Политическая система в Иране

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Оглавление

КІPІCПE .........................................................................

1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................

Файлы: 1 файл

iran diplom.docx

— 189.62 Кб (Скачать)

2013 жылдың 24 қарашада Женевада Иран мен әлемдік алты держава Иранның ядролық бағдарламасына қатысты уақытша келісім жасасқан еді. Келісім бойынша Иран уранды бес пайызға байытуды алты айға тоқтатып, Арак қаласындағы ядролық реакторын жұмысын доғаратын болған. Есесіне батыс елдері Иранға салынған санкциялардың біразын азайтуға келіскен. Бірақ келісім Иранды қауіпті деп санайтын Парсы шығанағы елдерінің көпшілігінің алаңдаушылығын тудырған.

Парсы шығанағы елдері мен Израиль жаңа келісім Иранға ядролық қару жасау жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді деп санайды.

Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты көптен бері келісе алмай жүрген елдер 24 қарашада мәміле жасасты.

Бұл туралы Еуропа Одағының сырты саясат бойынша комиссары Кэтрин Эштон мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф хабарлады. Иран өкілі Аббас Аракчи Иранның уран байыту құқығы ресми түрде мойындалғанын мәлімдеген.

Келіссөзде Иран жағы бес пайыздан көп уран байытуды уақытша тоқтатып, Батыстың ол елге қарсы санкциясы "босаңситын" болып келісілді.  

Иранның ядролық бағдарламасының басшысы Ферейдун Аббаси-Давани биыл тамызда Иранның уран байытатын центрифугаларының саны 18 мыңға жеткенін хабарлаған еді.

Аббаси-Давани Иранның уран байытатын 17 мың "алғашқы буын" центрифугалары (IR-1) бар екенін, оның 10 мыңы жұмыс істеп тұрғанын, 7 мыңы іске қосуға дайын екенін мәлімдеген.

Аббаси-Давани бұлардан бөлек, 1 мың жаңа центрифуганың уран байытуға кірісуге дайын тұрғанын айтқан. Иран таратқан мәліметтер бойынша, жаңадан жасалған 1 мың центрифуга алдыңғы буын құрылғыларына (IR-1) қарағанда уранды бірнеше есе тез байытады.

2013 жылы қыркүйекте  Иранның жаңа сайланған президенті  Хассан Роухани ел үкіметінің  ядролық қаруға ие болуға ұмтылмайтынын  және бұл даулы мәселеге қатысты  Батыс мемлекеттерімен келіссөздер  жүргізуге толық өкілеті барын  мәлімдеген. Бұл туралы Роухани  америкалық NBC телеарнасына берген  сұхбатында айтты. 

Роуханидің бұл сөзінен кейін Иран парламентінің депутаты Хоссейн Накави Хоссейни "Тегеран уранды 20 пайызға дейін байытуды тоқтатқанын" хабарлаған.

Иран парламентінің веб-сайтында жарияланған хабарламада парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті басшысының орынбасары Хоссейни Иран Тегерандағы эксперименталды ядролық реакторға қажетті байытылған уран өндіріп алғанын айтып, "енді қосымша байытылған уранға қажеттілік жоғын" білдірген.

Тегераны тәжірибе ядролық медициналық изотоптар өндіруге арналғанын айтады. Бірақ АҚШ пен өзге де Батыс елдері "Иранның уран байыту бағдарламасы ядролық қару жасауды көздейді" деп санайды. 

Бұл келіссөздерге Иранмен бірге "алтылық тобы" аталған - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысып келеді.

Биыл қарашада Франция президенті Франсуа Олланд Иранның уран байыту бағдарламасына қатысты мәселелерді шешу үшін төрт талап қойған. Оландтың айтуынша, Тегеран әуелі Ирандағы барлық ядролық нысандарын халықаралық қауымдастықтың бақылауына рұқсат беруі тиіс. Екіншіден, Иран уранды 20 пайызға байыту жұмысын тоқтатуы қажет. Бұдан соң Иран қолда бар 20 пайызға байытылған уран қорын азайтуы тиіс. Олландтың төртінші талабы - Тегеран Аракта салынып жатқан ядролық реактор құрылысын тоқтатуы болған.

Женевада өткен келіссөздердің алғашқы кезеңі нәтижесіз аяқталған еді. Бұдан бұрын АҚШ сенатындағы көпшілік орынға ие демократтар жетекшісі Гарри Рид желтоқсанның басында Иранға қарсы санкцияларды қатаңдататын заң жобасын ұсынатынын айтқан [29].

Иран МАГАТЭ-нің жеті шартын орындамақ. Иран халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ядролық ынтымақтастық бойынша алғашқы, практикалық жеті шараны жүзеге асыруға келісті. Бұл туралы Иран мен МАГАТЭ-нің 9 ақпанда бірлесе жасаған мәлімдемесінде айтылады. 

Келісім бойынша, Иран МАГАТЭ өкілдеріне Йезд провинциясындағы Саганд уран кенішіне, Ардакан уран байыту зауытына және Лашкарабадтағы лазерлік орталығына баруына рұқсат бермек. 

Иран мен МАГАТЭ өкілдерінің келіссөздері 8 ақпанда, Тегеран мен әлемдік державалар өкілдерінің кездесуіне 10 күн қалғанда басталған.

Иран ядролық бағдарламасы бойынша уақытша келісім қаңтардан бастап күшіне енді.

АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі "Иран мен әлемдік державалар келесі айда барлық мәселелерді қамтитын ядролық келісімді құрастыруға кіріседі" деп мәлімдеді. 

АҚШ өкілі бұл жаңалықты Венада 8-9 сәуірде өтетін кезекті келіссөздер қарсаңында хабарлап отыр. 2013 жылы қараша айында Иран мен алты держава Женевада уақытша мәмілеге қол қойған еді.

Тегеран ядролық бағдарламасының кейбір бөліктерін алты айға тоқтата тұруға келіскен. Оның өтеуі ретінде кейбір санкцияларды алып тастауды талап еткен.

АҚШ шенеунігі Ресей мен Иран арасындағы "мұнайды тауарға айырбастау" туралы келіссөздердің біткен-бітпегенінен хабарсыз екенін айтты.

Reuters агенттігі 2 сәуір  күні Ресей мен Иранның бұл  тарапта мәмілеге келгенін хабарлаған  еді. Бұл келісім Тегеранға санкцияларды  бұзып, мұнай экспорттауға мүмкіндік  береді.

Иран алты елмен ядролық келіссөз өткізіп жатыр. Иран мен алты держава өкілдері Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты Венада кезекті келіссөз өткізіп жатыр. 

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф "Келіссөзге қатысушылар мамырдың ортасына қарай түпкілікті мәмілеге келуді жоспарлап отыр. Венадағы кездесуде осы бағытта біраз жетістікке жетуге болады" деген үмітін білдірді. Келіссөздер бүгін аяқталуы тиіс.  

Иран мен алты держава - АҚШ, Франция, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Германия өткен жылдың қараша айында алты айға уақытша келісім жасасқан еді. Ол бойынша, Тегеран уран байытуды уақытша тоқтата тұруға, ал Батыс елдері Иранға салынған санкцияларын жұмсартуға уағдаласқан.

Ресей Иран мұнайы жайлы АҚШ-тың ұсынысынан бас тартты.

Ресей АҚШ-тың Иранмен мұнайды тауарға айырбастау туралы келісім жасаспау жөніндегі ұсынысын қабылдамай тастады. 

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың айтуынша, Ресей мен Иранның сауда қарым-қатынасы "табиғи процесс және ол ешкімге саяси және экономикалық қауіп-қатер төндірмейді".  

"Коммерсант" басылымының хабарлауына қарағанда, Ресей Ираннан күніне 500 мың баррель  мұнай сатып алуды көздеп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, егер келісім іске асса, Иранның мұнай экспортының көлемі Тегеран мен "алтылық елдерінің" өткен жылы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасасқан уақытша келісімінде белгіленген мөлшерден асып кетуі мүмкін.

2014 жылдың 7 сәуірінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри егер Мәскеу мен Тегеран мұнай саудасы туралы келіссөздер жүргізуді жалғастыра берсе, Вашингтон санкциялар салуы мүмкін екенін ескерткен.

Иран келіссөзі 13 мамырда Венада жалғасады. Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен "алтылық елдерінің" мамыр айының ортасында өтетін кезекті келіссөздері "келесі сатыға ауысатынын" мәлімдеді.

Венада 8-9 сәуірде өткен Иран мен "алтылық елдері" келіссөздерінің қорытындысына орай сөйлеген Эштон "ұзақ мерзімді келісім жасасу барысында туындап жатқан кейбір екіжақты қайшылықтардың алдын-алу үшін қарқынды жұмыс жасалу қажетін" айтқан.

Иран мен алты ел - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия арасындағы келіссөздер енді мамырдың 13-інде қайтадан Венада өтетін болды.

Батыстық дипломатқа сілтеме жаскған Reuters агенттігі екі тарап арасында "әлі де біраз келіспеушілік барын" хабарлады.

Иран мен алты ел былтыр қараша айында алты ай мерзімге уақытша келісім жасасқан. Ол бойынша Иран уран байытуды бәсеңдетіп, батыс елдері санкцияларды жұмсартқан. Уақытша келісім мерзімі 30 шілдеде аяқталады [30].

Иран келіссөздері мамырда Нью-Йоркте жалғасады. Иран ядролық бағдарламасына қатысты алты ел сарапшылары келіссөздерінің келесі кезеңі мамыр айында Нью-Йоркте өтетін болды. Иранның ресми ИРНА агенттігінің хабарлауынша, ядролық келіссөздердегі делегация басшысы Аббас Аракчи келіссөздер БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін Ядролық қаруды таратпау келісіміне қатысты жиынының аясында жүргізілетінін айтқан. 

Сәуір айының басында Иран мен әлемдік алты держава - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытай өкілдері Венада Иранның ядролық бағдарламасын реттеу жөнінде ұзақ мерзімді келісім жасау бойынша кеңес өткізген.

Былтыр қарашада Иран мен алты ел алты айға уақытша келісім жасасқан. Ол бойынша Иран ядролық бағдарламасының кейбір тұстарынан бас тартып, есесіне халықаралық қауымдастық бұл елге салған санкцияларын жұмсартатын болған. Келісім биыл қаңтарда күшіне енген.

Халықаралық қауымдастық Иранды құрпия түрде ядролық қару жасамақ деп күдіктенеді. Тегеран күдікті жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы "бейбіт мақсат" көздейтінін айтады [31].

 

 

3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?

 

 

Иран Батыс инвесторларын шақыра бастады. Иранның Батысқа деген жаңа көзқарасы дипломатиялық байланысты жақсартуды ғана көздемейтін сияқты. Тегеран АҚШ және Еуропа елдерімен тығыз экономикалық қатынастар орнатқысы келеді.

Иран саясатында жаңа дәуір басталатын тәрізді. Көп жылдардан кейін бұл мемлекет Батыспен қарым-қатынасын жақсартуға кірісті. 

Тегеран өзіне қарсы жарияланған экономикалық санкциялардың жойылғанын қалайды. Егер Иран экономикасын титықтатқан санкциялар алынып тасталса, бұл елдің одан үлкен пайда табатыны күмәнсіз. Тегеран мол мұнай мен газ қорына Батыс инвесторларын шақыруға әзір. 

Батысқа бүйрегі бұратын мұнай министрі Бижан Зангане Иранның жаңа саясаты энергетика саласын да қамтитынын білдірді. Соңғы аптада ол Иранға келіп мұнай мен газ өндіру тиімді екенін насихаттап, шетелдік инвесторларды өндіріске тарту мәселесі қайта қаралатынын айтты. Оның сөз ләміне қарағанда, Ирандағы ірі мұнай кеніші Оңтүстік Парс та шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін. 

Иран мұнай министрлігіне қарасты Shana ақпарат агенттігі қазанның 1-і күні Занганенің «Иранның әлемдік мұнай нарығындағы үлесін қалпына келтіру үшін аянбаймыз. Шетелдік энергетика компанияларымен келісімге отырдық, олар Иранға оралуға даяр» деген мәлімдемесін таратты.

Иран Батыс елдерін мұнайымен қызықтыра отырып, бұл саланың есігін инвесторларға ашып беріп, қатаң экономикалық санкциялардан құтылуды жоспарлап отырғанға ұқсайды. Иран мұнай қоры әлемде үшінші орын, ал табиғи газ қоры екінші орын алады. Бірақ АҚШ пен Еуропа Одағы (ЕО) салған экономикалық санкциялар мұнайды халықаралық нарықта сатуға мүмкіндік бермей отыр.  

Бұл санкциялардың кесірінен Батыс компаниялары Иранға инвестиция салудан қашқақтап отыр. Осылайша, Ирандағы мұнай өндіру ісі соңғы 20 жылда құлдырап кетті. Санкцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда мұнайды экспорттау екі есе төмендеп, Тегеран жыл сайын миллиардтаған доллардан қағылып келеді.

Лондондағы Betamatrix кеңес беру орталығының экономисі Мехрдад Эмадидің туған жері - Иран. Оның айтуынша, мұнай экспортының азаюы мен экономиканың әлсіреуі Тегеранды ойлантып отыр.

- Ирандықтар мұнай өндірісінің  экономикаға тиімді болмағанын  мойындады. Иранға жеке сектордың  қажет екені, шетелдік компаниялардың  инвестициясына жол ашу керектігі анықталды, - дейді ол.   Бірақ Батыс санкцияларын алып тастай салмайды. Олар «Иран уран байытуды тоқтатса, біз де санкцияларды қысқартамыз» дейді [34].

Батыс елдері Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеранмен мәмілеге келе алмай, қарсы шара ретінде осы экономикалық санкцияларды енгізген. Батыс саясаткерлері "Иран Ислам Республикасы ядролық қару жасап жатыр" деп ойлайды. Ал Иран "ядролық бағдарламаны тек бейбіт мақсатқа қолданамыз" дейді.

Қазанның 17-сі күні Женевада Иран ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөздер болып, АҚШ пен ЕО Тегеран ұсыныстарын "маңызды және мазмұнды" деп бағалады. Алайда Батыс әлі де Ираннан ядролық қару жасап жатпағанын дәлделдеуді талап етеді. Әзірге тараптар (Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия - ред.) нақты бір келісімге келе алмады.

Батыстың ірі мұнай компаниялары Иранға қарсы санкциялар алынып тасталса,  ынтымақтаса жұмыс істеуге бейім тұр. Royal Dutch Shell мұнай-газ компаниясының атқарушы директоры Питер Возер Лондонда қазанның 1-і күні өткен баспасөз мәслихатында "Иранның энергетикалық секторы әлем елдерінің сұранысын қанағаттандыру үшін маңызды рөл атқаратынын" айтты. Ол "Болашақта Иранның мұнайы мен газы әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріледі" деді. 

Сол баспасөз мәслихатында Франция Total компаниясының атқарушы директоры Кристоф де Маржери «Иран санкциясы жеңілдетілсе, ал Тегеран ұсынған энергетикалық келісім-шарт тиімді болса, Иранға оралуға дайынбыз» деп мәлімдеді.

Зангане Иранға қайта оралу жайлы бірнеше шетелдік энергетика компанияларымен бейресми келіссөз өткізгенін хабарлады. Ол өткен айда президент Хассан Роуханимен бірге БҰҰ Бас ассамблеясы жиынына (Нью-Йоркке) бармақ болған. Сол жерде ол АҚШ және Еуропаның мұнай компаниялары басшыларымен келіссөздер  жүргізбек болған. Бірақ соңғы сәтте оның бұл жоспары аяқ асты өзгеріп қалды.  

Консерваторлар бөгет жасауы мүмкін. Лондондағы Betamatrix кеңес беру орталығының экономисі "түптің түбінде ірі энергетикалық компаниялар Иранға оралады" деп үміттенеді [33].

Информация о работе Политическая система в Иране