Біріккен
Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары
декларациясында балалардың ерекше қамқорлық
пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске
ала отырып,
отбасына
қоғамның негізгі ұясы ретінде және
оның барлық мүшелерінің,
әсіресе
балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің
табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде
өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай
қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі
тиіс екендігіне кәміл
сене отырып,
баланың
жеке басы толық және үйлесімді дамуы
үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат
және түсінушілік ахуалында өсуі
қажет екендігін тани
отырып,
бала
қоғамда өздігінше өмір сүруге толық
дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысында жария етілген идеалдардың,
әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік,
еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында
тәрбиеленуге тиіс деп санай
отырып,
баланы
осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің
1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында3 және
1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған
Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын
және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының
декларациясында, Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пактте (атап
айтқанда, 23 және 24-баптарда)2, Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта)2,
сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен
айналысушы мамандандырылған мекемелер
мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында
және тиісті құжаттарында танылғанын назарға
ала отырып,
Бала
құқықтарының декларациясында «бала
туылғанға дейін, сондай-ақ туылған
соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса
алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне
байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты
қажет етеді»4 деп көрсетілгенін
назарға ала отырып,
балаларды
қорғауға және олардың игілігіне
қатысты, әсіресе балаларды ұлттық
және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге
және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік
және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның
ережелеріне5, Біріккен Ұлттар Ұйымының
жасы кәмелетке толмағандарға қатысты
әділ сот жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері»6)
Минимальды қалыптық ережелеріне және
Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар
кезінде әйелдер мен балаларды қорғау
туралы декларацияның7 ережелеріне сілтеме
жасай отырып,
дүниежүзінің
барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда
өмір сүріп жатқан балалар бар екенін
және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді
қажет ететіндігін мойындай
отырып,
баланы
қорғау және оның үйлесімді дамуы
үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени
құндылықтарының маңыздылығын тиісті
түрде ескере отырып,
әрбір
елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың
өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық
ынтымақтастықтың маңыздылығын тани
отырып, төмендегілер туралы келісті:
І
БӨЛІМ
1-бап
Осы
Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам
баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы
балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік
жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып
саналады.
2-бап
1.
Қатысушы мемлекеттер өздерінің
юрисдикциясы шектерінде тұратын
әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген,
оның ата-анасының немесе қамқоршысының
қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне,
түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси
немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық,
этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне,
мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының
және туылуының жай-күйіне немесе өзге
де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын
құрметтейді және қамтамасыз етеді.
2.
Қатысушы мемлекеттер баланы
кемсітушіліктің немесе баланың,
оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының
немесе отбасының өзге де мүшелерінің
мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының
немесе сенім-нанымдарының негізінде
жазалаудың барлық нысандарынан
қорғауды қамтамасыз ету үшін
қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
3-бап
- Балаларға
қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің,
оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен
айналысатын мемлекеттік немесе жеке
мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе
заң шығарушы органдардың қабылдағанына
қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте
баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз
етуге көңіл бөлінеді.
- Қатысушы
мемлекеттер заң бойынша бала
үшін жауапкершілікті мойнына алған оның
ата-анасының, қамқоршыларының немесе
басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін
назарға ала отырып, баланың игілігі үшін
қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз
етуге міндеттенеді және осы мақсатпен
барлық тиісті заң шығару және әкімшілік
шараларын қабылдайды.
Қатысушы
мемлекеттер балалардың қамқорлығына
немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің,
қызмет көрсетуші орындар мен
органдардың құзыретті органдар
белгілеген нормаларға, атап айтқанда
қауіпсіздік пен денсаулық сақтау
саласында және олардың персоналының
саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті
қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін
қамтамасыз етеді.
4-бап
Қатысушы
мемлекеттер осы Конвенцияда
танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін
барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік
және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты
қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды
мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды
пайдалана отырып, қажет болған жағдайда,
халықаралық ынтымақтастық шеңберінде
қабылдайды.
5-бап
Қатысушы
мемлекеттер ата-аналардың және
тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы
немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті
салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың
немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне
сәйкес және осы Конвенциямен танылған
құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті
түрде басшылық жасап және жетекшілік
ететін, бала үшін заң бойынша жауапты
басқа да адамдардың жауапкершілігін,
құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.
6-бап
- Қатысушы
мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге
деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.
- Қатысушы
мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде
баланың тірі қалуын және денсаулығының
мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.
7-бап
- Бала туылған
бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен
бастап оның есімі қойылып, азаматтық
алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше
өзінің ата-аналарын білуге және олардың
қамқорлығына ие болуға құқылы.
- Қатысушы
мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына
сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын
және осы саладағы тиісті халықаралық
құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер
өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған
жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын
қамтамасыз етеді.
8-бап
- Қатысушы
мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың
жеке басының даралығын, бұған азаматтығын,
есімін және отбасылық байланыстарын
сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз
араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді.
- Егер бала
заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының
бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен
айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның
жеке басының даралығын тез арада қалпына
келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды
қамтамасыз етеді.
9-бап
- Қатысушы
мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті
органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге
сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін
оны ата-анасынан айыру қажет екендігін
анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың
өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне
қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді.
Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты
жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік
танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған,
не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан
және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты
шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы
мүмкін.
- Осы баптың
1-тармағына сәйкес кез келген іс
қарау барысында мүдделі тараптардың
бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және
өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік
беріледі.
- Қатысушы
мемлекеттер ата-анасының біреуімен
немесе екеуінен де айырылысқан баланың
құқығын құрметтейді, тұрақты негізде
оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын
және тікелей байланыстарын, бұл баланың
ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін
жағдайларды қоспағанда, қолдайды.
- Бұлай айыру
қатысушы мемлекет қабылдаған қандай
да бір шешімнен туындайтын жағдайларда,
мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған,
жер аударылған, депортацияланған немесе
ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің
де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған
осы адамның мемлекет қарауында болған
кезіндегі кез келген себептен болған
өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай
қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе,
егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне
олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің
қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты,
егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына
нұқсан келтірмейтін болса, беретін болады.
Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай
өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға
қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын
қамтамасыз етеді.
10-бап
- Қатысушы
мемлекеттердің 9-баптың 1-тармағы бойынша
міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу
мақсатында баланың немесе оның ата-анасының
қатысушы мемлекетке келуі немесе одан
кетуі туралы өтініштерін қатысушы мемлекеттер
оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және
жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер
бұдан әрі осындай өтініш берудің өтініш
берушілер мен олардың отбасы мүшелері
үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын
қамтамасыз етеді.
- Ерекше
бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы
әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқан
бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен
де жеке қарым-қатынастар және тікелей
байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта
және 9-баптың 2-тармағы бойынша қатысушы
мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес
қатысушы мемлекеттер баланың және оның
ата-анасының кез келген елден қоныс аударуы,
бұған өз елін қоса алғанда, және өз еліне
қайта оралу құқығын құрметтейді. Кез
келген елден қоныс аудару құқығына қатысты
тек қана заңмен белгіленген және мемлекеттік
қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre
publiс), халықтың денсаулығын немесе рухани
ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау
үшін қажет және осы Конвенциямен танылған
басқа да құқықтармен қатар қолданылатын
әрі сәйкес келетін шектеулер ғана қолданыста
болады.
11-бап
- Қатысушы
мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз
жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы
күрес үшін шаралар қабылдайды.
- Осы мақсатта
қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе
көп жақты келісімдердің жасалуына немесе
қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі.
12-бап
1.Қатысушы
мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге
қабілетті балаға оған қатысты барлық
мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін
білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл
реттебаланың жасына және өсіп-жетілуіне
сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде
назар аударылады.
2.Осы
мақсатпен, атап айтқанда, балаға
қатысты кез келген
сот
немесе әкімшілік іс қарау барысында
не тікелей өзі не болмаса өкілі
немесе тиісті орган арқылы ұлттық заңнаманың
процессуалдық нормаларымен көзделген
тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі.
13-бап
- Бала өз пікірін
еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға
қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым
нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында
не болмаса баланың өз таңдауы бойынша
басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі
ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және
беру еркіндігі кіреді.
- Осы құқықты
жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп
соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек
заңмен көзделген және:
а)
басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын
құрметтеу үшін; немесе