Политическая система в Иране

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Оглавление

КІPІCПE .........................................................................

1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................

Файлы: 1 файл

iran diplom.docx

— 189.62 Кб (Скачать)

«Меніңше, осының бәрі Батыс пен Иранның арасында болып жатқан үлкен ойын сияқты көрінеді. Олар Ираннан «төнетін қатерді» айтып қорқытып, Иранның көршілеріне миллиардтаған доллардың қару-жарағын сатып жатыр. Иран болса күллі әлемге проблема жасап жатса да, онымен ешкімнің шаруасы да жоқ. Өкінішке орай, қарапайым ел-жұрт қана осының азабын тартып жатыр».

«Батыс елдері ядролық технологияға монополия орнатқысы келіп тұрған шақта оларға қарсы шығатын елдер табыла бермек. Сондықтан Иранның бұл монополияны мойындамауы дұрыс. Бірақ күндердің күнінде ядролық банк құрылатын болса және Батыс бұл саладағы монополиясынан белгілі бір шекке дейін бас тартатын болса, онда өзге елдерге де ядролық технологияны дамытуға қатысты шек қоюға болады».

«Иран басшыларының атом қаруын жасауына кедергі жасалуы тиіс. Олардың билік пен байлыққа деген құмарлық араласқан «руханияты» елді соғыс пен қирауға ұшыратып тынады» [23].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3         ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ  ЖӘНЕ БОЛЖАМ

 

3.1      Вашингтон  мен Тегеран ара-қатынасы

 

 

Роухани-Обама «одағын» қолдаушылар көбейді. Хассан Роуханидің БҰҰ-да «аяқ астынан АҚШ-пен ынтымақтаса қалуы» Иранда әлі қызу талқыланып жатыр. Консерваторлардың сынынан гөрі, қолдау білдіргендер үні қаттырақ шықты.

Иранда АҚШ-қа қарсы саясаттың даңғаза ұрандары 30 жыл бойы басылмай келеді. Бірақ жаңа сайланған президент Хассан Роухани мен АҚШ президенті Барак Обаманың телефон арқылы сөйлесуін көпшілік құптады. 

Обама мен Роухани қыркүйектің 27-сі күні телефон арқылы әңгімелесті. Иран тұрғындарының бұл оқиғаны әлі күнге қызу талқылап жатуының себебі  - 34 жыл бұрын Иран мен АҚШ арасындағы дипломатиялық байланыстар үзіліп, содан бері екі елдің билігі бір-бірімен хабарласқан емес.  

Обамамен телефон арқылы сөйлескен Роухани өткен аптада Иранға оралды. Оны консерваторлар жұмыртқа мен аяқ киім лақтырып қарсы алды. Бірақ президенттің АҚШ-пен байланыс орнатқан қадамын қолдаған топтың қарасы наразы топтан көбірек, үні басымырақ болды. Наразылар дауысы бәсеңдеп барып, қазір мүлде естілмей қалды.

Роуханиді АҚШ-пен арадағы «тоңды» бұзғаны үшін қолдап жатқандар - Иранның қарапайым азаматтары, қоғамның реформаны жақтайтын бөлігі. Тіпті консервативтік биліктің кейбір мүшлелері де оның бұл әрекетін құптайтынын білдірді.

Кейбір азаматтар «Роуханидің бұл қадамы екі ел арасындағы араздық тоңын жібітіп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық дауды шешуге әсер етеді» деп үміттенеді.

Иран қоғамының консервативтік мүшелеріне Роуханидің АҚШ-пен «татуласуы» ұнамады. Бірақ олардың арасында қатты қарсылық білдіргендер аз.

Сарапшылардың айтуынша, «консерваторлардың мұндай сабырлы күйіне Роуханидің әрекетін Иран мемлекетінің жоғарғы басшыларының қолдауы әсер еткен». Дегенмен президенттің бұл жолғы «дипломатиялық қателігін» оның қарсыластары саяси күрес кезінде әлі-ақ пайдаланады деген болжамдар бар. 

Қыркүйектің 30-ы күні Иранның революция сақшылары ұйымының басшысы Әли Джафари телефон-сұхбатты «тым асығыс қадам» деп сынады. Оның айтуынша, «Иран президенті АҚШ өз әрекеттерінің шынайылығын дәлелдейтін қадамдарға барғанша күте тұруы керек еді».

Соған қарамастан, Джафари Роуханидің дипломатиялық өрісті кеңейту әрекетіне қолдау білдіріп, Нью-Йоркке сапары кезінде «өзін-өзі қатаң, әрі лайықты ұстады» деп оған мақтау айтты.

Ирандағы Tasnim ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Джафари «Үкімет қызметінде телефон-сұхбатқа ұқсас басқа да стратегиялық қателіктер болуы мүмкін, бірақ, мұндай қателіктерді түзетуге болады» деді. 

Елдің рухани басшысы Аятолла Әли Хаменеидің қарауындағы Иранның әсіреконсервативтік Kayhan газеті де Роуханидің Обамамен телефон арқылы сөйлескенін сынады.  

Президенттің сынға ілінуі Ирандағы саясаттың күрделі екенін, әлемдік дерважалармен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді жаңадан бастауға ұмтылып жатқан Роухани мен оның командасы үшін кедергі көп болатынын білдіреді.

Бұрын парламент депутаты болған ирандық журналист Джавади Хесардың айтуынша, екі жақтан да сын пікірлер болғанымен, оларды қазіргі биліктің жаңа саясатының жарнамасы басып кетеді.  Қарсы пікір АҚШ-та да, Иранда да айтылады. Бірақ олардың үні анық естілмейді, себебі үкімет пен басшылықтың жаңаша қарым-қатынас орнатуды мақсат тұтқан әрекеттері басым түседі, - дейді ол.

Джавади Хесардың айтуынша, өткен айда ғана Иранның рухани жетекшісі  Аятолла Әли Хаменеи «ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерде тарихи икемділік таныту қажеттігін» айтқан. Консерваторлар бұл мәлімдемеге қарсы шыға алмайды.

- Хаменеи әлем  елдері мен Иран арасындағы  проблемаларды шешу қажеттігін  сезініп отыр, - дейді Хесар.

Алайда ирандық сарапшы Реза Алиджани Батысқа қатысты қатаң позиция ұстануды жақтайтын консерваторлардың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге кедергі жасауға тырысатынын айтады. 

- Әсіресе соңғы 8 жылда әскер мен қауіпсіздік  күштері саясатқа көп араласты. Қазір оларға кері шегіну қиын  тиеді. Хаменеидің «тарихи икемділікке»  шақырғанына қарамастан, консерваторлар  АҚШ-пен тікелей сұхбаттасуды  құптамайды. Сондықтан, Иранның Ислам  революциясын қорғау корпусының  кейбір командирлері мен Kayhan басылымы  Роуханидің жаңа бағытына сын  айтып отыр. Меніңше, бұл сындарды  Роуханиге ғана емес, Хаменеидің  өзіне әсер етуге жасалған  талпыныс деп санауға болады, - дейді сарапшы.

Rand корпорациясының  саяси зерттеушісі Әлиреза Надердің  пікіріне қарағанда, «Обамамен сөйлескен  соң президентке сын айтылуы  – қалыпты жағдай».

- Иран басшылығы  санкциялардан құтылып, экономиканы  дамыту үшін АҚШ-пен қандай  да бір диалог орнату қажет  деген консенсусқа келген сияқты. Дегенмен Иран билігіне соңғы 8 жылда жүргізіп келген саясатының  сәтсіз болғанын мойындау қиын  тиіп тұр. Қазір олар өздері  бұрын қарсы болып келген шараларды  қолға алып жатыр. Дәл қазір  олардың басқа амалы жоқ,-  дейді ол.

Иранның рухани көсемі Аятолла Хаменеи Роухани мен Обаманың телефонмен сөйлесуіне қатысты жария пікір білдірген жоқ.

Аятолланың сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаятидің Нью-Йорктен ұшып келген Иран президентін қарсы алуы рухани көсемнің бұл қадамды құптап отырғанын аңғартады. 

- Алайда Иран  басшылығы мұндай қадамдарды  үнемі құптай бермеуі мүмкін. Олар қазір Роуханидің бұл  қадамы санкцияларды алып тастауға  пайдасын тигізе ме деп күтіп  отыр. Егер өзгеріс болмаса, онда  Роуханидің саяси жағдайы нашарлайды, - дейді Надер.

Иранның революция сақшылары ұйымының басшысы Джафари қыркүйектің 30-ы күні «АҚШ Иранның адал ниетіне жауап қайтаруы керек. Соның ішінде Иранға қарсы жарияланған барлық санкцияларды алып тастап, АҚШ-тағы «тыйым салынған» Иран активтерін босатуы керек. Иранға деген өшпенділікті доғарып, Иранның ядролық бағдарламасын құптауы қажет» деп мәлімдеді.

Исфахан қаласында тұратын консервативтік діни басшы Мұхаммед Таги Рахбардың айтуынша, «әдетте мемлекеттік жиындар мен жұма намаздар кезінде айтылатын «Америка жойылсын!» деген ұрандар күндердің күнінде ұмыт болуы мүмкін. Оның айтуынша, бұл ұрандар – Құран аяттары емес, сондықтан олардың күні қысқа» [24].

АҚШ Ираннан нақты іс-әрекет күтеді. АҚШ-тың Таяу Шығыс елдерінде елшілік қызмет атқарған ең тәжірибелі дипломаттарының бірі Райан Крокер Азаттыққа Вашингтон мен Тегеранның қарым-қатынасы туралы сұхбат берді. Елші Райан Крокер - Таяу Шығыс елдерінде қызмет еткен америкалық ең тәжірибелі дипломаттардың бірі. АҚШ-тың Ливан, Кувейт, Сирия және Пәкістандағы елшісі қызметін атқарған ол 2007-2009 жылдары осы елдің Ирактағы, 2011-2012 жылдары Ауғанстандағы өкілі болды. Соңғы екі қызметті атқару барысында ол АҚШ пен Иран арасындағы байланысты жақсартуға ат салысты.  Осы аптада Иранның БҰҰ-дағы миссиясы Крокерді БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне шақырды. Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі маңызды мәселе талқыға түсіп жатқан тұста ол осы елдің жоғары лауазымды тұлғаларымен жеке кездесулер өткізді. Қазір Техастағы A&M университетінің Джордж Буш атындағы Үкімет және мемлекеттік қызмет мектебінің деканы қызметін атқаратын Райан Крокер Нью-Йорктегі кездесулерден соң Азаттық тілшісіне сұхбат берді.

Азаттық: - БҰҰ-да өткен апта Иран аптасы болды. АҚШ Президенті Барак Обама мен Иран президенті Хассан Роуханидің сөз сөйлеуі – Бас Ассамблеяның басты оқиғасына айналды. Одан кейін Иранмен бірлескен 5+1 кездесуі, оның артынан АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен оның ирандық әріптесі Мохаммед Джавад Зарифтің кездесуі өтті. Сіздіңше, ядролық мәселе бойынша жалпы жағдай қандай?

Райан Крокер: - Бұл – ирандықтармен қандай қарым-қатынас жасауға болатынын көрсеткен жақсы апта болды. Істеуге болады деп долбарлап жүрген нәрсені жүзеге асыруға болатынын осы жолы көрдік. Иран президентінің іс-әрекетіне «күтпеген ынтымақтастық» деген айдар тағылды. Меніңше, мұны бұдан да кең тұрғыда қарауға болады. Ең бастысы – бұл нақты міндеттемелердің жоқтығы мәселесін жойды, біз жағдайды бұрынғыдан анық байқай бастадық, енді бізге керегі – Иран президенті Роуханидің "Иранның ядролық қару бағдарламасын жасап жатпағанына халықаралық қауымдастықтың көзін жеткізе алатын барлық қажетті айғақтарды береміз" деген міндеттемесінің нақты әрекетпен және жүйелі жұмыспен бекітілуі. Мұның бәрі нақты болуы керек. Бұрын болған күмән-күдіктің бәрін ескерер болсақ, алда аса қиын келіссөздер күтіп тұрғаны айқын. Нью-Йоркте Иранның өкілдерімен болған кездесуде олар «Ядролық бағдарламаға қатысты Батыстың барлық күмәнін сейілте алатын ұсыныстарды ортаға тастаймыз» деген. Олар сөзінде тұра ма, көреміз. Яғни, бәрі жақсы басталды, бірақ бұл – тек басы ғана.

Азаттық: - Осы аптада Роухани «Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлемдік державалармен 3-6 айдың ішінде келісімге келуге үміттімін» деді. Ол ядролық келіссөздерді межесіне жеткізу үшін Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиден өкілет алғанын айтты. Иранға мұндай дәрежеде мәлімдеме жасауға не әсер етті?

Райан Крокер: - Иран президенті Роухани мен сыртқы істер министрінің «соңғы 8 жылдағы әрекеттер халықаралық қауымдастық үшін де, Иран үшін де нәтижесіз болды» дегенін өз құлағыммен естідім. Және бірде олар «Біздің ешқайсымыз осыдан 8 жыл бұрынғыға қарағанда ілгері жылжыдық деп айта алмаймыз. Сондықтан бір жақ жеңілетін ұстанымнан гөрі екі жақ та жеңетін жаңа тәсілге көшкен жөн» деген пікір айтты. Ирандықтардың айтуынан түсінгенім - Иран ешқандай ядролық қару әзірлеуге және оны иемденуге ұмтылып отырған жоқ. Демек олар МАГАТЭ нормалары негізінде бейбіт мақасатта атом қуатын өндіру бағдарламасын дамыта алады дегенге халықаралық қауымдастықты иландыратын нәтижеге қол жеткізу – екі жақтың да жеңісі деп қарастып отыр.

Азаттық: - Сіз жақында The New Yorker басылымына 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан соң Ауғанстан және Ирак мәселелеріне қатысты АҚШ ресми тұлғаларымен бірге өзіңіз қатысқан Иран басшыларымен өткізген жасырын келіссөздерді сипаттап бердіңіз. БҰҰ-дағы осы жолғы кездесу қарсаңында Вашингтон мен Тегеран арасында мұндай астыртын әңгімелер болды ма?

Райан Крокер: - 11 қыркүйек оқиғасынан соң Ауғанстан, кейіннен мен елшілік қызметке барған кездегі Ирак мәселелеріне қатысты пікірлесу шаралары жасырын, не құпия жағдайда өткен емес. Ресми түрде мақұлданған, бірақ оңаша өткен кездесулер еді. Ақпарат құралдары да бұл кездесулер туралы аракідік жазып жатты ғой. Себебі БАҚ үшін бұл кездесулердің бәлендей оқиғалық маңызы болған жоқ. Осының анық-қанығын дұрыс түсіну керек.

5+1  форматындағы министрлердің кездесуін ұйымдастыру үшін сырт көзден таса басқосулардың болғаны да есте. Мұндай деңгейдегі бұл кездесу алғаш рет ұйымдастырылды, сондықтан, алдын ала дайындықсыз оны өткізу мүмкін емес еді. Мемлекеттік хатшы Джон Керри мен сыртқы істер министрі Мохаммед Зарифтің де кездесуі қарсаңында осындай әзірлік шаралары болған шығар. Мұның бәрі жұрттың көз алдында өтіп жатыр, себебі бұл кездесу екі елдің президенттері арасындағы хат алмасудан басталды. Бұл – толыққанды келіссөз демесек те, тікелей байланыс орнату деген сөз.

Азаттық: - Қазір АҚШ пен Иран арасында Сирияға қатысты «оңаша кездесулер» қандай ауқымда жүріп жатыр деп ойлайсыз?

Райан Крокер: - Бұл туралы хабарым жоқ. Нью-Йорктегі жүздесулер барысында Иран басшылығы Сирия туралы да сөз қозғап, өздері «жан түршіктірерлік кісі өлімі» деп атаған бұл соғысты тоқтату үшін халықаралық қауымдастық күш жұмылдыруы керек деді. Олар, әрине, химиялық қаруды қолдануға қатысты ұстанымдарын да ашық айтты, себебі өздері де 1980  жылдары одан жапа шеккені белгілі. Кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған химиялық қаруға қатысты қарарға  ирандықтардың тікелей, не жанама әсері болды деп топшылаймын. Егер шынымен солай болса, онда бұл – жақсылықтың нышаны.

Азаттық: - Иран-АҚШ қарым-қатынасының бір қалыпқа түсуі жалпы аймаққа қалай әсер етуі мүмкін? Мұны Ирак пен Ауғанстан қалай қабылдайды?

Райан Крокер: - Өзім АҚШ елшісі болып қызмет атқарған екі ел де мұны жақсы қабылдайды. Ирактықтар әдетте АҚШ пен Иран арасындағы қақпанға түсіп қалып отырғандай сезінді. Әрине, олардың өз тарихы және Иранмен арада өз мәселелері жеткілікті. Бірақ, бұл – Ирактың түстігінде шектесіп жатқан маңызды көрші екені айқын. Ирактықтар кезінде маған АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың жақсаруы олардың өмірін жақсарта түсетінін айтқан.

Ауғанстан да солай. Біз кезінде Иран мен Ауғанстан арасындағы тұрақтылықты қалыптастыру жайын тікелей талқылай бастағанымызда ауған басшылығы бұған жылы қабақ танытқан. Меніңше, аймақта бұған қаттырақ қобалжитын елдер табылады. АҚШ пен Иран арасында түсіністіктің орнауы Израиль, араб елдері және басқалар қобалжитындай жаңа «зұлымдық ошағының» пайда болуы емес, жалпы аймақтағы тұрақтылық үшін қажет екенін түсіндіруіміз керек сияқты [25].

Информация о работе Политическая система в Иране