Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка
Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты
Билет № 10
Ежелгі Рим саяси-құқықтық ілімінің жалпы сипаттамасы және оның даму кезеңдері
Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ойлардың тарихы бүтіндей мың жылды қамтиды және өзінің эволюциялық дамуында Ежелгі Римнің ұзақ уақытқа созылған әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі айтулы өзгерістерді білдіреді. Рим тарихының өзі үш кезеңге бөлінеді: 1) патшалық Рим (б.з.д. 754-510 жж.); 2) республикалық Рим (б.з.д. 509-28 жж.); 3) императорлық Рим (б.з.д. 27- б.з. 476 жж.). Сонымен бірге біртұтас Рим империясы б.з. 395 жылы екіге: Батыс және Шығыс Римге бөлінеді. Шығыс Рим - Византия империясы 1453 жылға дейін өмір сүреді. Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлер мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен популярлар (төменгі халықты қолдаушылар), еріктілер мен құлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.Ежелгі Рим тарихында өздерінің құқықтық және әлеуметтікжағдайын патрицийлермен теңестіру жолындағы плебейлер күресі маңызды роль атқарды. Рим империясының ауыр саяси дағдарысы кезінде б.з.д. 68-69 жылдары Иуддей және басқа да ауыр зардап шеккен провинциялардың халқы римдіктерге қарсы көтеріліске шығады. Осы кезде Иуддей жұртшылығы арасына Яхве тәңірі оларды құтқаруға елші ("мессия") жіберіпті. Ол зұлымдардың үстемдігін құртады және "құдайдың мың жылдық әділетті патшалығын орнатады" деген сөз тарайды. Бұл сөздер сол кездің өзінде-ақ "пайғамбарлардың" шығармалары түрінде иудейлер арасында таралады
Якобиншілердің саяси-құқықтық идеялары
XVIII ғасырдың соңында Франция бастан кешкен ұлы буржуазиялық революция және Якобиншілдердің саяси-құқықтық идеологиясы дәуіріндегі қоғамдық сананың ажырамас және құрамдас бөлігі. Жирондистердің корольмен келісімге келу әрекеті Париж жұмысшылары мен қолөнершілері арасында революцияның тағдырына деген абыржу туғызды. Революцияны одан әрі жалғастыру үшін республика жариялау жолында насихат жүргізілді. Бұл жұмыстарды Яков монастыріна жиналған саяси клубтың мүшелері өз мойындарына алды. Якобиншілдер деп аталған бұл клубтың мүшелері революцияны соңына дейін жеткізуді жақтады. 1793 жылы 2 маусымда өкімет билігі халықтың халық бұқарасына қала халқының кедейлері мен шаруаларға сүйенген буржуазияның неғұрлым революцияшыл топтарының қолына өтті.
Революция тағдыры үшін алаңдаушылық якобиншілдерді зорлыққа итермеледі. Олар революцияны сақтаудың бірден-бір жолы оның дұшпандарына қарсы аяусыз террор ұйымдастыру деп білді. Кезек күттірмейтін шараларды тез арада жүзеге асыру үшін биліктің зорлық тәсілдері іске қосылды. Якобин диктатурасы революцияға үлкен қауіп төнген кезде орнады. Сырттан және іштен төнген қатер террорлықты қажет етті. Өйткені батыл шаралар ғана революцияның жеңістері мен республиканы құтқара алатын еді.Якобиншілердің жұрт таныған көсемдері Жан Поль Марат пен Максимилиан Робеспьердің саяси-құқықтық идеялары саяси өмірдің аласапыран кезеңінде қалыптасты және жүзеге асырылды.Якобиншілдердің көрнекті басшыларының бірі Максимилиан Робеспьер саяси-құқықтық тақырыпта арнайы ірі еңбектер жазған жоқ. Оның саясат, мемлекет және құқық мәселелері жөніндегі ойлары мен көзқарастары якобиншілдер қозғалысының саяси жетекшісі және идеологы ретінде революциялық заң актілерін дайындау мен Конветте жасаған баяндамалары мен сөздерінде айқын көрмеді.
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты
Марксизм – 1,5 ғасыр
бойы адамзаттың тағдырларына әсер еткен
философиялық, экономикалық және әлеуметтік
саяси доктрина. Негізін қалаушылар–КарлМаркс,
Материалисттік диалектика, диалектикалық – материалисттік дүниеге көзқарастың түйінін құрайды, зерттеу әдісін құрастырады. Диалектика – теория және әдіс. Дамудың жалпы теориясы, материалисттік диалектика басқа да кез келген ғылымдар сияқты, категориялар мен заңдардан, принциптер жүйесінен тұрады.
Объективтілік пен жалпылық принципі. Бұлш принцип философияның негізгі иәселелсін материалисттік тұрғыдан шешуіне, әлемнің материалдық бірлігіне және сананы, материя болмысының бейнеленуі ретінде түсінуіне байланысты.
Жан-жақтылық принципі. Метофизиканың ең негізгі жетіспеушілігі – заттар мен үдірісті қарастыруға бір жақтылық. Диалектика әрбір затты., құбылысты көптеген байланыстардың және қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырады.
Қажеттілік және
мүмкіншілік тұрғысынан
Жан-жақтылық принцип
салыстырмалы білімімізді
Билет № 11
Рим стоиктерінің саяси-құқықтық көзқарастары
Ежелгі Грециядан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек стоиктерінің философиялық, этикалық және құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды. Рим стоицизмінінң басты өкілдері Луций Анней Сенека (3-65жж.), Эпиктет (50-140жж.) және Марк Аврелий Антонин болды.
Стоиктердің ілімі бойынша, әлем - біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны өзіндік күн ретінде қарастырады.
Марк Аврелий Антонин (121-180 жж.) рим стоицизмінің өрнекті өкілдерінің бірі. Ол Антонин мұрагері болатын. Антонин Пий принципаты кезін (136-161 жж.) Рим, ал одан кейін Еуропа тарихшылары "алтын ғасыр" деп атады. Антонин Пий өлгеннен кейін (161 жылы) оның мұрагерлері өзінің асырап алған ұлдары Марк Аврелий мен Луций Вер болады. Луций Вер қайтыс болғанға дейін олар империяны бірлесіп басқарады. Бірақ іс жүзінде империяны бұлардың үлкені Марк Аврелий биледі (161-180 жж.) Ол үлкен империяны билеп қана қойған жоқ, "Өзіммен өзім оңаша" деп аталатын стоицизмдік философиялық трактат та жазады. Бірақ оның бұл шығармасы басуға арналмаған, өзінің оңаша ойларынан туған жазбалар болатын. Ол өзімен-өзі сырласу арқылы қоршаған орта мен әлемді тануға тырысады.
Шарль Луи Монтескье және Жан Жак Руссоның саяси-құқықтық көрқарастары
Шарль Луи Монтескье француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал заңгер және саяси ойшылы. Ол құқықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды. Оның мемлекет, саясат және құқықтануға арналған басты үш еңбегі: "Парсы жазбалары" (1721), "Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлер" (1734) және жиырма жыл бойы жазған "Заңдар рухы туралы".Монтескьенің саяси-құқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оның аталған шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады.Монтескье барлық заңның бастауы жеке оқиғалардан туындайды, соның салдарынан жеке зандар басқа зандармен байланысады және жалпы заңдармен өзара тәуелділікте болады дейді. Табиғи заңдар адамдардың тіршілік әрекетіне байланысты олардың ішкі өмірі негізінде қалыптасады, яғни адам табиғатының қасиеттеріне қарай табиғи заңдар пайда болады. Монтескье бұндай заңдарға адамдардың бейбіт тұруға ұмтылысын, өзіне қажетті азық-түлікті табуын, адамдардың бір-біріне көмегін және олардың қоғамдағы тыныштық өмірін қосады.
Жан Жак Руссо саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бірі. Оның саяси-құқықтық және әлеуметтік көзқарастары "Адамдар арасындағы теңсіздікпен пайда болуы мен негіздемесі туралы ойлар", "Саяси экономия туралы", "Мәңгі әлем туралы ойлар" және "Қоғамдық келісім немесе саяси құқық принциптері туралы" шығармаларында көрініс тапқан. Оның қоғам, мемлекет, құқық мәселелері туралы ілімі халықтың егемендік идеясы мен принципін қорғауға негізделген. Сол кездегі кең тараған табиғи жағдай ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтік, саяси-құқықтық және рухани өмірінің қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланады.Қоғам мен мемлекет дамуының адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастығы бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды. Руссоның қоғамдық шарт концепциясындағы басты идеясы оның осы концепцияға сай құрылған мемлекеті.
ХХ ғасырда қалыптасқан саяси ахуалдың ерекшеліктері
Жиырмасыншы жүзжылдық бүкіл әлемдік тарихта ең саясаттандырылған кезеңдердің бірі. Құқық, мемлекет, саясат мәселелері бұл ғасырда болып өткен әлеуметтік сілкіністерге және бұқаралық қозғалыстарға байланысты алдыңғы орынға көтерілді. Екі дүниежүзілік соғыс, діни және ұлттық, айырмашылықтарға негізделген аймақтық соғыстар, дағдарыстар, революциялар мен саяси төңкерістер, тоталитарлық режимдердің қалыптасуы және құлауы, отаршылдық жүйенің қирауы және көптеген жаңа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың пайда болуы және адамның теңдігін, құқықтары мен еркіндіктерін бүкіл әлемдік мойындау — міне, осының бәрі әртүрлі әлеуметтік саяси бағдардағы ойшылдар мен ғалымдардың мемлекет, құқық және саясатқа қатысты теориялық қызметтеріне ықпал етті.Азаматтық қоғамның одан ары дамуы саяси бөлектену (отчуждение) және оны практикалық тұрғыда игеру мәселелерін күн тәртібіне қойды. Мемлекеттің өзі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Жалпыға бірдей сайлау құқығының барлық жерде бекітілуі, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып саяси билікке ұмтылған саяси партиялар мен өзге қоғамдық ұйымдар жүйесінің дамуы мемлекет және құқық туралы ілімдердің миллиондаған сайлаушылардың саяси-құқықтық санасы мен қоғамдық пікірге тікелей ықпал жасауына әсерін тигізді. Мемлекеттің рөлі ендігі жерде тек азаматтық қоғамды, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғаумен ғана шектелмейтіндігі белгілі болды; бұл еркіндіктер мен құқықтарды жүзеге асыру бірқатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және өзге мәселелерге бағытталған мемлекеттің позитивті әрекетін талап етті. Мемлекет туралы мәселе жиырмасыншы ғасырдың бүкіл әлеуметтік қақтығыстарындағы негізгі мәселелердің біріне айналды.
Билет № 12
Орта ғасырлық батыс европалық қоғамдағы саяси-құқықтық ойдың негізгі белгілері мен бағыттары
XIX ғасырдың бірінші
жартысындағы Батыс Европаның
қоғамдық-саяси өмірінде
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлік идеялары оқулықта қарастырылмайды. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси өдебиетінде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бональд (1754—1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768— 1854) және Адам Мюллер (1779—1829). Капиталистік тәртіптерге консерваторлардан гөрі барынша қарсы шыққан социалистік лагерьдің өкілдері болды. Мұның басым көпшілігін пролетариатқа айналған еңбекшілер мен күйзеліске ұшыраған ұсақ меншік иелерінің қалың бұқарасы құрады. Капиталистік жүйе оларды бейшара халге түсірді. Олар құтқарылу жолын жеке меншікке негізделген еркениеттен бас тартып, ортақ меншікті қоғам орнатудан іздеді. Социализм осындай антикапиталистік позицияны ұстанды. Келесі бір идеологиялық бағыт — анархизмнің бағдарламасының өзіңдік ерекшеліктері болды. Олардың кейбір өкілдері буржуазия мен жеке меншікке қарсы болмағанымен, барлығы да бір ауыздан қоғамдық зұлымдықтардың шығу кезі ретінде жалпы мемлекетке теріс көзқарас ұстанды. Батыс Европада орныққан" капиталистік құрылыс өз идеологиясын либврализмнен тапты. XIX ғасырда ол ете ықпалды саяси және интеллектуалды ағым болды. Оның жақтаушылары барлық қоғамдық топтарда да кездесті. Алайда оның әлеуметтік негізін — ең алдымен, кәсіпкер (өнеркәсіптік жене сауда) топтар, шенеуніктердің біраз бөлігі, еркін кәсіптің иелері, университеттік профессура құрады.