Шпаргалка по "Налоговому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка

Краткое описание

Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

Файлы: 1 файл

Билет саяси.doc

— 417.00 Кб (Скачать)

Адамның қоршаған әлемді тануы әрқашанда тәжірибеден, яғни сезімдік түйсіктерден басталады. Алайда эмпирикалық білімдер толық емес, өйткені олар зерттелетін заттың тек сыртқы белгілері — түсі, салмағы және т.б. жөнінде ғана білім бере алады. Тек ақыл-ойдың көмегімен ғана заттың мәнін танып білуге, оның ішкі қасиеттері мен себептерін анықтауға болады. "Ақыл-оймен тану және априорлы тану екеуінің мәні бір" — деп жазды ол.

Адамның жүріс-тұрыс әрекетінің мәселелерін қарастыратын Канттың практикалық философиясы өзге ұстанымдағы қағидаларға сүйенді. Оның практикалық философиясының құрамдас бөліктері — этикасы мен құқық туралы іліміндегі негізгі рөл априорлы судьяларға тиесілі. Канттың пікірінше, егер табиғатты тану барысында "ақиқаттың негізгі қайнар көзі тәжірибе" болса, ал адамгершіліктің заңдылықтарын адамдардың арасында болатын қатынастардан туындатып шығару мүмкін емес. Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты мораль мен құқықтың теориясын қалыптастыруға болмайды. Моральдық философияның міндеті ақыл-ойға сүйене отырып адамның өзінің эмпирикалық өмір сүруінде ұстанатын жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережелерін көрсетіп беру болып табылады. "Өзінің эмпирикалық бастауын уақытша ұмыт қалдыра тұрмай және пікірдің қайнар көзін тек ақыл-ойдан іздемей" заңгер ешқашанда әділдіктің жалпыға ортақ өлшемін таба алмайды. Осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана этика құқық теориясымен ғылымға айналады. Басқаша айтқанда, Канттың ілімінде этиканың ғылыми статусы мәселесі көтеріледі, жаратылыстанымдық  ғылымдардың  методтарымен (әдіс-тәсілдерімен) салыстырғанда құқық теориясында қолданылатын методтардың өзгешеліктері туралы мәселелер қойылады.


 

Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің  таптық сипаты

Марксизм – 1,5 ғасыр бойы адамзаттың тағдырларына әсер еткен философиялық, экономикалық және әлеуметтік саяси доктрина. Негізін қалаушылар–КарлМаркс,ФридрихЭнгельс. Маркс және Энгельс негізгі материалисттік диалектикадан құралған диалектикалық материализмді жасады. Энгельтің ойынша диалектикалық материализмнің пәні табиғаттың ең жалпы диалектикалық заңдарын, тарихты және тануды, соның ішінде және ең алдымен – ойлауды зерттеу болып табылады.

 Материалисттік диалектика, диалектикалық  – материалисттік дүниеге көзқарастың  түйінін құрайды, зерттеу әдісін  құрастырады. Диалектика – теория және әдіс. Дамудың жалпы теориясы, материалисттік диалектика басқа да кез келген ғылымдар сияқты, категориялар мен заңдардан, принциптер жүйесінен тұрады.

 Объективтілік пен жалпылық  принципі. Бұлш принцип философияның  негізгі иәселелсін материалисттік тұрғыдан шешуіне, әлемнің материалдық бірлігіне және сананы, материя болмысының бейнеленуі ретінде түсінуіне байланысты.

 Жан-жақтылық принципі. Метофизиканың  ең негізгі жетіспеушілігі –  заттар мен үдірісті қарастыруға  бір жақтылық. Диалектика әрбір  затты., құбылысты көптеген байланыстардың және қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырады.

 Қажеттілік және мүмкіншілік  тұрғысынан құбылысты бір сәтте  қарастыратын сияқты, жан-жақтылық  принципіне жеңіл желпі қарауға  болмайды. Адамның білімдері әрқашан  салыстырмалы, тұрақты дамитындығын естен шығармау керек.

 Жан-жақтылық принцип салыстырмалы  білімімізді абсолютқа, догмаға  айналу әрекетінен сақтандырады.


Информация о работе Шпаргалка по "Налоговому праву"