Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 18:56, статья

Краткое описание

Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар.docx

— 82.87 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының «Неке және отбас  туралы» Заңының ережесіне сәйкес, егер неке Қазақстан Республикасының  аумағынана тыс, сол тиісті мемлекеттің  заңнамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса және ол Қазақстан Республикасының  некені тіркеуге байланысты заң талаптарына  қайшы болмайтын болса, ол неке заңды  деп танылуы ықтимал болып  табылады.

Бсақаша айтқанда, мұндай неке заңды болып  танылуы үшін біздің мемлекеттің  некелесу бойынша заңынң материалдық  нормалары бұзылмауы тиіс болып  табылад. Бұл айтылғанның мазмұнын ашатын болсақ, біхдің мемлекеттің  азаматтығында тұрған азаматтың  некесі жарамды болуы үшін ол біздің заңнаманың қоятын материалдық шарттарын  сақтауы керек. Шетелдікке қатысты  айтар болсақ, қазақстандық азаматпен  некеге тұру үшін оған біздің заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмаймыз, өйткені, ол неке біздің мемлекеттің аумағында емес, басқа мемлекеттің аумағнда жасалуы тиіс. Осыған сәйкес некенің жаслған орының заңы қолданылуға жатады. Некенің нысанына байланысты айтар болсақ, оның жарамды деп танылуының негіздері басқа да болып қалуы мүмкін. Өткеннен мысал келтрер болсақ, 1937 жылы Л. Деген азамат Тегеранда ирандық қалындық Амалиямен некелеседі. Неке Тегерандағы орыстың Православиялық шіркеуінде жасалады, өйткені ирандық заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып жатқан Л. Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л. Қайтыс болып кетеннен кейін Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің екінші некесін заңсыз деп тануды сұрап Грузи сотына талап арыз береді. Сот талап қоюшының пайдасына шешеді.

Егер  Қазақстан Республикасының азаматы  мен шетел азаматының некесін  тиісті мемлекеттің жергілікті органдарында тіркеу кезінде біздің азаматтың  шетел азаматымен некелесуге құқығын  танитын қағазды талап етсе, онда мұндай анықтама қағазын Қазақстан  Республикасының тиісті мемлекеттердегі  елшілігі бере алады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған консулдық  конвенцияларда консулдың мемлекетінің азаматы некеге тұрғандығын тіркеп тұру міндеті көрсетіледі. Мысалы, кейбір мемлекеттердің консулдық жарғылары  мұндай міндетті тікелей көрсетуі мүмкін. Мысалы, бұрынғы Кеңес мемлекетінің заңнамасында бұл тікелей көзделген  болатын.

Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некені бекіту. Қазақстан  Республикасының шегінен тыс  тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы неке тиісті мемлекеттегі Қазақстан Республикасының  елшіліктерінде жүзеге асырылады. Некені тіркеу азаматтық хал жағдайының бірден-бір актісі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының консулдықтарында шет ел аумағында некені бекіту кезінде  толығымен біздің мемлекеттің заңдары  басшылыққа алынуы тиіс, өйткені екі  азамат та біздің республика азаматы  болып табылады.

Консулдық мұндай некелерді бекіту құқығы біздің заңнама бойынша анықталады. Ол дегеніміз: а) біздің елшілікте немесе өкілдіктерде тіркелген неке азаматтық хал  актілерін жазу органдарында некені тіркеу мен бірдей күште танылады; ә) некені консул тіркеген кезде ол біздің заңнаманың бекітетін материалдық  талаптарын сақтауға міндетті.

Мұндай  некені келуші мемлекетте (страна пребывания) тану ол мемлекеттің материалдық  нормаларының сақталуына тікелей байланысты.

Шетелде жасалған шетелдіктердің некесін Қазақстан  Республикасында тану. Осы уақытқа  дейін біздің азаматтардың шетелде  жасаған некелері туралы, яғни аралас некелер туралы сөз қозғаған болатынбыз. Біздің мемлекеттің аумағынан тыс, шетелдіктердің жасалған некелері туралы айтар болсақ, олар біздің мемлекетте танылады. Сонымен шетелдерде жасалған неке, егер ол сол мемлекеттің талаптарын сақтайтын болса, олар заңды болып табылады. Сәйкесінше, егер шетелдіктердің арасындағы неке солардың жеке заңдарының талаптарын сақтай отырып жасайтын болса, ол біздің мемлекетіміздің жария тәртіп туралы ескертпесімен қаншалықты дәрежеде шектелуі мүмкін?

Бұл сұраққа  да біздің «Неке және отбасы туралы»  Заң жауап береді. Оған сәйкес, егер жасалған неке біздің Қазақстан Республикасының  негізгі құрылысына қашы болатын  болса, онда шетелде шетелдіктердің арасында неке танылмауы мүмкін. Осы  ережеге сәйкес, жекеленген жағдайларда  сауал туып отырады: шет елдердің заң талаптарын сақтай отырып жасалған полигамдық неке біздің мемлекетте танылуы  мүмкін бе? Біздіңше, мұндай неке біздің мемлекетте танылмайды деп айтуға болмайды, бірақ мұндай некенің болуы, кез  келген басқа некенің болуы сияқты Қазақстан Республикасында некені жасауға кедергі болып табылады.

Некені  жарамсыз деп тану. Қазақстан Республикасында  шетелдік пен біздің азамат арасында жасалған неке біздің заңнама ережелеріне  сәйкес жарамсыз болып табылуы мүмкін, өйткені бұл тұста некенің  жасалу орны үлкен маңызға ие болып  табылады. Кейбір жағдайларда жалған некелер де кездесіп қалады. Ол біздің заңнаманың талаптарын айналып өту  мақсатында жасалады. Мысалы, Қазақстан  Республикасына кіру-шығу ержелерін  айналып өту мақсатында.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Некені  тоқтату және оның негізі

Ерлі  – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын  некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі  бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің  не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

  • ерінің қайтыс болуы;
  • соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
  • некенің бұзылуы (ажырасу).

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық  боып табылады. Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен  тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Некені  бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

Ерлі  – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Некені  бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік  тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді. АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

делік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады. Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді. Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады. Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды». Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.[2] Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.

[өңдеу]Некені тоқтатудың құқықтық салдары

Жоғарыда  айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде  ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады. Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады. Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.

Информация о работе Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар