Шпаргалка по "Налоговому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка

Краткое описание

Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

Файлы: 1 файл

Билет саяси.doc

— 417.00 Кб (Скачать)

Қалыптасқан осындай жағдайларда француз  буржуазиясының  идеологтары капитализм дамуы үшін қажет "индивидуалды құқықтар мен бостандықтарды" негіздеуге үлкен көңіл қойды. Олар бостандыққа қауіп-қатер феодалдық реакция тарапынан да, революциялық кезеннің демократиялық теориялары тарапынан да төнуі мүмкін деп қарастырады.

Француз либерализмінің  негізін қалаушының бірі публицист ғалым және саяси қайраткер Бенжамен Анри Констан де Ребек (1767   1830). Констан саяси және тарихи-діни тақырыптарға бірнеше шығармалар жазды, оның ішіндегі ең танымалы өзінің мемлекет туралы либералдық ілімін ыңғайлы жүйелі формада "Конституциялық саясат бағыты" еңбегі.

Констанның  пікірінше, Жаңа замандағы европалықтардың  еркіндігі мен антикалық заман  адамдарының  еркіндігі арасында алшақтық бар. Ертедегі халықтар саяси билікті жүзеге асыруға қатысу құқығымен (заң қабылдау, сотқа қатысу, лауазымды тұлғаларды сайлауға қатысу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу және т.б.) сипатталатын саяси билікті ғана білді. Антикалық республикалардың азаматтары (Афиныдан өзге) ұжымдық егемендікті іске асыруға қатысу құқығына ие болғанымен, жеке өмірде мемлекеттік шектеу мен бақылауға бағынышты болды. "Антикалық заманда адамдар өзінің жеке саяси салмағы мен мемлекет басқарудағы рөлін сақтап қалу үшін өзінің жеке тәуелсіздігінен бас тартуға бейім болып келді". Олар міндетгі түрде дінді, әдет-ғұрыптарды, өмір тәртібін сақтады; қоғамдық институттар байлықтың жинақталуына кедергі болып, теңдікті ұстап тұрды. Ерте дүниедегі остракизм, аграрлық зандар, цензура және т.б. институттар осыны дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

Билет № 18

 

  1. Ерте буржуазиялық саяси-құқықтық ойдың негізгі бағыттары
  2. Неміс либерализмі
  3. Франсуа Вольтердің саяси-құқықтық көзқарасы

 

Ерте буржуазиялық саяси-құқықтық ойдың негізгі бағыттары

Феодалдық қатынастардың ыдырай бастауы мен жаңа өндірістік қатынастардың  пайда болуы Европа елдерінде бір мезгілде жүрген жоқ. Бұған әрбір елдің сол кездегі саяси құрылысымен қатар қалалардың өсуі мен сауданың  дамуы және жаңа әлеуметтік топ -  буржуазияның  пайда болуы едәуір дәрежеде әсерін тигізді.

Голландия XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың бас кезінде ерте буржуазиялық қатынастар жетілген елдердің бірі болды. Феодалдық-монархиялық Испания үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық күрес нәтижесінде Голландияда тұңғыш рет жаңа әлеуметтік топ — буржуазия билік басына келді және буржуазиялық республика орнады. Әлемдік тарихта бұрын қолданылмаған басқарудың  жаңа формасы Европаның феодалдық монархиялы мемлекеттерінің қарсылығын туғызды. Билік дәмін енді тата бастаған буржуазия өкілдеріне сыртқы күштерге арқа сүйеген топ өкілдерімен саяси күреске түсуіне тура келді. Саяси күрес, негізінен, буржуазиялық партия мен оранжистік партия арасында өрбіді. Мемлекет басшысы штатгальтерлікті мүұрагерлікпен иеленіп келген Оранский әулетінің өкілдері буржуазиялық қатынастардың одан әрі дамуын қаламады.

Елді Испания  езгісінен азат етуде кальвинизм маңызды рөль атқарғанымен орта топтың едәуір бөлігінің қолдауына ие болған олар республикалық партияға қарсы күрес жүргізді. Ой еркіндігі мен діни сенім бостандығына қарсы бағытталған жаңа саясат кальвинизм шіркеуінің мүдделеріне қайшы келді. Діни ілім мен дін қағидаларына және шіркеудің рухани үстемдігіне қарсы күресте жаңа саяси-құқықтық ойлар пісіп жетілді. XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы феодализм мен абсолютизмге күйрете соққы берді, көптеген феодалдық тәртіптерді жойып, конституциялық монархияға жол ашты, републикалық басқаруды орнатты және капиталистік қатынастардың кең өркен жаюына мүмкіндік жасады.


 

Неміс либерализмі.

Неміс жеріндегі  либералдық қозғалыс XIX ғасырдың  алғашқы онжылдықтарында басталып  1848-1849 жылдардағы революция қарсаңында өзінің ауқымы мен ұйымдасуы жағынан да, идеялық-теориялық жағынан да біршама жетістіктерге жетті. Революцияға дейінгі кезеңде қалыптасқан ерте неміс либерализмі  сипаты жағынан "конституциялық қозғалыс" болды. Ондағы бытыраңқы неміс мемлекеттері үшін қолайлы саяси-заңгерлік тәртіптерді  ұсынған  әртүрлі  үлгілердің  мазмұнында  сол кездегі Батыс Европадағы либералдық ұстанымдар мен қалыптар мол ұшырасты. Ағылшын және француз либералдары сияқты неміс либераддары да өзінің  әлеуметтік тірегін орта буржуазиялық топтардан іздеді. Сонымен қатар олар партикулярлық мүдделерді көздемей, заман талабына сай жалпы игілікті жақтайтын монархтардың саналы әрекеттерінен де үміттенді.XIX ғасырдың бірінші жартысында Германияның саяси және рухани ахуалдың өз көзқарастарымен ықпал еткен Фридрих Дальман, Роберт фон Моль, Карл Роттек, Карл Велькер, Юлиус Фребель және өзгелері сияқты неміс либерализмінің өкілдері болды. Ал Вильгельм фон Гумбольдт және Лоренц Штейннің  либералдық идеялары неміс жерінен тысқа шығып, жалпы Европаға танымал болды.

И. Канттың ізбасары болған Вильгельм фон Гумбольдт (1767-1835) неміс либерализмінің  негізін қалаушының  бірі. Басты саяси шығармасы "Мемлекет қызметінің шекараларын бекіту тәжірибелері" деп аталады. Гумбольдт адам мен мемлекет арақатынасы мәселесіне келгенде гуманистік индивидуализм позициясын ұстанады. "Тәжірибелер" енбегінің шешетін негізгі міндеті "мемлекет ішінде адам үшін неғұрлым қолайлы жағдайды табу"болатын.

Гумбольдт қоғам  мен мемлекеттің  шекараларын  бөле отырып, оларды шамалас көлемде деп есептемейді. Оның  пікірінше қоғам мемлекеттен, ал адам саяси одақтың  (мемлекеттің) мүшесі азаматтан анағұрлым маңызды. Сондықтан да "табиғи және жалпы құқық" мемлекеттік заңдарды дайындау мен қабылдау барысындағы позитивті құқықтың  жалғыз негізі және жетекші бастауы болуы тиіс."Мемлекеттік құрылыс түпкі мақсат емес, ол тек адамды дамытудың құралы ғана" деген тезиске сүйенген Гумбольдтың пікірінше мемлекет өзінің қызметінде азаматтардын, ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуден өзге әрекеттерге бармауы тиіс. Гумбольдт — европалық ерте буржуазиялық либерализмге тән "шағын (минималды) мемлекет" концепциясын сақтаушы. Азаматтардың жеке бақыты, өмір сүру тәртібі, денсаулығы, адамгершілігі және т.б. мемлекеттің  қамқорлық көрсетуі идеясына ол толығымен қарсы болды.

 

Франсуа Вольтердің саяси-құқықтық көзқарасы

Вольтер барлық бостандықтың өмірлік бастауы болып  табылатын ар-ождан және сөз бостандығын діни қараңғылық пен сенім тұншықтыруда деп есептеді. Ол католик шіркеуіне дұшпандық көзқараста және онымен аяусыз күресте болғанымен, дін мен діншілдікті жоққа шығармайды. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген қанатты сөзі де бар.Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жақтай қойған жоқ. Бостандық пен білімді және адамгершілікті жоғары бағалаған ол еңбекші халықтың ауыр тұрмысы мен оны жақсартудың жолдарын және қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселелерін қарастырмады. Демократия мен халық билігін тобыр билігі ретінде есептеді. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды.

   Вольтердің  ойынша жеке тұлғаның бостандығы  қоғам бостандығы ретінде емес, оның өзіне тиесілі бостандығы ретінде ғана қарастырылды. Жеке бас бостандығының негізгі кілті ретінде сөз және баспасөз бостандығын алдыңғы орынға қояды. Оның католик шіркеуі тұншықтырған ар-ождан бостандығы туралы идеясы да осы қатардан орын алған. Жаңа заман сипатының негізгі ерекшелігінің бірі еңбек бостандығы да Вольтер көзқарасынан тыс қалмаған. Яғни, еңбек бостандығы «әркімнің өз қалауы бойынша неғұрлым жоғары бағаға өз еңбегін сата алуы, өйткені еңбек те әр адамның жеке меншігі болып саналады».Бостандық және  еркіндік туралы ойларын Вольтер феодалдық қоғамды реформалау туралы ұсыныстарында пайдаланды. Ол сословиелік артықшылықтарды жоюды, шіркеу соттарын таратуды талап етті және мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты орындарды иеленген аристократияны бюрократиямен алмастыру қажеттігін айтты.

 

 

 

Билет № 19

 

  1. Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
  2. ХІ-ХІҮ ғғ. орыстың саяси және құқықтық ойының дамуы
  3. Огюст Конттың саяси көзқарастары

 

Иммануил Канттың  мемлекет және құқық туралы ілімі

Иммануил Кант (1724-1804) — классикалық неміс философиясының көшбастаушысы және құқықтың қазіргі теориясындағы іргелі бағыттың бірінің негізін қалаушы. Кенигсберг университетінің профессоры Канттың ілімі XVIII ғасырдың              70-жылдары осыған дейінгі философияны сыни тұрғыда қайта пайымдағаннан кейін қалыптасты. Өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарын ол бастапқыда құрамына "Бүкіләлемдік-азаматтық тұрғыдағы жалпы тарих идеясы", "Мәңгілік әлемге қатысты" сияқты жұмыстары енген мақалалар жинағында баяндады, ал кейінірек "Адамгершілік метафизикасы" (1797) трактатында қорытындылады.

Кант философиясы  танымның эмпирикалық (тәжірибелік) және априорлық (тәжірибеге дейін немесе онан тыс) түрлерін бір-біріне қарсы қоюға негізделеді.

Адамның қоршаған әлемді тануы әрқашанда тәжірибеден, яғни сезімдік түйсіктерден басталады. Алайда эмпирикалық білімдер толық емес, өйткені олар зерттелетін заттың тек сыртқы белгілері — түсі, салмағы және т.б. жөнінде ғана білім бере алады. Тек ақыл-ойдың көмегімен ғана заттың мәнін танып білуге, оның ішкі қасиеттері мен себептерін анықтауға болады. "Ақыл-оймен тану және априорлы тану екеуінің мәні бір" — деп жазды ол.

Адамның жүріс-тұрыс  әрекетінің мәселелерін қарастыратын Канттың практикалық философиясы өзге ұстанымдағы қағидаларға сүйенді. Оның практикалық философиясының құрамдас бөліктері — этикасы мен құқық туралы іліміндегі негізгі рөл априорлы судьяларға тиесілі. Канттың пікірінше, егер табиғатты тану барысында "ақиқаттың негізгі қайнар көзі тәжірибе" болса, ал адамгершіліктің заңдылықтарын адамдардың арасында болатын қатынастардан туындатып шығару мүмкін емес. Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты мораль мен құқықтың теориясын қалыптастыруға болмайды. Моральдық философияның міндеті ақыл-ойға сүйене отырып адамның өзінің эмпирикалық өмір сүруінде ұстанатын жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережелерін көрсетіп беру болып табылады. "Өзінің эмпирикалық бастауын уақытша ұмыт қалдыра тұрмай және пікірдің қайнар көзін тек ақыл-ойдан іздемей" заңгер ешқашанда әділдіктің жалпыға ортақ өлшемін таба алмайды. Осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана этика құқық теориясымен ғылымға айналады. Басқаша айтқанда, Канттың ілімінде этиканың ғылыми статусы мәселесі көтеріледі, жаратылыстанымдық  ғылымдардың  методтарымен (әдіс-тәсілдерімен) салыстырғанда құқық теориясында қолданылатын методтардың өзгешеліктері туралы мәселелер қойылады.


 

ХІ-ХІҮ ғғ. орыстың  саяси және құқықтық ойының дамуы

Орыстың саяси  ілімдерінің алғаш пайда болуын Ежелгі Русь мемлекетінің қалыптасуымен байланыстырған орынды. XI-ХІІ ғасырларда ежелгі орыс мемлекеті өз мәдениетінің гүлденген кезеңіне жетті. Христиандықты қабылдау мен жазба мәдениеттің таралуы әртүрлі жанрлардағы (хроникалар, трактаттар, құқықтық жинақтар және т.б.) тарихи және құқықтық шығармалардың дүниеге келуіне себеп болды. Штаты бағалаған Киев князі Ярослав Мудрыйдың (Данышпанның) (1019-1054) басқарған тұсында мәдениет пен сауаттылық алға басып дамыды. Белсеңді саяси-құқықтық өмір (қалалардағы вече жиналыстары, құқықтық жинақ — орыс Правдасын қабылдау, өзге елдермен қарым-қатынас) саяси-құқықтық ойдың дамуына ықпал етті.

Орыстың ең алғашқы саяси  трактаты "Заң және Игілік туралы сөздің" авторы XI ғасырда өмір сүрген киевтік метрополит Илларион болып  табылады. Ол өзінің шығармасын Заң  мен Ақиқаттың өзара әрекетінен бастайды. Орта ғасырларда "заң" термині Құдайдың немесе Билеушінің еркін білдіргендіктен теологиялық және заңгерлік мағынада қолданылды. Ал ақиқат Жаңа өсиет ілімін игеріп, христиандықтың жоғары адамгершілік статусына жетумен байланысты болды. Жаңа өсиет талабына сай өмір сүретін адам заңның  реттеушілік әрекетін қажет етпейді, өйткені оның ішкі рухани болмысы ашылған Ақиқатқа сәйкес өз еркін іске асыруға мүмкіндік береді. Христиандықтың моральдық-этикалық идеалының таратылуын киевтік метрополит адамзаттың рухани жетілуінің жолы ретінде, Заңның (Көне өсиеттің) Ақиқатқа (Жаңа өсиетке) алмасуы ретінде қарастырады. "Заң және Игілік туралы сөзде" құдайдың қалаулы халқы туралы идея текке шығарылып, жер бетіндегі барлық халықтармен, құқықтылық идеясы бекітіледі. Илларион христиан әлемінде гегемолитке (жетекшілікке) ұмтылған Византияны айыптайды. Ұлы князьдің билігін Құдай алдындағы жауапкершілікпен байланыстырып, Ярославты Святослав пен Владимирдің ұлы істерін жалғастырушы ізбасары ретінде бағалайды.


Илларионның трактатын замандастары мен ұрпақтары жоғары бағалады. Ондағы қамтылған саяси-заңгерлік мәселелер (жоғары биліктің статусы мен оның тасымалдаушысы, билік өкілеттіліктерінің шығу тегі және іске асу зандылықтары, ұлы князьдің моральдық келбеті, елді басқарудағы жауапкершілік, сыртқы саясаттың бейбіт курсы туралы көзқарастары) бірнеше ғасырлар бойы орыстың саяси әдебиетінде талданды.

 

Огюст Конттың  саяси көзқарастары

Француз ойшылы Огюст  Конт (1798-1857) 6 томдық «Позитивті философияның курсы» мен 4 томдық «Позитивтік саясаттың жүйесі» деген шығармаларын жазды. Конттың позитивизмі бойынша, ғылым еш нәрсенің ішкі мәнін анықтай алмайды, тек құбылыстарды ғана түсініп біледі. Ол Сен-Симонның ізімен адамзаттың жеке адамның да интеллектуалды рухани дамуының үш сатысы жөніндегі идеяны дамытты. Қоғам дамуының алғашқы теологиялық сатысында барлық құбылыстар діни тұрғыда түсіндірілсе, екінші метафизикалық сатысында құдіретті күштердің орнына табиғат құбылыстарының себебі мәні арқылы түсіндіріледі. Үшінші дәуірде қоғамдық ғылым пайда болып, қоғамның жарасымды, рационалды ұйымдасуына мүмкіндік туады.

Конттың социологиясы әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлінеді. Конт Сен-Симон сияқты социализмге  үзілді-кесілді қарсы шықты, капитализмді қорғау керек деді. Адамдарды діннің қыспағынан азат етуді қолдады. Оның орнына социократияны, капиталистік антиутопияны таңбақшы болды.

 

 

 

Билет № 20

 

  1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері мен белгілері
  2. Никола Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы ілімі
  3. Ағартушылық дәуірі саяси-құқықтық ойының негізгі белгілері мен ерекшеліктері

 

Қайта өрлеу  дәуірінің ерекшеліктері мен  белгілері

Қайта өрлеу  мен Реформация — әлемдік орта ғасырлық тарихтағы ең ірі және маңызды оқиғалардың  бірі. Европаның көптеген елдерін қамтыған бұл дәуір өзінің әлеуметтік-тарихи мәні жөнінен ескі орта ғасырлық дүниенің шаңырағын шайқалтқан антифеодалдық, ерте буржуазиялық құбылыс болып танылды. Қайта өрлеу мен Реформацияның басты мазмұн — үстемдікке ие болған, мызғымастай болып көрінген феодалдық тұрмыс-салттан бас тарту және адамдардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті жаңа көріністер мен қажеттіліктерді орнат.  Бұл дәуірдің бұл мазмұны Батыс Европаның түрлі елдерінде олардың ұлттық ерекшеліктеріне және оқиғалардың даму сипатына қарай үнемі өзгеріп және дамып отырды.Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріне феодалдық қатынастардың  қол сұғу  ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы, қоғамның  буржуазиялық топтарының  беделінің артуы, діни ілімдерді қайта қарау (кейбір жағдайларда жоққа шығару) жалпыға  ортақ белгілер еді.Қайта өрлеу мен Реформация қайраткерлері өздерінің ілімдері мен көзқарастарында  антикалық кезеңнің рухаии мұрасына сүйенді және оны үнемі тиімді пайдалана білді. Бұл дәуірдің идеологтары өздері қажетсінген мемлекет, құқық, саясат, заң туралы түсініктерді  антикалық өркениеттің бай қазынасының сарқа пайдаланып қана қойған жоқ. Олардың антикалық дәуірдің асыл мұрасына аса зор көңіл бөлуі феодалдық қоғам доктринасы мен католик шіркеуінің  зандастырған саяси-зандық тәртібі мен үстемдігіне қарсылық білдіруі және оны жоққа щығаруы еді. Осы дәуір қайраткерлерінің өздерінің алдарында тұрған міндеттерді шешуде антикалық мемлекеттану мұраларын іздестіруі, теориялық-құқықтық құрылымдарына сүйенуі кездейсоқтық емес.

Информация о работе Шпаргалка по "Налоговому праву"