Политическая система в Иране

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Оглавление

КІPІCПE .........................................................................

1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................

Файлы: 1 файл

iran diplom.docx

— 189.62 Кб (Скачать)

   Парламент депутаты Парвиз Сороури 12 желтоқсан күні әлемдегі мұнайдың 40 пайызы тасымалданытын Ормуз шығанағына жақын маңда әскери   теңіз жаттығулары өтетінін айтып ескертті. ISNA студенттік жаңалық агенттігіне ол:  «Егер әлем бұл аймақты қауіпті аймаққа айналдырғысы келсе, онда біз тұтас дүниені қауіпті аймаққа айналдырамыз» деді [20].

 

 

2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы» 

 

Иран Женевада әлемдік державалармен ядролық мәселеде мәмілеге келді. Енді «Тегеран сыртқы саясатын өзгертіп, АҚШ-қа қарсы дәстүрлі саясатынан бас тарта ма?» деген сауалдар туады.

Желтоқсанның бірінші аптасындағы әрекеті мен сөзіне қарап, Иранның бағытын анықтау қиын. 

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф Парсы түбегі елдеріне ресми сапар жасады. Ол тек Иранның басты бәсекелесі Сауд Арабиясына ғана барған жоқ.

Иран мен Парсы түбегі елдерінің қарым-қатынасы бірнеше жылдан бері нашарлап кеткен еді, енді аяқ астынан екі жақ байланыс орната бастады. Тіпті Зариф Иранның Сауд Арабиясымен де байланысты жақсартуға дайын екенін айтты.

АҚШ-тың одақтастары Зарифтің Парсы түбегі елдерін аралап шыққанына қарап, «Иранның сыртқы саясаты соңғы 34 жыл бойы қоғамда орныққан АҚШ-қа деген қарсылықты жібітуге бағытталған болар» деп жорамалдады.

Бірақ сол аптада Иранның сыртқы істер министрлігі АҚШ-Ауғанстан қауіпсіздік келісім-шартымен түбегейлі түрде келіспейтінін мәлімдеді. Министрліктің пікірінше, келісім-шарт бекітілген жағдайда «аймақтық дамуға теріс ықпал етеді». Ауғанстан президенті Хамид Карзай «менің талаптарым орындалмаса, келісімге қол қоймаймын» деген кезде Иранның бұл әрекеті Вашингтонның жағдайын қиындата түседі. 

Тегеранның осындай екі түрлі әрекетінен соң «Иранның АҚШ-қа қатысты шын жоспары қандай?» деген сауал туады. Бұл сұрақтың жауабы әзірге белгісіз.  

Шах заманынан бастап Иран оңтүстіктегі мұнайға бай мұсылман көршілерімен жақсы байланыс орнатуды мақсат етті. Қазір Иран ядролық саясатын жұмсартты, енді араб елдерімен қатынасты жақсартатын сәт туды. Солайша Иран OPEC аясында экспорт квотасын ұлғайтқысы келеді. 

Парижде тұратын ирандық экономист Ферейдун Хавандтың айтуынша, Иранның экспорт квотасы туралы мәселе Сауд Арабиясына жайсыз тиеді. Иранның тілегін орындау үшін олар өз экспортын азайтуы тиіс.

Ал Ауғанстанға келер болсақ, Иран бұл елді әрқашан өз қауіпсіздігінің бір бөлшегі санап келді. Еуропада тұратын, Иран сыртқы саясаты туралы мақалалар жазып жүрген бұрынғы Иран дипломаты Хоссейн Ализаденің айтуынша, «Ресей мен Қытай Ауғанстанда әскер ұстау жоспарларын жарияласа, Иран оған қарсы шығады».

Ализаденің сөзіне қарағанда, «Тегеран ядролық бағдарламаға қатыстыкелісімге келгені болмаса, әлі АҚШ-пен байланысты реттеуге нақты қадам жасамаған».

Иранды бақылаушылардың айтары бір: сыртқы саясатқа қатысты мәселенің бәрін Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи шешеді.

Хаменеи АҚШ-пен тығыз байланыс орнатқысы келе ме? Иранның Израильге қарсы саясатын өзгертуді қалай ма?

35 жыл бұрын Иран  ислам республикасының негізін  қалаған Рухолла Мусави Хомейни  мен оның жақтастары Израильге  қарсы бағыт ұстанды. Рухани жетекші  үнемі АҚШ-қа қарсы шығып, Израильмен  қорықпай күресуге шақырып отырды. АҚШ Иранға ескерту жасағанда  ол «АҚШ түк істей алмайды»  деген еді. Бұл идеологиядан бас  тарту енді Әли Хаменеиге қиын  тиеді.

Екінші себеп – Иран ислам республикасын сақтап қалу. Режим өзгеріссіз қалса ғана Иран осы қалпын сақтайды.

Егер Хаменеи АҚШ-қа қарсы көзқарастарын өзгерте бастаса, Иранның қарапайым тұрғындары қарсы шығады немесе әлеуметтік еркіндік пен экономиканы жақсартуды талап етеді. Реформашыл белсенділер де талаптарын күшейтіп, батыл қадамдарға көшуі мүмкін. 

Мұндай еркіндіктің нәтижесінде адамдар шектеулерден қорықпай, АҚШ пен Израильге қарсы күрес талаптары мен ережелеріне бағынудан бас тартуы мүмкін. Хаменеи мен басқа да консерваторлар мұндайдан қауіптенеді.

Жаңа президент сайлап, ядролық келісімге келгеннен бері Иранда АҚШ-қа қарсы көзқарасын өзгертуге ниетті адамдар көп екені байқалды. Иран тұрғындары ядролық келіссөздердің бір мәмілеге келгеніне қуанды. Демек, олар осы бағытты қолдайды, сыртқы саясат қайшылықты болғанын қаламайды.

Саясаткер-реформаторлар мен ойшылдар, жазушылар да АҚШ-қа қатысты саясатты өзгерту керек дейді. Бұрынғы президент және елдегі ықпалды тұлға Акбар Хашеми Рафсанджани «сыртқы саясатта татулық керек» деп бірнеше рет тұспалдады. Бұған дейін, яғни бір жыл бұрын Рафсанджани тасадан шықпай, тыныш отырған еді. Енді тағы бір бұрынғы президент Мохаммад Хатамимен бірігіп, Хасан Роуханидің сыртқы саясаттағы қадамдарын оң бағалайтын мәлімдемелер тарата бастады. 

Иран халқының ұстамды саясаткерлерді қолдайтыны байқалады. Ел ішінде АҚШ және Батыс елдерімен байланысты жақсарту ниеті бар. Санкцияның қысымына шыдамаған Хаменеи ядролық келіссөздерде мәмілеге келді. Бірақ бұл оның АҚШ пен Израильге қатысты көзқарасын түбегейлі өзгерткенін білдірмейді. Ондай жағдайда режимге қауіп төнеді. Ал Хаменеи болашаққа қатысты қадамдарына өте сақ [21].

«Сырты» жұмсарған Иранның «іші» қатты. Иранның жаңа үкіметі Батысқа сыртқы саясатын жұмсартқан түр байқатқанымен, елдегі ішкі саясаттың қатаң ережелері әлі өзгерген жоқ.

Иранның қазіргі ахуалын "сыртқа - жұмсақ, ішке - қатты" деп сипаттауға болады. 

Тамызда президент президент болып сайланған Хассан Роухани Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлемдік державалармен арадағы келіссөздерде икемге келгендей түр жасап отыр. Иран билігінің бұл әрекетін қолдаушылар көбейді. Тіпті Иранның ядролық дағдарысты келіссөз арқылы шешуге көнетініне күмәнданатын мемлекет басшылары да ризашылық білдірді.  

АҚШ үкіметінің ресми өкілі Джен Псаки Тегеран мен алты ел арасында қазан айында Женевада өткен келіссөз туралы «жаңа үкіметпен арамызда бұрынғыға қарағағанда мүлде басқа әңгімелер айтылды» деді.

Еуропа Одағы мен БҰҰ-ның ядролық агенттігі Иран үкіметін «мәмілеге келуге икемделді» деп сипаттағанымен, ел ішіндегі жағдай өзгерді деп айту қиын.  

Нью-Йорктегі адам құқығы бойынша халықаралық кампанияның Ирандағы директоры Хади Гаемидің пікірінше, «президент сайлауынан соң, маусым айында биліктен кеткен консерватор топтардың ел ішіндегі ықпалы әлі де күшті». Гаеми «Роуханидің сыртқы саясаттағы жұмсақтығы ішкі саясатқа жарамайды» деп болжайды.

- Президенттік сайлауда  жеңілген саяси күштер мемлекеттегі  негізгі салаларды әлі де ұстап  отыр. Сот жүйесі, қарулы күштер, революциялық гвардия, барлау және  қауіпсіздік саласында олардың  ықпалы көп. Осы топ ішкі репрессияны  өз мүддесіне пайдаланып қалғысы  келеді. Оларға сыртқы саясатта  үкіметтің кіммен жақындасатыны  маңызды емес, ішкі саясаттағы  ықпалдары кемімесе болды, - дейді  сарапшы.  

Роухани әкімшілігі билікке келгелі үш айдай болды. Бірақ ол  сайлау кезінде берген «радикализмді тыю» туралы уәдесін орындай алмай отыр. Мәселен, Роухани саяси тұтқындарды, оның ішінде «Жасыл қозғалыс» басшысы Мир Хосейн Мусави мен реформатор діни қызметкер Каррубиді босатамын» деп уәде берген еді.

Роухани билікке келген соң кейбір тұтқындар расымен босап шықты. Бірақ Мусави әлі үйқамақта отыр, жақында әкесін көруге келген екі қызын күзетшілер ұрып-соққан. Карруби, барлау министрлігінің мәлімдеуінше, «қауіпсіз үйде отыр».

Оның үстіне, Роухани президент болғалы консерваторлар биліктің өз қолдарында екенін сездіріп, «діни қайраткерлерге қатысты теріс ақпарат» таратты деген желеумен реформашыл «Бахар» газетін жапты. Цензорлар басылымның ислам қағидаларына қарсы шыққанын айтады.

Иран және Таяу Шығыс аймағының мәселелеріне арналған EA WorldView сайтының редакторы Скотт Лукастың айтуынша, «Бахар» газетінің жабылуы - Роуханидің жақтастарына жасалған «биліктегі ықпалды топтарды сынағаннан нәтиже аз» деген ескерту». 

- Сот жүйесін  басқаратын Садек Лариджани - өте  ықпалды адам. Ол сол ықпалын  пайдаланып, өздеріне қолайсыз кез-келген  басылымның жазаланатынын білдірді. Ол бұл жерде «әлі біздің  сөзіміз жүреді» деген белгі  берді, Роухани бұны елеусіз қалдырмауға  тиіс еді, - дейді Лукас.

Консерваторлық ымырасыз күштер Роуханидің сыртқы саясатты жұмсарту әрекеттеріне қатаң позицияларын қарсы қойып, президенттің ел ішіндегі ықпалы аз дегенді дәлелдегісі келеді.

Әскери фракциялар қарашаның 4-і күні жыл сайын өтетін «Америкаға өлім келсін!» шеруін ұйымдастырмақ. Ол Тегерандағы АҚШ елшілігіне шабуыл  жасалған күнге сай келеді. Биыл Иран тұрғындарының АҚШ елшілігін басып алғанына 34 жыл толды.

Лукастың пікірінше, «сырты жұмсақ, іші қатты» Иранның осы екі ұдай қалпы жақында өзгермейді.

- Роухани қазір сыртқы  саясатқа көп көңіл бөліп отыр. Ол болашақ кездесулерді ойлап  жүр. Ал басқалар осыны пайдаланып, оның әлеуметтік мәселелерді  шешуде құзыры шектеулі екенін  көрсетпек. Егер Роухани әлеуметтік  мәселелерді қолына ала бастаса,  билігін жоғалтып алуы да мүмкін. Онда сыртқы саясаттағы жоспарларынан да айрылады. Ядролық мәселе толық шешілмейінше, Роухани екі майданда бірдей жеңеді деп деп ойламаймын, - дейді Скотт Лукас.

Иран режимінің бұрынғыдай қатігез қалпында қалғанын қазанның 26-сы күні 16 тұтқынды дарға асқанынан байқауға болады. Ол адамдар Иранның Систан-Белуджистан провинциясында «14 шекарашыны өлтірді» деп айыпталғандар еді. Сол провинцияда 2010 жылы жарылыс жасаған 11 адам да дарға асылған.  

Иранның сыртқы имиджінің күрт өзгеруі, ал ішкі саясатының бұрынғы қатаң қалпында қалуы Роухани билігіне екі қырынан қарау қажет екенін көрсетеді.

Иранның ядролық дағдарысын шешу мәселесі тек ядролық саламен шектелмейтін сияқты. Роуханидің басқа елдермен қарым-қатынасты жақсарту жолындағы әрекеті ішкі саясаттағы өзгерістермен астасып жатса ғана нәтижелі болмақ [22].

Ирандықтар өз еліндегі ядролық бағдарлама туралы не ойлайды? Израильден төнген әскери шабуыл қаупі және халықаралық қатаң санкциялар жайлы ел ішінде және шетте жүрген ирандықтардың Азаттық радиосының Фарда қызметіне телефон және интернет арқылы жіберген пікірлерін сол қалпынша ұсынылған.

«Иран ядролық қару жасап алу үшін уақытты соза түсуге тырысып жатыр. Оны жасап үлгермес. Есесіне ол өзіне де, әлемге де проблема туғызып жатыр. Бұл режимге қаншалық көбірек уақыт берсеңіз, адамзат ұрпағына қарсы соншалық зұлымдық жасаған боп шығасыз». 

«Ирандық бола тұрып, ядролық қаруды қаламау мүмкін бе, өзі? Қандай қымбатқа түсер болса да, атом энергиясы қазір күштіліктің белгісі. Сіздер атом қуатына қол жеткізе алдыңыздар. Біздің де оған хақымыз бар. Иә, біз атом бомбасын қалаймыз. Бізді кім тоқтата алады екен?»

«Меніңше, бейбіт мақсатта ядролық технология қолданғанда тұрған бұрыс ештеңе жоқ. Бірақ, Иранның жүргізіп отырған саясатына қарап, оның уранды бейбіт мақсатта байытып жатқандығына ешқандай кепілдік жоқ деуге болады. Сондықтан  халықаралық қауымдастықтың да алаңдауын түсінуге болады».

Еуропа мен АҚШ ядролық қаруы бар алға басқан мұсылман елінің дамуына ешқашан да мүдделі емес. «Бізде не себепті ядролық қару болмауы керек? Егер бізде ондай қару бұрынырақ бар болғанда, Иракпен соғыс ешқашан болмас еді».

«Еуропа мен АҚШ ядролық қаруы бар алға басқан мұсылман елінің дамуына ешқашан да мүдделі емес. Израильдің де ядролық қаруы бар және ол ел ядролық қару таратпау келісімінің мүшесі де емес. Бірақ оған ешкім ештеңе деп жатқан жоқ. Атом мәселесіне келгенде Еуропа мен АҚШ Иранға өзінің қалауын зорлап таңып жатыр. БҰҰ да осы елдердің ықпалында. Бұл – кәдімгі джунгли заңы ғой».

«Мен АҚШ барлау комитетінің Иран атом бомбасын жасау туралы шешімге әлі келген жоқ деген баяндамасын оқыдым. Меніңше, Иран ядролық қару-жарақ қана емес, әлемдегі ең дамыған қару-жарақтың барлығын иеленуі тиіс. Иран өзінің 2 500 жыл бұрынғы даңқына жетуі керек».

«Иран режиміне атом бомбасы өзін қорғап, сақтап қалу үшін ғана қажет. Солтүстік Кореядағыдай атом қаруы ашаршылыққа соқтырса да, режим үшін ол түк те емес».

«Иран саясаткерлеріне ядролық қару жасаймыз деген шешім қабылдаған жоқпыз деп АҚШ-ты ақымақ қылып алдау оңай болып тұрма сонда? Сонда мұншама айғай-шу, дау-дамай, миллиондаған экономикалық шығындар тек электр энергиясын өндіру үшін ғана болып жатыр ма? Әлі-ақ көресіздер, бір күні жер асты сынағы бұрқ ете қалады. Сосын Солтүстік Кореямен арада болған жағдай сияқты Иранмен де келіссөз жүргізетін арнайы өкіл жіберуге дайындала беріңдер».

«Иран басшыларының атом қаруын жасауына кедергі жасалуы тиіс. Олардың билік пен байлыққа деген құмарлық араласқан «руханияты» елді соғыс пен қирауға ұшыратып тынады».

«Мен ядролық қару жасауға кететін шығынға қарсы болсам да, орналасқан аймағына байланысты Иран үшін мұндай қару иелену міндетті деп санаймын. Себебі Иранды Пәкістан, Үндістан және Израиль сияқты ядролық қаруы бар елдер қоршап жатыр. Қазір Иран ауыр экономикалық күйзелісті бастан кешіп жатыр және ең жаманы осы ауыртпалық қарапайым халықтың басына түсіп тұр. Санкция салу, жан-жақтан қысу тығырықтан шығармайды. Егер сіз шынымен де үкіметке қысым көрсету керек дегенді жақтайтын болсаңыз, мен сияқты жай халықты режимге қалай қарсы тұру керектігі туралы хабардар етуіңіз керек. Ел-жұрт қалаларда ғана тұрмайды. Сіздің дауысыңыз алыс ауылдағы бұқараға да жетуі керек» [7, 19 б.].

Информация о работе Политическая система в Иране