Шпаргалка по "Налоговому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка

Краткое описание

Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

Файлы: 1 файл

Билет саяси.doc

— 417.00 Кб (Скачать)

Билет № 1

 

  1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
  2. Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы
  3. ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер

 

  1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.

Дүниежүзілік  саяси және құқықтық ілімдер тарихы — адамзаттың рухани мәдениетінің манызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси-құқықтық ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары қазіргі замандағы саяси және құқықтық ілімнің дамуы мен оның бағытына едәуір ықпал етеді, біздің қазіргі іс-әрекетімізге бағыт береді.Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың тандаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтың даму тарихын, бостандық пен әділдікті, заң мен заңдылықтың, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың, адамдардың құқы мен бостандығын, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы менолардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді. Саяси және  құқықтық  ілімдер  тарихын  хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады.

  1. Ежелгі замандағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан - б.з. V ғасырына дейін).
  2. Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуіріндегі саяси және құқықтық ілімдер тарихы (V—XVII ғ.ғ.).

  3. Буржуазиялық революциялар кезеңіндегі саяси және құқықтық ілімдер тарихы (ХVІІІ—XIX ғасырдың бірінші жартысы).

4. XIX ғасырдың екінші  жартысы мен XX ғасырдағы саяси  және құқықтық ілімдер тарихы.

  1. Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы

Араб саяси философиясының атасы атанған әл-Фараби саяси теория қайырымды басқаруды сақтау мен оны ұйымдастырудың тәсілдерін, қала тұрғындарына қайырымдылық пен игіліктің қалай келетіндігін және бұл нәтижеге қандай жолмен жетуге болатындығын оқытып үйретеді деп атап көрсетті. Өзінің саяси көзқарастарын ол "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы", "Мемлекеттік билеушінің нақыл сөздері" және 'Азаматтық саясат" трактаттарында кеңірек баяндайды.Бақыт — әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат" екендігін атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкіндік қайырымды қала тұрғындарында көбірек болатындығын дәлелдейді. Қайырымды қаланың билеушілері қала тұрғындарының мүддесі үшін қызмет етсе, қайырымсыз қала билеушілері алдымен өз мүдделерін көздейді.Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөліп қарамайды. Қоғамның өзі адамның  ағзасы сияқты "Қайырымды қала" дене мүшелерінің бәрі де тіршілік иесінің өмірін сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшін бір-бірін толықтырып тұратын адамның сау тәні секілді көрінеді. Өйткені, қоғам да оның толыққанды мүшелерінен тұрады және олар да бір-бірін қажетсінеді. Адамдардың әлеуметтік теңсіздігі туралы айтқан әл-Фараби адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды" олар адамдардың бір-біріне деген үстемдік құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйеді.Түркі тілінде жазылған "Құтты білік" (1069) поэмасы ғұламаны бүкіл әлемге танымал етті. Энциклопедиялық еңбек болып саналатын бұл дастанда саясат, мемлекетті басқару әдістері, билеушілердің әдептік ережелері, қоғамдық-саяси мәні, нұсқаулар мен ережелер, адамдар арасындағы түрлі деңгейдегі қатынастар мәселелері жан-жақты қарастырылған. Аталғанның  негізгі қағидалары әділеттілік, ізгілік, парасаттылық, қанағат, бақыт, ақыл-сана, білімділік туралы болып келеді.Шығарманың негізіне әртүрлі қасиетке ие төрт мемлекеттік қызметкердің өзара әңгімесі алынған. Ол әділдікке "Күнтолды" (Ел басшы), Бақытқа "Айтолды" (уәзір), Ақылға "Өдүлміш" (уәзірдің баласы), Игілікке "Оғдұрмыш" (уәзірдің інісі) есімдерін береді. Бұл қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-бірінен тәуелсіз өмір сүргенде адамды бақытқа жетелей алмайды деген қорытынды жасайды. Төртеуі бірлік пен ынтымақта болғанда ғана адамдар бақытты өмір сүре алады.

  1. ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер

XX ғасырдың басында социалистік саяси-құқықтық идеологиямен қатар капиталистік жолмен азаматтық қоғам дамуына бағдар ұстаған буржуазиялық саяси-құқықтық ойдың бірқатар басым бағыттары (ынтымақтастық, институционализм, психологизм және т.б.) болды. Бұл бағыттар XX ғасырдың саяси және құқықтық ілімдеріне едәуір ықпал етті. Егер социалистік саяси идеялар саласындағы басты жаңашылдықтар синдикализм және социал-реформизм болса, ал теориялық құқықтану саласында жаңару Л. Дюгидің және М. Ориудің әлеуметтік-позитивистік құқықтануымен байланысты болды. Құқық теоретигі конституционалист Леон Дюги (1859—1928) Францияда туып өсті. Ол өзінің саяси-құқықтық концепциясын ынтымақтастық идеясына негіздеп құрды. Мемлекеттану мен құқықтануда түбірлі өзгерістер жасау үшін Дюги заңгерлік ғылымдағы О.Конттың ізінше ол да "метафизикалық" деп атаған кейбір ұғымдарды алып тастау керек деп есептеді. Олардың қатарына ол "мемлекеттің егеменді тұлғасы", "тұлғаның субъективті құқығы" ұғымдарын жатқызды және "заңгерлік ахуал", "функция", "әлеуметтік құқық" сияқты жаңа ұғымдарды жақтады. Оның негізгі еңбегі "Конституциялық құқық туралы трактат" (1911) деп аталады және бұл еңбегінде ол жоғарыдағы жаңашылдықтардан өзге конституциялық құкық пәнінің өзін дәл анықтауға ұмтылды.

Құқықты әлеуметтік заңгерлік  бағытта түсіндіруге тырысқан Дюги өзінің ілімін қалыптастыруда әлеуметтік позитивизмнің беделді өкілдеріне (Сен Симон, О. Конт, Г. Спенсер) және өз замандасы Э. Дюркгеймге (ол өзінің методологиялық сипаттағы жұмыстарында "құқық әлеуметтік фактордың нәтижесі" деп есептеді) сүйенді. Эсмен, Еллинек және т.б. субъективтік құқықтың "шіріген концепциясының" негізінде "схоластикаға өте ұқсас" заңгерлік техниканы құрастырған барлық құқықтанушыларға қарсы Дюги "жалмы билік тек айғақ кана" деген тезисін жариялайды. Оның пікірінше, ұжымдылықтың ескі нысандарындағы мемлекеттер римдік, корольдік, якобиндік, наполеондық, Франциядағы үшінші республика нысанындағы мемлекеттер жойылып, олардың орнына "индивидті қорғайтын, неғұрлым икемді" жаңа мемлекеттік құрылыс орнайды.

 

 

 

 

Билет № 2

 

  1. Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар.
  2. Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
  3. Шоқан Уәлихановтың саяси-құқықтық көзқарасы

.

Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік  және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Бұның өзі ежелгі үндіс қоғамында  ұзақ ғасырлар бойы  олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.з.д.   екі мыңыншы   жылдықтағы    "Веда"   ескерткіштерінде    кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді.     Бұл    ведаларда    адамдардың    төрт    варнаға    (кастаға) бөлінетіндігі және олардың брахмандар —  Пуруши құдайдың аузынан,   кшатрийлер   —   құдайдың   қолынан,   вайшийлер   — құдайдың санынан, шудралар — құдайдың табанынан жаратылды деп айтылады. Ману зандарының 96-бабында "Тірі нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген "дхармаға" — заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу,  және өзгеге арнап садақа үлестіру, садақа алу ісін құдай брахманға міндеттеген. Б.з.д. VI ғасырда Будда ("данышпан" деген ұғымды білдіреді) деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама "Веда" ілімің сына алады, құдайдың адамдар өміріне араласуын, олардың билігі мен заңдарын жоққа шығарады. Оның айтуынша, адамзат ісі адамдардың өздерінің белсенді әрекеттеріне байланысты. Будда діні бойынша брахмандардың жоғары дәрежесі мен артықшылықтары жоққа шығарылады. Будда "ең бастысы — адамның атағы мен шыққан тегі емес, адамгершілігі” деп үйретті. Буддистер үшін брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесі емес, қарапайым адамдардың бірі.Б.з.д. IV—IIІ ғасырларда жазылған "Дхаммападе" жинағында брахманизмге қарағанда жазаның рөлі мен көлемінің азайғандығы байқалады. Мұнда кінә дәлелденбей жаза қолданбау туралы арнайы атап көрсетіледі. Будда ілімінде сонымен бірге өмірдің заңды жолына, зандылықтың қатаң сақталуы мен орындалуына үлкен мән беріледі.


Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы

Мұсылман құқығы рулық-тайпалық құрылыстың ыдырау және Араб халифатында VII—X ғасырларда феодалдық қоғамнын қалыптасу кезеңінде пайда болды,  Орта ғасырларда тамырың  тереңге жайған мұсылман құқығы мен оның ерекшеліктсрін оқып үйрену өте маңызды. Бүгінгі күнге дейінгі саяси өмірде мұсылман құқығының нормалары кеңінен қолданылады.Мұсылман құқығы — шариғат VII ғасырдан бастап-ақ көрші елдерге кеңінен таралды. Негізінен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы кейіннен Орта Азия, Закавказье, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азияда кеңінен қолданыла бастады. Мұсылман құқығы жүйесінде Құран басты орын алады. Мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын бұл діни кітап барлық оқиғаларды түсіндіреді, адамның өмірге келуі мен өлуіне дейінгі барлық жағдайға талдау жасайды және түсінік береді.

632 жылы Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін VIII ғасырдың басына дейін мұсылман құқығының дамуы казуальды, яғни, жүйеленбеген жолмен жүрді.   ХІ ғасырдан бастап мұсылман құқығының бірнеше құқықтық мектеп-ағымдары дамыды.  Мұсылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың  барлық нормалары Құраннан және суннадан алған. Мұның дұрыстығына мұсылмандар зангерлері де Құрандағы "біз ешнәрсені де ұмыт қалдырған жоқпыз" деген қағидаға сілтеме жасайды. Мұсылман құқығын зерттеушілер бұл жерде сілтеменің мұсылмандық құықтың барлық нақты жағдайды қамтығандығы туралы болып отырмағандығын да атап көрсетеді. Яғни осы негізге сүйене отырып барлық істің шешімін табуға болатындығы ғана көрсетілген. Мұнан мұсылман құқығында ешқандай қайшылықтың жоқ екендігі, барлық халықта және барлық жағдайда құқықтық норма қалыптастыруға болатындығы туралы тұжырым жасауға болады.

Шоқан Уәлихановтың саяси-құқықтық көзқарасы

Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары күрделі  тарихи кезеңде қалыптасты. XIX ғ. 40-60 жылдары жүз жылдан астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесі аяқталды. Бірақ бұл процесс бірқалыпты, тыныш өтпеді...  Ш. Уәлиханов: «қазір Шығысқа еліктейтін мұсылмандық ескілік пен орыс мәдениетіне еліктейтін жаңашылдық арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте күшті күрес жүріп жатыр*134», - деп көрсетті.

Сонымен қатар, Ресейдің өзінде де шеткі ұлт аймақтарының экономикалық және саяси дамуына  елеулі әсер еткен маңызды оқиғалар өтіп жатты. XIX ғ. ортасында басыбайлық дағдарысқа байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес шиеленісе түсті. Халық күресінің күшейе түсуіне байланысты Ресейде басыбайлық жүйені жойып, дамудың демократиялық жолына түсу мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Қазақстандағы, сондай-ақ, Ресейдегі саяси жағдайдың шиеленісуі мен күрделене түсуі жалпы алғанда Ш. Уәлихановтың көзқарасына әсер етпей қоймады. Оның шығармаларында қазақ халқының жанды мәселелері көтеріліп, ол халықтың қиын тауқыметін жеңілдетудің жолын іздеді. Оны қазақ халқының, Ресейдің басқа халықтарының тағдыры толғандырды.

Жарияланған шығармалар мен мұрағат материалдарына жасалған әлеуметтік талдау Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы Ресейдегі патшалық-басыбайлық құрылымға, патшалық үкіметтің отаршыл  саясатына қарсы алдыңғы қатарлы  демократиялық топтардың көзқарасымен сәйкес екенін көрсетеді. Ш. Уәлиханов дамуды қолдаушы, демократиялық жаңарудың жақтаушысы болып, өз қоғамының кеселдерін жоюға ұмтылды. Ш. Уәлихановтың қызметі ағартушылық сипатқа ие, бірақ соның өзінде оның еңбектерінде сол кездегі қоғамдық құрылысқа сыни көзбен қарау элементі де бар. Осының бәрі Ш. Уәлихановты ағартушы-демократ, өз елінің үлкен патриоты, толық мәніндегі гуманист деп атауға құқық береді.

Ш. Уәлихановтың ағартушы-демократ ретіндегі дүниетанымы патша  үкіметінің қазақ даласына жер аударған орыс қоғамының бір бөлігі - декабристер мен петрашевскийшілердің ықпалы арқасында, сондай-ақ орыстың революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбовтардың да ықпалының нәтижесінде қалыптасты. Ш. Уәлиханов дүниетанымы қалыптасуының тағы бір көзі - қазақ халқының көп ғасырлық мәдениеті, оның саяси тарихы, бостандық пен тәуелсіздік жолындағы халық күресі болды.

 

Билет № 3

 

  1. Ежелгі Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшеліктері.
  2. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімнің жаңа сипаты
  3. Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілімдер (ХХ ғ.)

 

 

Ежелгі Қытайдағы  саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшеліктері.

Ежелгі Қытай философиясы  мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі "Дао және дэ туралы кітапта" ("Дао дэ цзин") Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден даосизмнің айырмашылығы — аспан астындағы билеушіден тәуелсіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи зандылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни,  даосизм ілімі "дао" ұғымына негізделеді, ал "дао" "алғашқы түп негіз" дегенді білдіреді.Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам зандылықтары анықталады. Бұл зандылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао -цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.Қытайдағы саяси және   философиялық   ілім   тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.з.д.551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций  болды.


 

Қайта өрлеу  және реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімнің жаңа сипаты

Қайта өрлеу  дәуірі туралы әңгіме болғанда, зерттеушілер рим-католик шіркеуі мен ол қорғаған діннің дағдарысқа ұшырауы және ойлаудың гуманистік мәдениет, өнер және дүниеге көзқарас туралы антисхолостикалық түрінің қалыптасуы туралы айтады. Ал Реформация болса, діннің жеңілдетілген формасы феодалдық құрылысқа қарсы өзінің  әлеуметтік табиғаты буржуазиялық қозғалысты бар күшімен қорғаған католик дініңе  қарсы шығуды және оның діни орталығы Рим қаласының  үстемдігіне қарсы күресуді білдіреді.Қайта өрлеу дүниетанымында адам тағдыры оның тектілігі, атағы, қоғамдағы билеуші орны арқылы емес, оның жеке қасиеті мен іскерлігі, белсенділігі, игілікті істері мен ойлары арқылы анықталуы тиіс деп есептелді. Адамның ең басты қасиеті — азаматтылығы мен жалпы игілікке аянбай қызмет етуі туралы тезис үлкен мәнге ие болды. Жалпы игілік туралы ұғымға теңдік пен әділдік принциптеріне негізделген мемлекеттің республикалық құрылымы теңестірілді. Әділдік пен тендік кепілдігі ретінде заңдар шығару мен оны орындау айтылды. Қайта өрлеу дүниетанымында антикалық қоғамдық келісім концепциясы одан әрі жаңартылды. Соның көмегімен мемлекеттің пайда болу себебі мен мемлекеттік биліктің қажеттілігі түсіндірілді.

 

Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілімдер (ХХ ғ.)

XX ғасырда қоғамдық өмірдің демократиялануымен әлеуметтік-саяси теориялардың да мазмұны өзгерді. Саясат ұғымы да жаңа мәнге ие болды: егер бұрын ол мемлекеттік билік қызметінің саласын ғана қамтыса, енді ол қоғамдық катынастардың кең аукымын білдірді. Қоғамдық санада сциентизмнің белең алуына орай, саясаттанушылар мен құқықтанушылар өз концепцияларында методология мәселелеріне үлкен көңіл қоя бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси ғылымдардың құқықтанудан бөлініп шығуы барысында саяси және құқықтық ілімдерде әрқайсысы өзінің тар мамандық саласы шеңберінде тереңдете зерттеу үрдісі басым болды. Мұның өзі саяси теорияның ішінде жекелеген концепциялардың пайда болуына әкелді, мысалы тоталитаризм, плюралистік  демократия, үстем элита концепциялары. XX ғасырдың буржуазиялық әлеуметтік саяси ойында неолиберализм (кейде "әлеуметтік либерализм", ескі индивидуалистік либерализмге қарсы), "демократиялық либерализм" (аристократиялық либерализмге қарсы, "либерал-реформизм" ұғымдары қолданылады) және консерватизм (немесе "жаңа консерватизм, "неоклассикалық либерализм", "либерал-консерватизм" терминдерімен де айтылады) басым бағыт қатарына жатқызылады. Бұл идеологияның жақтаушылары қоғамдық ойда орталық бағыт ұстанса, солшылдарға әртүрлі социализм, коммунизм және солшыл радикализм ("жаңа солшылдар", солшыл экстремизм" және т.б.) концепциялары, ал оңшылдарға фашизм және неофашизм, "жаңа оңшылдар", нәсілшілдер сияқты оңшыл радикализм теориялары жатады. Неолиберализм және қазіргі консерватизм классикалық либерализм идеологиясының дағдарысы тұсында, индустриалды дамыған еддерде экономиканы реттеуде, мемлекеттің әрекетін кеңейту мақсатында қалыптасты.

Информация о работе Шпаргалка по "Налоговому праву"