Политическая система в Иране

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Оглавление

КІPІCПE .........................................................................

1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................

Файлы: 1 файл

iran diplom.docx

— 189.62 Кб (Скачать)

Вашингтон мен Тегеран татуласуы мүмкін бе? Иранның ядролық бағдарламасы бойынша уақытша келісім жасалды, енді Тегеранды Сирия дағдарысы туралы келіссөздерге қатыстыру мүмкіндігі талқылана бастады.

Сирия, Ирак, Ауғанстан, ядролық қаруды таратпау мәселелері - Иран мен Батыстың ортасына түскен жарықшақ іспетті проблемалар. 

Екі тарап, әсіресе Вашингтон мен Тегеран ғаламдық бейбітшілікті нығайту жолында әріптестікке қол жеткізе ала ма? Иран мен әлемнің алты державасы қаңтардың 20-сынан бастап жүзеге асырылатын алты айлық ядролық шартты орындау үшін ынтымақтаса жұмыс істейтіндерін мәлімдеді. 

Екі жақтың қайсысы да өз міндеттемелерін орындай алмаса, Иранның ядролық мәселесі төңірегіндегі даулы мәселе қайта ушығады. Әзірге Вашингтон мен Тегерандағы сарапшылар ядролық мәселелерден өзге де шаруалар бойынша болашақ әріптестікке жол ашатын түсіністік орнап келеді деп қуанып отыр. Лондонда орналасқан Cornerstone Global Associates саяси қауіптерді талдау тобының құрылтайшысы Ганем Нусейбех:

"Қазір АҚШ пен Иран осыдан 35 жыл бұрынғы ислам революциясынан соң жойылған өзара сенімді қайта қалпына келтірудің ұзақ процесін бастан кешіріп жатыр. Сондықтан жағдай бір түнде өзгере қалмайды. Дегенмен олар біртіндеп сенім қалыптастыру бағытында жылжып бара жатыр және ол тек Иранның ядролық мәселесіне ғана қатысты емес. Ол тек екі жақтың да мүддесіне сәйкес келетін басқа да мәселелер бойынша мәміле жасауға жол ашатын қақпа болмақ" дейді.

Әріптестікті біртіндеп күшейтуге себеп болуы мүмкін тағы бір мәселе – Сирия дағдарысы. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қаңтардың 22-сі күні Швейцарияда өтетін Сирия жөніндегі бейбітшілік конференциясына Иранды қатыстыру мәселесін талқылады. 

Кездесуде екі жақ бір байлам жасай алмады. Себебі Керри «Иран Сирияда уақытша үкімет құруды қолдаса ғана конференцияға ресми тарап ретінде қатыса алады» деген талап қойған. Иран бұл ұсыныспен келіспей, Башар Асадтың биліктен кетуіне қарсылық білдіріп келеді.

Бірақ Иран кездесуге бейресми тарап ретінде қатысуы ықтимал. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен БҰҰ-ның Сириядағы өкілі Лахдар Брахими дүйсенбіде болған кездесу кезінде осындай ұсыныс айтқан. 

Сарапшылар «Иран мен Батыс қарым-қатынастары жақсара бастағанына қарамастан, Вашингтон мен Тегеран өзара ымыраға келуге дайын емес» дейді.  

Нусейбехтің айтуынша, Иранның ынтымақтастыққа ұмтылуы бірнеше факторға байланысты болып отыр. Экономикалық санкциялар арқылы туған қысым Тегеранды ядролық бағдарлама бойынша келіссөзге отыруға мәжбүрлесе, президент Роуханидің «қарсыласқаннан гөрі ымыраласқаннан көп ұтамыз» деген позициясы да әсер етті.

Алайда Роухани ешқашан Вашингтонмен ара-қатынасты жақсарту туралы ашық айтқан емес, әрі ондай батыл мәлімдеме жасауға оның құзыры жетпейді. Иранның рухани көсемі – Аятолла Әли Хаменеиге ғана ондай құзырет берілген.

Дәл сол сияқты АҚШ Президенті Барак Обама да бірде-бір рет татуласу туралы айтқан емес, ол тек Конгресте «Тегеранға қарсы санкцияларды күшейту керек» деген пікірдегі оппоненттерімен айтысып келеді.

Вашингтон мен Тегеранның татуласуына кедергі келтіретін жайттар көп-ақ. Иран мен Таяу Шығыс мәселелерін сараптайтын EA Worldview веб-сайтының редакторы Скотт Лукастың айтуынша, «кейбір мәселелерді АҚШ пен Иран екеуара шеше алады. Ал аймақтағы қалған мәселелер бойынша тек екеуі ғана шешім қабылдай алмайды, жағдайды күрделендіріп жіберетін басқа ойыншылар көп».

Бұл ретте Сирия дағдарысын мысалға келтіруге болады. Сирия мәселесі бойынша Сауд Арабиясының позициясы Иранға қолайсыз. Ал Сауд Арабиясы - АҚШ-тың одақтасы.

"Былтыр жазда билікке келгенде Роухани үкіметі Сауд Арабиясымен арадағы жағдайды жақсартуға тырысты. Үкімет Эр-Риядпен ынтымақтастық туралы сөйлесе бастаған еді. Алайда Сирия мәселесі жөнінде Иран рухани көсемінің (Хаменеи – ред.), көпшілік депутаттардың, басты діни тұлғалардың, бұған қоса ақпарат құралдарының Сауд Арабиясына деген көзқарасы нашар. Олар Сауд Арабиясын «Сирия мен Ливандағы террористік шабуылдарды қолдап отыр» деп айыптайды. Мұндай жағдайда Иранның Сауд Арабиясымен ымыраласуға ешқандай саяси мүмкіндігі жоқ. Бұл мүмкіндік тумайынша, жағдай ушыққан қалпында қала береді" дейді Лукас.

Лукастың айтуынша, Ирак пен Ауғанстан мәселелерінде Вашингтон мен Тегеранның айтқаны бір жерден шығып отыр, екі тарап та бұл елдердің үкіметтеріне қолдау білдіріп келеді. Соған қарамастан, кедергілер де жеткілікті.

"Бірақ Ирак пен Ауғанстан үкіметтері Тегеранның, не Вашингтонның айтқанын істей қояды, Иран Нури әл-Маликиге (Ирак премьер-министрі – ред.) ықпал етудің тәсілдерін тапқан деуге де келмейді. Ирактағы қиындықтар әл-Малики үкіметінің ішкі мәселесіне байланысты және сүннит азшылық тобымен қалай бітімге келетініне қарай шешіледі. Меніңше, дәл осындай жағдай Ауғанстанда да қайталанып отыр - мұнда Карзай үкіметі өз халқына қатысты ішкі мәселелерін өз бетімен шешуге тырысып отыр. Иран мен Вашингтон Ауғанстанға қатысты бірдей позиция ұстанып қалмас үшін Карзаймен қалай қарым-қатынас орнату керектігіне байланысты ұқсас қиындықтармен ұшырасып отыр" дейді сарапшы. 

Кейбір сарапшылар Вашингтон мен Тегеран арасындағы әріптестік ядролық дағдарысты шешуге мүмкіндік беретіндей жағдайға жетті деп санаса, кейбірі олардың бұл жақындауынан іс жүзінде еш нәтиже шыға қоймас деп күмәнданады [26].

 

 

3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер

 

 

Батыс басылымында Назарбаевтың "Иранды жөнге шақыратын" мақаласы шықты. Наурыздың 26-сы New York Times басылымында жарияланып, авторы Нұрсұлтан Назарбаев деп көрсетілген мақалада ядролық терроризмнің қаупі туралы жазылған. Қазақстан президенті Иранды өзіне қатысты туған күдіктен арылып, бейбітшілік жолына түсуге үндейді.

26-27 наурыз күндері Сеул қаласында өтіп жатқан халықаралық ядролық қауіпсіздік саммиті қарсаңында жарияланған мақаласын Нұрсұлтан Назарбаев жойқын қару террористік топтардың қолына түссе, одан зардап шегетін адамның қисабы болмайды деген ескертуден бастайды. Ары қарай Назарбаев 2010 жылы осы мәселе бойынша Вашингтонда өткен саммиттің шешімдерін атап өтіп, Сеул саммитінде ядролық қару-жарақ саудасын тоқтату бойынша жасалатын іс-шаралар күшейтіле түседі деген үміт білдіреді.

Автор совет кезеңіндегі жаппай қарулану бәсекесі тұсында Қазақстанның қандай зиян шеккенін сипаттайды. Семей полигонында 460 жерүсті, 116 жерасты ядролық сынағы жасалғанын, полигон 20 жыл бұрын жабылса да жергілікті халық әлі оның зардабын шегіп отырғанын қайталап өтеді.

"Есі-ақылы кем, мүгедек болып туып жатқан  балалар әлі бар. Дәл осы трагедияны  бастан кешіп отырғандықтан халқымыздың  ядролық қаруды жер бетінен  жоқ қылуға деген ұмтылысы  зор" деп жазады Назарбаев. 

Оның сөзінше, Қазақстан СССР құлағанда әлемдегі төртінші ядролық державаға айналып шыға келген. Сөйте тұра егемендік алған бетте өз еркімен ядролық қаруынан бас тартқан және осы әрекетін үлгі ретінде насихаттап келеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жазуынша, ядролық қауіпсіздік үш біріктіруші компоненттен тұрады: адамзатты ядролық қарудан қорғау, ядролық терроризммен күресу және ядролық қуат өндіру ісін қауіпсіз қылу.

"Сол себепті  біз қарусыздану шараларын белсенді  түрде қолдап келеміз. Ядролық  қару таратпау келісімін күшейтіп, басқа мемлекеттерді Ядролық  қаруларды сынауға тыйым салу  туралы келісімді бекітуге үндеп  келеміз. Қазақстан соңғы жылдары  территориясындағы барлық ядролық  материалдарды қауіпсіздендіріп, Вашингтонда  ерікті түрде мойнына алған  міндеттемелерін түгел орындап  шықты" деп жазады автор.

Көршілерімен ашық, әрі бейбіт қарым-қатынас орнату Тегеранның мәртебесін арттырмаса, кемітпейді.

Назарбаевтың сөзі бойынша қандай да бір ел жойқын қаруға ие болып отырғанда, басқаларға ядролық қару иелену ниетінен бас тартқызу қиын шаруа. Бұл тұрғыда автор Иранды Қазақстанның үлгісімен жүруге шақырғанын ескертіп өтеді. Көршілерімен ашық, әрі бейбіт қарым-қатынас орнату Тегеранның мәртебесін арттырмаса, кемітпейді деген пікір білдіреді.

Назарбаевтың жазуынша, Орталық Азия жетекшілері осы аймақты ядролық қарудан ада зонаға айналдыру идеясын жүзеге асырмақшы. Автор осы бастаманы Таяу Шығыс елдері іліп әкетсе, құба-құп деген ойда. Автор ондай жағдайда ядролық қару иеленуден бас тартқан мемлекеттерге ядролық державалар заңды түрде кепілдік беруі тиіс екенін де атап өтеді.

Мақала авторының ойынша, әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде Қазақстан бірінші халықаралық ядролық отын банкін құру үшін таптырмас жер. Мұндай қор Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің қарамағында болар еді және бұл қордан материал алатын елдердің бәрі осы агенттіктің талаптарын орындауға міндеттелер еді деген ұсыныс айтады Назарбаев. 

Оның ойынша, ядролық қаруды таратпаудың бір жолы - мұндай қаруы жоқ елдердің өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау.

"Біз қорқыныш  пен күдіктен арылып, бейбітсүйгіш  одақтар мен бақуатты ел құру  жолын таңдадық. Иран да қазір  осы таңдаудың алдында тұр. Біз басқа елдерде дұрыс шешім қабылдайтындай дұрыс алғышарттар қалыптастыру үшін аянбай еңбек етуіміз керек" деп бітіреді мақаласын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев [27].

Иран мен әлемнің алты державасы Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған уақытша келісімді 20 қаңтардан бастап іске асыруға келісті. Бұл туралы 12 қаңтарда Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи Женевада Еуропа одағы және Иран өкілдерінің келіссөздерінен соң мәлімдеді.

- Иран мен "алтылық  елдерінің" бірлескен іс-қимыл  жоспарының алғашқы тетіктерін  іске асыру туралы "Женева келісімі" аталып кеткен келісім аяқталды. Келісім 20 қаңтардан бастап жүзеге  аса бастайды, - деді Аракчи Иран  мемлекеттік телеарнасына.

Женевада жасалған келісім Иранның ядролық бағдарламасын реттеуге қатысты 2013 жылы қарашада жасалған уақытша келісімді іске асырудың бір бөлігі саналады.

Женева келісімінің 20 қаңтардан бастап жүзеге аса бастайтынына АҚШ президенті Барак Обама қолдау білдірді. Ақ үй таратқан арнайы мәлімдемеде Обаманың "келісімді іске асырудың қаншалықты қиын болатынын елестете алмайтыны, бірақ ондай жағдайда дипломатиялық тәсілдерге сүйенуге болатыны" айтылады.

Обаманың айтуынша, қатаң санкциялар мен дипломатия Тегеранды келіссөздерге жүгінуге мәжбүр еткен. Ол бұған қоса 20 қаңтардан бастап Иран бірінші болып өзіндегі байытылған уран қорын жойып, уран байытатын бірқатар нысандарын істен шығара бастайтынын еске салды.

Келісім бойынша, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия және Еуропа одағы Иранға қарсы санкцияларын Тегеран өзіне алған міндеттемелерін қаншалықты орындағанына сай алдағы алты айда біртіндеп жұмсарта бастамақ.

Бірақ президент Обама егер Иран міндеттемелерін орындамаса санкциялар қатаңдатылатынын ескертті.

Мәскеу мен Тегеран Иран мұнайын Ресей тауарлары мен құрал-жабдықтарына айырбастап алу туралы келіссөз жүргізіп жатқандығы туралы ақпарат АҚШ тарапынан алаңдаушылық туғызды. Бұл туралы Reuters агенттігіне Ақ үй жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кейтлин Хэйден хабарлаған. 

Оның айтуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Ресей-Иран келісіміне қатысты АҚШ алаңдаушылығын білдірген. 

Мәскеу мен Тегеран арасында келіссөздер жүріп жатқаны әзірге ресми түрде нақтыланған жоқ. Бірақ Reuters ресейлік және ирандық дереккөздерге сүйене отырып мұнайды тауарға айырбастау келісімі жүріп жатқанын хабарлайды. 

Ақпараттарға қарағанда, келісім арқылы Ресей ай сайын Ираннан 500 мың баррельге жуық мұнай алып, ақысына тауар мен құрал-жабдықтар береді.

Хэйденнің айтуынша, егер келісім туралы ақпарат рас болса, онда ол өткен жылы қараша айында Женевада Иран мен алты ел жасасқан уақытша келісімге қайшы келеді әрі АҚШ-тың Иранға қатысты санкциясын қатаңдатуына әсер етуі мүмкін.

Женева келісімі бойынша, Иран уран байытуды шектеп, ядролық бағдарламасы туралы келіссөздер жасасуға міндеттеме алған. Есесіне АҚШ пен Еуропа Одағы Тегеранға қарсы экономикалық санкцияларды жұмсартпақ болған [28].

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Еуропа мен Таяу шығысқа сапары аясында Израильге барды. Бүгін ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездеспек. Келіссөздерде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келісім мен израиль-палестина бейбіт келіссөздері басты тақырып болады деп жоспарланып отыр. Нетаньяху бұған дейін Иран мен әлемдік алты державаның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісіміне келіспеушілік білдіріп, оны "тарихи қателік" деп атаған еді. Ол "келісім Иранның ядролық қару жасауды жалғастыруына мүмкіндік береді" деген.

2013 жылдың қарашасының соңында Женевада қол жеткен келісім бойынша, Тегеран уранды бес пайызға дейін байытуды алты ай мерзімге доғарып, Арак қаласында салынып жатқан ядролық реактор жұмысын да тоқтатуы тиіс. Мұның есесіне Иранға салынған бірқатар санкциялар алынып тасталады.

Нетаньяхумен кездесуден соң Керри Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездеспек.

АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель бүгін Бахрейнге сапармен барады. Ол сонда Парсы шығанағы елдерінің басшыларымен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімді талқылайды. Хабарларға қарағанда, Хейгел АҚШ-тың осы аймақтағы одақтастарына Вашингтонның аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оларға қару-жарақ тасымалдау міндетіне берік екенін сендіріп бақпақ. 

Информация о работе Политическая система в Иране