Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа
Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.
КІPІCПE .........................................................................
1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы
2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......
3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............
ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................
International Herald Tribune (IHT) басылымы қазіргі Ресейді екі түрге бөліп сипаттаған сараптау мақала басты. Автор екі түрлі Ресеймен де сәтті дипломатия орнату арқылы біршама проблеманы оңымен шешуге болады дейді.
Басылымның пайымдауынша,
бірінші Ресей еркіндік пен дамуға ұмтылса,
екінші Ресей патриотизм мен популизмге
ұрынған.
Бірінші Ресейде халық
шетелдерге саяхаттап, қалаған үйлерін
алып-сатып, қаржыларын сенімді банктерде
сақтай алады.
Екінші Ресейде президент
Владимир Путин диссиденттерге қысым
жасайды, «НАТО-ның қорғаныс күштері Ресейге
қауіп төндіріп тұр» деп ойлайды, Кремль
бұрын Совет Одағы құрамында болған көрші
елдерді Еуразиялық одаққа кіруге мәжбүрлегісі
келеді.
IHT Батыс екі түрлі
Ресеймен байланыс жасағанда қазір билік
басында «патриоттардың» отырғанын ескеріп,
олардың әрқайсысымен әртүрлі стратегия
ұстану керек деген пікір айтады.
IHT зерттеуінше, бірінші
Ресей қазір жаңарып жатыр. Ресей 2011 жылы
тауар тұтыну жағынан әлемде алтыншы орынға
көтерілген. Жалпы ұлттық табыс жан басына
шаққанда 20 мың долларға жеткен. Бақуатты
ресейліктер шетел тауарларын тұтынғанды
жақсы көреді және балаларын шетелдерде
оқытады. Кейбір мәселеде Ресей Батыспен
әріптес болудан қашпайды. Ресейдің әскери
базалары Ауғанстандағы
НАТО әскеріне жәрдемдеседі, Ресей Иранның
ядролық қару жасауына қарсы салынған
санкцияны қолдайды, халықаралық ғарыш
станцияларына зымырандар ұшырады. Оған
қоса Ресей АҚШ-пен жаңа стратегиялық
әскери келісімге қол қойды.
IHT-дің жазуынша, Ресейдің
жаңарған элитасы дамыған экономика мен
әлемдік байланыстардың нығайғанын жоғары
бағалайды. Батыс осындай тиімді қадамдарымен
Ресейді әлемдік сауда ұйымына кіруге
қызықтыруы керек. Әрі бұл ұйымға кіру
Ресей экономикасының бәсекеге қабілеттілігін
арттырар еді.
Мақала авторы Ресейдің
жаңарын дәлелдейтін мынадай айғақтарды
алға тартады. Таяуда ғана АҚШ пен Ресейдің
интеллектуалдық меншік құқығына қатысты
жасасқан келісім-шарттары Ресей үшін
өте тиімді. Осы келісімнің негізінде
Ресейдің жоғарғы технологиялық саласы
мол пайда таба алады. Арктикалық кеңесте
де Мәскеу қоршаған ортаны қорғай отырып,
өзінің экономикалық мүмкіндіктерін арттыруды
көздейді. Әйтсе де, кейінгі кезде үкіметтің
араласуының кесірінен Ресейдің энергетика
саласындағы бәсекелестік қабілеті әлсіріген.
Ресей үкіметі игерілуі қиын кені орындарын
игеру үшін батыстық технология мен инвестицияға
көп жеңілдіктер беру арқылы энергетика
экспортын күшейткісі келеді.
IHT екінші Ресейді кері
кеткен ел ретінде сипаттайды. Ресей өзінің
өткен дәуірдегі заң саласы мен азаматтық
еркіндік мәселесінде артта қалып қойса
да, әлемде беделі мен қуаты күшті болған
бір кездегі тоқырау заманына оралып жатыр.
СССР қайтадан құрылмайды, бірақ сонда
да Ресейдегі демократиялық топтарға
биліктің тарапынан қысым күшті. Диссиденттерді
әлі де жындыханаға қамайды. Сот билігі
саясаттың құралына айналды. «Шекарасыз
тілшілер» ұйымының дерегінше Ресей баспасөз
бостандығы жөнінен 179 елдің ішінде 142-орында
болып тұр.
Мақала авторларының
пікірінше, Батыс екінші Ресеймен қатынас
жасағанда ол елдің ішінде ұзаққа созылатын
либерализация мен барлық адамға тең қарайтын
процестің орнығуын қадағалап отыруы
тиіс. Батыс бір заманда СССР-ден адам
құқықтарына қатысты талап ететін, репрессияға
ашық қарсылық білдіретін, жоғарғы деңгейдегі
жеке тұлғаларға қатысты әділетсіз жайттарды
сынайтын қағидаларын жандандыруы тиіс.
Мақала авторы «Солтүстік Кавказда тапталып
жатқан адам құқықтарына Батыстың көз
жұмып келгені дұрыс емес» дейді.
IHT-тің жазуынша, сырттан
бақылаушылардың ресейліктермен қоян-қолтық
араласып не ашық интернет байланысын
орнатпайынша, Ресейдегі реформалардың
жүзеге асуына септігі тиюі неғайбыл.
Ресей үшін қазір «Еуропа Одағы-Ресей»
азаматтық қоғам форумы тиімді болып тұрса
да, Кремль «АҚШ халықаралық дамыту» бағдарламасын
тоқтатқан. Шетел қаржыландыратын «Голос»
сияқты сайлау барысын бақылайтын тәуелсіз
ұйымдар қысымға ұшырап, ядролық қауіпсіздік
салысы бойынша бірлесіп жасалатын жобалар
жабылды. Мәскеу таяуда Нанн–Лугар бағдарламасынан
бас тартты.
Шығыс Азия аймағындағы елдердің даму қарқыны Ресейден озып бара жатса да, бұл ел әлі де өзін халықаралық аренада қуатты держава ретінде көрсеткісі келеді.
Мақала авторларының
ойынша, Шығыс Азия аймағындағы елдердің
даму қарқыны Ресейден озып бара жатса
да, бұл ел әлі де өзін халықаралық аренада
қуатты держава ретінде көрсеткісі келеді.
«Сириядағы Асад режимін қолдауы Ресейдің
беделін құлдыратты. Ресей көршілеріне
күш көрсете бергендіктен қазір одақтастары
мен достары қалмады» деп жазады IHT.
Шетелдік басылымның
айтуынша, Батыс Ресейдің кері кету процессін
тоқтатуға тырысып жатыр. 2012 жылдың желтоқсан
айында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари
Клинтон «Ресейдің көршілерін Еуразиялық
одаққа күштеп кіргізбек әрекеті мен Совет
Одағын қайта құру жоспарына қарсы тұратынын»
ескертті. Батыс сонымен қатар Ресейдің
2008 жылы Грузияға басып кіруіне қарсы
болса да, қазір Грузияның Ресеймен қатынас
орнатуын қолдайды. Батыс Каспий теңізінде
энергия өндіретін елдердің Түркия, Қара
теңіз және Қытай арқылы мұнай өнімдерін
тысқа тасымалдауына да көмектесіп жатыр.
«Екі жақты прагматикалық
әрі мықты принциптерге негізделген дипломатиялық
қадамдар Ресеймен ортақ мүддеге бірігіп
жұмыс істеуге жол ашады, әрі демократия
мен адам құқықтарының жақсаруын қалайтын
топтарға да жігер береді» деп түйіндейді мақала авторлары Денис Корбой (Лондон
Корольдік колледжінің ғылыми қызметкері;
Еурокомиссияның Армения мен Грузиядағы
өкілі болған адам), Уильям Кортни (АҚШ-тың
Қазақстан мен Грузиядағы елшісі болған
адам) және Кеннет Яловиц (АҚШ-тың Беларусь
пен Грузиядағы елшісі болған адам) [16].
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы
Қытaй Хaлық Pecпубликacының (ҚХP) бacшыcы Мao Цзeдун кeзіндe Қытaйдың әлeмдік opны туpaлы «Қытaй қaшaн дa үшінші әлeмгe жaтaды, coндықтaн бұл біздің cыpтқы caяcaтымыздың нeгізі. Біз үшінші әлeмгe мәңгі тән eкeнімізді aйттық, ceбeбі қaзіp Қытaй өзінің кeдeйлігімeн әлeм eлдepінe тән жәнeoлapмeн біpдeй тaғдыp кeшeді. Coнымeн қaтap, Қытaй дaмып мықты eлгeaйнaлca дa, бұpынғышa үшінші әлeм eлдepі бoлып қaлa бepeді. Қытaй eшқaшaн гeгeмoнияғa бapмaйды, eшқaшaн eшкімді кeмcітпeйді жәнe қaшaн дa үшінші әлeм eлдepі жaғындa бoлaды» [12] дeгeн cөзі – Қытaйдың cыpтқы caяcaт қaғидacы бoлып бeлгілeнгeн eді. Қaзіpгі тaңдa Қытaйдың экoнoмикaлық жaғдaйы өзгepіп, жaһaндық іpі дepжaвaлap қaтapынa қocылды. Біpaқ oлap өздepін «үшінші әлeм» eліміз, дaмушы eлміз дeгeн ұcтaнымын өзгepткeн жoқ. Coндықтaн бoлap, oлap жaңa ғacыpдa Aзия, Aфpикa жәнe Лaтын Aмepикacы eлдepінің нeгізгі cepіктec мeмлeкeттepінің біpінe aйнaлды.
ҚХPcыpтқы caяcи кoнцeпцияcындaOңтүcтік – Coлтүcтік cызығы бoйыншa ынтымaқтacтық opнaтуғa үлкeн нaзapaудapaды. Өйткeні oның нeгізі – Цзян Цзэминь жapиялaғaн кoнцeпциядa: «Қытaй – бұл дaмушы eл» - дeп жaзылғaн, Цзян Цзэминь өзінің «Цзян Цзэминь: қытaйлық epeкшeліктeгі coциaлизм жөніндe» дeгeн кітaбындa: «Үшінші әлeм eлдepімeн ынтымaқтacтық пeн тoптacуды нығaйту – бұл біздің eліміздің cыpтқы caяcaтының іpгeтacы; Қытaй әpқaшaн дaмушы eлдepгe өз eгeмeндіктepі мeн тәуeлcіздіктepін игepудe көмeк көpceтeді жәнe экoнoмикa мeн мәдeниeт caлacындa өзapaaлмacулapды дaмытaды» [13] дeп көpceтeді.
ҚХP мeн apaб жәнe Aфpикa eлдepі apacындaғы диплoмaтиялық қaтынacтapды дaтытудың «бec қaғидacын» ұcынды:
1993жылдың мәліметтеріне
Қытай
Орталық Азия ресурстарына
Пекин аймақта АҚШ ықпалының күшеюін қаламайды. Американдық әскери базаларының ОА елдерінде ұзақ уақытқа орналастырылуы да Қытайды алаңдатады. АҚШ пен ҚХР арасындағы әлемдегі ықпал үшін күрес жүріп жатқандығын ескерсек, Қытайдың аймақта өз ықпалын ұстап қалуға ұмтылысының негізгі мақсаты айқындала түседі. Бішкектен Қытай шекарасына дейінгі арақашықтықтың бар болғаны 250км және Қырғызстан астанасында АҚШ әскери базасының болуы Қытайды толғандыратынын ескере кеткен де жөн.
Қытайдан жақын болашақта Орталық Азия елдеріне қатысты қандай ұстаным күтуге болады?
Пекиннің Орталық Азияда орналасқан кен орындарын кең ауқымда өндіру мен өңдеу, осы елдерде нарыққа шығу мүмкіндігін алудың бағдарламасын жасап және іс жүзінде оны қазірдің өзінде жүргізіп отыруы әбден мүмкін.
1993жылдың мәліметтеріне
Қытай Орталық Азия ресурстарына таласта АҚШ, Ресей, Иран мен өзге де елдерге бәсекелес болатыны анық. Қазірдің өзінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында Қытай позициясы мен ықпалы күшейіп, Қытай Орталық Азияның 5 елімен де жеке-жеке тығыз байланыстар орнатуда [12, 101 б.].
2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери іс-қимылының басталу мәселесі көпшілікті алаңдатады. Бәріне де соғыс бола ма, жоқ па, болатын болса, қашан деген мәселе қызық. Сарапшылар қауымдастығы Иран мен оның ядролық бағдарламасына қатысты саясаткерлердің айтқан әр сөзіне қарап, желдің қай жаққа қарай соғатынын болжағысы келеді. Бірақ саясаткерлер айқындайтын үрдістен басқа қақтығыс болмай қоймайтынын көрсететін факторлар бар.
№1-ші фактор. Парсы шығанағы кімге бұйырады?
Парсы шығанағын әлем мұхитымен байланыстыратын Ормуз бұғазы араб мұнайын тасымалдауда негізгі күре тамыр болып отырғаны және ол іс жүзінде толығымен Иранның территориялық суларында екенін көбі біледі. Бұғаздың қауіпсіздігін күзету қызметін басынан бастап-ақ АҚШ әскери-теңіз флоты алған болатын. Және бұл Құрама Штаттары үшін толығымен қисынды.
Біріншіден, АҚШ әр уақытта да араб мұнайын тұтынушылардың ірісі болған. Ол үшін өзіне тұрақсыз өңірден стратегиялық шикізатты жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болды. Бұл АҚШ-тың энергетикалық қауіпсіздігі жүйесіндегі қиын элементі болды.
Біріншіден, осы су арнасы жабылатын болса, ал ондай жағдай орын алған да, әлемдегі барлық мұнай экспортының 40% орындалмай қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта өңірден мұнай тасымалдаудың қолда бар балама маршруттары бұғаз арқылы танкерлік транзиттің барлық көлемінің ең көп дегенде 53%-ын қамтамасыз етеді. Егер бұғаз қалыпты жұмыс істемейтін болса, әлем мұнай нарығында не болатынын елестету оңай.
Бірақ өңірдегі жағдай өзгеруде. Вашингтон араб мұнайының ірі тұтынушысы мәртебесінен айрылып, оны Қытайға берді. Тек Сауыд Арабиясынан ҚХР-ға жеткізілетін шикі мұнай көлемінің өзі тәулігіне 1 млн бөшкеден асты, ал бұл Қытайдың мұнай экспортының жалпы көлемінің 25%-ын құрайды. ҚХР қарқынды түрде Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар мен Оман мұнай нарығына еніп келеді. Бұл ретте осы елдермен дипломатиялық қатынастар да нығайып келеді.
Мұның барлығы геосаяси тұрғысынан АҚШ-ты қуантып отырған жоқ, себебі Қытай американдықтардың Таяу Шығыстағы стратегиялық одақтастарымен ынтымақтастықты белсенді жүргізіп келеді. Ал АҚШ-тың саяси қарсыластары – Иран және Сириямен байланыстың нығаюуын Американың ұлттық мүдделеріне тікелей төнген қауіп деп бағалау керек.
Иран-Қытай тандемі неге әкелуі мүмкін?
Екі елдің дипломатиялық байланыстарының
нығаюуы М. Ахмениджадтың режимінің күшейуіне
септігін тигізері сөзсіз. Иран өз экономикасын,
негізгі сала- мұнай-газ кешенін дамытуға,
жетілдіруге, қуат көздерінің экспорттық
әлеуетін өсіруге айтарлықтай инвестиция
алады. Бірақ Вашингтон үшін негізгі қауіп
– Бейжің мен Теһран арасындағы әскери
ынтымақтастық. Ол Парсы шығанағындағы
күштер балансының айтарлықтай өзгеруіне
ықпал етуі мүмкін. Мысалы, биылғы сәуір
айында Иран Қытайдың қаржылай және техникалық
көмегінің арқасында кемелерге қарсы
Наср – 1 зымыранын шығаруға кірісті. Ол
қытайлық С – 704 зымыранының (2006-шы жылы
жасалған) жетілдірілген түрі.
Аталған фактіге
бей-жай қарауға болмайды, себебі ол қытай-иран
әскери ынтымақтастығының ерекшелігін
жақсы көрсетеді. Қытай тек тамаша қаруларын
жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, әскери
технологияларды беру арқылы Иранға өзінің
әскери-өнеркәсіптік кешенін салу мен
нығаюна септігін тиігізіп отыр. Ол көмек
өзіне тактикалық және оперативтік-тактикалық
зымырандарды, артиллериялық жүйелерді,
әскери кемелерді, сондай-ақ кемеге қарсы
зымырандарды қамтиды. Аталған қару ең
бастысы теңіз нысандарын жоюға бағытталған,
және ең біріншіден Парсы шығанағындағы
америкалық флотқа қарсы бағытталған.
Иранның негізгі назары теңіздегі соғысқа
дайындыққа және онда диверсиялық соғыс
жүргізуге бағытталған.
Егер АҚШ Иранның экономикалық және әскери-саяси
күшеюіне жол беріп, ол үдерісті өз бетінше
жіберіп, өңірге ҚХР тарапынан ықпал етуін
бақылаусыз қойса, онда аз уақыт өтпей-ақ
Қытай мен Иран, басқасын айтпағанда, Ормуз
бұғазындағы АҚШ атқарып отырған күзетшілікті
өз қолымызға аламыз деп шығуы мүмкін.
Әрине, ҚХР-дың әскери-теңіз флоты Парсы
шығанағындағы АҚШ флотын алмастыра алмауы
мүмкін, бірақ ол уақыт мәселесі ғана.
Аталған сценарий
орын алуы ықтимал, себебі Қытай да өзінің
негізгі қуат көздерін жеткізуші коммуникацияның
қауіпсіздігіне, тіпті энергетикалық
қауіпсіздік мәселесінде АҚШ-қа тәуелділікті
азайтуға мүдделі. Бейжің Теһран арқылы
Орта Шығыста сенімді одақтасын тауып
отыр. Ол әлем мұнайының 10%-на, табиғи газдың
16%-на ие болып отырған Иранның көмірсутек
кеніштеріне араласуға іс жүзінде шексіз
мүмкіндік алып отыр. Ал ол кеніштерге
АҚШ пен ЕО елдеріне жол жабық.
АҚШ Парсы шығанағының өңірі өзінің уысынан кетіп бара жатқанын көрсе сала оны өзінің бақылауына қайтарғысы келері сөзсіз және олар оны тек әскери күшпен ғана іске асыра алады. Шейіттік Иранды жою олардың негізгі міндеті болады. Өйтпесе Парсы шығанағындағы билікті Иран мен Қытайға беріп қойған АҚШ-ты әлемдік асқан держава деп қарауға болмайды.
№2-ші фактор. Қуатты Иран – Израильдің өміріне төнген қауіп-қатер және араб елдері үшін қауіпті көрші
Қытайға арқа сүйеген Иран өңірлік лидерлікке қол жеткізу үшін қажет ресурстарды алуға тырысары анық. Бұл жағдайда Израильдің өміріне төнген қауіп-қатер асқан нүктесіне жетуі мүмкін, себебі Теһран – Тель-Авивтің бас жауы. Иранның Израильмен күрес қаруы Ливандағы шейіттік әскери «Хезболлах» тобы екенін ұмытуға болмайды. Ол 1982-ші жылы ирандық Ислам революциясы сақшылары корпусының қаржылай және әскери көмегінің арақасында Америка мен Израильге қарсы пиғылмен құрылған болатын. «Хезболлах» Израиль өміріне ұдайы қауіп төндіріп, Таяу Шығыстағы шиеленісті ушықтырушы негізгі рөл атқарады.
АҚШ-тағы еврейлер лоббиінің күшін ескерсек,
Ақ үй әкімшілігі тарапынан Иранға қысым
арта түсуге тиіс, мұны қазірдің өзінде
байқауға болады. Тель-Авив Иранның ядролық
бағдарламасына байланысты санкция салатын
және мәселені Теһранмен дипломатиялық
жолмен шешетін уақыт өтіп кетті деп есептейді
және Израиль Иранға алдын ала зымырандық
соққы жасауға да дайын. Оқиғалар осылай
өрбитін болса, АҚШ-тың қадамын болжауға
болады, американдықтар израильдіктермен
бірлесіп соғысқа кіріседі.
Иранның күшеюі
оның аймақтағы көршілері – араб елдеріне
ұнамайды, олар өздеріндегі саяси режимдерінің
қауіпсіздігі тұрғысынан шейіт Теһранның
ядролық держава атануынан қатты қорқады.
Экономикалық мықты Иранның ядролық бомбасы
болса, көп күтпей, жергілікті геосаяси
процестерге белсенді түрде кірігеді,
соның ішінде ислам төңкерісін экспорттай
бастайды. Бір қарағанда бұл араб елдерін
АҚШ-пен жақындастыратын сияқты. Бірақ
бұл жерде бір «тұзақ» бар.