Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 10:29, курсовая работа

Краткое описание

Акционердің басты пайдасы бұл — алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ашық типтегі акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражаттарды алады, егер сол немесе басқа да компания акцияларды орналастыру нәтижесіне байланысты оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы нақты рейтинг материалдық жағынан куәландыруды білдіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ....................................................................................................................
I бөлім Стратегиялық жоспарлаудың теоретикалық аспектілері

Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы......................................
Стратегиялық болжамдадың және жоспарлаудың негізгі қезендері.........
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының құрылымы

IІ бөлім ҚР-ғы кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлаудың талдау және бағалау («Арман» БҚ -нің мысалында)
2.1. «Арман» БҚ -нің жалпы сиппатамасы
2.2 «Арман» БҚ стратегиялық жоспарлаудың бағалау
2.3 Компанияның стратегияның тиімділігін бағалау
IІІ бөлім Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның функционалдық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары...................................................................................................................
3. 2 Шаруашылық механизмін жетілдіру стратегиясы ...................................
Қорытынды .............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................

Файлы: 1 файл

стратегиялық жоспарлау+ план.doc

— 662.50 Кб (Скачать)
  1. Жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: не? қашан? және қалай? болуы мүмкін.
  2. Бүгін қабылданатын шешімдер – кәсіпорынның болашақтағы дамуының таңдалған баламасының жүзеге асырылу нәтиежелерін анықтайды.
  3. Жоспарлау – бұл сыртқы және ішкі ортадағы тұрақты өзгерістері жағдайларында дамудың мақсаттары мен мәселелерін орнату мен нақтылу бойынша шешімдерді қабылдаудың және оған қол жеткізу үшін ресурстарды анықтаудың үзіліссіз үрдісі.
  4. Жоспарлау меншік иелерінің және мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетті деңгейде кәсіпорын жұмысының пайдалылығын (рентабельділігін), ақша түсімдерін және пайданы қамтамасыз етуі тиіс.
  5. Жоспарлау мынадай түрлерге бөлінуі тиіс: стратегиялық, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ағымдық және кәсіпорын жасап шығаратын жоспарлардың барлығы бір-бірімен ұйқасуы тиіс.

     Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы сүйенетін  негізгі принциптер: икемділік, үзіліссіздік, коммуникативтілік, қатысушылық (участие), тенбе-теңдік (адекватность), кешенділік, көп нұсқаулық, итеративтілік.

     Жоспарлау барысында өнім тұтынушыларымен  өнімді орнатылған мерзім ішінде, минималдық шығындармен және максималдық мүмкін болатын тиімділікпен жеткізу бойынша жасалған келісім-шарттар мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін өнім өндірісінің оңтайлы көлемі анықталуы тиіс.

     Жоспарлаудың  екінші сатысы – бұл өндірістің табиғи және құндық түрдегі жоспарланған көлемдері көрсетілетін жылдық өндірістік бағдарламаны қалыптастыру. Ол нарықтық сұраныс пен нарықтың конъюнктурасын зерттеу арқылы жасап шығарылған өнім шығарылымының болашақ (перспективалық) жоспарының негізінде жасалады. Өндірістік бағдарлама кәсіпорын бойынша және негізгі цехтар бойынша айларға және тоқсандарға (кварталдарға) бөліп жасалынады. Өндірістік бағдарлама орындалуына кепілдік өндірістік қуаттардың, материалдық ресурстардың, барлық деңгейлердегі білікті мамандардың және сырттағы ұйымдармен қажетті жұмыстар мен қызметтерді орындауға келісім-шарттардың қолда бар болуын есепке алу арқылы негізделуімен беріледі.

     Өндірістік  бағдарлама кәсіпорынның өндірістік қуатын ескеру арқылы қалыптасады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты уақыт бірлігіндегі табиғи (немесе шартты-табиғи) түрдегі өндірістік бағдарламамен орнатылған номенклатура мен ассортиментте өндірістік жабдықты толық пайдалану, озат технологияны пайдалану, еңбек пен өндірістің қазіргі заманғы ұйымдастырылуы және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету кезінде өнім шығарылымының максималдық мүмкін көлемін анықтайды.

     Кәсіпорынның  өндірістік қуаты оның жетекші өндірістік цехтарының, учаскілерінің және агрегаттарының қуатымен шектеледі. Жобалық, кірістік (жылдың басына), шығыстық (жылдың аяғына) және орташа жылдық өндірістік қуатты айырады. Өндірістік қуатты пайдалану деңгейі сәйкес көрсеткіштермен – өндірістік қуатты пайдалану коэффициентімен және жабдықтың жүктелу коэффициентімен сипатталады.

     Басшылықпен жасап шығарылған және бекітілген жоспарлар  сапалы және орнатылған мерзімдерде  орындалуы үшін өндірістің жедел  жоспарлануы жүзеге асырылады. Ол цехтарда және учаскілерде орындалатын жұмыстардың  декадалар, апталар, тәуліктер, ауысымдар  бойынша қатаң түрде үйлестірілуіне, өндірістің жүру барысы және ондағы бұзушылықтар жөнінде ақпаратты жинау мен өңдеудің анық ұйымдастырылуына, кәсіпорынның әрбір буынындағы өндірістік ахуалдың әрдайымғы талдануы мен меңгерілуіне негізделген.

     Қазіргі заманғы нарықтық экономика шығарылатын өнімнің сапасына жоғары талаптарды қояды. Сондықтан, шығарылатын өнімнің сапасын басқару жүйесі қазіргі заманғы кәсіпорынды басқарудың экономикалық механизмінің ең маңызды буыны болып табылады.

     Өнімнің сапасы – бұл оның тағайындалуына сәйкес осындай өнімге белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы. Сапаның эталоны ретінде өнімнің ең жақсы отандық және шетелдік үлгілері алынуы мүмкін. Дегенмен, қажеттіліктер тез өзгеретінін, ал эталондардың ескіретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан, кәсіпорындар өзгеретін нарықтық қажеттіліктерді әрдайым зерделеулері және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатулары тиіс.

     Өнімнің сапасын анықтайтын қасиеттерді  бағалау үшін сапаның келесідей  көрсеткіштері қолданылады: тағайындалу, сенімділік, технологиялылық, стандартизация және унификация, эргономикалық, эстетикалық, тасымалдауға жарамдылық, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік.

     Іс  жүзінде мемлекеттік, салалық және халықаралық сапа стандарттары, яғни стандартизациялау объектісіне нормалардың, ережелердің, талаптардың кешенін құрайтын, құзыретті (компетентный) және жалпыға танытылған органмен бекітілген нормативті-техникалық құжаттар қолданылады. Сонымен қатар, кәсіпорындар мен бірлестіктер өздерінің стандарттарын немесе техникалық жағдайларын шығарады.

     Стандартизациялау объектісінің ерекшілігіне және тағайындалуына байланысты стнадарттар былай бөлінеді: а) негіз қалаушы стандарттар, ә) өнімге және қызметтерге стандарттар, б) үрдістерге стандарттар, в) бақылау, сынау, өлшеу және талдау әдістеріне стандарттар.

     Халықаралық байланыстардың күшті дамуы мен  кеңеюі «сапалы өнімді өндіру» анықтамасына бірыңғай қатынасты жасап шығару, сапа мен сертификациялаудың жаңа жүйелерін  жасап шығару және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру үшін бірыңғай әдістемелік базасын жасау қажеттілігіне әкелді. Бұл мақсатпен Стандартизациялаудың халықаралық ұйымы (ИСО) (СХҰ) ИСО 9000 сериясының халықаралық сапа стандарттарын жасап шығарды. Бұл стандарттар сапа жүйелерін бағалауға көптеген елдермен мойындалған бірыңғай қатынасты орнатты және өнімнің тұтынушылары мен өндірушілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттады. Соңғы жылдары ИСО 1400 халықаралық сапа стандарттары кең қолданыс тапты. Бұл стандарттар қоршаған ортаны қорғау және өнімнің қауіпсіздігі тұрғысынан сапа жүйелеріне бірыңғай талаптарды орнатады. Осындай стандарттардың пайда болуы сапаның гуманистік құрамдасының күшеюін білдіреді.

     Өнімнің сапасын басқару – бұл оңтайлы  сапалы өнімнің жасалуын және оның дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ететін факторларға және жағдайларға тұрақты, жоспарлы түрде, мақсатқа сай ықпал ету үрдісі. Бұл жерде сапаның оңтайлылығы дегеніміз сапа көрсеткіштері мен бұйымды сатып алуға және пайдалануға кеткен шығындардың ең жақсы ара қатысы.

     Өнімнің сапасын басқару жүйесі дегеніміз басқарушылық органдардың және басқару объектілерінің, өнім сапасының оңтайлы деңгейін орнатуға, қамтамасыз етуге және ұстап тұруға бағытталған шаралардың, әдістердің және қаражаттардың жиынтығы.

     Сапа  саласындағы кәсіпорынның саясаты шығарылатын өнім сапасының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу бойынша ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады да, осындай мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін шаралар кешенінің жүзеге асырылуын көздейді. ИСО стандарттарына сәйкес бұл саясат өнімнің тіршілік ету циклінің нарықтың маркетингтік зерттеулерінен бастап, өнімнің пайдаланылуы аяқталғаннан кейін оның утилизациясымен аяқтағандағы барлық сатыларын (жалпы алғанда, бұндай сатылар 11) қамтиды.

     Тұтынушылардың  тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға өсіп келе жатқан талабы Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та және Жапонияда кең қолданыс тапқан, сапаны жаппай (тоталдық) басқару жүйелерінің (TQS) құрылуына әкелді. Ал қазіргі заманғы менеджментте бір бағыт пайда болды – сапаның жаппай менеджменті (TQM).

     Өнім  сапасының стандарттар мен техникалық жағдайлардың талаптарына сәйкестігін  растау үшін ол сертификациялау процедурасынан өтуі тиіс. Бұл процедурамен қамтылатын қатысушылардың санына байланысты ол ұлттық, халықаралық, аймақтық, көпжақтық, екіжақтық және біржақтық (өзін-өзі сертификациялау, «сәйкестік туралы мәлімдеме») болуы мүмкін. Құқықтық белгі бойынша міндетті және ерікті сертификацияны айырады.

     Тауарлар  мен қызметтердің сапасы – кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал  ететін басты факторларының бірі болып табылады. Ол осы кәсіпорынның ел ішіндегі немесе шетелдегі сәйкес саладағы басқа кәсіпорындарға қарағандағы артықшылығын сипаттайды. Бұл – кәсіпорынның салыстырмалы сипаттамасы, себебі ол ұқсас тауарлар немесе қызметтерді шығаратын кәсіпорындар тобының шеңберінде ғана бағаланады.

     Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілік дәрежесін анықтау  үшін және бәсекелік артықшылығын бағалау  үшін жетекші-кәсіпорынды таңдап алу  қажет. Бұндай бағалаудың сыпайылығы (корректность) осындай жетекші-кәсіпорынды таңдаған кезде: а) шығарылатын өнім сипаттамаларының, ә) шығарылатын өнім арналған нарық сегменттерінің, б) кәсіпорынның екеуі де қызмет ететін тіршілік ету циклы фазаларының өзара өлшемділігі (соизмеримость) ескеретінімен қамтамасыз етіледі.

     Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігіне үш топқа бөлінетін факторлардың жиынтығы ықпал етеді: техникалық-экономикалық, коммерциялық және нормативтік-құқықтық.

     Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін қолданыла алатын маңызды синтездейтін көрсеткіштердің бірі – бұл өндірістің пайдалылық (рентабельділік) көрсеткіші.

     Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігін басқару –  шығарылатын бұйымдарды жүйелі түрде  жетілдіруге, сатып өткізудің жаңа каналдарын, сатып алушылардың жаңа топтарын әрдайым іздестіруге, қызмет көрсетуді (сервисное обслуживание), жарнаманы жақсартуға және т.с.с. бағытталған шаралардың жиынтығын жасап шығару мен жүзеге асыруға негізделеді.

     Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі шағырылатан  өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне  толығымен тәуелді болады.

     Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бұл тауардың (қызметтің) бәсеке-тауардан нақты қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынша, сонымен қатар, оны қанағаттандыруға кететін шығындары бойынша ерекшелігін бейнелейтін сипаттамасы. Бұл анықтама тауардың (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігінің басты құрамдастары – бұл оның тұтынушылық қасиеттері мен бағасы екендігін дәлелдейді. Дегенмен, тауардың (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігі туралы айтқанда фирманың имиджі (бейнесі), қызмет көрсету деңгейі, жарнамалық қызметі және т.б. (тауарлық емес) факторларды ескермеуге болмайды.

     Тауардың (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігін басқару  шығарылатын өнімнің сапасын  жоғарылатуға, өндіріс пен айналыстың шығындарын төмендетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған  шаралар кешенін жасап шығару мен жүзеге асыруға негізделеді.

     Бәсеке  заңының әсері нарықтық жағдайларда  жұмыс істейтін барлық кәсіпорындарды өздерінің мұқтаждықтарын сатып  алушылардың мұқтаждықтарына бағындыруға, шығарылатын бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жөнінде әрдайым жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

     Шығарылатын өнімнің және бүкіл кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне оның баға саясаты үлкен ықпалын тигіздіреді. Ол – алдынала жоспарланып қойылған пайда сомаларының алынуын және кәсіпорынның алдында тұрған басқа  да мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету үшін қажетті бағаларды орнату және нарықтық ахуалдың өзгерісіне байланысты орнатылған бағалардың соншалықты реттелуіне негізделеді. Кәсіпорынның баға саясаты сәйкес баға стратегиясында көрініс табады. Бұндай стратегиялардың саны көп – жоғары бағалар стратегиясы («қаймақты алу»), төмен бағалар стратегиясы («ену» стратегиясы), дифференциалдық бағалар стратегиясы, жеңілдік бағалар стратегиясы, икемді бағалар стратегиясы, тұрақты бағалар стратегиясы, дөңгелектенбелген бағалар стратегиясы, көпшілік сатып алу бағаларының стратегиясы, бағаларды тауардың сапасымен ұйқастыру стратегиясы және т.б. Нақты баға стратегиясын таңдау кәсіпорын жұмыс істейтін нарықтың түріне, ондағы ахуалға және кәсіпорын өз қызметінде қоятын мақсаттарына тәуелді болады.

     Таңдалған баға стратегиясына сәйкес бағалардың нақты мәндерін негіздеген кезде  кәсіпорынға баға жасау мәселелерін  шешуге тура келеді. Бұндай мәселелерді  шешудегі қолданылатын іс-әрекеттердің үлгілі тізбектілігі келесідей сатыларды  құрайды: кәсіпорын шығаратын тауарларға сұранысты анықтау, өндіріс шығындарын бағалау, бәсекелестердің бағаларын талдау, баға жасаудың әдісін таңдау, тауарға соңғы бағаны орнату.

     Бағаны  негіздеген кезде баға жасаудың келесідей  әдістері қолданылуы мүмкін: «орташа шығындар + пайда» әдісі бойынша бағаны есептеу, залалсыздықты (безубыточность) талдау және мақсаттық пайданы қамтамасыз ету негізінде бағаны есептеу, шығарылатын тауардың ерекшелігі (уникалдылығы) негізінде бағаны орнаты, бәсекелестер бағаларының деңгейінде бағаны орнаты және т.б.

     Әрбір кәсіпорында қызмет ететін экономикалық механизмнің жоғарыда қарастырылған  құрамдастарынан басқа жұмыс  берушісі мен жалдамалы жұмыскер арасындағы еңбек қарым-қатынастарын реттеу құралдарына ерекше көңіл  бөлуге болады. Бұндай құралдардың негізгі мәселесі кәсіпорын жұмыскерлерін тиімді еңбек қызметіне ынталандыруға негізделеді. Бұндай құралдардың жақсы істеуіне кәсіпорын қызметінің сәттілігі тәуелді болады. Еңбек ұжымы мүшелерінің ынталандырылу мәселелері берілген пәннің сәйкес тақырыбын зерделеген кезде қарастырылады. 

Информация о работе Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары