Шпаргалка по "Налоговому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:01, шпаргалка

Краткое описание

Билет № 1 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.
Әл-Фараби қала мемлекеттердің екі түрі және оның билеушілері туралы.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ілімдер.
Билет № 25 Мұсылман құқықтық ойының қалыптасуы мен дамуы
Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі
Мемлекет және құқық туралы маркстік-лениндік ілімнің таптық сипаты

Файлы: 1 файл

Билет саяси.doc

— 417.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет № 4

 

  1. Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ойлар.
  2. ХҮІІ ғасырдағы ағылшын саяси-құқықтық ілімінің ерекшеліктері
  3. Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері

 

Ежелгі Шығыстағы  саяси-құқықтық ойлар.

Саяси-құқықтық ілімдер  алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы  мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтарды мифтік аңыздарында көрініс табады. Мифология – ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге деген қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегендігінен, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын түсіну өте қиынға соқты. Сондықтан да ежелгі дүние адамдары әлемді екіге бөліп қарады. Оның бірі – өздері өмір сүріп, тіршілік етіп отырған көз алдындағы дүние болса, оның екіншісі – олардан тыс жатқан, сыры белгісіз, өздері көріп тани алматын басқа дүние еді. Қорыта айтқанда, саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыдан болса да алғаш ерт Ежелгі Шығыста қалыптасты, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсініктер алғаш рет Шығыста пайда болды. Саяси-құқықтық ойлар Ежелгі Шығыста діни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық мүддені қорғайтын белгілер де басым болды, бұлойлар белгілі бір топтың мүддесін білдірді, солардың билігін қолдады және Ежелгі Шығыс заңдары қаталдығымен әйгіленді. Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

 

Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері

Абай нағыз шыншыл ақын болғандықтан ол өзі өмір ақиқаттықпен көрсетті. Оның шығармашылығы сол кездегі қазақ қоғамындағым әлеуметтік қатынастың нағыз айнасы іспетті болды. Ал Абай өмір сүрген кезде қазақ қоғамы әлі де . еді.. сол өз ерекшеліктермен оның шығармаларында толық көрініс тауып отырды. Әсіресе рулық құрылыстың ыдырамауы, оны патшалық әкімшіліктің өздерінің отарлық саясатын жүргізу мақсатына ... ру халықтың күйін нашарлатып жібергенін данышпан ақын күйінде жырлады.

Мұндай қатынаста өндірістің  заңдылық. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік күйі мен қатынастарын осы сияқты көркемдік суретпен басқа жағында, халықтың қалың бұқарасы жағында болды. Оны ұлы ақынның мына сөзінен де көруге болады: “ұры, залым, қуларға жемтік болып жүрген шын Бұл сөзінен қоғамның әлеуметтік құрылымның төменгі сатысында тұрған, езуге түскен шаруалар тобының жоғын жоқтап, мұңын мұңдағанын көреміз. Тілегін тілеп қоймай Абай  шығып отырды. Ол үшін Абай өлеңін ғана күрес

құралы етіп қойған жоқ. Сонымен қатар айтыс-тартысқа да түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет № 5

 

  1. Ерте грек дәуірдегі саяси-құқықтық ойлары (б.з.д. ІХ-ҮІ ғғ.)
  2. Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі
  3. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастар

 

Ерте грек дәуірдегі  саяси-құқықтық ойлары (б.з.д. ІХ-ҮІ ғғ.)

Б.з.д. ІХ-VІІІ ғасырларда ежелгі мифтік  көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды. Олардың түсіндіруі бойынша, құдайлардың билік үшін күресі және бас құдайдың ауысуы (Уран-Крон-Зевс) билік пен басқару принциптеріні алмасуымен қатар жүрді. Поэмада Гомер қолданған "дике" (әділдік) және "темис" (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің әділдігі (дике) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен принцип түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық құқық (темис) өмірлік әділдіктің оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрінісін білдіреді.Б.з.д. VII ғасырдағы ежелгі Грецияның саяси және қоғамдық өміріндегі қатынастар Гесиодтың "Енбек және күндер" мен "Теогония" поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар мен дүниенің пайда болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтық принциптер сипатталады.

Б.з.д. VІ-V ғасырларда Пифагор, Архит, Филолай Гераклит 
және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді 
философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар 
ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеалды жақтады. 

 

Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі

Орта ғасырлық саяси  ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі орта ғасырлық діндар-философ, ғалым  Фома Аквинский болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады. Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің үш мынандай элементін енгізді: 1) мәні. 2) формасы (шығу тегі).3) қолданылуы.

 Биліктің мәнін  ол құдайдан деп түсіндірді. Алайда  қолында билік бар адам құдайдың  өсиетін ұмытып, зұлымдық жасауы  да мүмкін дейді. Ондай тиранды халықтың тақтан түсіруі де мүмкін. Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше теориясын жасап та шығарды. Барлық заңдардың негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса, содан негіз алады. Адамдық заңдар да содан шығады. Адамдық заңдар туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдықтың атаулының баршасын бірдей жоя алмайды екен.

 

ХХ ғасыр  басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары

XX экономикалық  өмірінде  XX  ғасырдың  басында  болған  өзгерістер   қазақ   қайта   құруға жеткізді.   Қарастырып    отырған    аяқтады   деуге   болады,   оның   ең   ... –біртұтас  ел   ретінде бытырату   мақсаты    мен     қазақ     тұрғындарды  жақсы жерлер  мен  шұрайлы  жайылымдардан  жаппай  жағдайының   күрт  нашарлатылып,   оған   қоса рухни   қысымның   елеуліөзгерістер  ұлттық сана – сезімді оятты,  жаңа– көзқарастар қалыптасуын бастап берді.XX ғасырдың  басындағы қазақ    озық   күш қоғам мүшелерінің сезімін өзгерту   мен   адамдардың   бүкіл   ғана  деп ...  қоғамдық   сананы қалыптастыру  процесін  нақты  жүзеге асырды.  Адамдардың  бүкіл   бұқарасы мұндай  және   оған     қабілетсіз, оны  бірдей  түсіне  бермейді   және   оған   бірдей  дәрежеде    пен  ...  сананың   байланысын   әдетте  барша жұрт   бірігіп  адам  жеке    дара   қайта адамдардың   ерекше   топтары,    сананы    ...   мен    XX  бас   кезінде   қазақ қоғамында  «Қазақ»  газеті  мен  «Айқап»   журналы  тобы   халқының  ұлттық сана – сезімін   ояту   және   жаңа    де  зор   үлес   сияқты,  оның  органы  болған  «Қазақ»  газеті (1913 –  1918  жж.) де  ұзақ  ...  бойы  –газеті  деп  саналды.Қазақ даласында ұлттық қозғалысқа жас интеллегенция жаңа дәлелдеп  отырғандай,   әлеуметтік   күрт    белсенділігімен,   дербес бастамасымен   ерекшеленіп   отырған.   сезімі  жоғары  интеллегенция  жеке  адамның  қоғамда   алатын жағдайы  туралы,  оның   ...   және   сана  –  жазғанындай,  «Мемлекеттік  аппаратты   қарыптастыру қажеттігі  бір   даярлаумен айналысуға  мәжбүр  етті».   оқу   болашақ   дәрігерлер,    инженерлер,   жазушылар  жоғары  білім  алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет № 6

 

  1. Эллинизм дәуіріндегі саяси-құқықтық ойлар (б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ.)
  2. Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі
  3. Гегельдің мемлекет және құқық туралы ілімі

 

Эллинизм дәуіріндегі  саяси-құқықтық ойлар (б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ.)

Ежелгі грек мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауы, грек империясының Македонияға, одан кейін Рим үстемдігіне бағынышты болуы (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысынан б.з.д. II ғасырына дейін) эллиндік кезендегі мемлекет және құқық туралы ілімде өз ізін қалдырды. Александр Македонскийдің әскери жорықтарынан Жерорта теңізі жағалауы мен Шығыстағы эллиндік кезең басталады. Б.з.д. II ғасырдың ортасына таман ұлы қолбасшы құрған Македония империясы ыдырап, кішігірім патшалықтарға (Сирия, Египет, Греция, Кіші Азия т.б.) бөлініп шығып, ал Македонияның өзі б.з.д. II ғасырда Рим империясының отарына айналды.  Антик замандағы бұл саяси өзгерістер сол кезеңдегі саяси және философиялық ойлар мен идеялардың мәні мен мазмұнына ықпал етті. Ежелгі Шығыстың дүниетанымдық ойлар рухани байлығы да эллиндік мәдениетке әсер етпей қоймады. Бұл кезендегі саяси-құқықтық ойлар стоиктер мен Эпикурдың, Полибийдің және тағы басқалардың ілімдерінде көрініс табады.Стоицизмнің негізін салушы Китоннан шыққан Зенон (б.з.д. 336-264 жж.) болды. Ол өзін тыңдағысы келетіндердің бәрін — Афиныдағы адам көп жиналатын жерде — агорода — үй алдындағы қабырғасы жоқ, жан-жағы ашық қалқа астына шақырып, өзін осылай тыңдауға (философиялық ағымның аты да осыдан келіп шыққан) дағдыландырды.Стоицизм тарихы үш кезеңмен — ежелгі, орта және жаңа (римдік)- ерекшеленеді. Ежелгі стоицизмнің (б.з.д. III—II ғғ.) басты қайраткерлері Зенонмен бірге Клеанф және Хрисипп, орта стоицизмнің (б.з.д. II—I ғғ.) жетекші өкілдері Панетий және Посидоний, ал жаңа (римдік) стоицизмнің (б.з.д. I—II ғғ.) өкілдері Сенека, Эпиктет және император Марк Аврелий болды. Стоицизм белгілі дәрежеде грек және шығыс көзқарастарының бірыңғай жинақталған қосындысы еді. Ол ең көп тараған философиялық мектеп болып қана қалған жоқ, сонымен қатар ең ұзақ өмір сүрген эллиндік философиялық мектеп те болды.

 

Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі

Ежелгі Римнің атақты шешені, заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берілген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Зандар туралы" еңбектерінде кең қамтылған саяси-құқықтық мәселелер оның басқа да енбектерінде (мысалы, "Міндеттер туралы") және сонымен бірге көптеген саяси және сот баяндамалары мен сөздерінде көрініс тапқан.

 

Гегельдің мемлекет және құқық туралы ілімі

Георг Вильгельм  Фридрих Гегельдің (1770—1831) философиялық ілімі классикалық неміс идеализмі дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Оның негізгі шығармалары — "Руссо феноменологиясы" (1807), "Логика ғылымы" (1812 1816), "Философиялық ғылымдар энциклопедиясы" (1817).  Мемлекет және құқық мәселелеріне қатысты басты еңбегі "Құқық философиясы" (1821) деп аталады.

Гегель —  объективті идеализмнің ең көрнекті өкілі. Оның философиясының негізгі категориясы — абсолюттік идея. Ол бастауы жоқ, мәңгі түпкі нақтылық және барлық мәңгіліктің қайнар көзі, өз дамуында үш кезеңнен немесе этаптан өтеді. Абсолюттік идея ашылуының бірінші этапы — ең жалпы, абстрактылы ұғымдардан нақты, алуан түрлі және көпқырлы ұғымдарға қарай дамуы. Абсолюттік идеяның өзіндік қозғалысының екінші этапы — оның өзі қалыптастырған табиғатқа енуі. Абсолюттік идея ашылуының үшінші кезеңі — оның табиғат арқылы өзіне қайта оралуы. Табиғат төменгі формадан жоғары формаға қарай дами отырып, рухқа қарай өрлейді және рухта абсолюттік идеямен қайта қосылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет № 7

 

  1. Шығыстағы саяси-құқытық ойдың бастаулары.
  2. Гуго Гроцийдің мемлекет және құқық туралы ілімі
  3. Мұстафа Шоқай және оның тұтас Түскістан идеясы

 

Шығыстағы саяси-құқытық  ойдың бастаулары.

Саяси-құқықтық ойлардың ежелгі шығыс халқында батысқа қарағанда неғұрлым ертерек пайда болуы да Ежелгі шығыс мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Қазіргі заманда да бұл ерекшелік өзінің көкейтестілік бағытымен елеулі күшке ие болып отыр. Бұған Иран,  Ауғанстан елдеріндегі діни бағыттағы әр түрлі "ағымдар" күштері мысал бола алады.Қоғамның ерте даму сатысында саяси-құқықтық ойдың ғылымға негізделе қоймаған кезінде сана бүкіл әлемге мифтік тұрғыда қалыптасты. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгілі бір күшке, құдайға келіп тіреледі және олар міндетті құқықтық нормалар ретінде қабылданды. Сонымен бірге Ежелгі Шығыстың саяси-қоғамдық және әлуметтік-экономикалық даму өзгешеліктеріне қарай құқық саласында да олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Олардың қатарына жеке меншік құқығының әлсіз дамуы, патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа бүкіл ұжым болып жауап беруі, жазалаудың талион принципі және т.б. жатады. Қорыта айтқанда, саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыдан болса да алғаш ерт Ежелгі Шығыста қалыптасты, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсініктер алғаш рет Шығыста пайда болды. Саяси-құқықтық ойлар Ежелгі Шығыста діни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық мүддені қорғайтын белгілер де басым болды, бұлойлар белгілі бір топтың мүддесін білдірді, солардың билігін қолдады және Ежелгі Шығыс заңдары қаталдығымен әйгіленді.

Информация о работе Шпаргалка по "Налоговому праву"