Политическая система в Иране

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Оглавление

КІPІCПE .........................................................................

1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................

Файлы: 1 файл

iran diplom.docx

— 189.62 Кб (Скачать)

Американың аймақтағы сыртқы саясатының біржақтылығы, яғни өзінің Израильдің және араб одақтастарының жағында екенін нақты көрсетуі тұрақтылық үшін пайда әкелмейтінін бәріміз жақсы түсінеміз. Иранмен қақтығыстың өрши түсуі, тіпті соғыс әрекеттеріне дейін бару ықтималдылығы арта береді. Мұны тараптар арасында төреші болу, тұрақтылық пен қауіпсіздік кепілі болу, тіпті балама ядролық қалқан ұсыну сияқты тарихи мүмкіндікке ие болып отырған Бейжіңдегілер де анық түсінеді. Қытай дипломатиясы аймақтағы барлық елдермен құрылымдық негізде ынтымақтаса алады, өйткені ол экономикалық пайда табу тұрғысынан әрекет етеді. Мұны ойыншылардың бәрі сезінгенде Қытайдың ірі сауда-экономикалық әріптес болғандағы саяси ықпалы одан бетер күшейе түседі. Сол кезде «неге Бейжің Таяу және Орта Шығыста Вашингтонның орнына «жандарм» бола алмайды?» деген сұрақ туындайды.

№3-ші фактор. Иранның қуат ресурстарының экспорты қайда бет бұрады? Ирандағы мұнай мен газдың үлкен қоры американдық және қытайлық стратегтерге тыныштық бермей отыр. АҚШ пен Қытайдың геосаяси қуаты Иранның қуат ресурстарын кімге сататынына, оның қандай энергетикалық жобаларға қатысатынына байланысты болады.

Егер Ираннан шығатын мұнай және газ құбырлар Түркия арқылы негізінен Батысқа қарай салынса, АҚШ маңызды мәселені шешіп алады: одақтас Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі қолайлы болып қалады. Ресей ЕО елдеріне қуат ресурстарын жеткізуші монополист мәртебесінен айырылады. Ресей үшін мұның салдары қалай болатынын болжауға болады, экспорттан алынбаған табыс, нәтижесінде елді модернизациялау бойынша экономикалық бағдарламалары жүзеге аспай, сыртқы саяси ықпалы азаяды, және т.с.с. 
         Қытай бұл жағдайда қазіргідей әлемді шарлап, тұрақсыз елдерге, қақтығыс бар аймақтарға кіріп, капиталын қауіпке тігіп, мұнай мен газ іздейді, өйткені бәсекелестік күшті болғандықтан, ҚХР үшін басқа нарықтарда импорт көлемін өсіру қиынға соғып отыр. Сонымен қатар, Қытай кен орындарын игеріп, көмірсутек импорттап отырған Ангола немесе Нигерия сияқты елдердегі тұрақсыздықты қолдаса, Вашингтон Бейжіңнің амбициясын қажет шекте ұстап тұра алады. Бұл тұрғыда Орталық Азияны тұрақсыздандырса, ол керемет буферлік аймақ болатын еді. Ол Қытайға Таяу және Орта Шығысқа жолды жауып тұр. Ал бұл аймақтардағы теңіз коммуникациялары әзірге американдық әскери-теңіз флотының қолында.

Мұнай мен газ экспортының шығыс бағыты Иран үшін басымдықты болса, Қытай мен Үндістанның ирандық қуат ресурстарын негізгі тұтынушылар ретіндегі, Ресей мен Иранның Орта Азияны тұрақтандыру бағытындағы тырысулары нәтиже беруі мүмкін. Аймақтағы бейбітшілік осы елдерге ғана шынымен қажет болады. Алайда АҚШ Ауғанстан мен Пәкістанның істеріне араласып отырған жағдайда бұл болжам сағым сияқты. Американдықтардың Ауғанстан мен Пәкістанда болуын Вашингтон мен Бейжіңнің Орта Шығыстағы ықпал үшін қарсы тұруы тұрғысынан қарағанда бір мән бар. Бірақ басқа факторларды да назардан тыс қалдырмау керек.

 АҚШ, ЕО тарапынан Иранға  қарсы біржақты енгізілген, ирандықтарға  отын жеткізілімдеріне тыйым  салуды қарастыратын қосымша  экономикалық санкциялар қажет  нәтиже бермейтінін, керісінше Теһранды  Бейжіңмен одан бетер жақындастыра  түсетінін кез-келген сарапшы  қуаттайды, Қытай болса, ирандық  мұнай-химияның негізін қалауға  көмектесуге дайын тұр. Ал бұл дегеніміз Қытай мен Иран арасындағы одақтық қатынастарға жақындастыратын тағы бір қадам. Ресей үшін бұл елге бензин жеткізілімдерінің көлемін арттыру бойынша жаңа мүкіндіктер ашылады, бұл қазірдің өзінде болып жатыр. Шығынды батыс компаниялары ғана көріп отыр.

Ирак жасақтары көршілес Сирия жеріне өтіп, соғысып жатқан екі тарапқа да қол ұшын беріп жатыр. Екі ел арасындағы шекара күзеті күшейтілмесе, соғыс Ирак аумағына жайылып кете ме деген қауіп бар. Сириядағы ұрысқа қатысу үшін қанша Ирак азаматының шекараны кесіп өткенін ешкім нақты айта алмайды. Бірақ күн сайын елге мәйіттер қайтарылып жатыр. Бұған қарап ирактықтардың арғы бетке топ-тобымен өткенін аңғаруға болады.  
         Жақында Басра қаласында Зия Муташардың жерлеу рәсімі өтті. 26 жастағы тас қалаушы мамырдың 2-сі күні Сирия үкіметінің жағында соғысып жүріп, Дамаск қаласында оққа ұшқан. 
Зия Муташардың Сирия жеріне қалай өткені белгісіз. Есесіне оның «қасиетті соғыста құрбан болғанын» жарыса айтып жатқан адам көп. Оның «ерлігін» мақтан тұтатындар да аз емес.Зияның ағасы Мустафа Муташардың айтуынша, інісі «Сириядағы шииттердің бейіттерін бүлінуден сақтау жолында жан тапсырған». - Кетерінде ол Саида Зейнабтың бейітін қорғау жолында шейіт болу үшін аттанып бара жатқанын айтты. Бауырымыздың шейіт болғанын естігенде бойымызды мақтаныш сезімі кернеді. Жерлеу рәсіміне өте көп адам келді, - дейді Мустафа Муташар.Зия Муташардың Сирия жағына қалай өткенін ешкім айтпағанымен, оның жаназасына шииттердің радикал жетекшісі Муқтада әс-Садырдың қатысуы біраз жайттан хабар беріп тұр.Әс-Садырдың «Әл-Маһди армиясы» Сирияға жасақ жіберіп жатқан Ирактағы қарулы топтардың бірі ретінде аталады. Бұған қоса ирактағы «Хезболла бригадасы» мен «Асаиб әлул-Хақ» топтары да Сирияға сарбаз жөнелтіп отыр деген ақпарат бар. 
          Ирактағы сүнниттердің ордасы саналатын Әл-Анбар провинциясында да Сириядағы соғыста құрбан болғандарды жерлеу рәсімдері жиі өтеді. Жақында ғана Сирияда сүнниттер жағында соғысып қаза тапқан төрт жігіттің жаназасы шығарылды. 
         Шейх Мухаммед әл-Хайыс - «Ирактың ұлдары» атты ұйымның ресми өкілі. 2007 жылы «Әл-Қаида» Иракта екі діни ағым арасында соғыс өртін тұтатуға күш салғанда дәл осы қозғалыс сүнниттер тұратын аймақтан «Әл-Қаиданы» ығыстырып, тәртіп орнатқан. Әл-Хайыстың айтуынша, «Әл-Қаида» тәрізді сүнниттердің Ирактағы радикал топтары Сириядағы «Әл-Нусра майданы» сияқты жақтастарына жәрдемдесу үшін әскер жіберіп отыр. Ал қаза тапқан сарбаздардың денелері мұздатылған азық-түлік тауарларының арасына жасырылып, заңсыз жолмен туыстарына қайтарылады. Мәйіттер у-шусыз, тыныш жерленеді. Өйткені шииттердың ықпалында болса да, Ирак үкіметі қазір Сириядағы биліктің ауысуын қаламай тұр. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, Ирактың Әл-Анбар, Мосул және басқа да аймақтарынан арғы бетке (Сирияға) жасақтар өтіп, соғысқа араласқан. Ол жаққа кісі өлтіруге, адамның басын шабуға дағдыланған әккі қылмыскерлер мен қанішерлер барып жатыр, - дейді «Ирактың ұлдары» атты ұйымның ресми өкілі Әл-Хайыс.

Ирак азаматтарының Сириядағы соғысқа ерікті түрде араласып, екі жаққа да көмектесіп соғысуы Ирактағы секталар арасындағы араздықты қоздырып жібере ме деген қауіп бар.

Бағдаттағы саяси сарапшы Ибраһим әл-Сумайдаидің айтуынша, «бұған шииттер мен сүнниттер арасындағы араздық түрткі болып отыр». Оның сөзіне қарағанда, Ирак үкіметі жасақтардың шекарадан өтуіне тосқауыл қоймаса, екі топ арасындағы майдан Ирак жерінде жалғасуы мүмкін.

- Мұнда ислам дінінің  екі ағымы – сүнниттер (Парсы  шығанағы және Түркия) мен шииттер (Иран) арасында бәсеке жүріп жатыр. Бұл жағдай Ирак қоғамына да жік салуы мүмкін. Ондағы соғысқа араласып жатқан ирак сүнниттері мен шииттері ел ішінде соғыса бастауы мүмкін. Үкімет бұның алдын алып жатқан жоқ, - дейді сарапшы. 
Иракта секталар арасындағы кикілжің басталғанда үкімет тараптарды бітімге келтіріп, қарулы топтарды саяси партияларға айналдырған болатын.

Бірақ жасақтарды қарусыздандыру ісі әлі жүзеге аса қойған жоқ. Қарулы топтардың Сирияда кеткен өшін қайтару үшін атысты Ирак жерінде бастап кетпеуіне ешкім кепіл бола алмайды.

Иракта шииттер мен сүнниттерге қарсы бомба жару, қастандық жасау сияқты оқиғалар соңғы айларда жиілеп кетті. Сәуір айында үкімет әскері елдің солтүстігінде бүлік шығарып жатқан сүнниттердің ауылдарына рейд жүргізгелі де жарылыстар көбейді [17].

Таяу Шығыста толқып жатқан елдердің ішіндегі жаппай қырып-жою қаруы бар жалғыз ел ретінде Сирия ерекше назарға ілініп тұр. Сирияның солтүстігіндегі Аллепо қаласының маңында болып жатқан үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыс кезінде екі жақ бір-бірін "химиялық қару қолданды" деп айыптады. Соңғы мәрте мұндай мәлімдемелер наурыздың 19-ы күні тарады. Бұл ақпаратты әлі ешбір бейтарап дерек көзі растаған жоқ. 

Сирия - азамат соғысы тұтанған жаппай қырып-жою қаруы бар алғашқы ел. АҚШ пен Ұлыбритания Дамаскіні химиялық қаруды қолданбауға шақырды. Төменде Сирияның жаппай қырып-жою қаруы (ЖҚҚ) туралы бес түрлі маңызды мәлімет берілген.

Сирияда ЖҚҚ-ның қандай түрлері бар? Батыстың қару-жарақ мамандары химиялық қарудың әлемдегі ең үлкен арсеналы Сирияда деп санайды.

Дамаск 1980 жылдары СССР-дің көмегімен ЖҚҚ жобаларын қолға алғалы  адамның терісін күйдіріп түсіретін иприт және нерв талшықтарын улайтын зарин сияқты сұйық улар мен газдың жүздеген тоннасын жинаған. Сирияда жарылған жерінде уы бірнеше апта сақталатын Ви-газ (VX) бомбасы болуы да мүмкін.

Қарулар қоймада сақталғанымен соғыс кезінде артиллерия снарядтарымен, әуе бомбаларымен және қанатты зымыранмен бірге атуға дайын тұр.

Сирияда биологиялық қарудың бар-жоғын ешкім білмейді. Вашингтондағы ЖҚҚ түрлерін таратпау жолдарын зерттеумен айналысатын Монтери институтының директоры Леонард Спектор: «Біз Сирияда химиялық бомбалар барын білеміз. Олардың ішінде жақсы жетілдірілген бомбалар да бар. Бірақ биологиялық қарудың бар-жоғы анық емес. АҚШ үкіметінің соңғы берген мәліметі бойынша Сирия бұл салада біраз зерттеулер жүргізген. Бірақ олар бомбамен, не болмаса тағы басқа құралдармен алысқа атылатын биологиялық қарулар жасай алмаған сияқты» дейді.

Израиль 2007 жылы Сирияның күмәнді деген реакторларын бомбалап қиратқалы Дамаск ядролық қару саласын дамыта алмаған. 

Сирия көтерілісті басу үшін ЖҚҚ қолдануы мүмкін бе? Елді шошытатын ең бірінші сценарий де осы. Ондай оқиға дәл қасындағы Иракта бұрын болған. Саддам Хусейн 1988 жылы күрдтер көтерілгенде Халабджа қаласына бірнеше химиялық қарулар мен жүйке жүйесін жаралайтын газ қарулар қолданып, толқуды бірден жаншып тастаған. Осы соғыста 3000-5000 арасында адам өлген.

Асад режимі "шектен шыққан агрессияны тоқтату үшін" ЖҚҚ қолданатынын, бірақ Сирияның бейбіт халқына қарсы қолданбайтынын мәлімдеген. Лондондағы халықаралық стратегиялық ғылыми зерттеу институтының маманы Дина Есфандияридің айтуынша, Дамаск өз халқына химиялық қару қолданудың осы аптада Барак Обама ескерткендей АҚШ үшін ғана емес, Сирия үкіметінің өз жақтастары үшін де шектен шыққан әрекет боп саналатынын біліп отыр.

"Тіпті Сирияның Ресей сияқты  санаулы ғана одақтастары мен  достары да химиялық қаруды  қолданудың шектен шығу екенін  нықтап ескерткен. Асад АҚШ пен  Израильдің ескертулеріне құлақ  аспаған күннің өзінде Ресейдің  ескертпесінен аттап өте алмайды" деді ол.

Сириядағы ЖҚҚ-ның "Әл-Қаида" немесе "Хизбулланың" қолына түсуі мүмкін бе? Бұл адамның үрейін ұшыратын екінші долбар. 
"Әл-Қаида" сириялық оппозициямен бірге екенін жариялап, қазір Сирияда соғысып жүр. Осының өзі қауіп туғызады. Алда-жалда ЖҚҚ қоймалары көтерілісшілер қолына түссе, халықаралық террористік ұйымдар оларды иеленіп кетуі мүмкін. Леонард Спектордың айтуынша, ЖҚҚ қоймаларын Сирия үкіметі мен өз міндеттеріне адал берілген және өте қауіпті қаруларды қолдануды үйренген ең мықты әскери жасақ күзетіп тұр. Бірақ олар қоршауда қалатын болса, қойманы жауларына бермей қорғап тұра алатынына сенім жоқ. Осыған байланысты Батыс Сирия Азаттық армиясынан қоршауда қалған жердегі қоймалардың тоналмауына және "Әл-Қаида" мүшелерінің қолына түспеуіне кепілдік беретін келіссөз жүргізуді  талап етіп жатыр.

"Сирия Азаттық Армиясында  осы міндетті атқарып шығуға  қабілетті командалық құрылым  бар ма?" деген сұрақ жауапсыз  қалып тұр. Сирияда соғысып жүрген  тағы бір бөтен топ Ливаннан  келген "Хезболла" шииттері. "Хезболланың" қарулы топтары Дамаскінің ондаған  жылдар бойы олардың Израильге  қарсы соғысуына көмектескені  үшін Асад режимін қолдап, көтерілісшілерге  қарсы соғысып жатыр. Егер Асад  режимі құлайтын болса, "Хезболла" ЖҚҚ-ын иемденіп алуға әрекет  етуі мүмкін. Израиль егер "Хезболла" Сириядағы химиялық қаруды қолға  түсіруге қандай да бір әрекет  ететін болса, әскер кіргізуге  дайын екенін ескерткен. 
Бірақ "Хезболла" жаппай қырып-жоятын қаруларды қолға түсіруге әрекет ете ме, жоқ па, ол жағы бегісіз. Сарапшы Дина Есфандияридің пайымдауынша, "Хезболла" саяси мүдде көздегендіктен ондай әрекетке бармай отыр.

"Біз "Хезболланың" дәл қазір  барынша (халықаралық) заң аясында  әрекет етуге тырысып жатқанын  естен шығармауымыз керек. Қазір  Ливан үкіметінде "Хезболланың" ойнап отырған саяси рөлі зор. "Хезболла" құрылғалы бері Израильді  соғыста қолдануға болмайтын  қару-жарақ түрлерін ұстап отыр  деп сынап, саяси ұпай жинап  келген. Солай дей тұра енді  өздері химиялық қаруларды қалайша  иеленеді? Меніңше мұндай әрекет  олардың заңдық мәртебесін желге  ұшырады" дейді ол.

Батыс ЖҚҚ қоймаларын бомбалауы мүмкін бе?  Қару-жарақ мамандары Сириядағы қару қоймаларының тұрған жерлері оларды кірпік қақпай қадағалап отырған АҚШ пен Израильдің барлау қызметіне әбден белгілі. Барлау қызметі Дамаскінің өткен айда бірнеше қару түрін қауіпсіз аймаққа көшіргенін жақсы біледі. Бірақ қару қоймаларын бомбалап тастау химиялық бомбалардың қаупін азайта алмайды.

Леонард Спектор:"Бұл жерде екі түрлі проблема бар. Біріншісі - сіз бәрін бірдей қолға түсіре алмайсыз. Екінші - бункерлер қирайды. Қазір бомбаларды қауіпсіз жағдайда сақтап тұрған қосымша құрылғылар күл-талқан болады. Сондықтан бомбалар жарылғанда улы газдар жан-жаққа тарамай тұрмайды" дейді.

ЖҚҚ қаупін дипломатиялық жолмен шешуге болмай ма? Елдің бәрі осы жолға үміт артып отыр. Бірақ дипломатиялық шешім Дамаскінің Батыс пен Араб әлемінің Сириядағы билікті бейбіт жолмен ауыстырайық деген талабын орындауға тәуелді. Былтыр АҚШ-тың қорғаныс министрі болған Леон Панетта Башар Асад алда-жалда биліктен кететін боп жатса, Сирияның қауіпсіздік күштерінің соңына дейін ЖҚҚ қоймаларын қорғап тұруы өте маңызды деген. Леон Панетта CNN-ге берген сұхбатында: «Қауіпсіздік күштері ол орындарды қорғау арқылы пайдалы қызмет атқарып отыр. Егер олар бірден биліктен теріс айналатын болса, химиялық қарулар "Хизбулла" сияқты теріс ниетті экстремистік топтардың қолына түсіп, арты апатқа соқтыруы мүмкін» деді.

Бірақ Батыстың Асадты өз еркімен биліктен кетуге қалай көндіретіні түсініксіз. БҰҰ-ның Сирияда бейбітшілік орнату үшін тағайындаған арнайы елшісі Кофи Аннанның отставкаға кетуі ондай үмітті үзді. Оның қызметінен кеткенше Сириядағы қантөгісті тоқтату үшін жасаған бес айлық еңбегі нәтижесіз болып шықты.

Иран мен Ирактағы химиялық шабуылдар жаңғырығы. Сирияда химиялық қару қолданылғаны туралы хабар Ирак пен Иранда осындай жағдайды бастан өткергендерге ерекше әсер етті. Азаттық тілшісі олардың пікірін білген еді.

Химиялық қарудан қаласының қалай жапа шеккені Хошманд Морадтың әлі күнге көз алдында. Кенеттен ауаға алманың исі тарап, қызғылт, ақ және сары бұлттар қала төбесіне үйірілді. Жол бойында адам мүрделері үйіліп жатты. Ирактың күрдтер тұратын бөлігі Халабджа қаласын Саддам Хусейннің әуе күштері атқылағанда 6 жаста ғана болған Морадтың есінде бұл оқиға мәңгі қалды.

Информация о работе Политическая система в Иране