Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 20:52, реферат

Краткое описание

PR банк қызметін сөз еткенде ең алдымен олардың табысқа жетуінің басты тұтқасы банк қоғамымен байланыс болып табылады. Қоғам деген сөздің мәнісін бұл жерде ең соңғы тұтынушы нарқы деп қана қоймай, сонымен бірге инвесторлар да бар деп ұққан жөн. Егер көптеген компаниялар инвесторлармен байланыс жасағанда ең алдымен қаржы тарту жағын ойластырады, ал банк оларға тұрақты түрде назар аударып тұруға мәжбүр, өйткені қаржы түсіру банк қызметінің негізгі құрамы десек те болады.

Файлы: 1 файл

PR-финанс.doc

— 267.00 Кб (Скачать)

     Жарысты ұйымдастырушыларға  осындай «Зенит» сияқты белгілі клуб мүшелерімен өткізілген  Қоғамдық кеңестің акциялары  жасөспірімдерді салауатты өмір салтын құруға, спортпен айналысуға жол ашатындығы туралы жылы сезім ұялатты. «Зенит» командасы  Санкт - Петербор оқушыларына ғана емес, жалпы спорт әуесқойларына да кеңінен таныс. 

     06 маусым 2005 жыл. 

     Жасөспірімдердің  шылым шегу жөніндегі мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің сайтынан 

     Футбол  клубы  іскерлік пен бірлесіп қызмет жасау жағынан бизнес-серіктестерінің артықшылығын  көз алдына тіпті басқаша елестетеді. Мысалы,  «Спартак» ФК арнаулы сайтының бөлімінде «Демеуші болу» спорттық шаралары туралы өткізілген спорттық шарада  әлеуетті демеушілерге арналған  клубтың жарнамалық пакетінде төмендегідей жайттар қамтылған. 

     «Спартакты» таңдай отырып, өзара қарым-қатынас жасау үшін оның жаңа серіктестері  келесі факторларды есепке алады: 

     «Спартак» - Мәскеудегі ең жанкүйерлері көп команда. Оның Мәскеуде өз алаңында өткізген матчтарына стадионға адамдар молырақ жиналады. Айталық 2007 жылы  оның «үйдегі» ойындарына орташа 23. 000 көрермен жиналған. Басқа қалаларда өтетін кездесулеріне де жанкүйерлері жетерлік жиналады. Демек, «Спартактың» халық командасы деген атақты алуы да тегін емес. Статистикалық зерттеулерге сүйенсек,  «Спартакты» 15-18 миллиондай Ресейліктер қолдайды екен. Бұл «еліміздің жүрегі» атанған Мәскеудің әр оныншы тұрғыны деуге болады. Сондықтан команда басшылары жанкүйерлермен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Ресейліктер деген арнаулы мәртебеге ие болған  189 000 адам  аймақтық фан-клуб бөліміне біріктірілген. 

     Команданың  барлық матчтары (үйдегі, қонақтағы)  теледидар арналары (ОРТ, РТР, ТВЦ,НТВ, СПОРТ)  көрсетіледі. 

     Біздің  еліміздегі ресейлік клубтардың қоғамдық – саяси және спорттық басылымдары, тіпті шетелдіктер болсын  басқа  командаларға, осы  «Спартактай» көңіл бөлмейді. Бұған көз жеткізу үшін  «Спорт-Экспресс», «Советский спорт» апталық газеттері мен «Футбол», «Мой футбол», «Футбол.Хоккей» және басқа да апталық басылымдарды парақтап қарасаңыз болғаны.   

     Интернетте  мәскеуліктердің сүйікті командасының арнайы сайт, жанкүйерлерінің де клубы бар. Сол арқылы команданың әр кездесуінен аудио –хабарлар (on-line) беріліп тұрады. Команда жетекшілерімен, ойыншылармен баспасөз мәслихаттары өткізіледі. 

     «Спартак» ФК жанында  ардагерлер командасы бар. Олар жолдастық кездесуге Ресейдің елді мекендеріндегі әріптестерін ғана емес бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдерден де  командалар шақырып, кездесулер өткізуге құштарлық білдіреді. Команда құрамында ойнап, еңбегі сіңген белгілі футболшылар  осы клубтан дербес зейнетақы алады. Демек команданы «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген ұран  желпіндіріп, уақытпен қадамын тең басып келеді. 

     Мәскеудің «Спартагы» деген атаумене алаңға шыққан жігіттер  әлемдік футболда өз орны барлығын талай рет дәлелдеді. Олардың әр ойынына жиналған жанкүйерлердің де делебесін қоздырып,  спортқа деген ықыластарын көтере түседі. 

     Өзара қарым-қатынаста түсіністікпен қызмет жасауға деген құрметпен және сенімділікпен. 

     «Спартак» ФК.Мәскеу. 

     «Спартак» ФК арнайы сайты. 

     Өткізілген акциялардың бәрі  кәсіпке деген тұрақты сипат алып, спорттық іс-қимылдың ешуақытта тоқтап қалмайтындығына көзімізді жеткізеді. Төменде  ақпараттық жаңалық ретінде  PR фитнес-клубы қызметінің  жұмысы туралы баяндалады. 

     05 сәуір 2008 жыл. 

     Құрметті  ханымдар мен мырзалар! 

     5 сәуірде А.Калягин атындағы «Et Cetera» театрында  «Грация» сұлулық пен денсаулық саласы бойынша  бірінші ресейлік сыйлық тапсыру салтанаты өтті. Сұлулық өндірісі саласы бойынша (пластикалық хирургия, косметологтар, стоматологтар, сұлулық салондары, СПА және вельнес-орталықтар) үздік мамандар мен компаниялар сайыс биігінен көрінді. 

     «Ресейдің үздік фитнес - клубы» номинациясы  бойынша  «Хай Энерджи» фитнес-клубы жеңімпаз атанды. 

     Клубтың қызметкерлері мен жаттықтырушылары өткізген фитнес-шоу қойылымы жылы қабылданып, үлкен табыспен өтті. 

     «Хай  Энерджи» фитнес-клубы ұжымын жеңісімен  құттықтап, жаңа табыстар, жоғары қуат тілейміз. 

     «Хай  Энерджи» фитнес –клубының сайты. 

     Сөзіміздің  соңында  спорттың бизнестің басқа  салаларының алдында  басымдылығы PR бір бөлігі ретінде жоғары екендігін, түптеп келгенде спорттың өзі  сол  PR құрамдасы десек те қателеспейміз. Өткізілетін спорттық жарыстарды PR аспабына жатқызуы да тегін емес. Бұл жерде, әрине, атақты жұлдыздарды айтып отырған жоқпыз, ондай тұлғалар спорт саласында жетерлік. Спорттық PR кәсіптік, шығармашылық және тұрақты негізде дамуы әлі алда деп білеміз. 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер: 

     1. См. Хиггинс Р. Отношения с инвесторами: передовой опыт. Пути создания акционерной стоимости. – М.Альпина. Бизнес Букс.2005 

     2. Из тезисов доклада генерального директора АО «Имиджленд» В.В.Моисеевой на семинаре «»Практика связей с общественностью и реклама в банковском бизнесе».

     13.04.1994 г. «Совинцентр» 

     3. См. Алешина И.В. Павлик рилейшнз для менеджеров и маркетеров.

                             М.-97, стр. 104-105 

     4. Антипов К.В. Баженов Ю.К. ПР для коммерсантов. Стр.75 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс