Шпаргалка по "Налоговому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка

Краткое описание

Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

Файлы: 1 файл

Билет саяси.doc

— 417.00 Кб (Скачать)

( 1843 – 1906 ) жырларынан  айқын байқалады ( 3,38 ). Зар –  заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің  өршіл үні  айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады.

Билет № 23

 

  1. Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі
  2. Социализм идеологтарының саяси-құқықтық көзқарастары
  3. «Алаш» партиясы бағдарламасындағы саяси-құқықтық және әлеуметтік идеялар

 

 

Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі

Ежелгі Римнің атақты шешені, заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берілген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Зандар туралы" еңбектерінде кең қамтылған саяси-құқықтық мәселелер оның басқа да енбектерінде (мысалы, "Міндеттер туралы") және сонымен бірге көптеген саяси және сот баяндамалары мен сөздерінде көрініс тапқан.

 

«Алаш» партиясы бағдарламасындағы саяси-құқықтық және әлеуметтік идеялар

1917 жылғы көктем мен  жаз айлары қазақ қауымының  қоғамдық-саяси өмірінің барынша  жанданған кезеңі болды. Ол  бірнеше бағытта: халық өкілдерінің  ақпан революциясынан кейін мемлекеттік  құрылысқа қатынасу,ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру,әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты.

Әлихан Бөкейханов,Мұхамметжан  Тынышбаев,Мұстафа Шоқайұлы қазақ  халқының либералдық-демократиялық  топтары ретінде В.Ленин «қос өкіметтілік» деп анықтаған саяси симбиоздың уақытша «тұтастығына» жат адамдар болған жоқ. Негізінен осы үш қайраткер Ақпан революциясы жеңісіне жетісімен қазақ интеллегенциясы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылымдардың қызметіне ұсыну мәселелерін шешуге өз міндеттеріне алдын немесе қазіргі терминалогияны қолдансақ, олар басқару жүйесіндегі кадр мәселесін айқындауға ат салысты. Олардың ұсыныстары бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әртүрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып Ахмет Бірімжанов,Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Білән Малдыбаев, Ахмет Кенесарин, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалар тағайындалды.

 Мұхамметжан Тынышбаев  пен Мұстафа Шоқайұлы Уақытша  үкіметтің Түркістан комитеті  құрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезеңде бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесінің жұмысын жолға қойып оны үйлестіру ісімен тікелей шұғылданады. М.Тынышбаев 1917 жылғы 9-16 сәуір аралығында Ташкентте мемлекеттік құрылысм процесін тездету мақсатымен Түркістан өлкесіндегі атқару комитеттері делегаттарының съезін шақырып, оның алғашқы үш күндегі мәжілісін басқарды. Съезге Түркістан өлкесі облыстары мен Бұхара хандығы атқару комиттетінің 171 делегаты қатысты. Қатарларында Г.Бройдо, Махмут Бекбуди, Губайдулла Ходжаев. Серәлі Лапин сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд делегаттары көпұлтты өлкенің демократияға өтуінің күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды.

 

Социализм идеологтарының саяси-құқықтық көзқарастары

XIX ғасырдағы батыс  . барысын сипаттағанда француздың  көрнекті социологы Огюст .  Оның пен   нақты арнайы зерттеуі болмағанымен қоғамды ыңғайлы әлеуметтік ұйымдастыру мен даму туралы көзқарастары ғылыми-танымдық тұрғыда үлкен қызығушылық туғызады. Ол кейінірек кеңінен  дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша әлемдегі жетекші капиталистік державаға айналды. Ағылшын либерализмінің ең көрнекті ... бірі    Локктың, Юмнің және француз материалистері Гельвецийдің, Голь-бахтың бірқатар әлеуметтік-философиялық идеяларын қорыта отырып утилитаризм  Оның негізін мынадай төрт постулат құрайды. Біріншісі: адам әрекетінің мәні, ... ... және ... алу да бір шешудің құралы болу мүмкіндігі — ең ... өлшемі. Үшіншісі: адамгершілік мейлішне көп адамның барынша бақытқа жетуін бағдарлайтын және жалпы ортақ мүддені барынша арттыру адамзат дамуының мақсаты болып табылады. Бентам саясат, мемлекет, құқық, заң шығару жөне т.б.  Оның  көзқарастары "Заң шығарушылықтың принциптері", "Өкімет туралы үзінділер", "Барлық мемлекеттер үшін конституциялық кодекстің туралы ғалым" және т.б. еңбектерінде мазмұндалады. Бентам өзінің  теориясын теріске шығарады. Оның пікірінше, табиғи құқықтың мазмұны айқындалмаған және әрқилы түсіндіріледі. да мәні жоқ, ... мемлекеттер зорлықпен қалыптасып, әдетке айналудың арқасыңда бекітіледі.  және  жалған "метафизикалық шығарма" ретінде сынға алады, себебі жеке тұлғаның құқықтары идеясы анархияны негіздеуге алып келеді. Заңға және күш болып табылады". Бентам да Гоббс сияқты құқықты сувереннің (егеменнің) еркінің көрінісі деп— бұл ..жене санкциялармен қамтамасыз етілген бұйрықтар мен тыйымдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет № 24

 

  1. Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі
  2. Радикал демократтардың саяси және құқықтық идеялары
  3. АҚШ-ғы саяси-құқықтық ілімдер (ХХ ғ.)

 

Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі

Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады. Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің үш мынандай элементін енгізді: 1) мәні. 2) формасы (шығу тегі).3) қолданылуы.

 Биліктің мәнін  ол құдайдан деп түсіндірді. Алайда қолында билік бар адам құдайдың өсиетін ұмытып, зұлымдық жасауы да мүмкін дейді. Ондай тиранды халықтың тақтан түсіруі де мүмкін. Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше теориясын жасап та шығарды. Барлық заңдардың негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса, содан негіз алады. Адамдық заңдар да содан шығады. Адамдық заңдар туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдықтың атаулының баршасын бірдей жоя алмайды екен.

 

Радикал демократтардың саяси және құқықтық идеялары

Американ  демократтарының көрнекті өкілінің бірі Томас Пейн (1737—1809) Англияда туып өсті және Америкаға Франклиннің кеңесі бойынша келді. Тәуелсіздік үшін болған американдық соғыстар кезінде ол кең танымал публицистке (көсемсөзге) айналды. Оның "Адам құқықтары" (1791 ж.) деп аталатын саяси-философиялық очеркі өзге тілдерге аударылуы мен қайта басылуының саны жағынан Байронның атақты "Чайл Гарольд" поэмасымен таласа алады. Ол революциялық Францияның саяси өміріне белсене қатысты, Конвент депутаты болып сайланды. Якобиндік террорды сынағаны үшін түрмеге жабылып, Дантонмен қатар отырды, алайда тек бақытты кездейсоқтықтың арқасында ғана өлімнен аман қалды. Осында ол "Ақыл-ой ғасыры" деп аталатын шіркеуге қарсы памфлетін жазды (1794—1795). Робеспьердің құлауынан кейін түрмеден босатып, депутаттық құқығын қалпына келтірді. Америкаға келгеннен кейін өзінің шіркеуге қарсы көзқарасы үшін қудаланып, елеусіз күйде өмірден өтті.Пейн өзінің "Зерделі пайым" памфлетінде (1776 ж. қантар) дұрыс ойланатын американдық патриоттын атымен штаттардың республикалық өзін-өзі басқару идеясын шеберлікпен қорғап, мұрагерлік монархия мен метрополиядағы жартылай республикалық парламенттің айқын әрі жасырын күнәларына батыл қарсы шықты. Пейннің пікірінше, Америка ісі барлық адамзаттың ісі болып табылады және барлық адамзаттың табиғи құқықтарының жауларымен күрескендерді толық жақтайтындығын білдірді.Пейн алғашқылардың бірі болып өзінің шығу тегі, рөлі мен мақсаты тұрғысынан қоғам мен мемлекет арасындағы айырмашылықты айқындады. "Қоғам біздің қажеттіліктерімізге орай құрылса, ал өкімет біздің күнәларымызға орай қалыптасады, басқасы біздің игілікті ұмтылыстарымызды қалыпты біріктіре отырып, біздің бақытымызға ықпал етсе, екіншісі біздің күнәларымызды шектей отырып, жағымсыз ықпал етеді, біріншісі жақындастықты жақтаса, екіншісі алшақтықты құптайды". Оның кейбір сентенциялары (қанатты сөздері) кейінгі Годвиннің және Бакуниннің мемлекетке қарсы анархистік пікірлеріне ұқсас еді.

 

АҚШ-ғы саяси-құқықтық ілімдер (ХХ ғ.)

Американ реалистері қозғалысындағы екінші тұлға Джерома Фрэнк (1889-1957) деп есептеледі. Ол "Құқық және қазіргі сана" еңбегінде концептуалимзге қарсы шыға отырып гештальт-психологияның, фрейдизмнің идеяларын қолданды. Бүтіндей алғанда, құқықтық реализм құқықты зерттеудегі әлеуметтанулық (социологиялық) және психологиялық принциптерді біріктіре отырып құрылған доктрина болды. Бұл доктринаның ерекшелігі сол, ондағы практикалық-қолданбалы проблематика теориялық мазмұннан басым түсуімен айқындалады. XX ғасырда қалыптасқан бағыттың бірі позитивистік нормативизм болды. Бұл мектептің негізін калаушы, әрі көрнекті өкілі австриялық заңгер Ганс Кельзен (1881-1973) еді. Ол мемлекет пен құқықтың жалпы теориясына, конституциялық және халықаралық құқыққа қатысты, сондай-ақ марксизмді теріске шығаруға байланысты көптеген еңбектер жазды. Оның ең танымал жұмысы "Құқықтың таза теориясы" деп аталады. Құқықтың таза теориясы деген заңгерлік ғылымға жат барлық элементтерді жоюды білдірді. Кельзеннің пікірінше, қазіргі заңгерлер өз пәнінен гөрі әлеуметтану мен психология, этика мен саяси теория мәселелеріне көп мән береді, ал заңгерлік ғылым құқықтың әлеуметтік немесе адамгершілік алғышарттарын зерттеумен емес, құқықтың арнайы заңгерлік (нормативті) мазмұнымен айналысуы тиіс. Құқық идеологиялық бағалаулардан да аулақ болуы қажет. Кельзен құқықты өзге нормативті жүйелерден — діннен және моральдан ажырата отырып, оны мәжбүрлеуші түрде жүзеге асатын нормалардың жиынтығы ретінде анықтайды. Кельзеннің ілімі бойынша, құкық мемлекеттен ерте, алғашқы қауымдық дәуірде пайда болған. Бұл қоғамда құқық кей жағдайда мәжбүрлеу актіне рұқсат берсе (мысалы, кек қайтару), кейде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш қолдануға тыйым салды.

Кейінірек құқықтық қауымдастық  мемлекетке айналып, оның функциялары  биліктің арнайы құрған органдары арқылы бір орталықтан іске асырды. Қазіргі құқықты Кельзен мемлекеттік құқықтық тәртіптер мен орталықсыздандырылған халықаралық құқықтың жиынтығы ретінде қарастырады. Ұлттық құқықтық жүйелерде нормалар өзара байланысты және әрқайсысы өз сатыларында орналаса отырып, пирамида түріндегі қатаң иерархияны құрайды. Бұл пирамиданың шыңында конституцияның нормалары орналасады. Онан кейін заң тәртібімен немесе әдетпен бекітілген "жалпы нормалар" орын алады. Ал ең соңғы баспалдақты нақты істерді шешу барысында сот және әкімшілік органдарының қалыптастырған индивидуалдық нормалары құрайды.

 

 

 

Билет № 25

 

  1. Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
  2. Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
  3. Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

 

Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы

Мұсылман құқығы рулық-тайпалық құрылыстың ыдырау және Араб халифатында VII—X ғасырларда феодалдық қоғамнын қалыптасу кезеңінде пайда болды,  Орта ғасырларда тамырың  тереңге  жайған мұсылман құқығы мен оның ерекшеліктсрін оқып үйрену өте маңызды. Бүгінгі күнге дейінгі саяси өмірде мұсылман құқығының нормалары кеңінен қолданылады.Мұсылман құқығы — шариғат VII ғасырдан бастап-ақ көрші елдерге кеңінен таралды. Негізінен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы кейіннен Орта Азия, Закавказье, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азияда кеңінен қолданыла бастады. Мұсылман құқығы жүйесінде Құран басты орын алады. Мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын бұл діни кітап барлық оқиғаларды түсіндіреді, адамның өмірге келуі мен өлуіне дейінгі барлық жағдайға талдау жасайды және түсінік береді.

632 жылы Мұхаммед пайғамбар  қайтыс болғаннан кейін VIII ғасырдың  басына дейін мұсылман құқығының  дамуы казуальды, яғни, жүйеленбеген жолмен жүрді.   ХІ ғасырдан бастап мұсылман құқығының бірнеше құқықтық мектеп-ағымдары дамыды.  Мұсылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың  барлық нормалары Құраннан және суннадан алған. Мұның дұрыстығына мұсылмандар зангерлері де Құрандағы "біз ешнәрсені де ұмыт қалдырған жоқпыз" деген қағидаға сілтеме жасайды. Мұсылман құқығын зерттеушілер бұл жерде сілтеменің мұсылмандық құықтың барлық нақты жағдайды қамтығандығы туралы болып отырмағандығын да атап көрсетеді. Яғни осы негізге сүйене отырып барлық істің шешімін табуға болатындығы ғана көрсетілген. Мұнан мұсылман құқығында ешқандай қайшылықтың жоқ екендігі, барлық халықта және барлық жағдайда құқықтық норма қалыптастыруға болатындығы туралы тұжырым жасауға болады.

 

Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі

Иммануил  Кант (1724-1804) — классикалық неміс  философиясының көшбастаушысы және құқықтың қазіргі теориясындағы іргелі бағыттың бірінің негізін қалаушы. Кенигсберг университетінің профессоры Канттың ілімі XVIII ғасырдың              70-жылдары осыған дейінгі философияны сыни тұрғыда қайта пайымдағаннан кейін қалыптасты. Өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарын ол бастапқыда құрамына "Бүкіләлемдік-азаматтық тұрғыдағы жалпы тарих идеясы", "Мәңгілік әлемге қатысты" сияқты жұмыстары енген мақалалар жинағында баяндады, ал кейінірек "Адамгершілік метафизикасы" (1797) трактатында қорытындылады.

Кант философиясы  танымның эмпирикалық (тәжірибелік) және априорлық (тәжірибеге дейін немесе онан тыс) түрлерін бір-біріне қарсы қоюға негізделеді.

Информация о работе Шпаргалка по "Налоговому праву"