Политическая система в Иране

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Оглавление

КІPІCПE .........................................................................

1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................

Файлы: 1 файл

iran diplom.docx

— 189.62 Кб (Скачать)

Human Rights Watch ұйымы 1988 жылдың 16 наурызында болған шабуылдан 10 мың  адам жараланып, 5 мың тұрғын қаза  тапты дейді. Адамдар зарин, VX газы, иприттен уланған. Куәгерлердің  айтуынша, опат болардың алдында  тұрғындардың денесі күлдіреп  ісіп, құсқан. Ата-анасы да қаза  тапқан Морад көрші Иранда  тұратын ағайынының үйін паналап, жаңа өмір бастайды. Ол сол  күннің сұмдығы енді ешқашан  қайталанбас деп үміттенген еді. Бірақ Сирияның астанасы Дамаск  маңында химиялық қару қолданылды  дегенді естігеннен бері мазасы  кетті.

Морад тамыздың 21-і күні Гутаға жасалған шабуыл туралы бейнежазбаны қиналып отырып көргенін айтады. 
– Қатты қайғырдым, жапа шеккендер үшін жыладым. Саддам Хусейннің Халабджаның кәрі-жас, әйел-баласына қарсы химиялық қару қолданған күні есіме түсті. Сол апаттан аман қалған Халабджа азаматтарының бәрі осындай сезімді бастан өткерді. Олар халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерден осы қылмысты тексеріп, қаруды қолданғандар мен оны өндіргендерді жауапқа тартуға шақырды, - дейді ол. Қазір жасы 30-дан асқан Морад - Халабджада химиялық қарудан зардап шеккендер қоғамының баспасөз хатшысы. Ол әлемге химиялық қарудың сұмдығы туралы ескертіп келеді. Азаттыққа берген сұхбатында ол химиялық қаруды «адам болашағына төнген қауіп» деп сипаттады. Морадтың сөзін Халабджаның тағы бір аман қалған тұрғыны Змнако Мохаммед Ахмад та қолдайды. Ол 1988 жылғы апатта әкесі мен төрт бауырынан айырылған, ал химиялық шабуылдан соң өкпе дертіне шалдыққан анасын тек 22 жылдан соң ғана тапқан. Ахмад Дамаскіге жақындаған апатты еш ақтауға болмайды дейді.

- Халабджада 5 мың адам  қаза тапты, соның ішінде менің  туыстарым бар еді. Опат болғандардың 68 пайызы әйелдер мен балалар  болатын. Қазір Сирияда да балалар  көп қырылып жатыр. Балаларды  өлтірген жандар ең ауыр жазамен  жазалануға тиіс деп ойлаймын, - дейді Ахмад.

АҚШ пен оның Батыстағы әріптестері үш жылдан бері қатыгез азаматтық соғыс жүргізіп келе жатқан Сирия президенті Башар Асадтың режимін айыпты деп таниды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри америкалық барлау қызметінің дерегіне сүйеніп, Гутадағы шабуылдан 1429 адам қаза тапқанын, оның 426-сы балалар екенін мәлімдеген.

Ресей мен Қытай АҚШ президенті Барак Обаманың «сириялық режимді химиялық қару қолданғаны үшін жазалауға әлем халқы моральдық тұрғыдан жауапты» деген пікірімен келіспейді. Мәскеу сириялық көтерілісшілердің де шабуылға қатысы бар екеніне шүбә келтірмейді, Кремль Асадтың айыбын мүлтіксіз дәлелдеу керек деген позиция ұстанады. Пекин Сирия ісіне әскери тұрғыдан араласу әлемдік экономикаға теріс ықпал етеді деп ескертті. Дегенмен, химиялық қаруды қай тарап қолданса да, оны барлығы бірден айыптады. Ахмад олардың айыптағанын құптайды, бірақ сөзден гөрі іске көшкен дұрыс деп санайды.

- 1988 жылы Халабджаны газбен  атқылаған кезде АҚШ үнсіз  қалды. Барлық халықаралық ұйымдар  ауыз ашпады. Бірнеше жыл өткен  соң, 2003 жылы АҚШ Араб социалистік  өркендеу партиясы (БААС) мен Саддам  Хусейн режимінен құтылуға көмектесті, енді Сирияға да солай көмектесер  деп ойлаймын, - дейді ол. Ирак президенті Саддам Хусейн режимінің қатыгездігін көрсеткен Халабджадағы шабуылдан соң әлемде әлі ешкім газ шабуылын бастан кешпеген еді.

Халықаралық қауымдастық 1980-1988 жылдары Иран-Ирак соғысы кезінде бейбіт тұрғындар мен ирандық сарбаздарға қарсы химиялық қару қолданылғанда да үнсіз қалды. Foreign Policy басылымының дерегі бойынша, Америка бұл шабуылдарға қатысып, Иракқа әскери әдіс пен барлау ақпараттарын беріп, Иран солдаттарына қарсы қолдануға ықпал еткен. Иранға қарсы шабуылдан аман қалған 100 мың тұрғын Вашингтонның Сирияда химиялық қару қолданудан туатын гуманитарлық мәселелерге қатысты алаңдаушылығына күмәнмен қарайды.

Солардың бірі химиялық соғысты бастан өткерген Ирак-Иран соғысының ардагері және дәрігер – Шахрияр Хатери. Ол Иран химиялық қару құрбандарын қолдау қоғамының (SCWWS) халықаралық қатынастар бойынша директоры.

- Иранға қарсы химиялық  қару қолданылғаны туралы БҰҰ-на  кем дегенде жеті ресми құжат  өткізілді, бірақ ешбір шара қолданылмады. АҚШ пен Еуропа Одағы елдерінің  кейбірі Саддамға көмектескені  туралы құжаттар бар. Сирияға  келетін болсақ, ресми дерек әлі  алынбады, бірақ АҚШ соғысқа аттануға  асығып отыр, - дейді ол.

2013 жылы тамыздың 27-і күні Ираннан шыққан екінші белсенділер тобы Сириядағы химиялық қаруды «рақымсыз қылмыс» деп айыптады. Ирандық Күрдістан деген бейресми атаумен танымал күрдтер орналасқан Сердешт қаласының химиялық қару құрбандары құқығын қорғау қоғамы БҰҰ мен құқық қорғау ұйымдарын гуманитарлық басқыншылық аясында бұндай жауыздықты тоқтатып, жауаптыларды жазалауға шақырды.

1988 жылы Халабджаға шабуыл  жасалардан бірнеше ай бұрын  Сердешт те химиялық шабуылға  ұшырады. Бірақ ондағы жағдай  баспасөз бетінде сирек жарияланды, кейін тез ұмытылып кетті. Ал  сол апатты қала тұрғындары  әлі күнге есте сақтап келеді, аман қалғандардың көбі оның  зардабын осы кезге дейін бастан  өткеріп жатыр. «Дем жетпей, кеуде қысылды, көзден жас ағып, қанды жөтел жасыл шөпті қызыл түске бояды, қаза болған бейкүнә адамдар жаңбыр суындай көбейді» деп жазылған қоғамдық хабарламада. Мәлімдемеде «Сердешт пен Халабджа трагедиясы өз деңгейінде бағаланған күнде, Сириядағы оқиғаның қайталанбауы мүмкін еді» деген жолдар бар [18].

Stratfor Commentary сараптама орталығы  қаңтардың 16-сы күні «Екі жылдан  соңғы «Араб көктемі» деген  мақала жариялады. Онда халық  толқулары болған бес елдің  қазіргі жағдайына талдау жасалған.

2010 жылы қаңтардың 18-і күні араб елдерінде билікке қарсы көтерілістер басталды. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) оны «Араб көктемі» деп атады. 

Stratfor Commentary орталығының мақаласы  осы аптада Тунис президенті  Зин әл-Әбидин Бен Әлидің елінен  қашқанына екі жыл толғанын  баяндаудан басталады.

«БАҚ «Араб көктемі» деп аталған оқиға осы елден басталды. «Араб көктемі» – араб елдеріндегі бұқара халықтың сыбайлас жемқорлық жайлаған ескі режимге қарсы шығып, демократиялы, либералды ел болуға ұмтылуы. Қазір сол оқиғаларға шолу жасайтын сәт туды» деп жазады ұйым. 

Бұдан ары мақала «Барлық бас көтерулер революция емес, барлық революция демократиялық қоғамға ұмтылады деуге келмейді және демократияланудың бәрі либералдану дегенді де білдірмейді» деген ойлармен жалғасады.

Араб әлеміндегі толқулар жайлы сақтанып сөйлеу керектігін ескерткен Stratfor Commentary: «Біздің сақтығымыз осы үш тұжырымның шекарасынан шықпайды» дейді. Мақалада америкалық саясаттанушы, аталмыш ұйымның негізін қалаушы Джордж Фридман былай дейді:  
«Әрине, араб әлемінде көтеріліс болды. Кей жердегі шерулердің ауқымы теледидарда көрсеткеннен де асып түсті. Кей елдерде үкімет толқуды басып отырды. Кейбір жағдайда басшының өзі биліктен кетті, бірақ оның режимі сақталып қалды. Ливия сияқты елдерде ескі режим құлап, ешкім түсінбейтін аласапыран кезең басталды. Ал Египетте демократияның жаңа, сенімділеу түрі орнады. Бірақ Египеттегі демократиялық режимді либералды режиммен шатастырмау керек. Египет демократиясына қазіргі кезде «Мұсылман бауырлар» ұйымы ықпал етіп отыр. Сондықтан елдегі режимді либералды дей алмаймыз. Бірақ «Араб көктемінің» келе жатқаны сол кезде-ақ анық болды».  

Stratfor Commentary бұл мақаласында «Араб көктемі» болған бес елдегі жағдайды жеке-жеке сипаттап шыққан.

Египет. «Араб көктемі» дегенде көп жағдайда Египеттегі саяси оқиғаларға баса мән беріледі. Себебі бұл мемлекет - араб елдерінің ішіндегі ең үлкені. Бірақ ондағы жағдайды дөп басып түсіндіру әлі күнге дейін мүмкін емес.

Қуатты әскердің билікті қалай бере салғаны түсініксіз, «Мұсылман бауырлар» ұйымының либералды режимді қаншалықты қолдайтындықтары да белгісіз. Египеттегі оқиға адамды екіұшты ойға жетелейді. Көтерілісшілер не пайда тапты? Бұл елде не болғаны, болашақта қандай жағдай болатыны әлі күнге айқын емес» дейді мақала авторы.

Ливия. «Араб көктемі» кезінде шынымен көне режимді талқандаған ел деп Ливияны атауға болар. Бірақ оны тұтас халықтық көтеріліс деу де қиын, НАТО-ның ықпалы аз болған жоқ. НАТО «Муаммар Каддафи Бенгазидегі қарсыластарын бауыздамақ болғаны үшін араластық» деп ақталды» деп жазады ұйым.

Бахрейн мен Йемен. «Бахрейндегі режим Сауд Арабиясының араласуымен аман қалды. Көтерілісшілердің билікті төңкеруге күші жетпеді. Йеменде президент Әли Абдулла Салех қарсыластарының талаптарына құлақ асып, биліктен бас тартты. Бірақ ел ішіндегі бұрынғы бей-берекет жағдай, қақтығыстар мен шиеленістер және ескі режимнің қағидалары өзгеріссіз қалды».

Сирия. «Сирияда президент Башар Асад режимінің қақтығыстан көз ашпағанына бір жылдай болды, ол орнынан кетеді деген болжам да орындалмады. Асад биліктен кетпесе, Сириядағы саяси жағдай шиеленісті жағдайда қала беруі ғажап емес. Асад Сирияны да Ливан сияқты үкіметі әлсіз, ал әскери қуаты мықты ел жасап, өзі ең мықты әскери қолбасшыға айналуы ықтимал. Ондай жағдай туып жатса, Асадқа қарсыластарының қауқары жетпеуі мүмкін. Оның үстіне Асадтың қарсыластары либералды демократия құруға ниетті ме? Керісінше, Сириядағы топтар Асад режимін исламдық режиммен алмастырғысы келетін сияқты» деп жазады мақала авторы.

«Араб әлемінде болған өзгерістер екі түрлі болды. Ливия мен Сирия сияқты елдерде жағдай ушығып, хаос орнады. Египет тәрізді мемлекеттер либерализмге жетпейтін демократияны қанағат етті. Араб әлемі 1989 жылғы Шығыс Европаның күйін кешеді деген жорамал шындыққа айналмады. Бір қарағанда оқиғалар ұқсас көрінеді, бірақ ол - тек сыртқы ұқсастық» деп жазады Stratfor Commentary.

Мақаланың соңында саясаттанушы Фридманның «Бірақ осының бәрі «Араб көктемі» мақсатына жетпеді дегенді білдірмейді» деген сөзі берілген. 

Фридманның ойынша, «Араб көктемі» Батыс көзқарасымен қараған адамға мақсатына жетпегендей көрінуі мүмкін. Өйткені либерализм араб елдеріне бармады. Егер «Араб көктемінің» мақсаты либерализм болды деп ойласақ, әрине, ол бұл мақсатқа жеткен жоқ. Егер мәселеге либерализм тұрғысынан қарайтын болсақ, онда Бен Әлидің елінен қашуы да либералдық дамуға әкелген жоқ, соғыс пен дағдарыс, хаостың бастамасы болып шығады». Stratfor Commentary мақаласын «Араб көктемі» мақсатына жетті деген сарында аяқтаған [19].

«Араб көктемі» деген атпен бүкіл Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканы шарлап кеткен қарсылық шеруі Иранның табалдырығына келіп тірелді. Ақпан айының 14-де Тунис пен Египеттегі көтерілісті қолдап шыққан мыңдаған митингтерге үкімет  тыйым салды.

Наразылық танытушы бір қауым жұрт: «Мүбәрәк! Бен Әли! Енді Хаменеидің кезегі!» деп ұрандап шықты. Режим бірден шара қолдана бастады. Шеруді ұйымдастырған оппозиция жетекшілері Мир Хусейн Мусави мен Мехди Карруби оппозициялық толқуларға қосылып кетпес үшін, оларды үйқамақта ұстап отырды. «Мусави мен Карруби өлім жазасына кесілуі тиіс!» деп келесі күні ақпанның 15-де-ақ радикал шариғатшылар оларды өлтіруді талап етіп жатты. Жылдың соңына шейін Жасылдар қозғалысының екі жетекшісінен жарытымды хабар-ошар болмады. Жеме-жемге келгенде оппозиция да үнсіз отырып қалды. Маусым айында шерушілер басқаша тактика қолданды. Олар 2009 жылы даулы жағдайда қайта сайланған Махмуд Ахмадинежадтың  сайлауын «екінші рет атап өтеуге» жиналады. Куәгерлердің бірі былай дейді:

- Біз Уәли-Аср көшесінде  шеруді  бастадық. Біз күткендей-ақ арнайы жасақ сарбаздары көшенің екі бетінде тірі дуал құсап, сіресіп қарап тұрды. Жұрт оларды елемеген қалпы ұрандатпай-ақ, әндетпей-ақ тротуарлармен шеру тартып жүре берді.

Бұл арада Иран мәселесі халықаралық аренада шиленісе түскен. Қыркүйек айында АҚШ-тың әділет министрлігі Америкада Сауд Арабиясының дипломатын өлтірмек болған қастандық әрекетінің әшкере болғанын жариялап жіберді. Иран үкіметінің қол астында істейді-міс деген екі адамға айып тағылды.  

Иран болса бұл айыпты «күлкілі» деп ысырып тастады. Алайда БҰҰ-ның Иранның бұл ісін айыптаған резолюциясын әлемнің 100-ден аса елі қолдап шыға келді. АҚШ президенті Барак Обама Иранды жауапқа тартуға негіз болатын себептердің ешқайсысы ұмытылған жоқ деп жариялады.

- Бұл жай ғана жағдайды  ушықтыру емес, бұл деген Иран  үкіметінің қауіпті, ойсыз түрде  жасаған әрекеті, - деді Обама.

Қараша айында ядролық мәселе тағы бір көтерілді. Халықаралық атом қуаты агенттігінің директоры Юкия Амано Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты қатаң ескерту жасады. 
        - Қолға түскен ақпараттар Иранның ядролық жарылыс құралдарын дамыту үшін белсенді іс-шараларға көшкенін айғақтайды. 2003 жылдың аяғына дейін бұл іс-шаралар арнайы жоспарға сәйкес жасалып келген және қайсыбірі әлі де бұрынғыша жалғасып жатуы мүмкін, - деді Амано.

Ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытып жатырмын деп мәлімдеп келген Иран бұл жолы да өзіне қатысты қорытынды «АҚШ-тың қысымымен жасалған біржақты, әрі әділетсіз» деп сипаттады.

Бірақ, сонда да батыс елдері Иранға қатысты қысымды одан сайын күшейткеннің үстіне күшейтіп жатыр. Олар Иранның мұнай-газ секторлары мен орталық банкіне қарсы шектеу санкцияларын жариялады.

Бұл шаралар Иранның ядролық нысандарына әуе шабуылы жасалады екен, Тегеранның ядролық бағдарламасын дамытуды тежеп тастайтын құпия операция жүріп жатыр екен деген сияқты алып-қашпа әңгімемен тұспа-тұс келді.

Жаңа санкция енгізу ісін белсене қолдаған Ұлыбритания Иранның үкіметті жақтаушы халқының ашу-ызасына бірінші ұшырады.

Иран үкіметін қолдаушылар қарашаның 29-ы Тегерандағы Ұлыбритания елшілігін шабуылдап, «Англияға - өлім! Террорист үш ел: АҚШ, Англия, және Израильге өлім жаусын!» деп ұрандады. 

        Ұлыбритания Ирандағы дипломаттарын дереу кері қайтарып алды. Ирандағы британ елшісі Доминик Чилкот елшілікке жасалған шабуылды Иран үкіметі қолдады деп мәлімдеді.

        Желтоқсан айына қарай Иран мен Батыс арасындағы дау тыңшы ұшақтар төңірегінде өрбіді. Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағын атып түсірді деп хабарлап жатты Иранның телеарналары. 
Ұшаққа: «АҚШ-тың қолынан түк те келмейді» деген жазуы бар плакат ілінген.  Бұл сөзді кезінде елдің рухани жетекшісі аятолла Хомейни айтқан болатын.Тегеран бұл ұшақтардың әрекетін «дұшпандық әрекетке бара-бар» деп айыптап, БҰҰ-нан АҚШ-тың «агрессиясына» қарсы шаралар қолдануды  талап етті. 2011 жылды Иран Батыстың өзіне қаратып айтылған ескертулеріне қарсы қоқан-лоқы көрсетіп аяқтады.

Информация о работе Политическая система в Иране