Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка
Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты
Федералистердің саяси және құқықтық идеялары
Федералистердің ең көрнекті өкілі Александр Гамильтон (1757—1804) кең ауқымды көзқарастағы мемлекет қайраткері ретінде конституциялық теория мен практика саласындағы терең зерттеулердің авторы және қуатты бір орталыққа бағынған федералдық өкімет билігінің жалынды жақтаушысы болды.Гамильтон 1787 жылдың қазаны мен 1788 жылдың мамыры аралығында ерте римнің республикашыл патриоты Публиус Валерийдің бүркеншек атымен жарияланған "Федералист" мақалаларын жазған үш автордың бірі. Бұл үш автор да Конституцияны даярлауға қатысып, кейінірек өкіметтегі негізгі қызметтерді атқарды: Гамильтон — қаржы министрі, Дж. Джей — Жоғары сот төрағасы, Дж. Мэдисон — елдің төртінші президенті.Факциялар туралы Фукидид, Макиавелли, Юм, Адамс және өзге де саясат әлемінің беделді зерттеушілері жазған еді. Мэдисон осы дәстүрді жалғастырып, факция ұғымын түсіндіруде бірқатар жаңашылдықтар енгізді. Оның N 10 "Федералисте" келтірілген анықтамасы бойынша "факция" қоғамның біріккен мүддесіне және өзге азаматтардың құқықтарына қайшы келетін белгілі бір ортақ пікірге немесе мүддеге біріккен азаматтардың тобы деген ұғымды білдірді.Мұндай топтардың зиянының салдарын екі тәсілмен түзетуге болады. Оның біріншісі — факцияның пайда болуына әкелетін себептерді жою, екіншісі — оның өмірде болуының салдарларын реттеу. Факциялықтың себептері адамның жаратылысында жасырынғандықтан, оның себебін жою мүмкін емес, тек бақылауға алу арқылы факция пайда болуының саддарларын жұмсартуға ғ Мэдисон Монтескьенің ізінше биліктің үш тармағының ажыратылуын жақтады, алайда олардың бөлінісіне келгендегі теңсіздікке орай қиыншылықтар туындады. Осыған байланысты "ұстамдылықтар және қарсы қоюшылықтар" деп аталатын жүйе құру идеясы пайда болды.XVIII ғасырда американ конституционалистерін мазалаған көптеген саяси мәселелер Американың өзінде және онан тыс жерлерде әлі күнге дейін дискуссия мен пікірталасқа ұласуда. Әсіресе билік бөлінісіндегі теңсіздік, президенттің шексіз өкілеттілігі және штат билігінің дербестікке ұмтылуы сияқты мәселелер өзектілігін жойған жоқ.
Г.Спенсердін әлеуметтануындағы мемлекет және құқық мәселелері
Әлеуметтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі — ағылшын ойшылы Герберт Спенсер (1820-1903) өз уақытында жүйелі түрде білім алмағанымен, өз бетімен оқудың нәтижесінде әр алуан ғылым салаларындағы жетік білімімен ерекшеленген. Әсіресе ол биологиямен, психологиямен, этнографиямен, тарихпен терең айналысып, өзінің әлеуметтік методологиялық ілімін қалыптастырды.Спенсер Конттың "үш кезең " заңдылығын және оның жаңа қоғамды күткен утопиялық аңсарын үзілді-кесілді теріске аңғарды. Қоғам, мемлекет және олардың эволюциясының заңдылықтары туралы нағыз ғылыми білімнің саласы ретінде әлеуметтанудың интерпретациялық (түсіндірушілік) мүмкіндігіне сене отырып ол либералды радикализмді жақтап, социализмді сынады. Ол қоғам мен мемлекетті өз ұйымдасуы мен қызметіндегі себеп-салдарлық ерекшеліктері бар механизм ретінде қарастырған декарттық және бэкондық дәстүрді бұзып, оны эволюцияның жалпы заңы бойынша дамитын күрделі агрегат, өзіндік организм ретінде қарастырады. Бұл методология әлеуметтік және саяси зерттеулердің даму бағытындағы маңызды өзгеріс болды.Қоғамның өмірінде байқалатын оның құрылымы мен функцияларының күрделіленуі және өсу процестерін немесе олардың жекелеген бөліктерінің (элементтерінің) дифференциациясын Спенсер әртүрлі майда топтардың неғүрлым ірі және күрделі топқа айналу процесі ретінде қарастырды. Өзі "агрегаттар" деп атаған мұндай "қауымдастық тайпа" тайпалар одағы, қала-мемлекеттер, империялар сияқты қоғамдық топтар мен бірлестіктерді білдірді. Пайда болғаннан кейін бұл бірлестіктер (агрегаттар) бөтен өзгерістердің факторын бастан кешіреді: әлеуметтік-топтық дифференциация, еңбек бөлінісі түріндегі мамандану, саяси билік органдарының құрылуы (реттеу жүйесі), сондай-ақ егіншіліктің, қолөнердің ("қоректену" органдарының жүйесі) қалыптасуы, арнаулы "бөлініс жүйесінің" (сауда, транспорт және өзге қатынас құралдары) пайда болуы.
Билет № 13
Марсилий Падуанскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі
М. Падуанский барлық биліктің нағыз қайнар көзі халық деген тезисті батыл жақтады. Бірак, М. Падуанский халық қатарына мемлекеттегі барлық тұрғындарды емес, оның бай топтарын ғана кіргізді. Ол қоғам мүшелерін екі категорияға — төменгі және жоғары деп бөлді. Ол қоғамның жоғары тобы (әскерлер, шіркеу иелсрі, чиновниктер) жалпы игілікке қызмет етеді, төменгі тобы (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер) өз мүдделерінс ғана қызмет етеді деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік, ең алдымен, заңдар шығару арқылы әрекет етеді. Яғни, нақты жаза арқылы адамдарды қорқыту және жақсы істері үшін марапаттауға уәде беру. Падуанскийдің сөзімен айтсақ құқықтық заңдарды шығаруға халықтың ғана құқығы бар.
М. Падуанский алғашқылардың бірі болып мемлекеттегі заң шығару және атқару биліктерінін айырмашылығы туралы айтты. Қабылданған заңдар халық үшін және оны қабылдаушылар үшін де міндетті болуы тиіс. Заң оны шығарушыларға ғана емес, қалың көпшілікке қызмет еткенде ғана толысқан заң болып есептеледі. Заңның күші оның ала-құлалығында емес, барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігінде. Заң шығарушы орган атқарушы биліктің құрылымын және өкілеттілігін айкындайды.
Реформацияның саяси-құқықтық идеялары
XVI ғасырдың І-ші жартысында
Батыс және Орталық Европада
өзінің әлеуметтік-
М. Лютер шіркеу мен дін иелері адам мен құдай арасындағы делдалдық қызметті атқара алмайды, адамдар шіркеу қызметкерлерінсіз-ақ қандай да бір наным мен сенімге ие бола алады деп жариялады. Ол сонымен бірге шіркеу иелерінің өздерін құдайдың жердегі елшісіміз деп санайтын даурықпалары мен адам жанын тазарта және кінәларін кешірте аламыз дейтін сандырақтарының жалғандығын әшкере етті. М. Лютер адам өз жанының тазаруына және күнәсінің кешірілуіне шіркеу немесе діни әдет-ғұрыптардың көмегі арқылы емес, құдайдың өзі тікелей орнатқан нанымның көмегі арқылы жете алады деп есептеді.
Мемлекет және құқық туралы маркстік ойдың теориялық бастаулары және дамуы туралы ілімі
Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік ілім бойынша коғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық кұрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп зандылық және саяси қондырма орнайды. Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға немесе осы күнге дейін өздері солардың ішіңде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-кепті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады» [11,146-147бб.].
К.Маркстің ашқан
бұл жаңалығын коммунистік
идеология құл иеленуші, феодалдық,
буржуазиялық және социалистік
мемлекеттер типологиясын тек
догматикалық қағида
Кұл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушілердің өндірістік кұрал-жабдықтарға деген жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардан тікелей құл иеленушілердің саяси билігі, диктатурасы қалыптасады. Біріншісі - қоғамның экономикалық негізі, екіншісі - саяси негізі. Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: құл иеленушілер және құлдар.
Билет № 14
Орта ғасырлық еретиктер қозғалысындағы саяси-құқықтық идеялар (Х-ХҮ ғғ.)
Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді.
Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:
Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды.
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы – ХҮІІІ ғасырда Ресейдегі саяси-құқықтық ілімдер
XVII ғасыр —
орта ғасырлық Русьтің Жаңа
замандық Ресейге бірте-бірте
қарама-қайшылықты
XVII ғасырдың
екінші жартысындағы
Билет № 15
Мұсылман елдері ойшылдарының еңбектеріндегі мемлекет және саясат мәселелері
Классикалық мұсылман-құқығы саяси ойда мұсылман мемлекетінің мазмұны мен мәніне көбірек көңіл бөлінді, халифатты белгілі бір саяси режим және басқару формасы ретінде қарастырды. Мұндағы басты назар мемлекеттік аппарат пен халифтің құқықтық жағдайындағы билік қатынасына талдау жасауға арналды. Халифат мемлекет формасы ретінде көрсетіліп, халиф барлық мұсылман концепциясындағы басты тұлға — мемлекет басшысы ретінде дәріптелдіМұсылман мемлекеті басшысының құқықтық жағдайы мен атқарушы билік формасын оның әр кезендегі даму сатыларымен салыстыра отырып, белгілі саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұсылман мемлекеттеріндегі басқару формаларының классификациясын жасады.
Оның мемлекет және саясат туралы ілімінің басты ерекшелігі мемлекеттің жалпы көрінісіне тарихи-әлеуметтік талдау жасауында, оған философиялық және зандық тұрғыдан келуі болып табылады. Ибн Халдун мемлекеттің пайда болуы, дамуы және құлауының "табиғи зандарың" табуға тырысты. Оның теориясының екінші бір ерекшелігі саясаттанушы-ғалымның жобадағы мемлекетті емес, өмір сүріп тұрған мемлекетті зерттеуі еді. Ибн Халдунның ілімі бойынша кез-келген қоғам адамның табиғи әрекеті негізінде олардың бір-бірін табиғи жоюы мен агрссиясын тоқтатуға арналған "тежеу бастамасын" қажет етеді. Мұндай ықтиярсыз билік мемлекетті көсемдер басқарған тайпа-ардан ерекшелендіреді және халықтар бастан кешірген және қол жеткен өркениет денгейінің көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттің тайпадан басты ерекшелігі — қоғам мүшелерін бағыныштылықта ұстайды және олардың еркінен тыс билік жүргізеді, барлығына міндетті зандар шығарады, елде тәртіпті қамтамасыз етеді, салық жинайды және әскер жасақтайды.