiн. Сондықтан тәрбие жұмысында тек қана белгiлi бiр мiнез-құлық нормалары жайлы түсiндiрiп қана қоймай, балалар өз көзқарастарын тексерiп көре алатындай, практикада олардың дұрыстығына көз жеткiзетiндей жағдай жасау керек. Мiне, сол себептi де А.С.Макаренко ерiк-жiгердi, ер жүректi коллективке арнаулы жаттықпайынша игеру қиынға соғады, деп әлденеше рет ескерткен болатын.
Оқушының бұл сенiмдi сапалы түрде қабылдауының, мойындауының маңызы зор. Тек осы жағдайда ғана ол баланың мiнез-құлқының мотивiне айналады. Мотив дегенiмiз – бұл саналы ұмтылыс, бұл – адамның мiнез-құлқын қозғауға, салатын, бағыттайтын күш. Тиiстi мотивтер болмайынша, мiнездiң қажеттi нормалары нығыз бекiмейдi, қоғамшыл адам ретiндегi белгiлi бiр адамгершiлiк сапалары қалыптаспайды.
Сезiм баланың мiнез-құлқына керемет әсер етедi. Тәрбиеде сезiмге сүйену, тәрбиенiң нәтижелiлiгiн арттырады. Баланың сезiмiне әсер ету шексiз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделi саласы болып табылады. Сондықтан да көптеген мұғалiмдер баланың санасына әсер етудi жөн көредi, ал тәрбие жұмысында оның сезiмiне қалай әсер етуге болатындығын кейде бiле бермейдi.
Оқушының сезiмiне әсер етудiң тәсiлдерiн анықтағанда сезiмдi тәрбиелеу, негiзiнен баланың бұрынғы өз сезiмдерiн өзгерту және онан әрі тiлдiру жолымен жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Сезiмдi тәрбиелеудiң дәл де қыска жолдарын педагогика айтып бере алмайды. Мысалы, жолдасының немесе әдеби кейiпкердiң iсiне қалай да таңданудың керек деп оқушының алдына мiндет қоюға болмайды. Қажеттi сезiмдi тудыру үшiн соған сәйкес оқушының сезiм дүниесiне қатты әсер ететiн жағдайлар жасалынуы тиiс. Мәселен, туған табиғат туралы мектеп қабырғасында қаншама айтқанмен, балаларға оның сұлулығы мен ұлылығы жайында әсер туғызбауы мүмкiн. Ал, ендi табиғатқа экскурсия жасаса, оның ең сәндi жерлерiн тауып, фотосуретке түсiру, монтаж жасау жайлы тапсырма берiлсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзiк сүйспеншiлiгiн туғызар едi. Бұл жағдайда, мұғалiм iзгi сезiмдердi туғызып қана қоймайды, оның бекуiне де жағдай жасайды.
Баладағы жаңа сезiмдер қатты әсерленуден болады. Осы әсерленудiң ықпалымен сезiмiнiң жетiлуi, өзгеруi мүмкiн. Әсерлену әсiресе өзгелердiң iстегенiн қабылдау және санадан өткiзу процесiнде пайда болады. Еңбек қаѕармандарының iстерi жайлы, соғыс кезiндегi бiздiң адамдарымыздың теңдесi жоқ ерлiгi жайлы әсерлеп, көркемдеп әңгiмелеу бала сезiмiне өте қатты әсер етiп, оның патриоттық iзгi сезiмдерiн оятады. Әсерленушiлiк басқа адамның өмiрiне жаны ашуы нәтижесiнде тууы мүмкiн.
Сөйтiп,
педагог коллектив өмiрiн
Мектеп баланың пайдалы дағдылары мен мiнез-құлық әдеттерiн қалыптастыруға қаншалықты қамқорлық жасаса, тәрбиенiң пәрмендiлiгi де соншалық арта түспек.