Шпаргалка по "Налоговому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка

Краткое описание

Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

Файлы: 1 файл

Билет саяси.doc

— 417.00 Кб (Скачать)

 

Гуго Гроцийдің  мемлекет және құқық туралы ілімі

Гуго Гроций жаңа заманның мемекет жәнеқұқық  туралы ерте буржуазиялық іліміің негізін  қалаушылардың бірі, Голландияның әгілі  заңгері және саяси ойшылы. Ол жан-жаты білім алған , мемлекет және құық тарихы, соғыс және бейбітшілік мәселелері және ғылымның басқа да салалары бойынша 90-нан астам өнімді еңбек жазған талантты автор.

Гроций табиғи құқықты бұл жерде "салауатты  ақылдың  жазылып қойылуы" деп түсіндіреді. Осы анықтама бойынша адамның саналы табиғаттағы өзіне лайықты немесе қайшылықты әрекеттері масқаралық немесе моральды қажеттілік іс болып ессптеледі. Осылайша табиғи құқық табиғаттың өзінде не істеуге болатындығын немесе не істеуге болмайтындығын анықтайтын өлшем ретінде көрінеді. Яғни, табиғи құқық құдай мен патшалардың  өздері бекіткен рұқсаты мен тиым салу нормалары болып табылмайды. Ол табиғаттын біреуге берген сыйы, басқаның оған араласуына болмайды, ол мәнгілік және өзгермейді, оны тіпті құдайдың өзі де өзгерте алмайды.

Құқық зорлық-зомбылықтың  болу қатерінен құтылу үшін күштілердің қорқынышынан пайда болған және ол күштілерге ғана пайдалы, әділдік солардың ғана мүддесін қорғайды деген ұғымға қарсы бола отырып, Г. Гроций өзінің  шарт концепциясында мемлекеттің  шығуы мен оның зандары табиғи құқықтың  болмай қоймайтын тұрмыстық нәтижесі екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның айтуынша адамдар арасындағы келісімді сақтау қажеттілгінен немесе олардың қандай да бір қауымдастыққа кіруі және бірінің екіншісіне бағынышты болуынан, олардын, өзара ауызекі уәделері болу себептерінен мемлекет ішіндегі құқықтар пайда болған. Саяси салада табиғи жағдайдан "азаматтық қоғамға" және мемлекетке өту кезеңінде әділдіктің құқықтық принципіне мүдденің саяси принципі қосылады.

 

Мұстафа Шоқай  және оның тұтас Түскістан идеясы

Мұстафа Шоқайұлының  өмірі мен қоғамдық қызметін талдауға алған дискуссиялық мақалалар мен  құжаттық материалдар елімізде де біраз  жарияланды.

 Мәселен: «Туркестан  под властью Советов» атты  зерттеуі, 1917 жылға арналған естеліктерінің қысқартылған нұсқасы болып шықты.

 Түркістанның қилы  тағдыры, Алматы: Жалын. 1992ж. Мұстафа  Шоқай. Таңдамалы 2-томдық Алматы: Қайнар. 1998-1999ж. Мустафа Чокаев  и большевизм: Сборник статей/сост. С.Ж. Сапанов Алматы: Қазақ университеті, 2000. Мария Чокай: Я пишу Вам из Ножана. (Воспаминания, письма, документы) Алматы: Қайнар. 2001. Бақыт Сыздықованың Мұстафа Чокай. Алматы: Алаш. 2004ж. Туркестанские легионеры мен Деловая неделя газетінде соңғы уақытта Мұстафа Шоқай өмірі мен қызметінің көп тұстары жариялануда. М. Қойгелдиевтің Ұлттық саяси элита атты еңбегінде «Мұстафа Шоқай және Тұтас Түркістан идеясы» деп Мұстафа Шоқай туралы кең мағлұмат береді. Мұстафа туралы шындықты бастан-аяқ жазған аса көрнекті түрік тарихшысы - публицисі Хасен Оралтайдың кітабы (Стамбул 1986ж) Мұстафа Шоқай өміріне арналған зерттеулер неше қайтара Оксфорд баспаларында шықты. Берклиде 1960ж Калифорния, АҚШ), Кембридже (1957, 1964жж) жарық көрді, талай мәрте Берлинде, Парижде, Мюнхенде (1950, 1960жж) Кельнде 1962ж Нью-Йоркте 1957ж жарияланды.

 Міне, осы атқарылған  істер оқырман қауымға Мұстафа  Шоқайұлының еліміздің тарихында,  түркістандық және қазақ қоғамдық  ойында алатын орнынан біраз  хабар берсе керек. Дегенмен, бұл  қайраткерлердің күрес жолы мен  артында қалдырған рухани мұрасын бүгінгі өзгерістер арасында зерттеп тану енді ғана қолға алына бастады деп айтуға негіз бар. Ал бұл атқарылмақ жұмыс, әрине, Мұстафа Шоқайұлының еңбектерін жариялаудан басталғаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет № 8

 

  1. Ежелгі грек өркениетінің даму кезеңдері және оның философиялық-құқықтық ілімі.
  2. Тәуелсіздік үшін күрес дәуірінде АҚШ-ғы саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы
  3. Социализм идеологтарының саяси-құқықтық көзқарастары

 

Ежелгі грек өркениетінің даму кезеңдері және оның философиялық-құқықтық ілімі.

Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлар мен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгілері мынадай еді: аристократия (бай немесе ақсүйектер тобы) олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және демократия (халық билігі). Осындай күрес нәтижесінде б.з.д. VI—V ғғ. әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды.  Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетінде : аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның  саяси және құқықтық ілімінде көрініс тапты.

Ежелгі грек полистерінде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте  кезең - (б.з.д. IX—VI ғғ.) ежелгі грек мемлекеттігінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады және мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдап қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екінші кезең - (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.). Үшініші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мен II ғасырлар)   

 

Тәуелсіздік үшін күрес дәуірінде АҚШ-ғы саяси  және құқықтық ойдың негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы

Солтүстік Америкада қоныстанған ағылшын отаршыларының әлеуметтік-саяси тарихында қоғамдық-саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікірталастардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі XVII ғасырдың басынан бастап XVIII ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, XVIII ғасырдың екінші жартысын қамтиды.Идеялық және қоғамдық саяси қайшылықтың қалыптасу себебі ағылшын шіркеуі мен радикалды протестанттық қауымдардың арасындағы қақтығыстан шықты. Протестант - пуритандар (латын және ағылшын тілдерінен аударғанда "таза", "нағыз") ағылшын шіркеуін римдік-католиктік шіркеудің көптеген күнәһарлықтарынан әлі де арылмаған деп айыптады. Олар өздерін нағыз реформаторлар ретінде санап, тұрмыс пен шіркеудің жөн-жоралғыларындағы артық ысырапқа қарсы шығып, үнемділік пен қарапайымдылыққа ұмтылды. Діни ілім мен оның ғұрыптарындағы, ұйымдастырушылық мәселелеріндегі алшақтықтарына қарай пуритандар пресвитериандар және радикалдар деп бөлінді. Радикалдың пуританизмнің өкілдері сепаратистер, индепенденттер, диссиденттер, конгрегационалистер және т.б. атауларға ие болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775—1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда, соғыс аяқталысымен штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық  Конституцияның жобасын дайындап шығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жаңа мемлекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.АҚШ-тың саяси өміріндегі келесі жаңалықтар 1861—1865 жылдардағы азамат соғысы тұсындағы идеялық-саяси күреспен, сондай-ақ аграрлық қоғамнан индустриалды, кейінірек индустристриалдықтан постиндустриалды қоғамға өту барысындағы әлеуметтік эволюциямен байланысты болды, ал саяси және құқықтық ойдағы өзгерістерді облыстық индивидуализм және пуритандық республиканизмнен либералдық прагматизмге өтумен байланыстыруға болады.

 

 

Социализм идеологтарының саяси-құқықтық көзқарастары

XIX ғасырдағы батыс  . барысын сипаттағанда француздың  көрнекті социологы Огюст .  Оның пен   нақты арнайы зерттеуі болмағанымен қоғамды ыңғайлы әлеуметтік ұйымдастыру мен даму туралы көзқарастары ғылыми-танымдық тұрғыда үлкен қызығушылық туғызады. Ол кейінірек кеңінен  дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша әлемдегі жетекші капиталистік державаға айналды. Ағылшын либерализмінің ең көрнекті ... бірі    Локктың, Юмнің және француз материалистері Гельвецийдің, Голь-бахтың бірқатар әлеуметтік-философиялық идеяларын қорыта отырып утилитаризм  Оның негізін мынадай төрт постулат құрайды. Біріншісі: адам әрекетінің мәні, ... ... және ... алу да бір шешудің құралы болу мүмкіндігі — ең ... өлшемі. Үшіншісі: адамгершілік мейлішне көп адамның барынша бақытқа жетуін бағдарлайтын және жалпы ортақ мүддені барынша арттыру адамзат дамуының мақсаты болып табылады. Бентам саясат, мемлекет, құқық, заң шығару жөне т.б.  Оның  көзқарастары "Заң шығарушылықтың принциптері", "Өкімет туралы үзінділер", "Барлық мемлекеттер үшін конституциялық кодекстің туралы ғалым" және т.б. еңбектерінде мазмұндалады. Бентам өзінің  теориясын теріске шығарады. Оның пікірінше, табиғи құқықтың мазмұны айқындалмаған және әрқилы түсіндіріледі. да мәні жоқ, ... мемлекеттер зорлықпен қалыптасып, әдетке айналудың арқасыңда бекітіледі.  және  жалған "метафизикалық шығарма" ретінде сынға алады, себебі жеке тұлғаның құқықтары идеясы анархияны негіздеуге алып келеді. Заңға және күш болып табылады". Бентам да Гоббс сияқты құқықты сувереннің (егеменнің) еркінің көрінісі деп— бұл ..жене санкциялармен қамтамасыз етілген бұйрықтар мен тыйымдар.

 

 

 

Билет № 9

 

1.   Ежелгі  грек саяси-құқықтық ойының гүлденген  дәуірі (б.з.д. Ү-ІҮ ғ. 1 жартысы)

2.   Алаш  қозғалысының тарихи маңызы.

    3.   ХІХ ғ. екінші жартысы мен  ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси-құқықтық  ілімдер

 

Ежелгі грек саяси-құқықтық ойының гүлденген дәуірі (б.з.д. Ү-ІҮ ғ. 1 жартысы)

Б.з.д. V ғасырда  саяси-құқьгқтық ойлардың дамуына қоғам, мемлекет, саясат және құқық туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың тереңдеуі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтануын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Дамудын осы процесі барысында адамдар қажеттілік әсерінен, табиғат пен оның ерекшеліктеріне бақылау жасай отырып қоғамдық өмірге қажетті негізгі білім мен қабілетті қалыптастырды. Б.з.д. 483-375 жылдары өмір сүрген Горгий Протагормен қатар сол дәуірдегі атақты софистердің бірі болды. Адамзат мәдениетінің табыстарын жоғары бағалаған Горгий, солардың қатарына "әділдік қорғаныштылары ретінде жазылған заңдарды" да жатқызады. "Жазылған заң — адамзат ашқан жасанды жаңалық". Горгий "жазылған заңнан" құдайлық және жалпыға бірдей зандар болып табылатын жазылмаған әділеттілікті айыра білу керектігін айтады. Бірақ бұл олардың арасында түбірлі айырмашылық пен қарама-қайшылықтың бар екендігін білдірмейді. Горгий сонымен бірге құндылығы жағынан әділдікті олардан жоғары қояды.Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге келді. Жас кезінде ол (б.з.д. 407—399 жж.) Сократтың шәкірті және тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен бірге Афиныдан кетеді. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Снцилияға барады. Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан өзінің философиялық мектебін ашады. Бұл мектептің өмірі ұзақ болып, өзінің өмір сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердің ғылыми ордасы ретінде жұмыс істеді.

 

Алаш қозғалысының тарихи маңызы

Алаш идеясы бұл белгілі  бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс  емес Ол ұлтпен бірге өмір сүретін,  ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар  жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.

Алаш идеясының өзегі  – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық.  Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақ Республикасы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды.Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамда халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн.Бүгінде нарықтық экономикаға бойлап енген халыққа Елбасы айтқандай, әлеуметшіл қазақтың, қазақстандықтардың барлық әлеуметтік топтарының жағдайын бірдей ойлайтын билік керек.Екіншіден, кез-келген мемлекеттің тірегі белгілі бір ұлт, барлық мемлекет осы жолмен қалыптасқан. Біз де сондай. Бүгінде халықаралық деңгейде кең таныла бастаған Қазақстан аталатын мемлекетке де өз атын берген де, сондай-ақ оның халқының басым көпшілігін құрап отырған да қазақ, яғни Алаш халқы.

Мұндай шындықты айту ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылданған  заман да болды.

 

ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы – ХҮІІІ ғасырда Ресейдегі саяси-құқықтық ілімдер

XVII ғасыр —  орта ғасырлық Русьтің Жаңа  замандық Ресейге бірте-бірте  қарама-қайшылықты трансформациялану  барысында өту кезеңі. Экономика саласында 1649 жылғы Соборлық ережелерде қабылданған крепостниктік құқықтық жалпы мемлекеттік жүйесі қабылданса, екінші жағынан "бұрынғы автономияның, іздерін" жойып жалпы ресейлік рынок қалыптастыруға ұмтылған ерте буржуазиялық элементтер пайда болды. Барлық аймақтардың, жерлердің және княздықтардың біртұтастыққа бірігуі жүзеге асты. Қанау мен басыбайльшықтың (крепостниктіктін)  күшеюіне  қаналған тап  бірқатар  қала көтерілістері және шаруа соғыстармен қарсы жауап берді. Алексей Михайловичтің патшалық құрған дәуірі (1645-1675) "бүлікшілдер уақыты" деп аталды. Үстем тап өкілі халық қозғалыстарына қарсы патша тағының төңірегіне саяси тұрғыда бірікті. Боярлық-аристократия ендігі жерде өзін самодержавиеге қарсы қоймай, дворяндармен одақтасты. Қазынаның сауда агенттері және қаржы мәселесі бойынша патшаның кеңесшілері болған Никитниковтар, Строгановтар, Шориндер, Светенниковтар тәрізді көпестер тобы да самодержавиені жақтады. Осылайша Ресейде абсолютизм қалыптасуының алғышарттары орнады. Бұл кезеңдегі саяси-құқықтық ой жоғарыдағы тарихи процестердің көрінісін бейнеледі.

XVII ғасырдың екінші жартысындағы абсолюттік бағыттың өкілдері қатарына патша Алексей Михайлович (1629-1676) және оның сарай маңындағы идеологтары Юрий Крижанич (1618-1683),  Афанасий Лаврентьевич  Ордин-Нащокин (1605-1680), Симеон Полоцкий (1629-1680) жатады. Бұл абсолюттік тенденциялардың пайда болуы қоғамдық өмірде қалыптаса бастаған жаңа қатынастардың онан ары дамуы үшін күшті жоғары билік тарапынан болатын протекционизмді қажет етуімен байланысты болды. Бүкіл бағыныштылардың "жалпы игілігін" қамтамасыз етуге қабілетті "ағартушы" абсолюттік монархия туралы ілім жоғарыда аталған авторлардың доктринасының өзегін құрайды.Экономикалық және саяси өзгерістерді жүзеге асыру осы мәселеден келіп туындайды.

Информация о работе Шпаргалка по "Налоговому праву"