Шпаргалка по "Налоговому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка

Краткое описание

Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

Файлы: 1 файл

Билет саяси.doc

— 417.00 Кб (Скачать)

 

Никола Макиавеллидің  мемлекет және саясат туралы ілімі

Макиавеллидің  мемлекет және саясат туралы  іліміндегі маңызды  жаңалығы саясат саласын  және ғылым ретінде көрсетуге  тырысу идеясы болып табылады.  Бұл  салада орасан зор  тәжірибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмірдің  бөлек  саласы болып табылады деген қорытынды жасайды.  Ол қоғамдық өмірді  түрлі мақсаттары  және оларды  іске асырудағы  мүмкіндіктері бір-біріне  ұқсамайтын көптеген әлеуметтік  күштер мен әрқилы  мүдделердің қақтығысы  ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат –адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия,  күштер арасындағы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардың шешімі, өзгерістер мен қайта құрулар. Макиавелли  саяси оқиғаларға баға беру мен саясаттың аясы туралы  идеяларында іс жүзіндегі саясат пен саясат теориясын қосуға ұмтылу. Оның пікірі бойынша, саясат түрлі  әлеуметтік күштердің билік үшін, оны ұстап тұру және  пайдалану жөніндегі  күрес аймағы. Мұнда  түрлі күштердің  ең айлалысы  және ең ұтқыры ғана жеңіске  жетеді, адамгершілік саяси мақсатқа бағындырылады.  Саясат пен билік аймағы-күрестің ерекше  заңдары бар ортасы. Билік үшін күресте  барлық құралды пайдалану заңы  қарсыласты жеңу  мақсатында қолданылады. Макиавеллидің бұл идеясы билік тарихын зерттеу тәжірибесінен алынған.Саясаттың жеке билік үшін күресте  әлдекімдердің құйтырқы әрекеті болатындығын одан бұрынғы ойшылдар  да білген болатын. Бірақ оны алғаш рет ресми түрде қыр сырын үңіле зерттеген Макиавелли еді. Оның өмір сүрген дәуірі Италияның саяси бытыраңқылығы, өзара тартыс-таластар, жат елдік басқыншылармен күрес, шіркеудің мемлекет  ісіне араласуы да  оның мемлекеттігі  билік жүргізуші  мен оның  қол астындағылардың қарым-қатынастарын зертеуге итермеледі. Оның мемлекеттік  қызметтегі тәжірибесі де сол замандағы тарихи оқиғалардың шымылдық артындағы «сценарийлерін», оны жасаушылар мен режиссерларын, бірінші рольді орындаушыларын, негізгі күштердің механизмдері мен тетіктерін зерттеуге, әрқилы құбылыстар мен процестерді жақсы білуі де  саяси-құқықтық ойдың асыл қазынасын жасауына көмектесті.

 

Ағартушылық дәуірі саяси-құқықтық ойының негізгі белгілері мен ерекшеліктері

Орта ғасырларда католик шіркеуі абсолютизмді және феодалдық тәртіптерді қызғыштай қорғады. Монархиялық шексіз билік пен әлеуметтік теңсіздіктің бәрін құдай жаратты, бұлар құдай ісі деген соқыр сенімді халық арасында кеңінен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін-ақ Еуропаның көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрылыс пен онын орнатқан тәртіптерін сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дінге қарсы қойды, бас көтеріп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топтарының мүдделерін қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дәуіріндегі осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистік қозғалыс Ағарту деп аталып, оның өкілдері тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен енді. Ағартушылық бағыттың кең өркен жаюына ағылшын және американ буржуазиялық революцияларының идеялары да едәуір ықпал етті.Ағартушылық  әр елдің қоғамдық-тарихи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мазмұнда және сипатта көрінді. Франциядағы ағартушылықтың көрнекті өкілдері Ф. Вольтер,                       И. Монтескье, Ж. Руссо, Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф және тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшін озық идеялар ұсынды, бұл идеялар күні өткен дәстүрлерді жойып, неғұрлым прогресшіл тәртіптерді енгізуге бағытталды. Ағартушылық ойдың дамуына энциклопедистердің де қосқан үлесі аз болған жоқ. Энциклопедистер атауының пайда болуына жазушы әрі философ Дени Дидро бастаған бір топ ағартушылардың 1751 жылдан бастап "Ғылым, өнер және кәсіп энциклопедиясын" шығаруы себеп болды. Оның авторлары қатарында Вольтер, Руссо және басқа да белгілі ойшылдар болды. Олар сол дәуірдегі ғылыми білімдер мен алдыңғы қатарлы озық идеяларды бір жүйеге келтіруді және мазмұндауды, оны оқырманға көптеп таратуды мақсат етіп қойды.


Ағартушылық идеялары Франциямен қатар Италия, Англия, Германия, Ресей, Голландия, Солтүстік Америка және тағы басқа елдерде кең қанат жайды.

 

 

 

 

 

Билет № 21

 

  1. Барух Спинозаның мемлекет және құқық туралы ілімі
  2. Радикал демократтардың саяси және құқықтық идеялары
  3. Р.Иеррингтің құқық және мемлекет туралы ілімі

 

Барух Спинозаның мемлекет және құқық туралы ілімі

Ерте буржуазиялық саяси және құқықтық ілімнің  дамуына, сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Спиноза қомақты үлес қосты. Оның  саяси-құқықтық тақырыптағы басты еңбектері "Діни-саяси толғау", "Саяси трактат", "Декарт философиясының қағидалары", "Геометриялық әдіспен дәлелденген этика". Қажеттілік үшін пайда болатын табиғат құбылыстарын танудың ең тиімді, ең онай жолы ретінде Спиноза дедуктивті-аксиомалық математикалық тәсілді ұсынды. Оның философиялық ілімі бойынша барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін тұңғыш түпнегіз болып табылады. Осы түпнегізді іздеуді Спиноза себептіліктен табуға тырысады. Осындай көзқараста болған ол табиғаттың да, адам өмірінің де себептілік заңына бағынышты екенін дәлелдеу үшін ойлаудың математикалық тәсілін қолданады. Оның айтуынша, "адамдар өзін дүниеге келген күннен бастап еріктімін" деп санайды, бірақ шындығында олай емес. Өйткені, адамдардың күнделікті іс-әрекеттері де себептілікке бағынады. Себептілік бар жерде зандылық бар.Спинозаның  ойынша адам — табиғаттың  бір бөлшегі — адамға және барлық табиғатқа табиғи заңдылықтар мен қажеттіліктер бірдей дәрежеде тән болып табылады. Табиғи құқық ешкім қажет етпейтін және ешкім істей алмайтын нәрсеге ғана тиым салады. Табиғат дүниесі және табиғи құқықтар бойынша адамдар бір-біріне жау.Спиноза аристократиялық республиканың федеративті формасын артық деп таниды. Өйткені, республиканың федеративті формасында жоғары билік федерация мүшелері — қалалар арасында өзара бөлінеді. Демократияның  аристократиядан айырмашылығын анықтауға тырысқан Спиноза, демократияда билеушілер заң арқылы анықталады, сондықтан да, олар жоғары билікте аристократияға қарағанда азшылыққа ұшырайды деп қорытындылайды.

 

Радикал демократтардың саяси және құқықтық идеялары

Американ  демократтарының көрнекті өкілінің бірі Томас Пейн (1737—1809) Англияда туып өсті және Америкаға Франклиннің кеңесі бойынша келді. Тәуелсіздік үшін болған американдық соғыстар кезінде ол кең танымал публицистке (көсемсөзге) айналды. Оның "Адам құқықтары" (1791 ж.) деп аталатын саяси-философиялық очеркі өзге тілдерге аударылуы мен қайта басылуының саны жағынан Байронның атақты "Чайл Гарольд" поэмасымен таласа алады. Ол революциялық Францияның саяси өміріне белсене қатысты, Конвент депутаты болып сайланды. Якобиндік террорды сынағаны үшін түрмеге жабылып, Дантонмен қатар отырды, алайда тек бақытты кездейсоқтықтың арқасында ғана өлімнен аман қалды. Осында ол "Ақыл-ой ғасыры" деп аталатын шіркеуге қарсы памфлетін жазды (1794—1795). Робеспьердің құлауынан кейін түрмеден босатып, депутаттық құқығын қалпына келтірді. Америкаға келгеннен кейін өзінің шіркеуге қарсы көзқарасы үшін қудаланып, елеусіз күйде өмірден өтті.Пейн өзінің "Зерделі пайым" памфлетінде (1776 ж. қантар) дұрыс ойланатын американдық патриоттын атымен штаттардың республикалық өзін-өзі басқару идеясын шеберлікпен қорғап, мұрагерлік монархия мен метрополиядағы жартылай республикалық парламенттің айқын әрі жасырын күнәларына батыл қарсы шықты. Пейннің пікірінше, Америка ісі барлық адамзаттың ісі болып табылады және барлық адамзаттың табиғи құқықтарының жауларымен күрескендерді толық жақтайтындығын білдірді.Пейн алғашқылардың бірі болып өзінің шығу тегі, рөлі мен мақсаты тұрғысынан қоғам мен мемлекет арасындағы айырмашылықты айқындады. "Қоғам біздің қажеттіліктерімізге орай құрылса, ал өкімет біздің күнәларымызға орай қалыптасады, басқасы біздің игілікті ұмтылыстарымызды қалыпты біріктіре отырып, біздің бақытымызға ықпал етсе, екіншісі біздің күнәларымызды шектей отырып, жағымсыз ықпал етеді, біріншісі жақындастықты жақтаса, екіншісі алшақтықты құптайды". Оның кейбір сентенциялары (қанатты сөздері) кейінгі Годвиннің және Бакуниннің мемлекетке қарсы анархистік пікірлеріне ұқсас еді.

 

Р.Иеррингтің құқық және мемлекет туралы ілімі

Иерингтің әлеуметтанымдық  көзқарасқа басымдылық беруі оның құқықты  қоғамның  негізінен әкеліп шығаруынан көрінеді: қоғам — бұл ортақ мақсаттармен біріккен адамдардың бірлескен әрекеті". Алайда кез-келген қоғам емес, әлеуметтік билігі бар мемлекеттік тұрғыда ұйымдасқан қоғам ғана құқықты тудырады: "Мемлекет — құқықтың жалғыз қайнар көзі".

Иеринг құқықты  мазмұны жағынан сипаттайды, яғни бұл әлеуметтік өзара әрекет субъектілерінің ортақ мүддесін, басқаша айтқанда бүтіндей қоғамның мүддесін білдіреді. Бірақ құқықтың басты шарты — осы мүдделерді қорғаудағы мемлекеттің кепілдігі. Иеринг құқықтың мазмұнын былайша анықтайды: "Құқық дегеніміз — сөздің кең мағынасында сыртқы мәжбүр етумен, яғни билікпен қамтамасыз етілетін қоғамның өмірлік шарттарының жиынтығы". Бұл анықтама XIX ғасырдың алғашқы жартысында неміс құқықтануында үстемдік еткен құқықтың ерік теориясына соққы береді.

Құқық пен  заңның  арақатынасына Иеринг теориялық  айырмашылық бермейді. Бұл жағдай мемлекет пен құқық арасындағы оның көзқарастарынан да аңғарылады. "Мемлекет — әлеуметтік мәжібүрлеуші ұйым" дей отырып, Иеринг органикалық әлем болмысынын, универсалды (әмбебап) принципі ретіндегі күрес концепциясын құқықтану саласына көшіреді. Бұл кездері биологиядағы дарвиндік табиғи сұрыпталу теориясы, тарихнама мен әлеуметтанудағы тап күресі идеялары қоғамдық ғылымдарда кеңінен таралған еді. Ол құқықтың қалыптасуы мен дамуын тіл эволюциясы сияқты бейбіт процесс ретінде түсіндіруге тырысқан құқықтың тарихи мектебімен (Савиньи, Пухта) пікірталастырып "Құқық үшін күрес" есебінде былай дейді: "Құқықтың өмірі — күрес, халықтардың, мемлекеттік биліктің, сословиелердің, индивидтердің күресі".

Иерингтің құқық  үшін күреске шақыру ілімінен ("өз құқығыңа күресу арқылы ие боласын") күресті идеадландырған зорлық апологиясын, жауынгерлік рухты байқауға болады. Мұнан сол заманда Герман империясының шекараларын кеңейту үшін Бисмарктың ұстанған "темір мен қан" саясатын қолдаған неміс буржуазиясының көңіл-күйі анғарылады.

Иерингтің  ілімі буаржуазиялық құқықтық ойдың  дамуына өз ықпалын тигізді. XIX ғасырдың екінші жартысында Европада Людвиг Гумпловичтің (1838-1909) және Георг Еллинектің (1851- 1911) саяси-құқықтық концепциялары да белгілі болды. Мемлекет пен құқықты түсіндірудің формальдық-догматтық ұғымынан бас тартып, оны социологиямен байланыстырған олардың саяси теориялық көзқарастарында Иерингпен ортақ тұстары бар. Сондықтан оларға арнайы тоқталудың қажеті шамалы.

 

 

Билет № 22

 

  1. Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ойлар.
  2. Ф.Ницшенің саяси-құқықтық ілімі
  3. «Зар-заман» мектебінің өкілдері қоғамдағы қайшылықтар мен әділетсіздік туралы

 

Ежелгі Шығыстағы  саяси-құқықтық ойлар.

Саяси-құқықтық ілімдер  алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтарды мифтік аңыздарында көрініс табады. Мифология – ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге деген қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегендігінен, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын түсіну өте қиынға соқты. Сондықтан да ежелгі дүние адамдары әлемді екіге бөліп қарады. Оның бірі – өздері өмір сүріп, тіршілік етіп отырған көз алдындағы дүние болса, оның екіншісі – олардан тыс жатқан, сыры белгісіз, өздері көріп тани алматын басқа дүние еді. Қорыта айтқанда, саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыдан болса да алғаш ерт Ежелгі Шығыста қалыптасты, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсініктер алғаш рет Шығыста пайда болды. Саяси-құқықтық ойлар Ежелгі Шығыста діни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық мүддені қорғайтын белгілер де басым болды, бұлойлар белгілі бір топтың мүддесін білдірді, солардың билігін қолдады және Ежелгі Шығыс заңдары қаталдығымен әйгіленді. Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

 

Ф.Ницшенің саяси-құқықтық ілімі

Ницшенің пікірінше, өмірдің негізгі үрдістері өсу, өркендеу, күштің нығаюы. Оның заңды салдары күрес, күрестің негізгі қайнар көзі мен құралы – билікке ырық. Өмірдің барлық қырларының негізінде жататын билікке ырық әлемдегі эволюцияның қайнар көзі. Ницше философиясының негізгі екі тақырыбы осыдан туындайды: мәнгі қайта оралу және асқақ адам.Ф.Ницше қарапайым адамдарға жек көрініштілікпен қарайды, туа біткен рухы ақсүйек адамдарды көтермелейді. Қарапайым адамдар әлсіз, қолынан түк келмейді, бірнәрсені жасауға, билік етуге қабілетсіз. Олар табиғатынан құлдар, бағыну үшін жаралғандар.Ф. Ницше тобыр адамына ешқандай нәсілге жатпайтын, қоғам элитасы өсіріп, өндірген асқақ адамды қарсы қояды.Кез келген моральдық ұстанымнан, жақсылық пен жамандықтан тыс тұрған асқақ адам жер әлеміндегі жаппай өтірікті қатыгездікпен жеңіп шығады.

Ойшыл өмірге деген нигилистік көзқарасына сәйкес құндылықтарды  қайта қарауға, христиандық –  гуманистік құлдар моралін ақсүйектер мен мырзалар моралімен ауыстыруға шақырады.Алғашқысы бағыныштылықты, шыдамдылықты, төзімділікті, момындықты, күш көрсетпеуді, ал екіншісі ырықтың кеңдігін, бұйыру, бағындыру өнерін, шыншылдықты, қажырлылықты, қорқақтық пен жүрексіздікті жек көрушілікті дәріптейді.

Ф.Ницше жаңа европалық  рационалдыққа, билікке ырықты қамтамасыз ететін сезімдер мен инстинкті қарсы қойды. Ақыл – ой түк емес, логика жалған, өйткені олар өмірдің динамикасына сай келмейтін қатып – сенген формаларды түсіндіреді.Танымның негізгі мақсаты ақиқатты анықтау емес, әлемді игеру. Ақиқат өтірікпен барабар. Өтірік пен адасу қажет, олар тобырды тыныштандырады, сөйтіп ақсүйектерге өз рухын нығайтуға жағдай жасайды.Ф.Ницше философиясының негізгі идеялары адам мәселесіне көңіл бөлетін прагматизм, феноменология, экзистенциализм сияқты атақты философиялық ілімдерде одан әрі дамыды.

«Өмір философиясының»  тағы да бір өкілі Вильгельм Дильтей (1833-1911) барлық дүние мен адам болмысының мол мүмкіндігін тек ойлау  мен абсолютті идеяға бағындырған  Гегель философиясын сынап, өз ізденістеріне  «өмір» ұғымын негіз етіп алды.

 

 «Зар-заман» мектебінің өкілдері қоғамдағы қайшылықтар мен әділетсіздік туралы

Зар - заман кезеңінде  ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң –  зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді.

Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан  еңген жаңа тәртіптердің шегінен  шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат  сияқты « зар – заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының    

Информация о работе Шпаргалка по "Налоговому праву"