Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка
Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты
ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Германиядағы құқықтық тарихи мектебі
Германияда құқықтың тарихи мектебі XVIII ғасырдың аяғында пайда болып, XIX ғасырдың ортасында толық қалыптасып болды. Бұл дәуірде Германияда феодалдық тәртіп сақталып қалды және экономикалық, әлеуметтік және саяси қатынастары жағынан Батыс европа елдерінен артта қалды. Неміс қоғамының осы жағдайы құқықтың тарихи мектебінің қалыптасуы мен таралуына ықпал етті. Бұл мектептің негізін қалаушы Геттинген университетінің профессоры Густав Гуго (1764-1844) болды. Ол өзінің "Қалыпты құқық философиясы ретіндегі табиғи құқық оқулығы" деген шығармасында құқық қалыптасуының ұзақ тарихи процесі мәселесін көтереді және құқықтық реттеудің жоғарыдан жүргізілетіндігі туралы пікірді теріске шығарады. Заң құқықтың жалғыз қайнар көзі емес. Құқық заңгерлік әрекеттен өзге, заң шығарушының еркінен өзге жолдармен де қалыптасады. Римдегі әдеттік құқық, преторлық құқық осылай қалыптасқан. Заң шығарушының шығармашылық қабілеті туралы көзқарасқа қайшы келе отырып, Густав Гуго құқықта тіл сияқты ешқандай келісім мен бұйрықсыз өз-өзінен құралады деп есептеді. Қатаң ережелер практика барысында туындайтын күмәнді мәселелердің шешімін табу кезінде бірте-бірте қалыптасады. Оның пікірінше, көпшілік занды оқымағанымен, оның мазмұнын білмегенімен, оның тәртібімен жақсы таныс болып шығады. Құқық нормаларының айқындылығы әдеттік құқық арқылы мүмкін болады.
Ағылшын либерализмі (ХІХ ғ.)
XVIII ғасырдың
аяғында Англия қоғамдық
Ағылшын либерализмінің ең көрнекті өкілінің бірі Иеремия Бентам (1746-1832) ағылшын философтары Гоббстың, Локктың, Юмнің және француз материалистері Гельвецийдің, Гольбахтың бірқатар әлеуметтік-философиялық идеяларын қорыта отырып утилитаризм теориясының негізін қалады. Оның негізін мынадай төрт постулат құрайды. Біріншісі: адам әрекетінің мәні, қасіретті болдырмау және ләззат алу құрайды. Екіншісі: пайдалылық, қандай да бір міндетті шешудің құралы болу мүмкіндігі - бүкіл құбылыстарды бағалаудың ең құнды өлшемі. Үшіншісі: адамгершілік мейлінше көп адамның барынша бақытқа жетуін бағдарлайтын қасиеттерден құралады. Төртіншісі: индивидуалды және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігімен жалпы ортақ мүддені барынша арттыру адамзат дамуының мақсаты болып табылады.
Бентам саясат,
мемлекет, құқық, заңшығару және т.б.
талдау барысында осы постулаттарға сү
Бентам өзінің алғашқы шығармаларында-ақ табиғи құқық теориясын теріске шығарады. Оның пікірінше, табиғи құқықтың мазмұны айқындалмаған және әрқилы түсіндіріледі. "Қоғамдық шарт" ұғымының да мәні жоқ, өйткені мемлекеттер зорлықпен қалыптасып, әдетке айналудың арқасында бекітіледі. Бентам 1789 жылғы француздың "адам және азамат құқықтарының Декларациясын" жалған "метафизикалық шығарма" ретінде сынға алады, себебі жеке тұлғаның құқықтары идеясы анархияны негіздеуге алып келеді. Заңға қарсы қойылған "құқық ақыл-ойдың дұшпаны және өкіметті күйрететін күш болып табылады".
Бентамның ойынша
тек мемлекеттік билікті
Билет № 16
Ерте түркі жазбаларындағы саяси-құқықтық идеялар (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.)
Ерте түрік мемлекеттерінде VI-VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше. Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсініктері, наным-сенімі, ұлыс аралық қарым-қатынастар, жеңістері мен қателіктері баяндалады.
«Күлтегін» ескерткіш жырының авторы Иоллық тегін өз дәуірінің саяси қайраткері, қағанның кеңесшісі, тарихшысы болған. Ол бұл еңбегінде Түркі қағанатының қашан және қалай құрылғанын, қағанатты құрған және нығайтқан ұлы қағандар мен олардың қолбасшыларының өмірбаянын, қағандықты ұстап тұру үшін жүргізген ерлік күрестерін баяндайды. Қағандық билікті қолдаған Иоллық тегін түркі елінің бүтіндігі мен тәуелсіздігі үшін әкімдер мен бектерді өз уысында ұстап отыруды, олардың қарсылығын күшпен басуды дұрыс деп есептейді.
«Жоғарыда Көк тәңірі төменде Қара Жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата-бабаларым Бумын қаған, Істемін қаған үстемдік қылған. Таққа отырып түркі халқының мемлекетін басқарған, үкім-билігін жүргізген. Дүниенің төрт бұрышы түгел оларға дұшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышының халқын түгел бағындырған» деп басталатын «Күлтегін» жазуының кіріспесінде түркі мемлекетінің қалай құрылғаны туралы мифтік көзқарастармен бірге, мемлекеттегі басқарудағы қаған билігі мен ол құрған тәртіптер жайы да айтылады.
Батыс европалық саяси және заңгерлік ойдың негізгі бағыттары (ХІХғ.)
XIX ғасырдың
бірінші жартысындағы Батыс
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодалдық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлік идеялары оқулықта қарастырылмайды. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси әдебиетінде Эдмунд Берк (1729-1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753-1821) және Луи де Бональд (1754-1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768-1854) және Адам Мюллер (1779-1829).
Капиталистік тәртіптерге консерваторлардан гөрі барынша қарсы шыққан социалистік лагерьдің өкілдері болды. Мұның басым көпшілігін пролетариатқа айналған еңбекшілер мен күйзеліске ұшыраған ұсақ меншік иелерінің қалың бұқарасы құрады. Капиталистік жүйе оларды бейшара халге түсірді. Олар құтқарылу жолын жеке меншікке негізделген өркениеттен бас тартып, ортақ меншікті қоғам орнатудан іздеді. Социализм осындай антикапиталистік позицияны ұстанды. Келесі бір идеологиялық бағыт — анархизмнің бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері болды. Олардың кейбір өкілдері буржуазия мен жеке меншікке қарсы болмағанымен, барлығы да бір ауыздан қоғамдық зұлымдықтардың шығу көзі ретінде жалпы мемлекетке теріс көзқарас ұстанды.
Либерализмнің концептуалды өзегінің екі негіз қалаушы тезисі бар. Біріншісі: жеке еркіндік, әрбір индивидтің еркіндігі және жеке меншік ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар болып табылады. Екіншісі: бұл құндылықтарды жүзеге асыру тек жеке тұлғаның бүкіл шығармашылық мүмкіндігінің ашылуы мен игілігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге бүтіндей қоғамның және оның мемлекеттік ұйымдасуының гүлденуіне әкеледі. Либералды идеологияның барлық өзге элементтері осы негізгі өзектін төңірегіне топтасады. Ол элементтердің арасында тарихтағы прогресс және әлемнің рационалды құрылымы туралы көзқарас, жалпы игілік және құқық, бәсекелестік және бақылау туралы пікірлермен қатар, міндетті түрде құқықтық мемлекет, конституционализм, биліктің, өкілеттіліктің, өзін-өзі басқарудың ажыратылуы және т.б. идеялар ұшырасады.
Заңгерлік позитивизм
Заңгерлік позитивизм даму үстіндегі азаматтық қоғамның күнделікті құқықтық мүдделеріне сәйкес келгенімен бірқатар әлеуметтік мәселелерді шеше алмады. Азаматтық қоғамның қайшылықтары мен қақтығыстары, оның дамуын айқындайтын әлеуметтік процестер, қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасы сияқты мәселелер заңгерлік позитивизмнің назарынан тыс қалды. Формальды-догматтық методология құқықтық мемлекетті негіздей алмады. Бірқатар заңгерлер мен мемлекеттанушылар өкілеттік мемлекетті құқықтан өзге сыртқы факторлардың көмегімен идеялогиялық тұрғыда негіздеуге тырысты. Бұл саяси-құқықтық теорияларды әлеуметтанулық, психологиялық және өзге концепциялармен біріктіруге әкелді.Немістің белгілі заңгері Рудольф фон Иеринг (1818-1892) әлеуметтанудың бірқатар идеяларын мемлекет және құқық туралы ілімінде қолдануға ұмтылды. "Өз дамуының әртүрлі сатысындағы рим құқығының рухы", "Құқықтағы мақсаты" және "Құқық үшін күрес" сияқты еңбектері оны кеңінен танымал етті.XIX ғасырдың орта тұсынан бастап Иеринг формальдық-догматтық тәсілге негізделген "ұғымдар юриспруденциясының" орнына өмірлік құндылықтарға, адамдардың нақты қызығушылықтарына негізделген "мүдделер юриспруденциясын" қалыптастыруға көшеді. Ол құқықтың логикалық, тіпті психологиялық қырларына да емес, оның әлеуметтік-прагматикалық, утилитарлық қырларына басты назар аудара бастайды.Ол өзінің қолданған құқық пен мемлекетті тану методологиясында алдыңғы орынды айғақтарды сипаттауға, жіктеуге және таддауға бөледі. Эмпирикалық материалдарды зерттеумен салыстырғанда, философиялық ұғымдармен амалдар жасау төменгі рөлге ие болады. Эмпирикалық материалды Иеринг тарихи өлшемде де, құрылымдық-функционаддық өлшемде де қолданады. Құқықты ағзаға теней отырып, Иеринг оған табиғат өніміне тән барлық қасиеттерді береді - әр алуандылықтағы тұтастық, индивидуалдық, өсу және т.б.
Билет № 17
Ж.Баласағұн, М.Қашқари және А.Яссауи шығармаларының саяси-идеялық мазмұны
Жүсіп Баласағұни - ақын, философ, қоғам қайраткері. Негізгі еңбегі –
энциклопедиялық еңбек болып табылатын поэма «Құтадғу білік» («Бақыттылық жайлы ілім»). «Құтадғу білікте» мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Махмуд Қашқари – Қарахан мемлекетінде өмір сүрген, ірі ғұлама, әдебиетші, саяхатшы, тарихшы, ойшыл, түрколог-ғалым. «Түркі тілдерінің сөздігі» атты атақты еңбегінде адамдар арасындағы адамгершілік, этика мәселелерін де сӛз етіп, ел билеуде ақыл парасатты, әдепті, кішіпейіл болу керек деген. Қожа Ахмет Яссауи – түркі дәуіріндегі ірі ойшылдардың бірі, бүкіл түркі жұртын татулыққа, имандылыққа, ізгілікке, рухани тазалыққа үндеген ұлы әулие. Басты еңбегі - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») түрік тілінде жазылған рухани және гуманистік бағыттағы кітап. Ойшыл адам және қоғам мәселелеріне көңіл аударған.
ХҮ-ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында Мәскеу мемлекетіндегі саяси-құқықтық ой-пікірлер
Мәскеу мемлекетінің тарихы ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. XIV-XV ғасырлар бойы ол шағын князьдықтан күшті монархиялық билікке негізделген бір орталыққа бағынған қуатты мемлекетке айналды. XVI ғасырдың соңында оның территориясы Еділ манайы мен Батыс Сібірдің жерлері қосылуының нәтижесінде кеңейіп, бұрынғы Мәскеу мемлекеті енді "Ресей" немесе "Ұлы Ресей" деп атала бастады. XVII ғасырдың басында Мәскеу мемлекетінің қоғамдық-саяси жүйесі дағдарысқа ұшырап, "аласапыран кезең" басталады. 1613 жылы орыстың монархиялық тағына жаңа әулет — Романовтар келеді.
Мәскеу мемлекетінің егемендігіне ықпал еткен мына оқиғалар болды: Куликово шайқасы (1380), Константинопольдің (Цезарьдың) құлауынан кейінгі (1453) Русь билеушісі Иван ІІІ-ң Византия патшайымы Софья Палеологқа үйленуі (1472), Уградағы қарсылықтан кейін монғол-татар құлдығынан түбегейлі құтылу (1480). Мәскеу мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысының Киев Русімен салыстырғанда елеулі айырмашылықтары болды. Бұл айырмашылық жаңа тарихи дәуірге өтумен, дамыған феодалдық қоғамға өтумен сипатталады.XV-XVI ғасырларда Мәскеу мемлекетінің өзіндік даму жолына түсуіне орай оның ішкі саяси ұйымдасуына байланысты (мысалы, орыс мемлекетінің шығу тегі, княздардың шежіресі, жоғарғы билікті ұйымдастыру нысандары мен жүзеге асыру тәсілдері, шіркеу мен мемлекеттің арақатынасы, сот төрелігін ұйымдастыру мәселелері) саяси пікірталас орын алып, әртүрлі идеологиялық ағымдар мен көзқарастар пайда болды. Оның ішіндегі ең маңыздылары қатарына "бас тартушылардың идеологиясы, Иосиф Волоцкийдің, Филофейдің, Иван Грозныйдың, Андрей Курбскийдің және Иван Пересветовтің саяси идеялары мен концепциялары жатады. XV ғасырдың екінші жартысында өткір пікір сайысқа айналған мәселе шіркеудің экономикалық жағдайы мен оның иеленушілік құқығы, әсіресе жер мен еріксіз шаруа еңбегін иемдену құқықты және шіркеудің елдің саяси өміріне араласуы сияқты оқиғалар болды. Шіркеудің қызметін қайта ұйымдастыруды, оның жер иеліктерін бөліп алуды, шіркеудің мемлектінің саяси ісіне араласпауды талап етушілер "бас тартушылар" ("местяжательтво") деп аталса, өмір сүріп отырған шіркеулік ұйымның нысанын және оның экономикалық статусын сақтап қалуды жақтайтындар осы позицияның негізін қалаушының есіміне орай иосифляндар деп атадды.
Француз либерализмі
XIX ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси-құқықтық ойдың дамуы 1789-1793 жылдардағы Ұлы буржуазиялық революцияның жетістіктерімен байланысты. Революцияның нәтижесінде "бостандық", "теңдік", "туыстық" сияқты бірқатар жаңа саяси құндылықтар өмірге енді. Бұл кезенде Францияда Наполеон және оның режимінің құлап, Европа елдерінің саясатына ықпалын тигізген реакциялық контрреволюциялық "Қасиетті Одақтың" (1815 жыл) құрылғанымен, Бурбондар әулетінің таққа қайта оралып, елде монархиялық құрылыс орнағанымен революцияның негізгі жетістіктерін жоя алмады.