Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 20:52, реферат
PR банк қызметін сөз еткенде ең алдымен олардың табысқа жетуінің басты тұтқасы банк қоғамымен байланыс болып табылады. Қоғам деген сөздің мәнісін бұл жерде ең соңғы тұтынушы нарқы деп қана қоймай, сонымен бірге инвесторлар да бар деп ұққан жөн. Егер көптеген компаниялар инвесторлармен байланыс жасағанда ең алдымен қаржы тарту жағын ойластырады, ал банк оларға тұрақты түрде назар аударып тұруға мәжбүр, өйткені қаржы түсіру банк қызметінің негізгі құрамы десек те болады.
Алдыңғы
қатарлы әкімшіліктерге берілетін
маңызды хабарларға жатады:
Басшылықтың
мереке және мерекелік шаралар туралы
бұйрығы;
Аймақта
шаралар өткізуге жауапты әкімшіліктің
өзін құттықтау;
Шараға
дайындық жөніндегі әкімшіліктің нұсқауы;
Жергілікті
үкіметке ұсынылған саяси мәнді үгіттер;
Аймаққа
бейімделу жөніндегі стандартты
баспасөз парақшасы;
Жарнама
материалы;
Жергілікті
баспасөзге жариялау үшін орталық басылымдардың
жағымды мақалалары;
Басшының
қызметкерлерді құттықтаған сөзі жазылған
бейнетаспалар.
Жергілікті
ТВ мен радио үшін сюжет, банктің
референтті тобының сұхбаты (клиенттер,
қоғамдық ұйымдар, үкіметтік құрылымдар,
т.б.)
Қаржылық-дотациялық
баланс;
Ел бойынша
атаулы күндердің жоспар-сценарийі;
Баспасөз
өкілдерінің мүмкін деген сұрақтары
және оған толымды жауаптар;
Акционерлерді
құттықтаған радио-концерт;
БАҚ өкілдері
үшін басшылықтың сұхбаты;
Арнаулы
оқиғаларға байланысты атаулы күндерге
арналған баспасөз парағы;
Қызметтің
тікелей жарнамасының макеті;
Мүшелтойға
байланысты қызметкерлерге арналған жеңілдіктер;
«Luginin Capital
Partners» инвестициялық банк кеңесі компаниясының
іс-қимыл үлгісі.
Компанияны
позиционерлеу.
«Luginin Capital Partners» инвесторлармен тығыз қарым-қатынас ұйымдастырудың стратегиялық жоспарын жекелей байланысу көмегі арқылы, сонымен бірге әлемдегі ірі баспалармен де жұмыс жасау жолымен дамытып отыр. Біздің қызметіміз облигациялық заемдар мен нарық қорындағы акцияларды алғашқы болып жұртшылыққа жариялауға дайындық жүргізу барысында айқын көрінді. Бизнестің шапшаң түрде алға басуы адамдар мен компания арасындағы байланыстың да жедел дамуынан туындайды. Біздің қосымша артықшылығымыз деп кеңейтілген БАҚ базасын айта аламыз.Осы сәтте жалпыұлттық басылымдармен тиімді жұмыс жасайтын қызметтің де ертеңі қуантады.
«Luginin
Capital Partners» басты компаня ретінде көптеген
елдердің нарығында жұмыс жасайды. Біз
еліміздің әр түкпірінде орналасқан және
онда түрлі аудитория өкілдері бар түрлі
қаржылық және экономикалық баспалармен
қызмет жасаймыз. Алға жылжудың қаржылық-технологиялық
әдісін кеңінен пайдалана отырып, «Luginin
Capital Partners» біздің клиенттеріміздің ескі
нарық құрығынан жаңаға өтуіне, ондағы
қаржы мен инвестицияларын тиімді жұмсауларына
жағдай жасайды.
Инвесторлармен
қарым-қатынас және БАҚ салалары
бойынша компанияның бағдарламасы
Бұл
бағдарлама пайдалы болуы мүмкін:
Жаңа,
оның ішінде шетелдік нарықты меңгерген
Ресей компанияларына;
Жақын
маңда көптен күткен шеттен келген
нарыққа алып шығатын Ресей компанияларына;
Активтер
сатып алып, оны шығаруды жоспарлап
отырған ресейлік компанияларға;
Ресей
биржаларына өз акцияларын орналастыруға
шешім қабылдаған компанияларға;
Бизнестегі
шетелдік капиталға қатысуды жоспарлаған
компанияларға;
Шетелдік
қаржы нарығына шығу жолын қабылдаған
компанияларға;
Қор
нарығына өз акциялары мен облигацияларын
орналстырып үлгерген компанияларға;
Бағдарламаның
міндеттері:
Компанияның
стратегиялық жоспарлары туралы инвесторлардың
кеңейтілген ортасына ақпарат беру;
Қаржы нарығымен арадағы байланысты жоспарлау;
Орынды
пікірлер білдіретін сарашылар мен журналистерді
ұйымдастыру;
Компанияның
инвестициялық бағыт-бағдары
Инвестициялық
қоғамда және БАҚ-та бірінші тұлғаның
кескін-келбетін таныту;
Халықаралық
корпоративті басқару стандарты
мен қаржылық есеп-қисаптан хабардар етіп,
көрсету;
Жұртшылық
алдында өткізілген барлық шараларды
қолдауды ұйымдасытурды қамтамасыз
ету.
Қойылған
міндеттер
«Комплекс
Ойл» компаниясы халықаралық капитал
нарығына шығуды жоспарлауда. Бірінші
кезеңдегі алға қойылған міндеттердің
бірі - инвесторлар алдында инвестициялық
бағдарламаның тұсау кесерін өткізуге
дайындық. Сонан соң міндетті түрде
инвесторлар алдында инвестициялық бағдарламаның
тұсау кесерін өткізетін әлеуетті инвесторларға
вексельдің алғашқы траншын орналастыруға
қолайлы жағдай жасау.
Шешім
«Luginin
Capital Partners» компаниясы күрделі жағдайды
талдай отырып, сарашылармен, инвесторлармен,
БАҚ өкілдерімен арнаулы жұмыс жоспарын
құрды. «Комплекс Ойл» даму жоспарларына
сәйкес сәйкес, қуатты ақпараттық ресурс
жасақтап, өздері және ұжымның қаржылық
көрсеткіштері туралы ұғымын кеңейтті.
Осыдан «Комплекс Ойл» компаниясының
сайты өмірге келді. Өздерінің ресурстары
мен осы сала жөніндегі ой-пікірлерін
жинақтай келіп, «Luginin Capital Partners» пен
«Комплекс Ойл» компанияларын инвесторларға
арналған арнаулы бөлім ашты. «Luginin Capital
Partners» компаниясының қаржы жөніндегі
кеңесшісі бұдан кейін қаржы тақырыбына
қалам тербеп жүрген журналистермен және
«Комплекс Ойл» компаниясының топ-менеджерлерімен
бірнеше кездесулер ұйымдастырды.
Осындай пайдалы бас қосулардың арқасында
баспасөз беттерінде бизнес ауқымының
кеңейгендігі және компаниялардың мүмкіндіктері
туралы қызу талқылаған материалдар жарық
көрді. Келесі кезең бойынша біздің компания
қаржылық сарашылармен өзара байланысты
дамыта отырып, капитал нарығына арнаулы
шолу жасады, мұны негізінен өз еріктерімен
«Комплекс Ойл» компаниясы дайындаған
болатын. Әрі қарай түрлі тақырыпта осы
кәсәіпорынның ағымдағы атқарып отырған
іс-қимылын баяндайтын бірнеше баспасөз
парақшалары дайындалды. Осымен қатар
«Luginin Capital Partners» компаниясы инвесторлар
үшін инвестициялық меморандумның тұсаукесерін
ұйымдастырды. Инвесторламен бірге өткізілген
осындай жұмыстар аясында әр аймақтан
келген инвесторлардың қатысуымен бірнеше
рет телемәжілістер өткізілді. Компанияның
осындай дайындықтары негізінде сарашылар
да оларды жақсы, жан-жақты танып, өз тұжырымдарын
айтуға мүмкіндік алды.
Аймақ
инвесторларының өзара танысып-
Жұмыс
қортындысының тағы бір ұтқан
жері - нарықта векселдерді
Коммерциялық
және өнеркәсіптік сала бойынша басқарудың
маңызды да , басты функцияларының бірі
PR болып табылады. Кез-келген ұйымда пайда
табу мақсаты үшін PR бөлімі әуелі өз шығындарын
өтеуі тиіс, сонан соң ғана компанияның
негізгі табысына үлес қоса алады.
Коммерция
мен өнеркәсіптегі PR негізгі міндеттері
Келесі
қоғамдық топтармен байланыс орнату:
тұтынушылармен;
акционерлермен;
қызметшілермен;
мемлекеттік
үкімет және басқару және басқару
органдарымен.
Тауарлардың
сатылуы және компания қызметі қызу
бәсекелестік шарттарымен өтуі керек.
PR
қатысуымен сол ортада қалыпты жағдай
болуы керек, басқаша айтқанда акционерлер
өздері салған қаржысының жеткілікті
түрде қайтарымын көре алатындай мүмкіндік
туғызылуы қажет. Бұл нені білдіреді: PR
ұжымға жаңа клиенттер тарту арқылы бұрынғы
клиенттерін де тауар және сауда жағынан
қанағаттандыруларын ойластырады.
Бұдан
келіп PR дербес іс-қимыл бағыты – тұтынушылармен
қарым-қатынас арасы ашылады.
Бастапқыда
бұл қарым-қатынастар өтініш –арыздар
мен шағым-талап төңірегінде ғана болса,
қазір оған келесі мәселелер қосылды:
менеджментке
арналған тауарлар мен қызметтің
бағалық әдісі;
тұтынушылардың
тұтынуды жүзеге асыру бағдарламасы
және сатуды ұлғайту;
қызметшілерді
оқыту бағдарламасы;
компанияның
тұтынушылармен жұмыс тиімділігіне
баға беру бағдарламасы;
тұтынушылармен
қарым-қатынастың басты мақсаты -
сату көлемін ұлғайту;
Мұндай мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі:
Өндіруші-фирмалардың
артықшылықтарын көз алдарында көрсете
отырып, жаңа тұтынушыларды тарту;
Бұрынғы
тұтынушыларды тауар және қызметпен
қанағаттандырып, қамту есебінен ұстау.
Бас тарту жүргізуге бақылау жасау. Көптеген
ірі фирмаларда бас тарту жөіндегі
арыз-шағымдарды есепке алып, талдап, оларға
жауап беріледі.Арыз - шағымды қабылдаған
маман тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасты
жақсартып, кім-кімнің де сауалын шұғыл
түрде қанағаттандыруы тиіс. Сонымен бірге
бас тартуларға түсетін арыз-шағымдар
тауар немесе қызмет көрсету жөнінде болса
да оған мұқият тексеру жүргізіп, компания
нарық барысында өз бағытын жоғалтып
алмауы керек.
Жаңа
тауарлар мен қызмет маркетинг. Тұтынушылармен
қарым-қатынастың негізі жаңа тауарлар
мен қызметтердің алға жылжуы болып
табылады. Оған мысалы, жаңа тауарлар
мен қызметтер туралы нақтылы мәліметтер
беретін тегін телефон анықтамалығын
айтуға болады.
PR
бөлімі маркетинг бөліміне айтарлықтай
қолдау жасайды. Ол қолдау келесілер:
Өндірістегі
жаңа тауарлар мен қызмет көрсету
және олардың жетілдірілгені жөніндегі
жаңалықтар мен оқиғаларды жария ету;
Маркетингтік
басқа да құралдармен бірге PR
нарық сатысына шығып, белгілі болып қалған
жаңа тауарлары мен қызметтерін алға жылжыту;
Жоғары
сапалы тауарлардың, қызметтің және
сервистік қызметтің жұртшылық
алдында беделін көтеріп, абыройын
асқақтату;
Компания
жетекшілерінің жұртшылық алдына шығып
сөйлеуін, халықпен қоян-қолтық қарым-қатынасын
ұйымдастыру; паблисити;
Қоғамдық
сұрау салу;
Сату
көлемін ұлғайтуға бағытталған
сату қорытындысы, сауда көрмелері
және басқа да оқиғаларға байланысты
ұйымдастырылған мәжілістерге баспасөз
өкілдерін көбірек тарту;
Тұтынушылардың
құқын қорғауға байланысты бағдарламаға
ықпал етіп, көмек көрсету;
PR
коммерциялық құрылымының бірі – жарнама
болып табылады.
«Қазіргі
заманғы коммерциялық жарнама орасан
зор қуатты күшке айналды, ол тұтынушының
ұстанған бағытын өзгертуге, идеясын ескі
үлгіде қалып қоймай жаңартуға (БАҚ кеңінен
пайдалану құралы ретінде) және сатушыға
да тиімді бағыт ұсынуға көмектеседі».
Информация о работе Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс