Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 18:56, статья

Краткое описание

Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар.docx

— 82.87 Кб (Скачать)

Отбасы  құқығы саласындағы  коллизиялық сұрақтар

Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы  отбасы және неке қатынастарын реттейтін  нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына балалар  құқықтарын қорғау және халықаралық  бала асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамаырдағы Халықаралық Конвенция, Адам құқықтары  туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмысытық істер бойынша құқықтық қатынстар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск Конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтары туралы пактінің факультативты протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрдау және азаматтық туралы Коненциялар жатады. Қазсқтан осында көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Отбасы  – қоғамның ең басты ұясы, Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол  бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар заматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлі-зайыптылар арасндағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқытық одақ.

Отбасы  құқығының материалдық-құқықтық нормалары  түрлі мемлекеттерде үлкен алуандлықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегіндебұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынстарда коллизиялардың пайда  болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен аслт-дәстүр әсер етеді.

Отбасы  және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың  ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемоекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттілігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.

Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы қатынастарына  тоқтатылып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.

Неке  – бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асырап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық  жеке құқықтың денгейінде ерекшеліктері  бар.

Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына  байланысты қандай ережелердеі қолданатындығына назар аудару қажет. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. Отбасылық қатынастар үшін ерлі-зайыптлардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты қорғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінгекөзқарасына байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді. Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады: көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында енке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды.

Көптеген  мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады. Некеге тұру кезінде қалындққа ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.

Осы жекеленген отбасы заңнамасндағы әо түрлі жағдайда еік мемлекеттің азаматы некеге отрыған уақытта коллизиялық  сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алдуандылыққа ие болып табылады. Некелік құқық қаблеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға келдергілердің болмауы – мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.

Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте заңының талаптарын сақатай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанмен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықралық жеке құқықта «ақсаңдаған неке» («хромающие браки») деп те атайды.

Некедегі  ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.

Бірқатар  мемлекеттерде түрлі коллизиялық  мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық  жеке құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке заңдарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке заңдары түрліше болып келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың да жеке заңдарымен жарамды деп танылса (өзара түсініктік негізінде), жарамды болып баға беріледі.

Венгрияда некенің нысана отыру жернің құқығы қолданылады. ҚХР-да Қытай азаматы  шетел азамытмен некеге тұратын  болса, онда некеге отыру жер заңы қолданылады, ал некені тоқтат кезінде  – некені тоқтату туралы мәселені шешетін орган – сот елінің құқығы қолданылады (Қытай Азаматтық  құқығының жалпы ережелерінің 147-бабы).

Венгря  мен Румынияда некені тоқтату  туралы сауалды шешу кезінде негізгі  қағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың заңдары танылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық  пен қорғаншылық  институттары

1989 жылғы  бала құқықтарын қорғау Конвенциясына  сәйкес «Бұл конвенцияға қол  қоюшылар баланы асырап алу  жүйесінің өмір сүріп жатқандығын  мойындайды және ең бірінші  ретте баланың мүддесінің қамтасаыз  етілуін көздейді» делінген. Сонымен қатар:

«Неке және отбса туралы» заңның ережелеріне  сәйкес шетелдіктердің Қазақстан Республикасында  бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде  жүрген Қазақстан Республикасының  азаматы Қазақстанның азаматы болып  табылатын баланы асырап алынуы мүмкін. Мұндай бала асырап алу Қазақстан  Республикасының заңнамасы бойынша  анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асырушы үшін Қазақстан республикасының тиісті органның рұқсатын алуы керек.

Қазақстан Ресчпубликасының азаматы болып  табылатын баланы асырап алу Қазақстан  Республикасының консулдық мекемелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының  азаматы болып табылмаса, атқарушы органның келісімін сұрауы тиіс болып табылады.

Жеке  адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына  жол берілмейді.

Бала  асырап алушы үшін бала асырап алушыға  бірқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетінде асырап алуға құқылы екендігін күәландыратын құқықты көрсетуге міндетті.

Қорганшылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда  ҚР АК басшылыққа алынуы тиіс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала (қыз) асырап алуы әлемдік деңгейде, қалыпты тәжірибеге айналған болатын. «Халықаралық бала (қыз) асырап алу» алғаш ретосы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қаблданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу тәжірибесі өте кең қолданста болып келді. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық және іс жүргізу жақтары жеткілікті дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық денгейде жаңа Конвенция қабыладу қажеттілігі пайда болды. Оның басты себептерінің бірі бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерін әлемнің басқа мемлекеттерінің мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерін әлемнің басқа мемлекеттерінің мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерін реттейтін алғашқы Конвенция жобасын жасап шығаруға міндетті болып табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993 жылдың 29 мамарда қабылданған.

Гаага конвенциясының ережелері бойынша  бала (қыз) асырап алу 18 жасқа дейінгі азаматтарға ғана қолданылады.

Жалпы қорыта айтқанда, неке және отбасы қатынастарын халықаралық реттеудің маңызы ерекше зор.

Сонымен, халықаралық жеке құқықтың реттеу үшін бағытталған бір саласы осы неке және отбасы қатынастары екендігін білдік. Неке және отбасы қатынастарында біз байқағандай, көптеген коллизиялық мәселелер туындайды. Мысалы: некеге отыру жасына байланысты (некеге отыру үшін құқық қабілеттілігі мәселесі), ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеудегі мәселелер, ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастар, ата-аналардың баланы асырауға байланысты міндеттемелері, бала асырап алу жөніндегі қатынастар, міне осылардың барлығы коллизиялық мәселелерді туындатады.

Осы аталған  коллизияларға байланысты бірқатар мәселелерді қарастырып, оларды шешу жолдарын талдап, зерделедік. Некені тоқтату немесе некеге отыру шындығында да белгілі бір құқықтық салдарға жетелейтіні анық. Құқықтық салдар, әсіресе, тұлғалардың мүліктік жағдайларына қатысты бірқатар жаңа міндеттер мен құқықтар қосылатыны анық.

Бұл тұрғыда біз Қазақстан республикасының заңнамасы, әсіресе, Конституция бекіткен қағидалары мен негізгі нормаларға тоқталдық. Олар: ерлі-зайыптылардың теңдігі, бала құқықтарының кемсітілуі, баланың өз ата-анасының асырауында болу құқығының басым болуы т.б. Бұл қағидалар сөзсіз халықаралық жеке құқықта басты орынға ие болып табылады.   
 
 
 

    БАЛА  ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

    1989 жылғы 20 қарашада  Біріккен Ұлттар  Ұйымының Бас Ассамблеясы  қабылдады 

    Кіріспе

    Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады депесептей отырып, 

    Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып, 

    Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясындажәне Адам құқықтары туралы халықаралық пактілердежария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, 

Информация о работе Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар