Политическая система в Иране

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:47, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Оглавление

КІPІCПE .........................................................................

1 ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................
1.1 Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................
1.2 Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................
2.1 Таяу Шығыстағы жағдай
2.2 Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

3 ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ
3.1 Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............
3.2 Ұзаққа созылған келіссөздер
3.3 Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

ҚOPЫТЫНДЫ ....................................................

Файлы: 1 файл

iran diplom.docx

— 189.62 Кб (Скачать)

Қaзaқcтaн Pecпубликacының Білім жәнe ғылым миниcтpлігі

Л.Н.Гумилeв aтындaғы Eуpaзия ұлттық унивepcитeті

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекмаерзаева П.К.

 

 

 

Әлемдік саясаттағы Иран мәселесі: шиеленіс, шешу жолдары, болжам

 

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

 

5В050500 - «Aймaқтaну»  мaмaндығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Acтaнa  2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилeв aтындaғы Eуpaзия ұлттық унивepcитeті  

 

 

  

 

«Қopғaуғa жібepілeді»

Кaфeдpa мeңгepушіcі

_____________________

_____________________

 «___»_________2014 ж.

 

 

 

 

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

 

 

Тaқыpыбы: «Әлемдік саясаттағы Иран мәселесі: шиеленіс, шешу жолдары, болжам»

 

 

 

5В050500 - «Aймaқтaну»  мaмaндығы бoйыншa

 

 

 

 

 

Opындaғaн  

A-41 тoбының cтудeнті                               Бекмаерзаева П.К.

 

 

 

       Ғылыми жeтeкші                                т.ғ.к. , доцент

     Дapкeнoв  Қ.Ғ

       _________________                                      ____________________

 

 

 

Acтaнa  2014

Мaзмұны  

 

КІPІCПE .........................................................................

 

1          ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ................................

1.1       Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі.....................................................................

1.2       Қытайдың жүргізіп отырған көпвекторлы сыртқы саясатындағы Таяу Шығыстың маңызы

 

2 ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ФАКТОРЫ.........................        

2.1   Таяу Шығыстағы  жағдай

2.2   Тегеранның сыртқы саясатындағы «Иран атомы»......

 

3        ИРАН МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМ

3.1     Тегеран мен Вашингтон ара-қатынасы...............

3.2     Ұзаққа созылған келіссөздер

3.3     Иранға қарсы санкциялардан бас тарту мүмкін бе?..............

 

ҚOPЫТЫНДЫ ...............................................................................................

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ .......................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары Иран халықаралық саясатта ең қызу талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Негізінен, бұл жағдай сыртқы саяси қимылдардың дәстүрімен шартталған. Дегенмен, соңғы онжылдықтардың ішінде олардың қозғаушы күші екі басты қағидат болып табылады: біріншіден, «идеологиялық» - Ислам революциясының таралуы, екінщіден, «шынайы» - Иранның территориялық тұтастығын қорғау (бірінші кезекте этникалық бөлініп кетуден) және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Бұл стратегиялар кезектесіп бір-бірін ауыстырады.

Француз Ұлттық Ғылыми Зерттеулер Орталығының директоры және Иран туралы көптеген жұмыстардың авторы, Оливье Рой «Жаңа Орталық Азия» (The New Central Asia, or the Fabrication of Nations) Ирандағы 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Тегеран өзінің сыртқы саясатының бірнеше қағидаттарын құрастырды. Ол кезде, кең түсінікте, Батыс (жекелеп атайтын болсақ, АҚШ пен Израиль) басты дұшпан болып табылды. Сонымен қатар, қарсылыстар тізімінде консервативті араб режімдері де болды, бірақ олармен қақтығыс саясатқа емес, дінге негізделді. Яғни, Исламның шииттік бағыты (Иранда) мен сунниттік (көптеген араб мемлекеттерінде ұстанатын) бағыттың қарсыластығында негізделді. Иран ешқашан да «мұсылмандық ынтымақтастық» қағидаты негізінде қарым-қатынастарды орнатқан емес, ол бір дінді ұстанатын шииттер топтарын ғана қолдап келді және қазір де қолдайды.  Иран лидерлері көп уақыт бойы КСРО-ны «кіші жауыз» (Ауғаныстандағы соғыс үшін) деп  есептеп келді, дегенмен олар өз сындарын шынайы саясат саласында білдірген емес. Себебі олар Мәскеуді АҚШ-қа қарсы тиімді «қарама-қарсы» қарсылас деп қарастырды. Уақыт өте келе сыртқы жағдайлардың ықпалынан (олардың бірі - КСРО-ның ыдырауы, ал екіншісі – Ауғаныстанда тәліптердің жеңіске жетуі) Иранның сыртқы саясаты дағдарысқа түсті.

Иранның қазіргі заманғы дипломатиясының тарихында Тегеран өз уәдесін орындамаған немесе басқа мемлекеттерге жалған ақпарат берген мысалдар көп болып келеді.

Атом бомбасы. Ресми Тегеран олардың атом бағдарламасы тек қана бейбіт мақсаттарға ие екенін бірнеше рет жариялаған болатын. Мысалы, 2001 жылы, ол кезде ирандық билік иерархиясындағы екнші адам, Хашеми Рафсанджани жария етті: «Израильге қарсы атом бомбасын қолдану оны толығымен жойып жібереді, ал Ислам әлемі тек қана кішігірім шығынға ұшырады. Бұл сценарий нанғысыз емес». 2005 жылы иран үнжариясы ирандық «Хезболланың» бас хатшысы Аятолла Мұхаммед Бакер Хараззидің сөздерінен үзінді келтірді: «Біз атом бомбасын жасауға мүмкіндігіміз бар және біз оны жасаймыз. Біз ешкіммен қорықпауымыз керек. АҚШ-тың үріп отырған иттен еш айырмашылығы жоқ». Сол уақытта Бас лидер Аятолла Али Хаменеидің жеке өкілі ядролық қаруға ие болу – Иранның басты мақсаттарының бірі деп жариялады. Осындай түсініктемелерді Иранның белгілі дінбасылары да жасады, олар Иран ядролық қаруға ие болуға орынды құқығы бар екендігін дәлелдеп отырды.

Белгілі болып отырғандай, «Муджахеддин е-Хальк» ирандық оппозиционерлер тобының ұсынған ақпараты арқасында МАГАТЭ оның бар екендігін тек қана 2002 жылы білген Натанзеде орналасқан зерттеу орталығы басты күдік тудыруда (ирандық суннит-арабтарының мүдделеріне өкілдік етеді, террористік құрылым болып есептеледі).

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери іс-қимылының басталу мәселесі көпшілікті алаңдатады. Бәріне де соғыс бола ма, жоқ па, болатын болса, қашан деген мәселе қызық. Сарапшылар қауымдастығы Иран мен оның ядролық бағдарламасына қатысты саясаткерлердің айтқан әр сөзіне қарап, желдің қай жаққа қарай соғатынын болжағысы келеді. Бірақ саясаткерлер айқындайтын үрдістен басқа қақтығыс болмай қоймайтынын көрсететін факторлар бар.

№1-ші фактор. Парсы шығанағы кімге бұйырады?

Парсы шығанағын әлем мұхитымен байланыстыратын Ормуз бұғазы араб мұнайын тасымалдауда негізгі күре тамыр болып отырғаны және ол іс жүзінде толығымен Иранның территориялық суларында екенін көбі біледі. Бұғаздың қауіпсіздігін күзету қызметін басынан бастап-ақ АҚШ әскери-теңіз флоты алған болатын. Және бұл Құрама Штаттары үшін толығымен қисынды.

Біріншіден, АҚШ әр уақытта да араб мұнайын тұтынушылардың ірісі болған. Ол үшін өзіне тұрақсыз өңірден стратегиялық шикізатты жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болды. Бұл АҚШ-тың энергетикалық қауіпсіздігі жүйесіндегі қиын элементі болды.

Біріншіден, осы су арнасы жабылатын болса, ал ондай жағдай орын алған да, әлемдегі барлық мұнай экспортының 40% орындалмай қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта өңірден мұнай тасымалдаудың қолда бар балама маршруттары бұғаз арқылы танкерлік транзиттің барлық көлемінің ең көп дегенде 53%-ын қамтамасыз етеді. Егер бұғаз қалыпты жұмыс істемейтін болса, әлем мұнай нарығында не болатынын елестету оңай.

Бірақ өңірдегі жағдай өзгеруде. Вашингтон араб мұнайының ірі тұтынушысы мәртебесінен айрылып, оны Қытайға берді. Тек Сауыд Арабиясынан ҚХР-ға жеткізілетін шикі мұнай көлемінің өзі тәулігіне 1 млн бөшкеден асты, ал бұл Қытайдың мұнай экспортының жалпы көлемінің 25%-ын құрайды. ҚХР қарқынды түрде Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар мен Оман мұнай нарығына еніп келеді. Бұл ретте осы елдермен дипломатиялық қатынастар да нығайып келеді.

Мұның барлығы геосаяси тұрғысынан АҚШ-ты қуантып отырған жоқ, себебі Қытай американдықтардың Таяу Шығыстағы стратегиялық одақтастарымен ынтымақтастықты белсенді жүргізіп келеді. Ал АҚШ-тың саяси қарсыластары – Иран және Сириямен байланыстың нығаюуын Американың ұлттық мүдделеріне тікелей төнген қауіп деп бағалау керек.

Иран-Қытай тандемі неге әкелуі мүмкін? Екі елдің дипломатиялық байланыстарының нығаюуы М. Ахмениджадтың режимінің күшейуіне септігін тигізері сөзсіз. Иран өз экономикасын, негізгі сала- мұнай-газ кешенін дамытуға, жетілдіруге, қуат көздерінің экспорттық әлеуетін өсіруге айтарлықтай инвестиция алады. Бірақ Вашингтон үшін негізгі қауіп – Бейжің мен Теһран арасындағы әскери ынтымақтастық. Ол Парсы шығанағындағы күштер балансының айтарлықтай өзгеруіне ықпал етуі мүмкін.

Жұмыстың өзектілігі Иранның әлемдік саясаттағы мәселесінің шешу жолдарын анықтауда болып таылады. Иранның ядролық қару бағдарламасының халықаралық қатынастарға ықпалы және батыс мемлекеттері мен Иран арасындағы келіссөздерге болжам жасауға тырысуда. Осы мәселелерді шешу жолындағы мәселе – әлемдік гегемондыққа ұмтылып отырған мемлекеттердің сыртқы саясаттарындағы Иранның рөлін анықтау. Келіссөздер барысында БҰҰ-ның ойнайтын рөлі. Себебі халықаралық қоғам немесе жеке мемлекеттер үшін тиімсіз жағдайлар туған кезеңде әскери күшті қолдану үрдістерді тоқтатудың жалғыз жолы болатын жағдайларда БҰҰ-ның қабылдайтын шешімдері ең басты болып есептеледі.

Қазіргі күні біз Иран айналасында пайда болған жағдайда өз саясаттырының тез, меркантильдік ойлар мен мүдделерін негізге алып отырған және алысқа ұзамай келешекте өздеріне қарсы келу мүмкіндігін есептеймейтін көптеген мемлекеттер мен әлемнің саяси элиталарында әдет-ғұрыптардың құлауының куәгерлері және замандастары болып табыламыз.

Екіжақты қарым-қатынастардың үзілуіне әкеліп соққан Ирандағы ислам революциясынан кейін Вашингтон иран билігімен дипломатиялық қатынастарды орнатуға тырысқаны көпшілікке белгісіз болып келеді. 1979 жылдың 1 қарашасында сол кезде Иранның сыртқы істер министрі АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Збигнев Бжезинскиймен бейтарап территорияда (Алжирде) кездескен. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қайта қалпына келтіру мүмкіндігі талқыланған болатын. Үш күн өткен соң иран студенттері Тегеранда орналасқан АҚШ елшілігін басып алып, 52 американдық дипломатты кепілдікке алды. 

Иранның ресми билігі тұтқынға алынған ддипломаттарды босату үшін ешқандай шара жасамады. Оның үстіне, иран басшылығының өкілдері және келешек реформатор-премьер-министр Али Хаменеи басып алынған елшілікке барып, студенттерге өз қолдауын көрсетті. Нәтижесінде екіжақты қатынастар бүгінгі күнге дейін толық қалпына келтірілмеген. АҚШ елшілігінің ғимаратында қазір антиамериканизм мұражайы орналасқан.

Диплом жұмысының мақсаты - ирандық жағдайларды сараптау, ядролық қаруды таратпау туралы мәселені және оның халықаралық қатынастардағы қайшылықтарға ықпалын анықтау.

Осы жұмыстағы жаңалық және ғылыми-техникалық мағыздылығы – бірнеше онжылдықтар барысында бірқатар мемлекеттердің ядролық салада ғылыми-техникалық ынтыматастық саясаты әлемдік қауымдастықтың, саяси, ғылыми және сараптамалық қауымдастықтың назарын өзіне аудартады. Себебі белгіленген саясатты жүзеге асыру  нәтижесінде  ядролық емес мемлекеттерге технологиялар мен білімдерді беру ядролық қаруды жасауда басты рөл атқаруы мүмкін.  Дегенмен бұл саясат бұрын осындай ірі әлемдік масштабтағы мәселеге айналған емес.

Иранның әлемдік саясаттағы рөлін көптеген ғалымдар зерттеген. Бұл проблемаға көптеген саясаттанушылар, дипломаттар ғана емес, барлық әлемдік қауымдастық қызығушылық танытуда. Зерттеліп отырған тақырып қазіргі уақытта болып жатқан үрдіс болғандықтан, зерттеу барысында қазіргі кезде Иран мәселесін зерттеп жүрген көптеген батыс, ирандық, ресейлік және қазақстандық ғалымдардың мақалалары көптеп қолданылды.

Зерттеудің объектісі ядролық саладағы ғылыми-техникалық серіктестік, ал мәні  - оның жаңдайына және болашағына ықпал ететін саяси факторлар. 

 

4

 

 

 

6

 

6

 

1

 

2

 

 

 

3

 

3

 

4

5

 

 

6

 

6

 

7

 

8

 

8

 

8

 

8


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1          ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАННЫҢ РӨЛІ

 

1.1       Батыс мемлекеттері мен Ресей арасындағы тартыстағы Иранның рөлі

 

 

АҚШ-Ресей қатынастарының тарихы екі ғасырдан асты. Екі елдің қауіпті бәсекелес екенін әлем біледі. Америкалық саясаттанушы Лурье осы тақырыпқа мақала арнапты. Онда Қазақстанның болашағы туралы да жазылған.

Америкалық саясаттанушы Ричард Лурье оқырманға Сталин мен Сахаровтың өмірбаяндары туралы кітаптарымен танылған.  
Moscow Times-қа ақпанның 11-і күні шыққан оның мақаласы «Американың Мәскеудегі елшілігінің аумағында 1809 жылы АҚШ-тан Ресейге аттанған жас, жігерлі әрі болашақтан үміті мол алғашқы елші Джон Куинси Адамстың ескерткіші тұр» деп басталады. 
«Бұл мүсін Америка мен Ресей қарым-қатынастарының екі ғасырдан астам тарихы бар екенін білдіреді. Осы уақыт ішінде екі ел арасында татулық та, түсінбестік те болды. Қазіргідей қарым-қатынастың тұйыққа тірелген сәттерін де еске алып қойған артық емес. АҚШ бірнеше қателік жіберді, ол қателіктер Ресей президенті Владимир Путиннің антиамерикалық қарсы бағдарлама жасауына жол ашты» дейді автор.

Автордың пікірінше, «Американың Ресейге қатысты жаңа үш түйткілді саясатын атап өтуге болады».  
      «№1 түйткіл – үзіліс жасайтын кез туды. АҚШ моральдық тұрғыда жоғары деңгейге көтеріліп, арандату әрекеттеріне жауап бермеуі тиіс. 2013 жылы қыркүйекте Санкт-Петербургте өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитінде де АҚШ осы қағиданы ұстануы тиіс. Ондай жағдайда Путин мен Обаманың арақатынасы жаңа белеске көтерілуі мүмкін» дейді Лурье. 
       «№ 2 түйткіл - көңіл-күйді бұзса да, орта жолда тастап кетуге болмайтын әрекеттерге қатысты, олардың бастысы - Сирия мен Иран» деп жазады автор. 
Автордың ойынша,  «Ресей Сирияға қатысты ұстанымын әлі де тықпалайтын болады, бірақ оның нәтижелі болуы екіталай. Батыстың күшімен биліктен тайдырылған сербиялық Слободан Милошевичтен бастап, ливиялық Муаммар Каддафиге дейінгі диктаторлардың елесі Кремльді торуылдап жүр. Бұл әсіресе қазір, Путин «АҚШ-тың мемлекеттік құрылымдары, үкіметтік емес ұйымдары мен қолына қару ұстаған тыңшылары Ресейді аңдып, әлсіретуге тырысып отыр» деп шын көңілмен сеніп жүрген кезеңде аса маңызды». 
        Moscow Times –тың жазуынша, «Ресей Иранға қатты қызықпайды, себебі Батыс жетекшілерінің ешбірі Аятолланы тағынан тайдырайық деп ұран тастаған жоқ. Оның үстіне Мәскеу «С-300» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Иранға сатуды тоқтату үшін жеткілікті дәрежеде несие алған жоқ. Ол жүйе Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауды өте қауіпті етері анық, ал ондай шабуыл Израиль үшін тіпті мүмкін емес қадамға айналды. Бірақ, сауданы тоқтатқан соң, Кремль 800 миллион АҚШ доллары көлемінде шығын шекті. Қазір Иран Ресейді Женевадағы Халықаралық аралық сотқа беріп, келісім шартты орындамады деп шағымданып жатыр».

          «2014 жылы Ауғанстандағы АҚШ әскерін шығаратын сәт жақындаған сайын НАТО-ның Ресейдегі Ульяновск әуе базасын қолдануы және Ресейдің теміржол желісі мен әуе кеңістігінің маңызы артып келеді» деп жалғастырады Лурье. 
Автордың дерегі бойынша, «Бұған көп ақша салынғаны белгілі: НАТО Ресей әуе жүктерін тасымалдау компаниясына 1 миллиард АҚШ долларын төлесе, солтүстік желісі бойынша бір контейнерді тасымалдау құны 17 мың 500 АҚШ доллары болады». 
           Америкалық саясаттанушының болжамы бойынша, осы тектес әскери байланыстардың бұзылуы екі ел арасындағы дағдарысқа алып келуі мүмкін. «АҚШ-тың Shuttle (Шаттл) ғарыш бағдарламасы аяқталған соң, ғарыш станциясына көтерілу үшін Вашингтон Мәскеуге тәуелді болады. Сапар құны жақында 56 миллион АҚШ долларынан 63 миллионға дейін өсті» деп жазады басылым. [4, 92 б.]

Ресей мен АҚШ текетіресі әлемдік саясатқа қалай әсер етеді? АҚШ Сириямен дипломатиялық байланысын үзді. Себебі үш жарым жыл барысында 150 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған Сириядағы азаматтық соғысқа әрең дегенде былтыр жазда нүкте қоюға ықпал еткен АҚШ пен Ресей бүгіндері Қырымдағы референдумға қатысты қайтадан дүрдараз боп тұр. «Ит ашуын тырнадан алады» демекші, АҚШ сөзіне құлақ салмаған Ресейді сабасына түсіру үшін енді бар кәрін Сирияға төгуі бек мүмкін. Қалай дегенмен де осы күнге дейін Ресейді экономикалық санкциямен қорқытып-үркітіп келген АҚШ кеше саяси-әскери ықпал тетіктерін пайдалануға шындап кірісетінін де байқатты.

          «Бұл – екі жақтың ықпалымен жасалған қадам. Сондықтан бұл арада дипломатиялық ізденіс керек» дейді БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дужаррик. Әзірге АҚШ-тың Сириямен барлық байланысын үзетіндігіне қатысты халықаралық қауымдастық тарапынан айтылған ресми мәлімдеме осы ғана. Ал ресейлік сарапшылар сөзіне сүйенсек, олар Қырым мен Сирияның бір-біріне не қатысы бар десіп алақан жаяды. Мүмкін саяси ойын тәртібі бойынша солай ету керек шығар. Алайда Қырым мен Сирияның жағдайы бір-бірімен байланысты екендігі бесенеден белгілі.  
        Соңғы кездері Сочи Олимпиадасы және Украинадағы жағдай әлем назарына қатар ұсынылып жатты. Бірақ бір мәселе әрдайым тасада қалып келді. Ол – Сирия тақырыбы. Естеріңізде болса, 2013 жылдың маусымында «Үлкен сегіздік» көшбасшылары Сириядағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеу туралы халақыралық консенсусқа келген болатын. Міне, осымен мұндағы әскери қақтығысқа нүкте қойылуы керек-ті. Дегенмен бұл мүмкін емес боп шықты. Өткен бір ай барысында Башар Асад әскері ислам сарбаздарын тықсырып, елдің батысындағы стратегиялық өңір – Зараны басып алды. Қазір Сирия әскери қызметкерлері ұлттық қорғаныс күштерімен бірігіп Хасраджия аймағында майдан жүргізіп жатыр. Сондықтан бұл арада Асадтан құтылғысы келетін «Үлкен жетіліктің» мақсаты бұзылды. Алайда халықаралық келісімде Асад билігінің болашағы туралы сөз мүлде қозғалмаған болатын. 
         Негізінен, Башар Асад режимі ішкі шиеленістен соққы алды. Одан кейін көмек көрсетуші ретінде сыртқы «ойыншылар» оған қатыса бастады. Нақтырақ айтқанда, америкалықтар, орыстар және Парсы шығанағының суннит монархтары бұл шиеленісті өз ұпайына пайдалануға тырысты. Ресей Асадты қолдады. Өйткені олар Сирияның талқаны шықса, Ресейдің оңтүстігі ойсырап, жауға ыңғайлы боп қалады деп санайды. «Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттеріне қатысты АҚШ пен Батыстың жүргізіп жатқан «қырғи-қабақ шабуылында» Сирия Ресейге өтудің алаңы боп табылады. Егер Сирия талқандалса, онда Түркия мен Ираннан соң Ресейге кезек келеді» дейді Ресей Думасы сенаторы Александр Ющенко. 
        Бейресми деректер бойынша, соңғы кездері ондағы әскери қақтығысқа жалдамалы түрде қатысушылар тарапында ресейліктер, Украина татарлары мен беларустар да бар көрінеді. 
         Өткен жылдың мамыр айында Украина полковнигі Сергей Разумовский бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттердің әскерлерін Сириядағы соғысқа ат салысуға, Башар Асад билігін қорғап қалуға шақырған бейнежазбасын ғаламторға орналастырған болатын. Одан кейін ол Украина, Ресей, Молдова және Белоруссиядан 50 мың қол жинап қойғандығын мәлімдеген. Бірақ ресми дерек     бойынша Башар Асад бұл әскери көмекті қабыл алмаған. [6, 84 б.]

 Сол кездегі украин полковнигінің мәлімдемесінен үзінді келтіре кетсек: «2012 жылы Ливияда болған әскерилермен жолықтық. Олар Сирия соңғы жаттығу алаңы екенін ескертті. Одан кейін ол жақтағы қырғын Қырымда ұласады десті. Біреулері «20 жыл бойы уәде еткен Қырым хандығы қайда?», тағы біреулері «Татар мемлекеті қайда?», не болмаса мұнда ислам мен шариат неге сақталмайды?» деп жан-жақтан ұмтылып, ел ішінде лаң шығарады, арты жаман болады деді олар. Сондықтан соғысқа дайындық керек, біз кез келген «қызыл нүктеде» шыңдалуға дайын болуымыз керек. Жау жар астында ». Міне, айтылғандардың барлығынан түйетін ой, Қырым мен Сирия оқиғасы әу бастан түзілген, демек бұл ислам елдерінен бастау алған аласапыран біздің өңірге де келу қаупі бар деген сөз. Лаңкесшілер, фашистер деген айыппен бүтін елдің ойран-топырын шығаратын бұл ойын келесісінде кімді нысанаға алады? Халықаралық сарапшылардың пайымынша, келесі Каспий аймағы болады деседі. «Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші», былтыр Ақтауда өткен «Каспийдегі халықаралық әріптестіктің парадигмасы» атты конференцияда мұндай болжамның бір шеті қылтиып еді. «2015 жылы Каспий әлемдегі ең тұрақсыз аймақ болуы мүмкін. Мұндай байлам жасауға объективті және субъективті себептер бар» дейді Қазақстан қорғаныс министрлігінің Әскери-стратегиялық зерттеу орталығының сарапшысы Рафик Таиров. Оның айтуынша, соңғы кездері осы аумаққа АҚШ, Батыс және ислам мемлекеттері экономикалық, саяси және әскери ықпалын белсенді өрістетуге кіріскен. Сондықтан қазіргі Украинаға қатысты халықаралық арендағы дипломатиялық тараптардың шешімі бір полиярлық жүйенің келесі сценариіне жол ашып береді немесе оны жояды. Осы жағынан алғанда, бұл мәселенің біздің мемлекеттің тағдырына да белгілі бір деңгейде қатысты бар деп айтуға болады [3, 188 б.].

         Саясаттанушысы Нұрлан Сейдіннің көзқарасы: 
         « – Әлемде ықпалын өрістетуге бағыт алған ірі державалар бар кезде жер шарындағы кез келген мемлекет абсолютті тұрғыда тәуелсіз емес. Сондықтан сыртқы қауіп-қатер тәуекелдеріне тойтарыс беруге әрдайым дайын болуымыз керек. Сыртқы қауіп-қатерлер экономикалық, саяси, діни, әлеуметтік, ұлтшылдық сипатта бола береді. Соңғы кездері АҚШ Еуропалық одақпен бас қосып, Иран, Ирак, Сирия, Ливия өңірлерінде ықпалын арттырды. Мәселен, Сирия халқы араға салынған оттың құрбанына айналды. Қазір мұндағы азаматтық соғысты тоқтату мүмкін болмай тұр. Өйткені екі тарап әбден жауығып алған. Бірақ бұдан басқалардың ештеңесі кетпейді. Ауғанстандағы соғыс та көпке созылды. Ірі державалар оны өз ықпалы мен күшін сынаудың полигонына айналдырды. 
          Жалпы, бұл – қалыпты табиғи құбылыс. Әлсіздер күштілердің жемтігіне айналатыны секілді. Ең бастысы, осындай сындарлы сәтте елдің бірлігін сақтап қалған дұрыс. Ел ішіне іріткі түсірмеу керек. Сол секілді ірілермен иық тірестіретіндей күшті мемлекет болуға ұмтылу қажет». 
         Саясаттанушысы Юрий Романенконың көзқарасы: 
         «– Қазір бұрынғыдай бір мемлекетті басып алу деген жоқ. Оны сырттан басқара беруге болады. КСРО-ға дейін геосаяси карта қалыптасып, бір тыныштық орнаған секілді еді. Ал КСРО қалай ыдырады, АҚШ қайтадан өз ықпалын арттыру үшін басқа мемлекеттердің ішкі ісіне белсене араласа бастады [9, 76 б.] 

Джордж Фридманның «Келесі он жылдық» деген кітабын алыңыз. Онда қазіргі АҚШ-тың геосаясаты жақсы сипатталған. Ол сыртқы саясатта АҚШ мықты болуы үшін одақтастан үшбұрыш құруы керек дейді. Мысалы, Парсы шығанағы: Сауд Арабиясы, АҚШ және Иран. Одан кейін: Сирия, АҚШ, Израиль. Израиль – одақтас. Сирия – қарсылас. Түркия, Иран, АҚШ. Немесе Түркия, Ресей, АҚШ. Еуропадағы Наполеон соғысы кезінде Ұлыбритания тура осылайша ойын ойнаған» [14].

         Ресейдің сыртқы саясаттағы геостратегиялық ұстанымы. 
Ресейдің геостратегиялық жағдайының ерекшеліктері: 
       1. Ресей Солт.жартышарда, Еуразия құрлығында орналасқан. Бұл Еуропадағы да, Азиядағы да болып жатқан әскери-саяси үдерістерге ж/е Ресейдің геосаяси кеңістігіне тиісті аймақтардағы жағдайларға ресей әскери саясатының сәйкес бейімделуіне көп көңіл бөлуді талап етеді.  
        2. Ресей қызметінің сипатына әлемдегі же аймақтағы әскери-саяси жағдайдың дамуы тәуелді болатын маңызды трансұлттық әуе, теңіз ж/е жерұсті магистральдарында орналасқан. 
       3. Үлкен кеңістік өлшемдері бүкіл ел көлеміндегі қорғанысты ұйымдастыруға ж/е қажетті бағыттағы қарулы күресті тікелей басқаруға бағытталған стратегиялық міндеттердің шешіміне айрықша талаптар қояды. 
       4. Халықтың біркелкі қоныстанбауы; экон/қ зоналардың ошақтық сипаты, олардың адами ресурстар мен энергияны пайдаланудағы қарама-қарсылығы; транспорттық коммуникацияның, АЭС-тің ж/е әлеуетті экологиялық қауіпті кәсіпорындардың осалдығы – мұның барлығы стратегиялық сипаттағы іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды қиындатады. 
         5. Ресейдің сыртқы ортамен түрлі сипаттағы байланысы оның геосаяси периметрінің біртекті болмауына ж/е оған көрші мемлекеттер тарапынан өз ұлттық мүдделерінің ж/е оларды жүзеге асыру әдістерінің ерекшеліктерінен туындайтын түрлі қатынастар болуына жағдай жасайды. 
         6. Әлемнің түрлі аймақтарындағы қарулы қақтығыстар мен шиеленіс ошақтары Ресейге де әсер етпей қоймайды, ал оның шекараларына таяу орын алған қарулы қақтығыстар Ресей аумағын әскери жағынан осал қылады. 
          7. Ресейдің қазіргі геостратегиялық жағдайы – аймақтық ж/е жаһандық әскери-саяси қатынастар құрылымының тұрақты өзгерістері мен күрестерінің нәтижесі. Тарихи даулардың шешіміне қанағаттанбау Ресейге көптеген көршілері тарапынан территориалдық ж/е басқа да талаптардың қойылу қаупін тудырады.  
         Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша РФ саясатының негізгі бағыты Ресейдің өзінің экономикалық және әскери қуатын нығайту болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды ұйым ҰҚКҰ болып табылады. Оның басты маңыздылығы ол бүгінгі таңда әскери құраушысы бар жалғыз қауіпсіздік институты болып табылатынында. Сонымен қатар, ҰҚКҰ қазіргі қауіптер мен шақыруларға қажетті ұйымдастырушылық, нормативтік және саяси инструментарийі бар және ұйым «қосымша (экономикалық, мәдение, т.б.) өлшемдермен қиындатылған емес». 
        Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамаыз етудегі РФ саясатын дамытудағы маңызды бағыт ШЫҰ қызмет жүйесін дамыту, сонымен қатар, осы ұйым мүшелері арасындағы әскери, экономикалық қайшылықтарды жою болып табылады. 
        Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамаыз етудегі РФ саясатын дамытудағы тағы бір маңызды бағыт ШЫҰ кеңею мәселесі болып табылады. Бір жақтан, ШЫҰ мүшелері кеңейтуді анықталмаған мерзімге кейінге қалдыру ұйымның аморфтылығының пайда боуы мен соның салдары ретінде оныі әлемдік саясатқа ықпалының әлсіреуінен күдіктенеді. Екіншіден, ШЫҰ-на Үндістан мен Пәкістанның енуі оның жұмысының тиімділігін азайтуы мүмкін. 
         Посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамаыз етудегі РФ саясатын дамытудағы тағы бір маңызды бағыт ШЫҰ және ҰҚКҰ өзараәрекетін нығайту болып табылады. Бүл екі ұйымның жауапкершілік аумақтары қызметтік жағынан да, географилық жағынан да қиысады. ҰҚКҰ құрамына кіретін жеті мемлекеттен бесеуі ШЫҰ құрамына кіреді, ал ШЫҰ алты мүше-мемлекетінен бесеуі ҰҚКҰ құрамына кіреді. Қазіргі таңда бұл екі құрылым өзара бәсекеге түсуде. Бұл ҰҚКҰ тиімді емес. 
Посткеңестік кеңістіктің мемлекеттері өзіне әлемдік саясаттың көптеген субъктілерінің тартушылығының артуы байқалуда. Орталықазиялық елдер өзінің геосаяси орналасуы және зор энергетикалық және табиғи ресурстарының болуы себебімен стратегиялық мәнге ие. 
Сондай-ақ, посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі РФ саясатын дамытудағы ең басты бағыт Үлкен геосаяси кеңістікті қалпына келтіру қажеттілігі болып табылады. 
         Ресейдің геосаяси және геостратегиялық жағдайының ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Геосаяси жағдай дегеніміз – мемлекеттің ХҚ жүйесіне қосылуын, әлемдік саясаттағы орны мен рөлін, жалпы х/қ климатқа әсер ету әдістері мен ерекшеліктерін сипаттайтын жер шарындағы орналасуы. Ресей Еуразия құрлығының орталық бөлігіне орналасып, Батыс пен Шығыс елдері арасындағы қатынастарда геосаяси көпір мен делдал рөліне ие. Оның Еуропа мен Азияға бір уақытта қатысуы әлемнің осы бөлігіндегі экон/қ, саяси, әскери ж/е мәдени үдерістер мазмұнына ықпал етеді. Теңізге шығатын жолы бар, х/қ транзит үшін үлкен территорияны пайдаланатын, сонымен қатар ғарыштық, әуе, теңіз навигациясы жүйесі де бар үлкен кеңістікті алып жатқан Ресей х/қ интеграцияға белсенді әрі тиімді қатысу ж/е жалпы ғаламшар өмірі мен ондағы жаһандық саяси үдерістерге ықпал ету үшін бірегей мүмкіндіктерге ие. 
          Мемлекетттің геостратегиялық жағдайы дегеніміз – оның жер шарындағы орны ж/е осы орнына байланысты иеленетін әскери құрылыстарды ұйымдастыру мен соғыс жағдайында мемлекетті қарулы қорғау бойынша ірі масштабтағы іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мүмкіндіктері. 
           Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы тек тарихи дамудың нәтижесі ретінде бекітілген нәрсе емес, ол орын мен уақыт жағдайы белсенді байқалатын үдеріс болып табылады. Бұл жерде елдің геосаяси жағдайының ерекшелігін Ресейдің тарихи өткені мен бүгінінің ерекшеліктерін ескермей түсінуге болмайды.  
         1) Ресей өз геосаяси жағдайына ұзаққа созылған күрес пен көптеген жоғалтулар нәтижесінде қол жеткізді. Бүкіл тарих барысында Ресей түрлі тараптардан түрлі мазмұнда саяси қысым көрді: «варягтардың» елдің экон/қ ж/е саяси құрылымына бәсең енуден бастап ашық әскери агрессиямен аяқталған. 
         2) 1917 ж бастап ғаламшардың саяси тарихы Ресейде өтіп жатқан социалистік үдерістерге б/ты болды. Жаңа қоғамдық жүйе құрудағы ірі масштабты социалистік тәжірибені жүзеге асыру бүкіл әлемдегі саяси қатынастардың сипатына түбегейлі әсер етті. Көптеген мемлекеттер белсенді түрде Ресейдің ісіне араласып, өркениет пен демократия ескерусіз қалды. 
          3) КСРО, социализмнің әлемдік жүйесі, Варшава келісімі ыдырағаннан кейін геосаяси ландшафт түбегейлі өзгеріп, Ресей көптеген параметрлері б/ша КСРО-ға жетпегенімен, оның аумағында болып жатқан ішкі үдерістер бүкіл әлемнің назарын аударады. Ресейден шығатын әлеум/к ж/е саяси импульстарды х/қ қауымдастық қызу талқылайды. Бұл импульстер ХҚ жүйесінде көрініс тауып, мемлекеттерді Ресейге қатысты саясаттарын түзеуге мәжбүрлейді. 
        Дегенмен үлкен кеңістіктік мөлшерлер, басқа мемлекеттермен ж/е халықаралық ықпалды орталықтармен көптүрлі сипаттағы жақындықтар кеңістікті ұлттық мүддеге пайдалану мен игеру үшін қолда бар құралдарды қолдануда қиындық туғызады.  
Қазіргі уақытта Ресей өз геосаяси әлеуетін жүзеге асыруын белгілі бір дәрежеде шектейтін үш «санитарлық кордонмен» қоршалған: 
       1. «Империяға» қарсы қалыптасқан бұрынғы кеңестік республикалардағы саяси режимдер: Латвия, Литва, Эстония, Украина, т.б. 
       2. Өздерінің Ресеймен қатынастарында русофобияны басты принцип қылған бұрынғы социалистік достастық елдері. 
       3. КСРО-ның бұрынғы дәстүрлі қарсыластары. «Қырғи-қабақ соғыс» кезіндегі бәсекелестік күрес логикасына сәйкес, олар Ресей қуаттылығына, оның геосаясаттағы жекеленуіне мүдделі емес. 
         Сонымен қатар біртұтас экономикалық интеграциялану - ықпалдасу кеңістігінің жоқ екенін де айтуға тиіспін. КСРО кезінде осы аумақтық – экономикалық кеңістіктер арасында қалыптасқан берік және өзара тәуелді шаруашылық байланыстар мен қатынастарға қарамастан оны құру мүмкін болмай қалды. 
          Ресейдің Украинамен геосаяси қатынасы. Беларусьтағыдай тығыз емес, одақтастық та емес, тек әріптестік сипаттағы ғана қатынас. Сонымен бірге, көптеген қарама – қайшылықты және дау – дамайлы жағдайлар бар, мысалы, Қырым, Севастополь және Қара теңіз флоты мәселелері бойынша; Украинаның ГУӨӘМ – ге белсенді қатысуы ТМД біртұтас экономикалық кеңістік құруға ықпал етпейді; 2006 жылдың көктемінде Украинаның Приднестровьяға қарсы экономикалық (санкция) тосқауыл қоюы Ресейдің экономикасына және оның Преднестровьямен сауда қатынасына нұсқан келтірді; Ресей мен Украина арасындағы газ жөніндегі дау – дамайлық жағдай (мысалы 2005 ж. соңында « Газпроммен» болған); Украина АҚШ- тың Ирактағы әрекетін қолдады (Ресейге қарағанда) және оған әскерін жіберді. 
          Ресеймен Грузия арасында аса қиын күрделі қатынас орнығуда. Грузия басшылары ашық түрде антиресейлік саясат жүргізуде. Геосаяси тұрғыдан Грузия, АҚШ – қа, атлантика саясатына бағыт – бағдар ұстанған. Сонымен қатар, Ресейді де өз экономикалық мақсаттарына сай (шикізат, жеңілдетілген тарифтер) пайдаланып қалуға тырысуда. 
          АҚШ Грузияның антиресейлік саясатын қолдайды. 
Ресейдің Армениямен және Әзірбайжанмен қатынасы, тіптен соңғының (Әзірбайжанның) басқа геосаяси күштер орталықтарына басым бағыт – бағдар ұстағанына қарамастан (Түркия, Иран, Ислам әлемі) жақсы қалыптасуда. Алайда бұл қатынастар Таулы Қарабах мәселесін шешуде қиындыққа тап болуда, бұл жерде Ресей екі жақты татуластырушылық миссияны атқаруға талпынуда. 
         Ресейдің Орта Азия елдерімен қатынасы. Геосаяси Орта Азия аймағы сондай – ақ Ресейдің оңтүстік « құрсақ» деп аталатын аймағына жатады, онда геосаяси жағдайдың асқан тұрақсыздығымен және орнықсыздығымен сипатталады. Орта Азия геосаяси аймағына бұрынғы КСРО одақтас республикалары Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстан кіреді. Алайда тек Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан ғана Ресеймен тығыз геосаяси және геостратегиялық ынтымақтастық алаңына енген. Ал қалғаны басқа геосаяси күштер орталықтарына бағыт – бағдар ұстаған. 
          Саяси жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі.Ресейдің әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен орны ішкі және сыртқы саяси даму жағдайларына байланысты жүзеге асырылуда. Ресей Федерациясының сыртқы саясаты кез келген мемлекеттегідей өзге елдермен экономикалық, саяси, әскери және әлеуметтік идеологиялық байланыстарынан түзілетін жүйе болып табылады. Ол әлемдегі алдыңғы қатарлы елдермен қатынас жасаумен басталып, Еуразия континентінде ерекше орын алатын Орталық Азия аймағымен де тығыз байланыс орнатып, аймақта өз орнын нығайтумен жалғасады. 
           Жалпы әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесінде Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алып келе жатыр. Бұрынғы кеңес мемлекеттері: Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан өзіндік даму жолын таңдауға мүмкіндік алып, әлемдік саясаттың тәуелсіз объектісі мен халықаралық қатынастардың тәуелсіз субъектісіне айналды. Жаңа мыңжылдықтың басынды аймақтың геосаяси және геостратегиялық маңыздылығы арта түсті. КСРО құлағаннан кейін 1995 жылдан бастап Ресей Федерациясы сол уақытта қалыптасқан геосаяси бағытын аса өзгерте қойған жоқ болатын. Ал қазіргі таңдағы геосаясатының негізгі ұстанымдарына тоқталатын болсам ол: 
          1. Сыртқы саясаттың геостратегиялық басты бағыты проеуропалық бағытты ұстануда және Ресейдің Германия, Франция сияқтың елдермен жақындасуын алға тартуда 
           2. Пробатыстық бағытты жоятын, азияттық бағыт қалыптасуда, Азияға көп көңіл бөлу Қытай, Үндістан және мұсылман әлемімен жақындасу көпполярлы әлемнің қалыптасуна алып келуі. 
          3. Югославия, Таяу Шығыс,Тәжікстан, Абхазия сияқты елдердегі халықаралық конфликтілерді шешуге ат салысуда, бітімгершілік саясатты ұстануда.  
           4. Әлемдік держава статусын қайтару үшін геосаяси территориясының кеңейюін.  
Батыстық саясат ұстануына байланысты, АҚШ тың Ауғанстандағы іс қимылдарына байланысты қайшылық туындауда. 
         Ресей 2010-2015 жж. геостратегиялық Азияттық бағытын дамытуды көздеп отыр. Осымен байланысты тұтас геосаяси кеңістік жоқ деуге болады, мұндай кеңістікке РФ және БР (Беларусь пен Ресейдің одақтас мемлекеттері), сондай – ақ, белгілі дәрежеде Қазақстан, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан аумақтарын жатқызуға болатынын атап айтқан жөн. Посткеңестік кеңістіктегі қалған мемлекеттер өзге саяси күштер орталықтарына: АҚШ – қа ( Украина, Грузия, Түркіменстан), Еуропаға (Украина, Молдава), Түркияға ( Әзірбайжан), исламдық Азия мемлекеттеріне ( Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан), Қытайға бағыт – бағдар ұстауда. 
Ресейдің Закавказьямен қарым – қатынасы. Закавказья геосаяси ауданы Ресейдің оңтүстік « құрсақ » деп аталатын ауданында жатады және оның аса геостратегиялық маңызы бар. Ол Грузияны, Арменияны және Әзірбайжанды қосқан. Закавказьядегі геосаяси жағдай мейлінше тұрақсыздығымен және орнықсыздығымен сипатталады.  
         Бұл аймақта Ресейдің дәстүрлі тарихи қалыптасқан геосаяси орналасуына қарамастан, бүгінгі Ресейдің оған геосаяси ықпалы шектеулі, бірқатар қиыншылықтар, жаңа биліктің түсінбеушілікке ұрынуы, дау – дамайлық жағдайлардың және қақтығыстардың жиі пайда болуы кері әсерін тигізіп отыр. Қан төгісті қақтығыстарға жол бермеу және шекараны күзету сияқты қиын миссияны атқаратын Ресейдің, бейбітшілікті қорғау және шекара әскерлерінің бұл өңірде болуының өзі жағдайды нығайтуға септігін тигізе алмай отыр. 
         Закавказья аймағының негізгі проблемалары мен қайшылықтарына келесілерді жатқызуға болады: Ресейдің бұрынғы ықпалының жойылуына орай, аймақта көптеген күштер орталықтарының геосаяси, экономикалық және басқа да мүдделері шоғырланды ( АҚШ, Еуроодақ, Түркия, Иран және т.б.); саяси жағдайдың орнықсыздығы ( әсіресе Грузиядағы өткір ); шешілмеген аумақтар таласы ( ең алдымен Таулы Қарабах); қақтығыстар ( саяси, аумақтық және діни – этникалық); этникалық және діни- мәдени жек көрушілік ( әсересе Әзірбайжан мен Армения арасындағы ); мұнда трансұлттық қылмыстың көптеген жолдары өтеді (есірткілер, қару – жарақтар саудасы); экстремизм мен халықаралық лаңкестік орын алған жердің бірі; көптеген мәселені Ресейдің есебінен шешуге тырысушылық, (КСРО ыдырағаннан бастап) оған экономикалық проблемалар үшін, саяси, аумақтық және діни- этникалық қақтығыстар үшін жауапкершілік жүктелген. 
Халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен нығайту мақсатында Ресей - ядролық қаруды таратпау туралы Келісімнің,  
- бактериологиялық ж/е токсиндік қаруды өндіру мен қорын жинақтауға тыйым салу туралы Конвенцияның,  
- химиялық қаруды жинақтау мен қолдану және оны жою,  
- ұлттық ж/е халықаралық ақпараттық, саяси, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің,  
- халықаралық терроризм мен жаппай қырып-жою қаруын тарату сынды әлемдік қатерлерге қарсы күрестің орындалуына ат салысады. 
Сирияда химиялық қаруды қолдануды тоқтатуға қатысты Ресей Б.Асадпен келіссөздерге үлкен ықпал етті.  
С.Лавров Мәскеу ұсыныстарын іске асырудың үш негізгі кезеңдерін атап көрсетті:  
       Сирия химиялық қаруларды өндіру мен қолданбау туралы Конвенцияға қосылады. Сирия өз химияялық қарулары қорларының орнын ашады және өндіру бағдарламасын егжей-тегжейлі анықтап береді 
Мамандар бақылау орнатудың нақты шаралары жөнінде шешім қабылдайды. 
Сириялық химиялық қару бағдарламасын жою жөніндегі 2118 резолюциясының іске асырылуы, сириялық үкіметтің халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа бару шараларын Ресей өз дипломатиясының жемісі ретінде қабылдайды.  
Жылдың соңына дейін Сирия мәселесіне қатысты Ресей-АҚШ-БҰҰ форматында «Женева-2» кездесуін өткізу жоспарлануда.  
Ресей әлемдік дамудың тұрақты басқарылуына үлкен мән береді, ол әлем елдерінің ұжымдық жетекшілігін талап етеді. Осы мақсатта Ресей «Жиырмалық тобы», БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР), «Үлкен сегіздік», ШЫҰ, РИК (Ресей, Үндістан, Қытай) форматтарында, сондай-ақ өзге құрылымдар мен диалогтік алаңдарда өзара әрекеттестікті ұлғайтады. 
          Ресей халықаралық қатынастарда күш факторы рөлін төмендете отырып стратегиялық және аймақтық тұрақтылықты нығайтуға ат салысады. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру РФ Сыртқы саясат Тұжырымдамасында (12 ақпан 2013ж.) белгіленген. 
        РФ Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту мен шектеу шаралары жөніндегі екіжақты Келісімнің орындалуына ерекше мән береді. 
        Ресей президенті Владимир Путин американдық New York Times газетіне берген сұхбатында: «Сириялық қақтығысқа қарулы араласу зорлық-зомбылық деңгейін көтеріп, терроризмнің жаңа толқынына түрткі болады», - деп АҚШ халқына үндеу тастаған болатын [15].

Информация о работе Политическая система в Иране