Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 20:52, реферат

Краткое описание

PR банк қызметін сөз еткенде ең алдымен олардың табысқа жетуінің басты тұтқасы банк қоғамымен байланыс болып табылады. Қоғам деген сөздің мәнісін бұл жерде ең соңғы тұтынушы нарқы деп қана қоймай, сонымен бірге инвесторлар да бар деп ұққан жөн. Егер көптеген компаниялар инвесторлармен байланыс жасағанда ең алдымен қаржы тарту жағын ойластырады, ал банк оларға тұрақты түрде назар аударып тұруға мәжбүр, өйткені қаржы түсіру банк қызметінің негізгі құрамы десек те болады.

Файлы: 1 файл

PR-финанс.doc

— 267.00 Кб (Скачать)
justify">     сатушыдан гөрі, өндірушіде сыр арзанырақ; 

     өндірушіде  сыр да көп; 

     бәлкім, онда әлі де көтерме сауда жасаушыларын таппаған сырдың түрлері көп шығар, өндіруші содан құтылғысы да келетін болар. 

     Ұйымның әкімшілік шығындарын қаржыландыруға ешкім де ықылас таныта қоймайды. Сіз  не нәрсені де ұйымға деп сұрамаңыз, сол ұйым ұйымдастырып отырған жобаға деп сөз бастаңыз. Өйткені есіңізде болса  әкімшілік шығындардың  көп бөлігі  бағдарламаны жүзеге асыруға, оған сметасы да кіреді, бағытталуы тиіс. Бұдан басқа  кейбір жұмыстардың тұрақты түрде адам назарында болатыны былай тұрсын, ол сол маманның біраз уақытын алатынын  сіз  және басқалар жақсы түсіне ала ма? Осы жағына мән беріңіз. Егер  біреулер  қайырымдылық ұйымынан жалақы алып отырса оған таңданбаңыз, күнделікті іс деп қараңыз. 

     Заңды терең оқып-үйреніңіз. Әсіресе, салыққа  байланысты жеңілдіктер  бизнес- ұйымдарда  құрбандық кезінде  маңызды мәнге ие. Демек осы қайырымдылық маңындағы кейбір ішкі иірімдер  заңдылық жолымен қалай реттеледі, сіздің де және демеушілік көрсеткен тұлғаның да мүддесі орындалды ма, осы жағына көбірек көңіл бөліңіз. 

     Сіз хат жібердіңіз немесе банкке,  сақтандыру фирмаларына немесе басқа да  ұйымдарға бардыңыз, қай жерде  де сізді қызмет көрсететін тұлғалар қарсы алады, олардан әңгіме арасында қайырымдылық, құрбандық шалу турасында ой-пікірлерін білуге тырысыңыз. Жақсы тілектерін білдірсе, алғысыңызды айтыңыз, өйткені бұл сіз үшін өте маңызды. Олай дейтін себебіміз  сіз демеушіңіздің алдында жұмсалған қаржы туралы есеп бергеніңізде мұндай жайттарды тілге тиек етесіз. 

     PR спортта 

     Егер  сіздің клуб табысты, үнемі сенім  биігінен көрініп жүрсе, жанкүйерлер матчты көру үшін билетке ұзын-сонар кезекке тұрып жатса, демеушілеріңізде тоқтау жоқ, журналистер «айқайлатып» үсті-үстіне керемет материалдар беріп жатса, жергілікті үкімет қай жағынан да қолдау көрсетіп келе жатқанын сезінсеңіз, онда бұл бөлімді  әрі қарай оқымай-ақ қоюыңызға болады. Демек бұл сіздің PR-қызметінің жарқын бейнесі, сіз оған күмән келтірмеңіз. 

     Спорт ұйымдарындағы PR ролі мен маңызына байланысты келесі бағыттарға тоқталайық: 

     1. Спорт ұйымдары да, кез-келген басқалар сияқты, байланыс пен іс-қимылдарға енгізілген.  Ықпалды серіктестіктерді тарту, қоғамдық топтар тарапынан қолдау, ұйымның жеткен жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, сайып келгенде – барлық істердің нәтижесі пікір алысып, тіл табысудан басталады. Сондықтан қандай жұмыстың да алға басуы үшін мақсатты бағыт пен  іс-қимылды меңгеру  алдыңғы орында тұрады. 

     2. Қазіргідей нарық жағдайында спорт халықаралық деңгейде PR - дің мемлекеттік құралы болудан гөрі бюджеттік қаржыларды инвестициялаудың нысанына айналып,  бизнес саласына қарай ойысып бара жатқаны жасырын сыр емес. Әрине, бұл қатып қалған қағида емес, спорттық ұйымдар, нарық жағдайында қайта жаңаруы мүмкін. Ал нарықты өзіңіз білесіз, бәсекелестік болмай тұрмайды. Бәсекелестік ортаның өзін қалыптастыру  жаңалық әкеліп, ұйымның бағыт-бағдарларына әсер етеді. Бұл оның өзіне тән ерекшелігі, сондықтан бұл қызметті жоспарлы  және тиісті бағытта жүзеге асырған жөн. Бұған қарама-қарсы жағдайда  оның беделі мен өзі сәтті түрде жасақталып, біздің көргіміз келгендей болады. 

     3. Спорттық ұйымдарда , басқасын былай қойғанда, (бәлкім, театралды топты қоспаспыз)   адамдық фактор орасан зор роль атқарады. Кең мағынада айтатын болсақ, ортақ ниеттегі ұжымдық команда жасақтау, басшылықтың саясатын бөлісе білу және және қойылған міндеттерді бірігіп шешуге дайындық – міне, осылардың бәрі  спорттағы басты міндеттер деуге болады. Бұған апарар жол біреу -  ішкі фирмалық қарым-қатынас жүйелері жақсы жұмыс жасағаны жөн. 

     Жоғарыда  айтылғандай, PR басты тұтқасы – «жұртшылық». Солар арқылы  адамдардың қандай топтарын болса да( немесе жеке тұлға ма), мейлі олардың спорт ұйымдарының жұмысына қатысы бар ма, жоқ па,  кез-келген жағдайларда оның табысына өз ықпалын білдіре ала ма, ажыратуға болады. 

     Спорт ұйымдарының ішкі қоғамдастығы: 

     бұқаралық ақпарат құралдары; 

     мемлекет (федеральдық және аймақтық деңгей); 

     басқару органдары ( мем.спорт.ком, спорткомитеттер); 

     қоғамдық  ұйымдар (федерациялар); 

     бизнес (инвесторлар, демеушілер, жарнама берушілер); 

     тұтынушылар (көрермендер); 

     серіктестіктер (спорт өнімін өндірушілер). 

     Спорт ұйымдарының сыртқы қоғамдастығы: 

     жаттықтырушылар; 

     спортшылар; 

     менеджерлер; 

     акционерлер; 

     директорлар кеңесі; 

     құрылтайшылар. 

     Әр  топты нақты сауалдар бойынша  ортақ мүдде біріктіреді: спорттық ұйымдарға  қаржы аударудың  тиімділігі;  акция құны;  стадион құрылысы; жалақы және т.б.  Осы сауалдар бойынша топтың бағыты нақты анықталған болса, ол  пікір түрінде ресімделеді.  
 

     Осыдан  келіп қоғамдық пікір туындайды. Орнықтылық немесе қандай да бір іс-қимыл пайда болады. Өйткені біздің пікір өзгертуіміз  сол топқа (адамдарға), дәлірек айтсақ,  біздің мүддемізді білгісі келгендерге,  әсер етеді. 

     PR көмегімен шешілетін міндеттер: 

     спорт ұйымдарын қалыптастырып, оның абыройын көтеру; 

     қажетті деген ортада ұйым басшысының белгілі тұстарын, беделін көтеру;   

     ұйым  өткізген шараларға  қоғамдық деңгейде мән беру; 

     ұйымның іскерлік қарым-қатынастар жүйесінің  тиімді жақтарын жасау; 

     ақпараттық  тұрғыдан қамтамасыз ету; 

     ұйым  үшін  жағымсыз қоғамдық пікірлерді реттеу; 

     лоббилеу; 

     фандрайзинг (қаражат іздеу жолдары); 

     ұйым  ішінде және басқа да жерлерде ықыласты орта жасау. 

     Бұл қызметті құрайтын және оның бөлінбес бір бөлігі  қоғамдық пікірлерді зерттеу екендігін атап өткен жөн. Кейбір пікірлерді өңдеу немесе  өзгерту арқылы бар пікірлердің өзінің қаншалықты құнды екендіктері байқалады. Осыдан келіп PR- қызметінің екі бағыты шығады:   талап етіп отырған қазіргі саясаттың нәтижесі бойынша қоғамдық пікірлерді зерттеп, басшылық шешім қабылдау және  қажетті ақпараттарды тарату мақсатында  қажетті ақпараттар ағынын жасау.  

     PR мамандары, басқа сала сияқты, спортта да  БАҚ өкілдерімен тіл табысып, қызметтес болғанды қалайды. Бұл түсінікті де, өйткені спортшылармен жүргізген әр сұхбат олардың бағасын көтере береді. Ал спорт тақырыбына жиірек қалам тербеп, маманданған журналистердің спорт ұйымдарымен ішкі қарым-қатынасы  жоғары сипатта. Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз жанкүйерлерді стадионға тарту қиын болса,  керісінше,  көпшілікті қызықтыратын спорт ұйымдары жөнінде  ақпарат жазбайтын басылымдардың тиражы кемиді. 

     Бұдан бірнеше жыл бұрын  мәскеулік  «Спартак» командасы  «Спорт-экпресс» газетіне байкот жариялады. Содан газеттің тиражы біраз түсіп кетті. Өйткені «Спартактың» жанкүйерлері  аталмыш басылым өздерінің сүйікті командасы туралы  тұшымды материалдар бермеген соң оны алмай қойды. Байкот екі айға созылды. Нәтижесінде клуб пен газет ортақ мәмілеге келіп, бір-бірінсіз іс - қарекет ету күрделі екендігін түсініп, бірігіп жұмыстарын жалғастырды. 

     Спорт ұйымдары мүмкіндігінше барлық БАҚ (оқиды, көреді, тыңдайды) қоян-қолтық жұмыс жасағандары жөн. Әрине, кейбіреулерінің басымдықтары болуы мүмкін, ол әр ұйымда әртүрлі. Спорттың түрлеріне қарай баспасөздік газет-журналдар да бөлінеді. Мысалы,  футбол клубтары үшін «Спорт» және «Спорт-экспресс» болса, фитнес-клубқа барып жүргендер «Сұлулық. Денсаулық.Фитнес» журналын сүйіп оқиды. Ал егер әңгіме тұтынушылармен қарым-қатынас, оларды қолдау жөнінде болса бизнес ортада «FITNESS REPORT/ ФИТНЕС РЕПОРТ» оқуды ұсынар едік. Бұл басылым Ресейдегі бизнес-индустрия, нарықтың үрдісі, осы сала бойынша соңғы құрал-жабдықтармен қамтылуы жөнінде мәлімет беретін бірден-бір журнал. Жалпы жұртшылыққа бағытталған ақпараттар ағымының маңыздылығына да мұнда баса назар аударылады. 

     PR жүргізген акциялары мен  арнаулы оқиғаларға байланысты да айтылады. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын қатарынан «Мәскеу» физкультура клубы  жанкүйерлер арасында үлкен маңызға ие болып, кеңінен тараған «Анаңды футболға ертіп кел» акциясын өткізді. Бұл жұртшылықтың аталмыш клубқа деген сүйіспеншілігін оятты. 

     Ендігі  бір тоқталар жәйт – PR кәсіпқойларының шығармашылығы, ұшқыр қиялы. Және сезімталдығы мен байқағыштығы. Айталық,  Португалияда өткен Еуропа біріншілігі кезінде дүние жүзінің телекөрермендері  беттеріне өз елдерінің ұлттық туларының бейнелерін салған жанкүйерлерді көріп таң-тамаша қалысты. Осыдан келіп «Мәскеу» физкультуралық клубы да  өз жанкүйерлеріне (әсіресе, жастар жағына) тегін  фирмалық  анар - қара клубтың түсімен түстес боянуларына ұсыныс жасады. Арнайы осыған байланысты  еліміздің театрлары мен киностудияларына қызмет көрсететін  фабрикаға адам терісіне зақым келтірмейтін бет бояуларына тапсырыс берілді. Енді әр матч басталмастан бір сағаттай бұрын Эдуард Стрельцовтың ескерткіші қасында беттерін зақым келтірмейтін, қауіпсіз бояумен бояуға тілек білдіргендер ұзын-сонар кезекке тұрады. Біріншіден, бұл көрермендерге қызығушылық туғызса, екіншіден, бәрі суретке түсіп, бірін-бірі шақырып жатады. Осындай ойынға байланысты акцияларды жанкүйерлер қанағаттанғандық сезіммен қабылдайды, клубтың да атағын асқақтата түседі. 

     Клубтың атағын танытудың тағы бір маңыздысы - әлеуметтік акциялар. 

     Мәскеуде  ЦСКА спорт клубының қолдауымен «Темекі шекпейтін сыныптар спартакиадасы»  өтті. 

     Бүгін ЦСКА-ның жеңіл атлетика манежінде  «Темекі шегуден бас тартқан сыныптар жарысы» бағдарламасы бойынша оқушылар спартакиадасы өтті.  Мәскеудің  әр түкпіріндегі   20-дан аса мектептен келген  6-шы және 7-ші сыныптың 200-дей балалары мен қыздары үш сағат бойы  найза лақтырудан, арқанға тартылудан, ұзындыққа секіруден және футболдан өзара жарысқа түсті. Оларды 700-ден астам көрермендер қолдап, табыстарына қол соғып, қоштап отырды. Мұнда бәрі де үлкендер жарысымен теңдес дәрежеде өткізілді. Қатысушылар мен қонақтарды жіберу, спартакиада жалауын көтеру, түсініктеме беріп, репортаж жасап тұрған әлем чемпионы, кәсіпқой спортшы О.Богословская да  жұртшылық көңілінен шықты. Жеңімпаздар тұғырына  Мәскеудің  №1968 және №1161 орта мектептерінің 6 «А», №1357 орта мектептің  7 «Б» сыныптарының оқушылары көтерілді. Спартакиаданың жеңімпаз сыныптарына кубоктар,  саз орталықтары, жеңілуді білмейтін мәскеулік «ЦСКА» клубының әйгілі баскетболшылары қол қойып, автограф жазған баскетбол доптары табыс етілді. Жарыстың кейбір жекелеген түрлерінің жеңімпаздарына спорттық құрал-жабдықтар жиынтығы мен  армиялық баскетболшылардың автографымен күнтізбелер табыс етілді. Жарысқа қатысқан әр оқушыға құрмет дипломдары, көпшілігі өмірінде бірінші рет, берілді. ОСППК атқарушы директоры Олег Чупов осы жарысты ұйымдастырушыларға  әрі қарай  Спартакиадаға немесе оның іріктеу кезеңіне тек темекі шекпейтін сыныптар ғана емес, барлық  оқушыларды тартсақ  дегендей пікірін білдірді. 
 

     25 ақпан 2005 жыл. 

     Санкт-Петербордағы ең темекі шекпейтін сынып «Зенит»  футбол командасы ойыншыларында қонақта болды. 

     2004-2005 оқу жылында «Темекі шегуден бас тартқан сыныптар жарысының» жеңімпазы болып Петроград ауданындағы №50 орта мектептің 7 «Б» сыныбы танылды. Гран-при жүлдесі үшін сынып «Зенит» ФК жаттығу базасына барып, өздерінің сүйікті питерлік команда ойыншыларымен бір күнін өткізу бақытына ие болды. 

       Көптен күткен бұл кездесу  ойламаған қызықты оқиғаларға  толы болды:  балалар өздерінің  пір тұтатын, табынатын В.Малофеев, А.Горшков, П.Мареш, А.Спивак сияқты  ойыншылардың қалай жаттығатындарын көздерімен көріп, танысты. Оқушылар база ғимаратына барып, «Зенит» туралы түсірілген фильмді тамашалады. Бәрінен де олар үшін есте қалғаны – белгілі ойыншылармен пікір алысып, кең отырып, әңгімелескендері болды. 

Информация о работе Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс