Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.
І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
—Е, байеке, ендi бiр-бiрiмiздi көпке дейiн көрмеспiз, қазақ дәстүрiмен қоштасайық, кел, - деп қажыра құшақтап алады.
Байдың кеудесi күйiп, болды ендi деген сайын Алдар одан әрi қысып жiбермейдi.
Бай шыдамай:
—Ой,
ит жегiрiңдi, ит жесiн
деп лақтырып жiбередi.
Алдар:
—Ой, ит жегенше, мен жейiн, - деп нанды алып жейдi.
Алдар:
— Балалар, бай өте сараң көрдiңдер ғой, маған ештеңе бергiсi келмедi, мен өзiмнiң тапқырлығымның арқасында алдым.
Қазақ:
—“Күшiңе сенбе, iсiңе, тапқырлығыңа сен” – деп бекер айтпапты.
—Сендердiң кiмге ұқсап өскiлерiң келедi?
Алдар балалармен қоштасып шыға бередi.
—Ой, балалар, қандай жақсы болды. Сендер барлығың да тапқыр, ақылды екенсiңдер.
—Қане,
қазiр бiздiң бағаларымыз
– Бiр, екi, үш,
Дем аламыз жинап күш,
Жақсы үйренiп салтымды.
Жақсы оқимыз сабақты.
—Рахмет, балалар, әрқашан осылай жарыстар өткiзiп, жақсы оқып, салт-дәстұрiмiздi жақсы үйренiп, үлгiлi, тәртiптi болыңдар. Сау болыңдар. Қоштасып, Қожа да кетедi.
Балалар
әдiл қазы алқаларының бағасын алады.
Адамгершiлiк қасиеттi бала бойына дарыту.
(тәрбие
сағатынан)
1. Мұғалiм сөзi.
2. Динара:
Құрметтi ұстаздар мен ата-аналар, бүгiнгi
4Е сыныбы дайындалып отырған “Жақсыдан
– үйрен, жаманнан жирен” атты тәрбие
сағатымызды ашуға рұқсат етiңiздер.
Назым: Тiлiмiздiң бұлағы
Тiрлiгiмiздiң
Арманда
кеткен асыл ағалар Сәкен Сейфуллин (Айжан),
Iлияс Жансүгiров (Талғат), Бейiмбет Майлин (Бақытжан),
Мағжан Жұмабаев (Нұрсұлтан), Мiржақып Дулатов (Мөлдiр),
Ахмет Байтұрсынов (Жадыра), Шәкәрiм Құдайбердиев (Айнұр),
Тұрар Рысқұлов (Майра) сынды ұлы ұстаздарымыздың
аруағы алдында бас иемiз (сыныптың бас июi).
Нұргүл: (Абай Құнанбаев)
Кең дәурен қызық дәурен тату өткiз,
Жетпесе бiрiңдiкi бiрiң жеткiз.
Күншiлдiксiз тату бол шын көңiлмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткiз,
Бiр жерде бiрге жүрсең басың қосып,
Бiрiңнiң-бiрiң сөйле сөзiн тосып,
Бiрiңдi-бiрiң қадыр құрмет етiс,
Тұрғандай
бейне қорқып, жаның шошып.
Динара:
Әр адамда өз анасынан басқа болу керек құдiреттi төрт ана
Туған жерi – тұп қазығы, айбыны.
Туған тiлi – сатылмайтын байлығы
Туған дәстұр, салт-санасы тiрегi,
Тағдырына
шуақ шашар ұнемi.
Динара:
Байлық пен ақыл (көрiнiс) авторы Жүнiсова А.
Орындаушылар:
А.Қайратов, Т.Сансызбаев, Б.Қоқанбаев,
Н.Нұсiпов
Бақытжан:
Мен жолымды берейiн өт қарағым,
Несiн күттiң несiне көп қарадың.
Анасының бергенiн саған берген
Аруағынан айналдым тектi ананың.
Назым:
Бақытжанның орындауында “Елiм менiң”.
Динара:
Жалған-ай жарасымды-ау iзет деген,
Иiлген бiз өтпенен сiз өтпенен.
Қасиетiн халқының сыйламайды,
Атасының
дәстүрiн күзетпеген.
Камила:
Десек те, жаңа өмiр жаңа заман,
Жақсы ғой бiрiн-бiрi бағалаған.
Түйсiксiз тайлақтардан сақта құдай,
Тайрандап
алды-артына қарамаған.
Айнұр:
Қарағым, ата-бабаң мамын халық,
Өтiптi бiр-бiрiнiң жолын бағып.
Өсиетiн бабаның орындай сал,
Одан
ешкiм кетпейдi тоныңды алып.
Назым:
Батаменен ел көгерер,
Жауынменен
жер көгерер.
Бата
беру рәсiмiнен көрiнiс. Орындаушылар: Б.
Қоқанбаев, Ж. Нұсiпбекова, Т.Сансызбаев
Өнерлерi
өрге жұзiп, бiздiң сыныптың екi оқушысы
өнер сайысына жол жұрмек. Бата сұраймыз (сынып
түгел).
Бата берушi Бақытжан:
Ай – тәңiрiң iркiлмесiн,
Күн – тәңiрiң күрсiнбесiн,
От – тәңiрiң көз iлмесiн.
Су – тәңiрiң безiнбесiн.
Қатерде қызыр серiгiң болсын,
Сапарда дүлдүл көлiгiң болсын.
Абылайдың байрағын берсiн,
Бауыржан батырдың айбарын берсiн.
Әумин!
Назым. Қ.Мырзалиев
Домбыра, мұнша неге шешен болдың,
Күй толғап көкiрегiң шежiре ме,
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесiң,
Саусағым тиiп кетсе iшегiңе.
Айжанның
орындауында “Тойбастар”.
Айжан:
Атам менiң әмәнда,
Әдептi жан бол деген.
Ата сөзi санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кiсiнiң,
Кесiп өтпей
Iзетiмен
Сәлемдесiп қол берем.
Майраның
орындауында Қытай халық әнi.
Арна:
Анам маған – үлкендi сыйла – деген
Сол сөз маған iзгiлiк құйған ерен,
Үлкендерден ауысқан кiшiлiктi,
Үлкендердiң
өзiне сыйға берем.
Мөлдiр:
Атам менiң әмәнда,
Кiшiпейiл бол деген.
Ата сөзi санамда
Мақтанбауды жөн көрем,
Өзгелерден өзiмдi
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзiмдi
Желпiнгенiм
жоқ әлi.
Динара:
Назымның орындауында “Туған жер”.
Динара:
Сөз көркi – мақал.
Салтанат:
Тiлiңмен жүгiрме.
Айжан:
Қына тасқа бiтедi, бiлiм жасқа бiтедi.
Арна:
Баланың бiлегi ауырса, ананың жүрегi ауырады.
Жадыра: Еңбек етсең ерiнбей,
Тояды қарның тiленбей.
Айжан:
Көп бiл, аз сөйле.
Майра:
Жерi байдың, елi бай.
Жанар: Ақылды қария,
Ағып жатқан дария.
Ануар: Жалқаудың жаны тәттi,
Еңбектiң наны тәттi.
Талғат:
Кiшiпейiлдiлiктен кiшiреймессiң.
Бақытжан: Жақсылыққа жақсылық әр адамның iсi ғой,
Жамандыққа жақсылық ер адамның iсi ғой.
Назым:
Жанардың
орындауында “Ана” әні.
Кейiнгi
уақытта ұмытыла бастаған халқымыздың
тағлым тәрбиесi мол ұғымдарының бiрi –
тыйым сөздер.
Майра: Үйде ысқырма.
Айжан: Босағаға сүйенбе.
Салтанат: Босағаңда керiлме.
Назым: Нанды баспа.
Нанды бiр қолыңмен үзбе.
Айнұр: Қолыңды төбеңе қойма.
Камила: Тiзеңдi құшақтама.
Нұрсұлтан: Үйге қарай жүгiрме.
Мөлдiр: Табалдырықты баспа.
Динара: Көк шөптi жұлма.
Ануар: Анаңа ауыр сөз айтпа.
София:
Түнде тырнағыңды алма.
Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
Балаларды
адамгершiлiкке тәрбиелеу
жөнiндегi сауалнама.
Мақсаты: мейiрiмдi адамгершiлiк қарым-қатынастың қалыптасу деңгейiн бағалау және тани бiлу әдiсiмен оны анықтауға арналған сауалнама.
Төменде берiлген сөйлемдердi дұрыстап оқып шығып оң жақтағы сандарды белгiлеңiз. Сұрақтарға көп ойланбаңыз.
1. Ешқашан немесе сирек.
2. Кейде.
3. Көбiнесе.
4. Өте жиi немесе әрқашан.