Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 20:52, реферат

Краткое описание

PR банк қызметін сөз еткенде ең алдымен олардың табысқа жетуінің басты тұтқасы банк қоғамымен байланыс болып табылады. Қоғам деген сөздің мәнісін бұл жерде ең соңғы тұтынушы нарқы деп қана қоймай, сонымен бірге инвесторлар да бар деп ұққан жөн. Егер көптеген компаниялар инвесторлармен байланыс жасағанда ең алдымен қаржы тарту жағын ойластырады, ал банк оларға тұрақты түрде назар аударып тұруға мәжбүр, өйткені қаржы түсіру банк қызметінің негізгі құрамы десек те болады.

Файлы: 1 файл

PR-финанс.doc

— 267.00 Кб (Скачать)

     Адамдар қандай да бір болмасын  ішкі сезімін  қанағаттандыру үшін қандай да бір  қылыққа барады. Олар өздерінің іс-қимылдарының қаншалықты түзу екендіктеріне ой жібермей-ақ , әйтеуір  сол мақсатым орындалса болғаны деп ойлайды. Демеушіні не қызықтыратынын: материалдық (жеңілдік) жағы ма, әлде моральдық па (тілдескенде маңызды іс жөнінде әңгіме қозғау), іскерлік пе ( бәрін де үйлестіремін деген нық сенімде болыңыз) және .т.б. ойластыру керек. Сөйтіп сіз өзіңізді қаншалықты қайрап, алға сүйресеңіз, өз ұйымыңызға пайда әкелдім деп ұғыныңыз. 

     Донор -  ерікті риясыз негізде  пайда  түсірмейтін ұйымдарға материалдық, қаржылық және басқа қайырымдылық көмек  беретін заңды немесе жек тұлға. 

     Грант – ақшалай және табиғи түрде  жеке және заңды тұлғалар ұсынған  мақсатты сипаты бар  қайырымдылық жарнасы немесе құрбандық.

     Кіріссіз (коммерциялық емес) – жоба – кіріс  алу емес,  әлеуметтік маңызды  жолға бағыттайтын мақсатты көздеген ортақ мүддеге жұмылдырылған  жоспарланған шаралар кешені. 

     Фандрайзинг – бұл шығармашылық, өйткені табыс  түсірмейтін ұйымда көп, ал аұқа шектеулі көлемде ғана, сондықтан сіздердің  көмек қолын ұсынған үндеулеріңіз қолдау табады,  демек мүмкіндіктеріңіз де өсе түседі. Фандрайзинг – бұл негізінен ақша ма немесе материалдық ресурстар ма? Түгелдей алсақ солай, бірақ мұнымен шектелмейді. Компанияны қаржы жинауға жібере отырып, орасан зор артықшылықтарға ие боласыз. Ол - әлеуетті қаржы берушілермен жеке тіл табысуға қолыңыз жетеді.  Мұнымен тоқтап қалмайсыз, осы артықшылықтарды пайдалана отырып, табысқа қосымша қадам басуға жол ашылады. Осыдан кейін сіз әріптесіңіздің көзіне тіке қарап отырып, жұмысыңыздың жайын, оның сауалдарына нақты жауапты қиналмай айта аласыз, оның да қызығушылығын назардан тыс қалдырмайсыз. Бүгінде көптеген банктер мен компанияларда пайда түсірмейтін ұйымдар жұмысын қаржыландыруға қатысты нақты тұжырымды өлшемдер жоқ деуге болады. Сондықтан сіздің  нық сеніміңіз бұл сеңді бұзып, сіздің ұйымыңызды қаржыландыру қажет пе, жоқ па – соны шешеді. 

     Бұл жерде фандрайзингтің табысқа жетуіне  ешқандай да «көзді арбайтын» күш  жоқтығы  және  сұрасаңыз да  ешқандай әдіспен жауапқа ақша бермейтін  кепілдігі белгілі. 

     Егер  сіз өз мақсатыңызға жету үшін табанды түрде күресе білсеңіз, әрине, бұл жерде әңгіме тек ақша турасында болып отыр, ұйымыңыз өз адамдарына сондай жоғары сенім білдірсе,  әлеуетті демеушілерге  үндеуді дұрыс әзірлей білсеңіз және сіздің ұйымға ақша соншалықты қажет екендігін нық дәлелдей алсаңыз,  сіз көп кешікпей ол қаржыны қолға түсіресіз. 

     Қаржы жинау немесе  демеушілерді соған  тарту ораулы сым секілді, оны  тарқату фандрайзингтің әр кезеңі деп те мысал ретінде қарастыруға болады.  

     Қажеттілік > Ізденіс>Үндеу>Нәтиже 

     Фандрайзингке енбес бұрын алдымен  қайырымдылық жобасы деген не, адамдар оған қалай қарайды, хабары бар ма – міне, осыларды қамтыған дұрыс. 

     Сонан соң барып, әрине, сіздің ұйымыңыздың  алдындағы нақты мақсат пен міндеттер  қарастырылады. 

     Өз  идеясын жүзеге асыратын ұйым құрылды делік. Бұлар біреулер үшін – балалар мен мүгедектерге көмек, екіншілері – қоршаған ортаны қорғау туралы идея, ал үшіншілері -  мәдениетті қайта түлету немесе дамыту  және т.б. болып көрінуі әбден мүмкін. Бұл кім-кімнің де дүниетанымына байланысты, ол қоршаған ортаны қалай қабылдайды және оған қандай баға береді? Ұйымдардың, ол қандай да болса  алға қойған міндеті ең алдымен  сол қоршаған ортаға әсер ету, мүмкіндігінше оны жағымды жақтарына қарай ойыстыру. Біздер іс-әрекетіміз де шалыс басып, түрлі кемшіліктерді де бастан кешеміз, сан алуан қылықтарға барамыз. Ал сол іс-әрекетімізді реттегіміз келсе,  оған бірыңғай тұрғыда мән беріп, оған апаратын ең жеңіл жол деп сол кездегі жағдайды шұғыл сипаттап, өз күш-жігерімізді нәтижелі жағына қарай жұмсауға тиіспіз. Бұл сондықтан да мақсат деп аталады. Біз күткен, қалаған жағдайымыз шындыққа айналсын десек, бірнеше шарттарды бұлжытпай орындауымыз керек, әйтпесе межелі мақсатымызға жету мүмкін емес. Ұйымның міндеті – ол осындай жағдайлар жасау. Басқаша айтқанда,  міндет  бұл ұйымның шағын мақсаты, үлкен мақсаттарға шығуға бастайтын баспалдақтар.

     Қаржы жинау жөніндегі компанияның  дайындығы 

     Табысты фандрайзинг –  бұл қайырмалдық туралы сұранысқа дайындықтың 90% және жеке сұраныстың 10% жүзеге асқаны. Жалпы жоспарлау қажет пе?  Қайта одан гөрі кез-келген ретті жерлерде ақша сұрау оңай емес пе? Қаржы жинау жөніндегі компанияның жоспары бізге қандай басымдық береді? 

     Компанияның қаржы жинау жоспарына не қажет: 

     біздің  күшімізді сиқырлау; 

     уақытты бақылау; 

     әркімнің  ролін түсіну, бұл кампанияға кім  қатысады 

     белгіленген іс-қимылдың жалпы жай-жапсырана  көз жеткізу 

     іс-қимыл  барысын бақылау және  табыс  пен мүлт кеткен тұстарына баға беру 

     бұл кампанияның «сабақтарын» болашақта  пайдалану 

     Компанияның қаржы жинауды жоспарлаған кездегі іс-қимыл жүйелілігі: 

     Алынған ресурстардың көмегімен шешуге тиісті міндеттерді таңдап алыңыз. Уақытша  кеңістікті таңдап алыңыз, ақша сізге дұрысында белгілі бір кезеңге қажет қой; 

     Өз  ұйымыңыз бен жоба туралы толық ақпарат  жинаңыз, қолданатын дәлелдеріңіз болса  кеңінен ойланыңыз; 

     Сіздің  әлеуетті демеушілеріңіздің  мүмкіндіктері  мен ынтасы да назарыңыздан тыс қалмасын. Сондай ынтасы үшін қандай көтермелеуге лайықты деп ойлайсыз? 

       Қаржы жинау жөніндегі өткен  іс-тәжірибелеріңізді тағы да бір талдап көріңіз, бірінші кезекте  хабарласатын жақтастарыңызды анықтаңыз. Тағы да кімдермен байланыс жасағыңыз келеді?  

     Демеушілерге  беретін материалдарды дайындап, көбейтіп беріңіз; 

     Қаржы жинау жөніндегі әдісіңізбен  басшымен келісіңіз; 

     Фандрайзерлер жұмысын ұйымдастырыңыз (  кімде-кім құрбандық шалуға жиналатын болса); оларда өз жұмыстарына қажетті ақпараттар мен материалдар барлығына көз жеткізіңіз; 

     Түскен  қаржыны бақылау тәртібін орнатыңыз. 
 

     ІС-ӘРЕКЕТ ЕТІҢІЗ! 

     Сіз өз мүмкіндігіңізді көтеру үшін  жеке зерттеу жүргізе аласыз, мысалы, ұйым жұмысы туралы сіздің қамқорлығыңыздағы адамдар, әріптестеріңіз, демеушілер, мемлекет өкілдері не дейді? Сіздің жақтастарыңыз болуға кім дайын? 

     Фандрайзинг бойынша маманның іскерлік қабілетіне жататындар: 

     Табандылық, 

     Төзімділік 

     Ашықтық 

     Әлеуетті  демеушімен дұрыс тіл табысу қарымы 

     Адалдығы  және тілектестігі. 

     Сіз біреуден ақша сұрасаңыз да, оған сенім  артып, осы кісі береді - ау деген  үмітте боласыз. Ал ол бүгін сізге  «жоқ» деген күннің өзінде, сіз  оны қорқытпақ болсаңыз, ол сізден әрі қарай бойын аулақ ұстап жүруге тырысады. 

     Әңгімелескен  кезде  тыңдаушының көзін жеткізу  және  тиімді жүргізу қабілеті. 

     Әңгімені  тиімді жүргізуге арқау болатындар: 

     Сіздің  ұйымның жағдайын жақсы білу; 

     Сөйлесу тәжірибесі; 

     Икемділік; 

     Құпия сырға құрмет; 

     Жұмыстағы табысқа қызығушылық; 

     Қаладағы  және аудандағы  жағдайлардан хабардар болу; 

     Күтпеген  ұсыныстарды қабыл алуға дайын  тұру; 

     Әділдік; 

     Ойлау қабілетінің тәуелсіздігі 

     Этикалық  сауалдарға маңызды назар 
 
 
 

     Әңгімелескен кезде көңіл-күй қандай болу керектігі жөнінде  фандрайзинг бойынша мамандардың маңызды нұсқауларымен танысыңыз: 
 

Әлеуетті  демеушілермен сөйлескен кезде  не істеу керек Әлеуетті демеушілермен  сөйлескен кезде не істемеу керек
Ілтипатты болыңыз.

Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын!

Тыңдай  біліңіз!

Құзырлы болыңыз!

Өз ойыңызды қысқа да, нұсқа жеткізіңіз.

Белгілі бір мөлшерде ақша сұрайсыз ба?

Болашақ туралы айтыңыз.

Қолдау  үлгілерін келтіріңіз.

Алғысыңызды айтыңыз.

Келген  мақсатыңызды еске түсіріңіз.

Сіздің  әңгімелесушіңіз де адам екенін ұмытпаңыз. 

Әңгіменің тоқетерін көрсетуге тырысыңыз.

Артық кетіп, арына  тимеңіз.

Сөзін бөлмеңіз.

Өз ыңғайыңызға  көндіруге тырыспаңыз.

Сұрақтан  тосылсаңыз, жауап бермеңіз.

Қойылмаған  сұраққа жауап іздемеңіз.

Жарлылық  пен кемтарлығыңыз үшін «мақтанбаңыз».

Ренжімеңіз.

Ұсақ-түйек  болса да өтірік айтпаңыз.

Сұраншақ  болмаңыз.

Дауласпаңыз.

Ешқашан кешікпеңіз.

Әңгімені  жеке адамның сөзіне айналдырмаңыз.

 

     Білмеудің кейбір тұстары  бойынша  мамандардың  өткізген  фандрайзинг ұстанымы  да қызық: 

     «Демеушіңіз сізді өзіңіз айтқан деңгейде ғана біледі». 

     Әңгімелесу  кезіндегі  кейбір қажетті іс-қимылдарды бөлек көрсетейік:

     Әңгімелесуші  адамыңызға құрметпен қараңыз, бірақ  жарамсақтанбаңыз.

     Әңгімені  серіктесіңіз ықыласпен тыңдайтындай дәрежеде өрбітіңіз.

     Оның  да сөзіне ден қойыңыз.

     Алда  тұрған міндетті ескере отырып, оған жауап  бергеніңізде жасалған жұмысты ұмытпаңыз.

     Әңгіме  төркінінен серіктесіңіз  өзінің қосар  үлесі маңызды да, шешуші екенін аңғарып отырсын.

     Ол  әңгімеден бас тартуы да мүмкін, оған да іштей дайын отырыңыз.

     Өкінбеңіз, ренжімеңіз және ашу шақырмаңыз –  күнделікті кездесетін жағдай деп түсініңіз.

     Оның  қаржысы қайда жұмсалады, қандай  іс-қимылға және бұдан бұрын да көрсетілген қолдау жөнінде сеніммен баяндаңыз.

     Жақында  ақша беру жөніндегі түпкілікті уәдесін алғанша жанына онша ұзап кетпеуге тырысыңыз.

     Өзіңізге  тағы да кімдер қолдау көрсете алатыны  жөнінде  кеңесін сұраудан қысылмаңыз.

     Фандрайзинг табысы қайталана береді. Мұндай әңгімелесуден  сіз тек ақша емес,  баға жетпес сыйлық – тәжірибе жинақтайтыныңызды ұмытпаңыз.

     Егер  сіз кәсіпқой фандрайзинг болам  десеңіз...

     Фандрайзинг саласы бойынша әрдайым өз идеяңызды  жүзеге асыруға тырысыңыз. Осылай ойлап-пішіп  алғаннан кейін жоспар құрыңыз.  Бастаған ісіңізге жалқаулық танытып, ертеңге қалдырмаңыз. Күнделікті күйбең тіршілікке бой алдырмаңыз.

     Өз  тәжірибеңізді жетілдіре түсіңіз. Жоспарлауға  немесе сүйікті ісіңізге кеткен уақытыңызға өкінбеңіз, өйткен ол түбінде сізге пайда әкеледі. Мысалы,  жөндеу жұмыстарына қажетті  сыр сатып алуға ақша сұрағанша, ойланыңыз, бәлкім, жақын жерде  сол сырды өндіруші бар шығар. Сырды сатып алуға ақша сұрағанша, сол жерден алғаныңыз жеңілдеу емес пе, неге десеңіз:

     бұл аз уақыт алады; 

Информация о работе Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс