Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32

ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР

2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79

Файлы: 1 файл

Поэзия жане табигат.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

Түннің көркем бейне  дәрежесінде көрініп жырлануына  тағы бір мысалы – философиялық астары қалың «Түн деген – Көроғлы, көр баласы» деп басталатын өлеңі. Түркі халықтарына ортақ «Көроғлы» дастанындағы көрде туған бала жайлы сюжет ақын өлеңінде деталь ретінде ғана алынып, ары қарай үлкен адамзаттық, дүниетанымдық ой қозғалады. Мағжан өлеңдерінен көп ұшырасатын Түн-Күн ұғымдарының қарама-қарсылығы Есенғалида:

Күн-ағасы қылт етсе қыр  астынан

Көрге кіріп кетеді қашып келіп

жолдарымен  суреттелген. Өлеңдегі негізгі ой  тұспалданып  келіп:

Біз жерлелік өлді деп  шындықтарды,

Қанасында шындықтың  тірлік бар-ды.

Көрде туған сәбилер  өсіп жатыр,

Білмейді әлі қулықтар, сұмдықтарды, – 

деген шумақта поэтикалық суретпен бейнелей айтылады. Көрдегі тіршілік жайлы мифопоэтика белгілі дәрежеде философиялық ойды көркем түрде жеткізуге қызмет еткен. Құрғақ уағыз, жалаң дидактикадан гөрі осындай тәсіл поэзиялық туындының эстетикалық қуатын арттыратыны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

 Жоғарыда ұлттық поэзиямызда табиғатты нысан етудің өзіндік даралығы бар екенін айттық. Сол ерекшеліктің бастысы ұлттық сипатқа байланысты. Ұлттық сипат түннің сан қырлы көркем бейнесін жасау тәсілінен көрінетініне тағы бір ақын Гүлнар Салықбайдың «Түн. Ауыл. Иісі сүр еттің...» деп басталатын өлеңін мысал етуге болады.:

Түн. Ауыл. Иісі сүр еттің...

Тентек жел тиді шашыма

Бір жұлдыз ақты – дір  еттім,

Түннің бір тамшы  жасы ма? [26,38]

Бұл жолдарда Есенғали өлеңімен үндес келетін сурет – «түннің  көз жасы» поэтикалық тіркесі. Алғашқы жолға тұтастай ауыл түнінің суреті сиып кеткен. Гүлнардағы түн бейнесінің ерекшелігі – ағып түскен жұлдызды түннің бір тамшы жасы түрінде көруі. Ақынның сезімтал, аңғарымпаз лирикалық кейіпкері аққан жұлдызды, шашына тиген тентек желді түйсік әлемінен тыс қалдырмайды. Түн, сондай-ақ, ақын жанының мазасыздығын, мұңлы халін жеткізуде маңызды орынға ие:

Ұйқы бізді менсінбеуге  айналды,

Құлақ шіркін естімейді  жайлы әнді.

Қарғыбауын үзіп кеткен төбет ой

Қара түннің бұрымына байланды [26, 37].

Өлеңде нысанға алынатын сыртқы дүние ақын «менімен» байланысты екені белгілі. Әйел ақын жырындағы  түннің бұрымды болып бейнеленуінің  мәнін осыған саямыз.  «Бұрымды қара түн» - аңсарын іздейтін, сезімге  тәуелді лирикалық кейіпкердің  өз ішінен шыққан «болмысы». Оның іздегені – «Сіз» түрінде бейнелетін екінші тұлға. Яғни, түн субъектімен бірігетін бейне де, «Сіз» – сол субъектінің нысанға алған объектісі. Осы «Сіз» тұлғасы Гүлнар өлеңінде тұтастай желі тартып, өз алдына жеке персонажға айналған.

Түннің кейіпкер халін, көңіл-күйін танытуда жетекші орындардың біріне ие екеніне Гүлнардың тағы бір өлеңі арқылы көз жеткізейік.

Қараңғы түн...

Қараңғы түн

Арбайды екен адамды тым.

Сен – қарасың,

Қап-қарасың!

Қара міндет атқарасың.

Бұл өлеңдегі аңғарым  өзгешелеу. Түн – лирикалық кейіпкердің қайғылы, шерлі халін көрсету мақсатында алынған. Адам атты болмыс қуаныш пен мұңның, үміт пен күдіктің арасында толқып ғұмыр кешетіні заңдылық. «Қараңғы түн» – сол мұң мен күдіктің пішінін поэтикалық тұрғыда танытатын бейне. Ақын шендестіру тәсілі арқылы түннің нақ осы қызметін анықтай түседі. Түнге шендестірілетін Күн мен жарық, таң – толқымалы көңіл-күйдің қуанышқа, жайдарылыққа ынтықтығы мен талпынысын таныту үшін алынған. Өлең мазмұнындағы қара түнде адасу, торығу, жығылуға шақ қалып, тайғанақтау – толығымен жан күйзелісін ашады. «Қараңғы» айқындауы түннің түсін айту үшін емес, кейіпкер халін жеткізу үшін алынған. Бұл өлең шумақтарынан айқын аңғарылады:

Қараңғы түн.

Қар да қара,

Кеудемдегі зар да – қара,

Ызғар.

Кәдімгі шынайы қардың түсі қара емесі белгілі. Қара түс – лирикалық  кейіпкер түйсігі қабылдаған сурет. Сондай-ақ келесі шумақтардың бірінен «қап-қара мұз» тіркесі ұшырасады. Қар мен зар бірлігі «қара» айқындауымен тұтасып,  көңіл-күй ауанымен үйлесім тапқан. Ал, сыртқы өмір суреті:

Ай дегенің – бұлтқа ғашық,

Ал, төменде жұрт таласып,

Қызығар -

деген жолдардан  көрінеді. Лирикалық кейіпкердің құлазыған  жаны өлеңнің әр шумағында бірін-бірі қайталамайтын, бірақ толықтыратын бейнелі тіркестемен бедерленген. Соңғы шумақ күллі өлеңдегі сезім халін  мүлде өзгеше шешіммен танытады. Қарама-қарсы ұғымдарды шендестіре отырып, лирикалық кейіпкер рухының беріктігін паш ететін шешім поэзия тілімен жарасымды бірлік құраған:

Қараңғы түн,

Жарық қайғы

Қара бояу дарытпайды,

Қапаланба қара десем,

Қараңдай бер аман-есен.

Қызыл Күннің суыт әрін

Түнге малып суытамын

Аяп.

Қараңғы түн санада тұр,

Таңға асығып бара жатыр 

Аяқ.

Сезім әлеміндегі тартысты осыншалықты нәзіктікпен анық жеткізу  Г.Салықбай тәрізді  сыршыл ақынның  қаламына бұйырған болар. Бір-біріне кереғар ой мен сезімнің қайшыласатын жері – адамның жан-дүниесі, санасы. Ол қайшылық тек түйсікпен сезіледі. Жарықтың қараны дарытпай арпалысуы, қара түстен қара үзе алмаған лирикалық кейіпкердің бәрібір түнге көңіл аударуы, таңға асығып ұмтылғанмен санада қара түннің тұруы – ішкі болмыстың екіге жарылуын баян еткен сурет. Осындай ішкі жарылуды, адам атты жаратылыстың өзінің ішкі дүниесімен күресін поэзия тілінде түн суретімен тұспалдай жеткізу Нұрлан Мәукенұлы өлеңдеріне де тән сипат.

Тереземнен телмірме түн,

Телмеңдеген сен бір  жетім – 

Аяй сүйген ай бір бетін,

Желпи сүйген жел бір  бетін [33,15] –

деп толғанған ақын мұңы түн болып әрекетке көшеді. Анығында оның әрекетін біз ақынның тіл  қатуынан ғана аңғарамыз. Нұрлан сөзді  ойната, қайталай отырып, түн әрекетін көңіл-күйімен егіздейді. Бір қарағанда лирикалық кейіпкер түнмен тілдесіп, оған сыр шерткендей, өз халінің де дәрменсіздігін айтқандай болса, енді бірде  түн деп тілдесіп отырғаны - өзінің жалғыз қалып құлазыған көңілі екенін тануға болады. Түнге телінген телміру, мөлтеңдеу, көзін сату, үңілу, күбірлеу, төну сияқты іс-әрекеттер  лирикалық кейіпкер жан дүниесінің  сезімдік халін бейнелеуде сәтті қолданылған. Түн мен кейіпкердің ортасындағы шекара – терезе. Оның да атқарып тұрған көркемдік міндеті бар. Ол – ақыл мен сезімнің қабысып кетуіне, тұтасып, бір әрекетке көшуіне саналы түрдегі бөгесін ретінде алынған деталь.

Әйнегіме төнесің кеп,

Жан-жаққа ойды жөнесін  деп.

Өле қалар өзім емес,

Өлеңіме сенесің көп.

Өлеңнің соңғы шумағынан  тірліктің жалғандығы мен рухтың мәңгіліктігін жан дүниесіндегі нәзік тартыс арқылы жеткізген ақынның өзіндік көркемдік әлемін танимыз.

Түннің сезім бейнесінде лирикалық кейіпкер жанынан алыстамайтындығына Нұрланның басқа да өлеңдерін  оқығанда көз жеткізе түсеміз:

Түн баласын тыңдағасын,

Мұң-наласын мұңдағасын,

Күннен бетер күңіренесің,

Желден бетер жынданасың.

Түнге құлақ асу, оның айтқанын тыңдау – сезімге бағыныштылық тұспалы. Өлең мазмұнындағы «түн сөзіне тоқтау», «түннің жоғын жоқтау»  кейіпкер жанының сол сезіммен үйлесім табуының айғағы. Құлазу, жалғызсырау, күйзелу жанын азапқа салғанмен, лирикалық кейіпкер бәрібір сезімге иек артып, содан сая табады:

Түн баласын тыңдағасын,

Түннің өзі ымдағасын,

Самалын кеп саялайсың

Сағың, әйтеу сынбағасын.

Түнмен бірлікті қалаған ақын кейіпкері енді бірде «Қою түн, қашпа менен» деп толғанады. Осы жолдармен басталатын өлеңдегі мұң салмағы алдыңғы өлеңнен әлдеқайда жеңіл. Мұнда ақын тағы да түнге тіл қатады, бірақ, түнді сыртқы дүние, яғни объект ретінде бейнелейді.

Лирикалық поэзиядағы түннің әр түрлі қалыпта бейне дәрежесіне көтеріліп, тың сурет, жаңаша ой тудыруда маңызды орын алғанын осы өлеңдерден тани түсеміз. Мұндай мысалдарды әлі  де көптеп келтіруге болады. Бір-бірімен  үйлесім тапқан тамаша поэтикалық тіркестер, тілдік өрнектер ұлттық поэзиямыздың зор мүмкіндігін көрсетеді. Әр ақын ешкімге ұқсамайтын көркемдік әлемінің көкжиегін осындай тың тұрпатты суреттемелер арқылы кеңейте білді. Жоғарыда өзіміз қарастырған өлеңдерге назар аударсақ,  Есенғали «мені» әуелде түннің әрекетін сырттай бақылаушы ретінде көрінсе, Гүлнардың «мені» сол түннің ішіндегі  күллі әрекеттің иесіне айналады. Ал, Нұрлан түнді жетімсіреген қалыпта көрсетіп, өзінің халімен егіздей келе оған тіл қатады, мұң шағады Үш ақынды бір-бірімен ұқсастыратын – түн суреті арқылы сезім әлемін бейнелеу, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері – әрқайсысындағы түн тың бояумен, жаңа поэтикалық суреттермен, әр түрлі қалыпта лирикалық кейіпкермен бірлесе көркемдік жүк көтерген дара-дара персонаждар болғандығы. Табиғаттың бір мезетінің тұтастай көркемдік ассоциация құрап, бейне дәрежесінде әрекет етуінің түп негізін мифопоэтикаға апарып сабақтастырамыз. Өйткені, табиғатты тірі рух түрінде қабылдаған анимистік сенім метафоралық ойлауға бастау болып, адамзаттың эстетикалық мұраттарына  қызмет етіп келеді.

      Гегель  «Өнердiң тәжi» деп бағалаған поэзияны  сол данышпанның тұжырымына сүйенсек, «шығармашылық емес, шынайы сезiмнiң iшкi рухани әлем аясындағы әрекетi» түрiнде түсiнген жөн [34,34]. Бұл пiкiр, әрине, поэзияны жоғары бағалаудан туындап отыр.

      «Поэзия  -  өнердiң жоғарғы тегi» – дейдi В.Г.Белинский. Және поэзияны үш түрге жiктей келе, оның iшiндегi лирикалық поэзияны «iшкi сезiм, шарқ ұрған сезгiш ой аясында қалады» деп түсiндiредi [4,12].

       Қазақ  лирикалық поэзиясындағы iзденiстер мен жетiстiктердi сөз етер болсақ, алдымен тiл мен бейнелiлiк  мәселесiне назар аударарымыз заңды. Поэтикалық ойлау жүйесiндегi қалыптасқан дәстүрлi суреттемелердiң жаңа, соны көркемдiкпен баюы жекелеген ақын шығармашылығындағы iзденiстермен тiкелей байланысты.

        Қазiргi қазақ лирикалық поэзиясының көрнекті өкiлi Е. Раушанов  поэзиясындағы табиғат - өз алдына бір сырлы әлем. Ақын табиғатты суреттегенде тың ізденістерге түрен салады.

         Ақын iңiр мезгiлiн бейнелеуге арналған өлеңдерiнде кейiптеу тәсiлiне көбiрек жүгiнедi. Iңiр мезгiлiн арқау еткен үш өлеңiндегi көркемдiк пен ақындық тiл iңiр суретiн көз алдымызға шынайы, жанды көрiнiсiмен елестетедi. Ақын қаламына тән өзгеше өрнектi әрбiр өлеңнен анық аңғара аламыз.

                                       Саулы iнгеннiң үрпiндей жұмсақ желге

Ботакөз көл жаудырап тосты ерiнiн.

Бұл жолдардан ұлтымызға тән, өзiмiзге жете таныс сурет көрiнедi. Желдiң айқындауы -  жұмсақ деген сөз болса,  осы жұмсақ желдiң өзiне өте сәттi теңеу табылған: Саулы iнгеннiң үрпiндей деген желдiң көлге немесе көлдiң жерге қатысын суреттейтiн тұстың өзi тың сурет. Көл бейне әрекет иесi, желге ерiнiн тосады. Табиғат суретiнiң әсем бiр сәтiн соншалықты жанды да нәзiк түрде бейнеленген тұсының бiрi  –  ботакөз көлдiң жаудырауы.

       «Ақын  қашан да әлемге әр түрлi қатынас жасағысы келедi және оны әр түрлi қабылдайды, өзi құлақ түрген дауыстарға елiктейдi» [35,70] – деген       А. Блок пiкiрi ақындық табиғатын жете түйсiнгеннен туындаған болса керек.

        Iңiрдегi бүкiл болмыс бір-бiр әрекеттi иеленiп, жанды суретке ауысқан. Әдеттегi поэтикалық қолданыстарда жұлдыз жымыңдаған, күлiмдеген түрде бейнеленсе, Есенғали өлеңiнде басқаша суретке ауысып кеткен. Күннiң түнге ұласар шағындағы жұлдыздың көрiнуiн:

                                        Жұлдыз өрiп шыққанда су астынан –

деп бейнелейдi. Айдың да әрекетi тосын:

                                        Түбектегi ауылды түгендеуге

 Түнделетiп келедi Ай қыр астынан.

Адамға тән iс – әрекеттiң айға көшiрiлуi өте сәттi. Қараңғылықтың бел ала бастаған кезiнде қыр астынан аспанға сапар шеккен ай, қараңғылық күшейген кезде бұлтқа қорғалайды. Осындай мезгiл суретiнде лирикалық қаhарман да өз орнын алып тұр. Ол «Сақ қара атпен салдыртып мен келемiн» деп көрсетілген. Жолаушының тiрегi – жол да «Бүлкiл қағып» деп әрекетке көшкен қалпымен бейнеленген.

      Есенғалидiң «Iңiрде» өлеңiн пейзаждық лирикаға жатқызамыз. Бұл жерде iңiр суретi iс-әрекетпен кейiптеле суреттелсе,  iңiрге тән мезгiл суретi бейнелеулер арқылы көрiнедi. Лирикалық қаhарман көңiл-күйiне ешқандай орын берiлмеген сияқты көрiнгенiмен  ол (лирикалық қаhарман) табиғат суретiнiң бойына сiңiп кеткен. Жанданып бейнеленген шынайы табиғат суретi емес, ақын қабылдауындағы, түйсiнуiндегi сурет.

      «Iңiр» атты тағы бiр өлеңiнде iңiрдегi басқа бiр суреттер өрнектеледi де, соңы  лирикалық қаhарман көңiл-күйiмен түйiнделедi. Бұл өлеңiндегi бейнелер мүлде басқаша. Көлден ұшқан үйрек легiн бұлт легiне ұқсату, толқын мiнiп, аяғын ескек еткен қасқалдақты жыр ету – ақынның суреткер ретiндегi сезiмталдығы мен қырағылығын аңғартады. «Көлден ұшқан үйрек емес − көк алалы бұлттар легi» деген поэтикалық суреттеудiң ендiгi құбылуына назар аударыңыз:

                                    Көлден ұшқан бұлттар емес көк ала

                                    Күн едi ғой ұясына асыққан.

      Негiзгi нысанада – көл. Көлден ұшқан үйрек – шынайы, нақты сурет десек, көк алалы бұлт легiнiң, ұясына асыққан күннiң ұшуы – көркемдiк шындық. Көл суретiн нысанаға алған ақын Көл де, шөл де - жүрегiмде, өзiмде деп түйiндейдi. Соңғы екi жол – iңiр суретiнiң ақын жанымен үндесер, бiрiгер тұсы:

                                    Бiрсiн-бiрсiн сөнедi анау алып  күн,

Томашадай қасқалдақтың көзiнде...

Е. Раушанов өлеңдерiне кең тыныс, сөзден жаңылмас шешендiк, шалқыған бейнелi сурет тән. Қарапайым құбылысты көркемдiк талапқа сай өңдендiре, құбылта жырлау қаншалықты шеберлiктi қажет ететiнiн айтпасақ та түсiнiктi. Бұл жерде ақынның өзiндiк дара стилiн, тек өзiне ғана тән  ақындық шеберлiгiн баса айтқан жөн. Күннiң ұясын кiру сәтiн тiкелей  сол күн арқылы емес, «томашадай қасқалдақ» арқылы көрсетудiң мәнi қаншалықты терең екенiн сезiнген абзал. Iңiр көрiнiсi екi өлеңде  бiрiн бiрi мүлде қайталамайтын өзгеше бейнелi суреттермен берiледi. Қабыспай, үйлеспей тұрған сөз яки сурет  жоқ. Алдыңғы өлеңде iңiр бейнесi «сақ қара атпен салдыртып келе жатқан» лирикалық қаhарманның көңiл көзiмен берiлсе, екiншi өлеңде iңiр суретiне көкiрек көзiмен назар салып тұрған  лирикалық қаhарман (яки ақын) сезiмiмен, көңiл-күйiмен суреттеледi. Соңғы өлеңде көлеңкеге адамға тән iс-әрекет  телiнген:

                                    Көлеңкелер шырмалып қап қоғаға,

Көмек күтiр қол бұлғайды қашықтан.

Iңiрдегi көлеңкенiң халi осындай. Табиғат мезгiлiнiң әрбiр сәтiн қапысыз танып, аңғара бiлу де  –  ақынға тән қасиет.

Келесi iңiр туралы өлеңде ақын мүлде басқаша тәсiлге ауысады. Мұндағы Iңiр  – кәдiмгi жанды бейне, яғни «персонаж». Аңыз, мифтердегi перi қызы – адам баласы үшiн үрейлi. Ақын iңiрдi сол перi қызымен қабыстырады:

Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады