Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 18:21, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.
КІРІСПЕ ………………...………………....…………………..…………............3
І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.....…….....8
1.1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық- педагогикалық және оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау ....................................................................................................……………8
1.2 Оқушылардың шығармашылық қызметінің мәні мен сипаттамалық ерекшеліктері.............................…………………………………………………16
1.3 Математикадан сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың белсенді шығармашылық қызметінің алғы шарты іспеттес …………............................31
ІІ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ……………………………………...........................................38
2.1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша математика-дан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ..................................................38
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашы-лық қызметін дамытудың жолдары ……....………............................................45
2.3. Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға қажетті проблемалар жүйесі арқылы педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері..............................................................................................................71
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР…....93
ҚОРЫТЫНДЫЛАР ……………………………………………………………..98
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ………………………………….....101
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ АЛГЕБРА, ГЕОМЕТРИЯ
КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелік жолдары
Орындаған: физика-математика
факультетінің 050109- математика
мамандығының бітіруші студенті
Жумақанова Мақпал Жүнісқызы
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. профессор
__________________Қ.И. Қаңлыбаев
« » ____________ 2013ж.
Қарауға жіберілді.
Математикалық талдау және
Алгебра, геометрия кафедрасының
Меңгерушісі: ф-м.ғ.д. профессор
__________________ Көксалов Қ.К.
Алматы 2013ж.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ………………...………………....…………………..……
І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.....…….....8
1.2 Оқушылардың шығармашылық
қызметінің мәні мен
1.3 Математикадан сыныптан
тыс жұмыстар – оқушылардың
белсенді шығармашылық
ІІ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ……………………………………................
2.1 Оқушылардың шығармашылық
қызметінің дамуы бойынша математика-дан
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
..............................
2.2 Математикадан сыныптан
тыс жұмысындағы оқушылардың
шығармашы-лық қызметін дамытудың жолдары
……....……….....................
2.3. Оқушылардың шығармашылық
қызметін дамытуға қажетті проблемалар
жүйесі арқылы педагогикалық эксперимент
жүргізу және оның нәтижелері....................
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР…....93
ҚОРЫТЫНДЫЛАР ……………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ………………………………….....101
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.
Оқушыларды шығармашылық жолмен оқыту, көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, алдағы ХХІ ғасырда іске асуға тиісті негізгі - өзекті проблема.
Оқыту процесінде мектеп оқушыларын сыныптан тыс өз бетіндік жұмыстар арқылы ойлануға үйрететін шығармашылық жұмыстар дидакт ғалымдардың (Б.М.Есипов, М.И.Скаткин, И.Т.Огородников, Р.Г.Лемберг, М.Жұмабаев, М.Дулатов, В.П.Добрица, А.Е.Әбілқасымова, А.К.Көбесов, И.Б.Бекбоев, М.И.Махмутов, М.А.Данилов, Т.И.Шамова), сондай-ақ психологтар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, М.Мұқанов, В.А.Крутецкий, В.А.Понамарев, Т.Тәжібаев және т.б. мазмұнды еңбектерінде кеңінен талданған. Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, өз ортасындағы өзгерістерге сай білімін өз бетінше толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен қолдана білуге дағдылануы қажет. Сондықтан оқушылардың оқу процесіндегі таным қызметінің белсенділігін арттыру математиканы оқытудың ең негізгі бірінші дәрежелі проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.
Жоғарыда аталған педагог-
Шығармашылық қызмет математиканың сыныптан тыс жұмыстарындағы оқушылардың өз бетіндік жұмыстарымен тығыз байланысты болатыны осы зерттеудің өзекті мәселесі.
Біздіңше, математикадан оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту ғылыми педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмаған және математикадан жаңа оқулықтар мен бағдарламалар оған бейімделмеген.
Осы дипломның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмысына сүйеніп, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылығын дамыту, сол арқылы ақыл-ойының кемелденуіне мүмкіндіктер тудыру. Осы жағдайда оқушының сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қызметін дамытудың нақты мүмкіндігі мен оны мектеп практикасында іске асыру деңгейі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалады. Орта мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудағы осы қайшылықты шешуде теориялық талдаулардың жеткіліксіздігі және жалпы білім беретін орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың зерттеуге сай бағыты әдістемелік жағынан толықтырылмағандығы анықталды. Осы аталған проблемаларды математиканы оқыту процесінде шешудің теориялық мәні мен практикалық қажеттігі зерттеу тақырыбын "Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелік жолдары" деп анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу объектісі – орта мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні – математикадан сыныптан тыс жұмыстар барысында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыру процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұнын анықтап, оның әдістемелік жолдарын көрсету.
Әдебиеттерге талдау жасаудың негізінде алдынғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибесіне және практикадағы іс - тәжірибемізге сүйеніп келесі зерттеу болжамын ұсынамыз.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер шығармашылық қызмет түсінігі компоненттерін анықтай отыра, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардың шығармашылық қызметі артуымен қатар математикалық білім сапасы да артады.
Зерттеудің ғылыми - әдістемелік міндеттері.
Зерттеудің мақсаты мен болжамы келесі мәселелерді тұжырымдауға және оны шешуге мүмкіндік берді:
– оқушылардың шығармашылық қызметі түсінігі мен оның компоненттерін анықтап, жүйелеу;
– шығармашылықтың даму белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
– қызығу, ынта, қабілеттілік, шығармашылық ұғымдарының математиканы оқытудағы сипаты мен байланысын, олардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарындағы әсерін сипаттау;
– математиканың сыныптан тыс жұмыстарында шығармашылық қызметті тиімді ұйымдастыру мен оны іске асырудың әдістемесін ұсыну;
– ұсынылған әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы сәйкес ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы оқыту процесінде сыныптан тыс жұмыстардың оқу материалдары оқушылардың ойлау әрекетіне үйлесімді күш түсіру арқылы олардың шығармашылық қызметін дамытады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізіне – таным теориясы, жеке тұлға туралы теория мен оқушы қызметін тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық концепциясы қызмет етеді.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеудің кезеңдері.
Бірінші кезеңде (1984-1990 жылдар) зерттеудің тақырыбы анықталып, ұсынылған проблемаға сәйкес психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалды, зерттеудің ғылыми аппараты, орта мектеп оқушыларының шығармашылық қызметінің даму деңгейі анықталды, шығармашылық қызметтің табиғаты зерттеліп, оның құрылымдық моделі жасалды.
Екінші кезеңде (1990-1996 жылдар) орта және жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызметтерінің даму деңгейін анықтайтын арнайы жасалған жұмыс негізінде олардың шығармашылық қызметтерінің бастапқы деңгейі анықталды, шығармашылықты дамытуға арналған әдістемелер бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезеңде (1996-1999 жылдар) ұсынылған эксперименттік жұмыстың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қаншалықты ықпалы бар екені анықталды, орта мектептің математика пәні мұғалімдерімен, әсіресе сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар, шығармашылық қызметтің дамуын зор қарқынмен тездететін тапсырмалар, логикалық жаттығулар жүйесі, оқу-әдістемелік құралдар жасалды.
Зерттеу жүргізілген тірек оқу орындары:
Алматы қаласындағы №13,
141 мектептер мен Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университетінің
Зерттеу мазмұнына енгізілген ғылыми - әдістемелік жаңалықтар:
-оқушылардың шығармашылық қызметінің мөлшері, даму белгілері анықталып, математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі және мақсатты түрде барлық оқушыларға жүргізу қажеттігі негізделді;
-оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған математикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік жағынан жетілдірілді, шығармашылық қызметтің табиғатын анықтайтын дидактикалық шарттар ұсынылды.
-математиканың сыныптан
тыс жұмыстарының тиімді
Зерттеу жұмысының теориялық
мәні математикадан жүргізіліетін
сыныптан тыс жұмыстардың жәрдемімен
оқушының өз бетіндік шығармашылық қызметін
дамытудың қажеттігі
Ғылыми зерттеу жұмысының практикалық мәні
Ұсынып отырған әдістемеміз
мектептерде оқытылып жатқан математика
пәнінің бағдарламасына сәйкес сыныптан
тыс жұмыстарды өткізу барысында
оқушылардың шығармашылық қызметін
дамытуға тікелей әсерін тигізеді және
жалпы математикадан білімді
дұрыс меңгеруіне көмектеседі. Зерттеу
нәтижесінде алынған нәтижелер
мен әдістемелік ұсыныстар
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- оқушылардың шығармашылық
қызметін дамыта оқытудың
- математикадан сыныптан
тыс өткізілетін жұмыстардың
мазмұнын мектеп
- оқушының пәнге ынтасына,
математикаға қызығушылығын тудыратын
қабілетіне сай сыныптан тыс
жұмыстарда олардың
- ұсынылып отырған әдістемені эксперименттік жұмыс жүргізу арқылы дәлелдеп көрсету.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі және негізділігі.
Зерттеу нәтижелерінің педагогикалық,
психологиялық, әдіснамалық негізде
мазмұндалуымен, зерттеудің ғылыми аппаратына
оның мазмұнының сәйкес болуымен, проблеманы
талдауға қолайлы келетін әдіс-
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің ұсынылған қағидалары, нәтижелері орта мектепте оқытудың әр алуан проблеммаларына арналған конференциялар мен мұғалімдер тәжірибесінде баяндалды.
Оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілетін сыныптан тыс жұмыстар
арқылы тәрбиелеуді іске асыру мақсатында
иегердің Алматы қаласы мен Алматы
облысындағы мұғалімдер білімін
жетілдіру институттарында және
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде
оқылған лекцияларындағы
Диплом кіріспеден, дербес екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі тағы басқа зерттеу аппараты кеңінен сипатталады
"Оқытудың теориясы
мен практикасындағы