Адамгершілік тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.

Оглавление

І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»

2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар

ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау

Файлы: 1 файл

Назгуль.docx

— 133.16 Кб (Скачать)

      Бала  дамуының алғашқы кезеңiнен, яғни, адамгершiлiк  нормалары, дәстүрлерi, мiнез-құлық ережелерi туралы түсiнiктердi пайда болғаннан бастап бала адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Соның нәтижесiнде бозбала мен бойжеткен өз бетiмен адамгершiлiк нормаларын, ұстанымдарын негiзге ала отырып, өз мiнез-құлықтарын реттей алатын дәрежеге жетедi.

      Қазiргi таңда елiмiздегi оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар бiлiм мен тәрбие жұмысын қайта қарауды мiндеттейдi. Бүгiнгi таңда тиянақты бiлiм беру жүйесiнде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған орай мектептiң алдына қоятын ең басты мәселелердiң бiрi-өркениеттi, прогресшiл бағыттағы азаматтық-адамгершiлiк қасиетi мол, сондай-ақ ұлттық тiлiн жоғалтпаған, өзге елдегi замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биiк, өрелi, терең бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

      Тәрбие-қоғамдық үрдiс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететiн басты жүйе. Оның негiзгi өлшемi өмiрге қажеттi тұлғаның жағымды қасиеттерiн дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртiбi мен байымды мiнезiн қалыптастыру, оған сәйкес сезiмiн және сенiмiн тәрбиелеу тәрбиешiнiң мақсатқа бағтталған iс-әрекетiне байланысты.

      Тәрбиенiң негiзгi мiндетi-қоғамның қажеттi талаптарын әрбiр баланың борыш, намыс, ождан, қадiр-қасиет сияқты биiк адамгершiлiк стимулдарына айналдыру.

      Қазiргi таңда, әсiресе, көңiл бөлiнетiн мәселе-адамгершiлiк тәрбиенi күшейту.

      Адамгершiлiкке  тәрбиелеудiң маңызды педагогикалық мiндеттерi – оқушылардың белсендi өмiршiлiк позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен iстiң бiрлiгiн, адамгершiлiк нормаларынан ауытқушыларға жол бермеудi қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бiр саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелi ұстаз шәкiрттерге жан-жақты тәрбиенi осы адамгершiлiк тәрбиесiнен батсайды. Себебi, бұл оның адамгершiлiк сезiмiн, сенiмiн белгiлi мақсатқа, бағытқа жетелеу iс-әрекетiн ұйымдастыруды жетiлдiру сонда ғана ұстаз шәкiрттердiң iзгi ниеттiлiгiн, адалдығын, кiшiпейiлдiлiгiн қалыптастырады.

      Адамгершiлiк  т„рбиесi бiрнеше мiндеттердi шешуге көмектеседi:

— өмiр  талабына сай қоғамның моральдық  нормасын орындауға лайық шәкiрттердi тәрбиелеу;

— оқушының бойында  адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру;

— оқушының санасына және мiнезiне ұстаздық ықпал жасау;

— Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық iс-әрекетке жауапкершiлiк сезiмiн күшейту.

      Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн тәрбие шаралары балалардың жас ерекшелiктерiне, жеке бас ерекшелiктерiне, қызығушылығына лайықты жасалады.

      Адамгершiлiк  тәрбиесi оқу-тәрбие үрдiсiнiң барлық салаларында, яғни оқыту, бiлiм беру барысында және еңбек үрдiсiнде жүзеге асырылады. Тәрбиелi болу үшiн адамгершiлiк нормаларын құр жаттап алу жеткiлiксiз, оны терең ой елегiнен өткiзу, бастан кешiру және тоғануды мiнез-құлыққа бекiту керек.

      Тәрбие iсi әрбiр нақты кезеңнiң өзiне тән ерекшелiктерiн сақтай отырып, болашаққа бағдар ұстайды, жеке басты соған әзiрлейдi.

      Жеке  адамның адамгершiлiк жағынан  қалыптасуы оның өмiрге келген күннен басталады. Мектепке дейiнгi жаста абалалардың  бастапқы адамгершiлiк сезiмдерi мен  ұғымдары, мiнез-құлықтың ең қарапайым  дағдылары қалыптасқан. Баланың  мектеп жасына дейiнгi қалыптасқан мiнез-құлықтары  келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастарында көзге түседi. Бастауыш сыныптарда адамгершiлiк көзқарастардың, мiнез-құлықтың, сезiм мен сананың жаңа түрлерi одан әрi дамытылады.

      Мектеп  оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен – оқыту үрдiсi барысында жүзеге асады. Түрлi пәндердi оқу кезiнде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық өмiрге белсендi көзқарасы, Отан туралы ұғымдары қалыптасады және кеңидi. Үлкендi сыйлауды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, iзеттiлiк сақтауға үйренедi. Бұл жаста балалар сапалы тәртiпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңiл-күйiн түсiнуге дағдыланады. Олар мектепте оқу-әрекетiне өзiнiң қатынасын жанұяда, қоғамдық орында өзiн-өзi ұстауды бiледi. Соның нәтижесiнде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мiнез-құлқы және адамгершiлiк қарым-қатынасы байиды.

      Мектеп  оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйiрме жұмыстарында адамгершiлiк тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түрiне сынып жетекшiсiнiң этикалық әңгiмесi, моральды-этикалық жарыстар, пiкiр сайыстар жатады.

      Жасөспiрiмдердi адамгершiлiкке тәрбиелеуде өмiрде кездесетiн көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесi ескерiлуге тиiс. Мұндай мәселелерде әсiресе жанұяның рөлi рекше. Себебi, тәрбие жанұядан басталады.

      Балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдiсiне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесi негiзгi орын алуға тиiс.

      Адамгершiлiк  тәрбиесiнiң басқа тәрбие салаларына қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты. 

      А.Бейсенбаева  “Қазiргi кезде адамгершiлiк қасиеттер  азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан  қоғамда өсiп келе жатқан жасөспiрiмдердiң  бойына жоғары азаматтық, адамгершiлiк  қасиеттердi қалыптастыруға ғаламдастыру, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет”, - деп көрсетiледi.

      Оқушыларға  адамгершiлiк тәрбие беру – қазақ мектебiнiң ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамаларының рөлi барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңецiп келедi.

      Адамгершiлiкке  тәрбиелеудiң маңызды педагогикалық мiндеттерi – оқушылардың белсендi өмiрлiк позициясын, қоғамдық борышын, саналы көзқарасын, сөз бен iстiң бiрлiгiн, адамгершiлiк нормаларынан ауытқушыларға жол бермеудi қалыптастыру болып табылады. Бұл мiндеттердi шешу оқушыларды қоғамдық пайды, өнiмдi еңбекке даярлаумен тығыз байланысты.

      Саналы  еңбек тәртiбi, тапсырған iс үшiн, орындалу мерзiмдерi үшiн, аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуi үшiн жауапкершiлiкке тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерiнен-ақ жүргiзiле бастауы тиiс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстiндегi мiндеттердi орындау кезiнде игерiледi. Оқу барысында мектеп оқушыларының таным - бiлiм әрекетi мен еңбек әрекетi ұштасып жатады. Оқу бала үшiн-қауырт еңбек. Дүниенi тану, кең көлемде жаңа бiлiм алу процесiнiң өзi, сөз жоқ, қиыншылықтармен, табыстармен және сәтсiздiктермен алмасып келiп отырады.

      Халықтың  әл-ауқатының өсуi нәтижесiнде бала жастайынан-ақ молшылықта, жақсы жағдайда өмiр сүредi, олар баланың өзiнiң күш-жiгерiнсiз, үнемшiлдiк, еңбек сүйгiштiгiнсiз-ақ болып жатады. Қажетсiнуде ынсапты болуға тәрбиелеу адамгершiлiк тәрбиенiң маңызды мiндетi болып табылады. Адамгершiлiк тәрбие беру мақсатында балалардың көз алдында азаматтардың халықтық коллективтiк еңбегiнiң жемiсi болып табылатын халық дәулетiн сақтау жөнiндегi конституциялық мiндетiн ашып беру керек.

      Адамгершiлiкке  тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бiр саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналасындағыларға, коллективке, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз мiндеттерiне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейдi. Коллективтiк қызметтiң қоғамдық бағыттылығы балаларда өмiр жақсара түсу үшiн не iстеуге болатынын байқау тiлегiн оятады. Адамгершiлiкке тәрбиелеу процесiнде мектеп бастауыш мектеп оқушысының бойында патриотизм, интернационализм, жолдастық, коллективизм сезiмдерiн, өмiр шындығына белсендi көзқарасын, еңбек адамдарына терең құрмет сезiмiн қалыптастырады. Адамгершiлiк тәрбиенiң негiзгi мiндетi-қоғамның әлеуметтiк қажеттi талаптарын әрбiр баланың борыш, намыс, ождан, қадiр-қасиет сияқты биiк адамшылық iшкi стимулдарына айналдыру болып табылады.

      Адамның адамгершiлiк жағынан қалыптасуы оның туған кезiнен-ақ басталады. Мектепке дейiнгi жаста балаларда бастапқы адамгершiлiк сезiмдер мен ұғымдар, адамшылық мiнез-құлықтың ең қарапайым  дағдылары қалыптасады. Баланың  мектеп жасына дейiнгi кезде қалыптасқан  мiнез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершiлiк бiлiмдерi мен сезiмдерi негiзiнде бастауыш сыныптарда адамгершiлiк көзқарастардың, мiнез-құлықтың, сезiм мен сананың жаңа формалары одан әрi дамытылады. Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбие арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Тәрбие iсi әрбiр нақты кезеңнiң өзiне тән ерекшелiктерiн сақтай отырып, болашақтың ерекшелiктерiне бағдар ұстайды, соған әзiрлейдi, ал одан әрi баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақталған өмiрлiк тәжiрибесiн белсендi түрде пайдаланады. Белгiлi кезеңде баланың психикасында пайда болған жаңа жақсы қасиеттерi әлi де әлсiз және шектеулi болса да педагог соған сүйенуге тиiс.

      Психологтар мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы  балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннiң, айтқанның бәрiнiң шындығына, адамгершiлiк нормалардың сөзсiздiгi мен қажеттiгiне сенгiш келедi, жастағылар өзгелерге, қойылатын адамгершiлiк талаптар жөнiнде ымырасыздығымен, мiнез-құлықтары еркiндiгiмен ерекшеленедi. Бұл ерекшелiктер бастауыш сыныптағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбеленетiндiгiнiң кепiлi болып табылады. Балаларды жүйелi және дәйектi түрде адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн нақ осы жастарға зор мүмкiндiктер туады.

      Балалардың  оңды адамгершiлiк тәжiрибесi адамгершiлiкке тәрбиелеуде шешушi маңызға ие. Тәрбиелеу iсi ең алдымен баланың күнделiктi өмiрiнде өтiп жатады, мұнда ол адамгершiлiк ережелерiне, нормаларына, принциптерiне дағдыланады және олардың қажеттiлiгiне көзi жетедi.

      Мектеп  оқушыларының қандай да болсын қызметi айналадағылардың қоғамдық мүдделерiмен  қоғам өмiрiмен белгiлi бiр дәрежеде байланысты болса, ол оның адамгершiлiк қызметi болып табылады. Сөйтiп, адамгершiлiк бастама баланың бүкiл сан қырлы практикалық қызметiне, оның сезiмдiк және интеллектуалдық сфераларына өзек болады. Балалар мейлi мектеп ауласында ойнап жүрсiн, мейлi тiптi жиын өткiзу үстiнде болсын, солрдың бәрiнде де олардың қызметiнен адамгершiлiкке тән немесе оған қайшы қасиеттерi көрiнедi. Осыдан келiп, адамгершiлiкке тәрбиелеудi тәрбие жұмысының айрықша бiр тарауы деп те, тәрбие жұмысының кез-келген басқа тарауының бiр жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады.

      Адамгершiлiк  тұрғыдан жетiлудi айқындап беретiн  тәрбиенiң өзегi балалардың адамгершiлiк көзқарастары мен өзара қатынастарын  қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдiстерiнiң, формаларының және оның тиiстi нақты мақсаттарының қандай екендiгiне қарамастан мұғалiмнiң алдында әрқашан балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру мiндетi тұруға тиiс.

      Адамгершiлiк  қасиетi қалыптассуы үшiн баланың  дербес қимыл-әрекеттерiнiң ерекше маңызы бар. Оқушы тек мұғалiм мен ересектердiң нұсқауымен және олардың қадағалауымен ғана қимыл-әрекет iстесе, ол ең алдымен тiл алғыштыққа үйренедi. Тiптi бастауыш сыныптардың өзiнде балаларға даяр шешiмдердi айтып беруден аулақ болған жөн. Ондай әрекет тәрбиелеудi өмiрмен байланыстырмайды. Сондықтан тәрбие процесi бала өз еркiнше қимыл iстей алатын жағдай болуы көзделетiндей етiп құрылуға тиiс. Мұндай жағдайлар өмiр барыснда өзiнен-өзi қалыптасып жатады, оларды ойын үстiнде, оқуда, еңбекте және творчествалық сабақтарда арнайы жасауға да болады. Қысқасы, бала өзiне бақылау жоқ, өзiнен есеп беру талап етiлмейтiн жағдайда да дұрыс iс-әрекетке үйренуге тиiс.

      өзiнiң  адамгершiлiк тәжiрибесiн молайту үстiнде бала кейде қателеседi, дұрыс жасамайды. Тәрбиешi оның өз қателiгiнiң адамгершiлiкке жатпайтынын түсiнiп, оған төзе бiлуiне  көмектесуi тиiс, әлбетте оның терiс қылығын түзетiп қана қоймай, сонымен қатар қате жiберуiне себеп болған жәйiттiң бағытын ойластырып, анықтауына да көмектесуi керек.

      Мектеп  оқушыларының өз құрбы-құрдастарының  шағын топтарындағы қарым-қатынастары  мен бiрлескен iс-әрекетiнiң адамгершiлiк тәжiрибенi молайтудағы маңызды айрықша зор: мұндай топтарды педагогтiң өзi арнайы құруы немесе олардың өзiнен-өзi топтасуы мүмкiн.

      Әркiмнiң  өз басының адамгершiлiк тәжiрибесi басқа адамдардың тәжiрибесiн тиянақтырақ игеру үшiн жағдай туғызады. Бұл тәжiрибе балаларда адамгершiлiктi үйрену процесiнде дамытылады.

      Тәрбие процесi балаларға мiнез бен қарым-қатынастардың адамгершiлiк жағын ұғындыруды қамтамасыз етуге тиiстi. Балалардың өз әрекеттерi мен өзгелердiң әрекеттерiн түсiнуi адамгершiлiктi бағалауына және өзiн-өзi бағалауға үйренуiне мүмкiндiк бередi.

      Тәрбие жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң аса маңызды көрсеткiшi баланың адамгершiлiк жағынан жетiлуi, оның рухани адамгершiлiк қасиеттерiнiң елеулi өзгеруi болып табылады. Жетiлгендiк балалардың дағдылы және күрделi жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-құлықтың тұрақтылығынан, мiнез-құлықтың ересектер бақылауынан бiршама тәуелсiздiгiнен, өз-әрекеттерiнiң адамгершiлiк тұрғыдан қандай болатынын алдын-ала болжап бiлуден iштей бақылауы-ожданының пайда болуынан, әрекеттерiнiң моральдық жағын өзiнiң адамгершiлiк қасиет иесi екенiн түсiне бiлушiлiктен көрiнедi. Адамгершiлiктiң дамуы-тәрбие жүйесiнiң жемiсi. Бұл жүйенiң өлшемi – тәрбие жұмысының пәрмендiлiгi.

      Адамгершiлiк  тәрбиесi мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесi бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты. Адамгершiлiк жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана бiреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершiлiк тәрбиесi моральдық жағынан кiршiксiз таза, жан-жақты жетiлген адам даярлау сияқты тәрбиенiң жалпы мақсаттарына бағытталады.

Информация о работе Адамгершілік тәрбие