Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32
ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР
2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79
Әдебиеттану тұрғысынан ауыстырудың жеке дәстүрлі түрлерінің болатындығын айта отырып, жеке (индивидуальдық) терминінің жалпы ауыстыру табиғатын танытудағы маңызыдылығын бағамдаған жөн. «Поэзиялық ауыстыру – көркемдік жүйенің көрнекті тәсілі. Сонымен бірге эстетикалық элемент. Бұл – индивидуальдық творчествосының жемісі. Ол суреткердің дүниеге көзқарасымен, көркемдік ойлауымен, қиял өрісімен, эстетикалық қабылдауымен, философиялық толғаныстарымен, ассоциациялық шеберлігімен тамырлас құбылыс» [42, 27] екендігін мойындауға тиіспіз. Аусытырулар теңеу мен айқындау сияқты сөз бейнелілігінің қазақ поэзиясындағы дәстүрлі, ұлттық тәсілі деуге толық негіз бар.
Ауыстырулардың дәстүрлі қалпы, сонымен бірге қолданыс аясының кеңеюі, жаңашылдық сипаттарының молаюы, сөйтіп әдебиеттің қазіргі талап-талғамдарына сай түлеп, түрленуі – қазіргі қазақ поэзиясына тән сипат.
Күрделі ауыстырулардың тамаша мысалдары Ж.Жақыпбаев поэзиясынан көптеп табылады. Тіпті тұтастай ауыстыру сипатындағы өлең деп танитын шығармалары да баршылық. «Көктемге хат» өлеңнен күрделенген, қордаланған ауыстыру мысалдарын танып, ажырата аламыз.
...Көкекке мініп, итала қазды жектекке ап,
Көктемім менің, көмекке маған жеткейсің.
Қарайған шақта қар жабу жапқан құба бел,
Тоң болып жатқан топырақтардан тұра көр.
Көктемім менің, жеті қат жердің астынан
Ит жуа болып, бәйшешек болып шыға кел...[43,126]
Алдымен көктем кәдімгідей жанды кейіпкерге айналады. Содан соң көктемге тән құбылыс, белгілерімен ауыстырылып бейнеленеді. Келесі «көкекке міну», «итала қазды жетекке алу», адамға тән іс-әрекет деп те нақтылап айта алмаймыз. Көктемде құстардың жылы жақтан оралатыны табиғи құбылыс болса, ақын көктемге сол құбылысты әрекет түрінде қабыстырады. Самал желді «ақ көңіл» деп суреттеп, «аңқылдап сөйлеген» адам бейнесінде бедерлеу де күрделі ауыстырумен сабақтасады. «Тотыдай бетті (қырды)», «дулыға батқан маңдайын жеңмен сүрткен» батырға ауыстыру өлең шырайын енгізіп тұрғаны анық. Ақынның бірқатар ауыстырулары табиғат құбылыстарын адам болмысымен бейнелеу бағытында болып келеді.
Ала қоржынның аузы қалай ашылса,
Ашылып қалар аспанның да енді қабағы.
Қабағым менің – аршалы таудың қабағы,
Наланың бұлты бір соқпай қалай қалады.
Шала мас шалғын
Сұлады өлең шөп тағы...
Апорт алма ұялғаннан қызарады...
Жапырағы сыр шертеді бір терең...
...Жүйткиді Ақсу, Көксу тауда туған
Біреуі – ақ, біреуі – көк қос арғымақ.
Мен туған жер...
Жер шарының ең ғажайып нүктесі.
Мысалға алынған ауыстырулардың
көпшілігі кейптеу тәсілі арқылы
туындап тұрғаны анық. Ж.Жақыпбаевтың
өзіндік нақыш, өрнегі, әсіресе, осы
ауыстырулар жүйесінен
Шұғынық гүл төркіні –
Шыршалы тау, шың іші –
Көкшіл мұнар құйылған
Көркемдіктің ыдысы
Бұдан әрі туған жер – шұғынық гүл төркіні деген ауыстырумен ғана аталып отырады.
Жалайыр Мұқа ...
Шұғынық гүлдің төркіні, сені сағынып,
Өзіңе жетпей, өтіпті дейді арманда.
...Шұғынық гүлдің төркіні, бірақ сенікі,
Қарауым барлық: арманым, ойым, қиялым.
Ақын туған жерін осындай ауыстырумен атаса, өзін табиғаттағы өсімдіктермен ауыстыра бейнелейді:
...Шөлден де шөлін қандырған
Жыңғылға тартқан ұл едім.
...Кезінде шыққан «қымызға»
Күшәла болып қосылдым.
...Қаймақтай аппақ әжемнің
Қалампыр болдым шайына.
...Жылтырып аққан арықта
Жалбызың құсап отырғам.
«Жалбызың құсап» - метафоралық теңеуге жатады.
Шұғынық гүлдің төркіні,
Шөбіңмін сенің сәулелі...
Ақын өзінің туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін таныту үшін ауыстыруларды мақсатты, жүйелі түрде қолданған. Бұл ауыстырулар адам мен табиғат бірлігіне негізделген танымнан бастау алып, бейнелі ойлау жүйесінің табиғаты бойынша белгілі бір көркемдік-идеялық жүкті көтереді.
Шұғынық гүл – алқызыл
рюмка деген ауыстырумен
Ақын өзі жайлы айтқанда
да, түрлі ауыстыруларды
Барған сайын Сүлеймен боп барамын
Білетұғын құстың тілін, шөптің тілін
деген жолдардағы ауыстыру да осындай мақсатта пайдаланылған.
Ж.Жақыпбаев та адам (кейіпкер) бейнесін табиғаттағы зат немесе құбылыспен ауыстыра бейнелеу тәсілі басым. Мысалы, өзіміз сөз арасында айтып өткендей, қыз (Ләйлә) бейнесінің өзі бірнеше ауыстырумен сипатталады. Біріншісі – шұғынық гүл. Қызды гүлмен ауыстыра бейнелеу фольклорлық мұраларымыздан бастау алған дәстүр. «Қыз - өмір гүлі» деген даналық, қанатты сөздің астарында екеуінің ұқсастық белгілері жатқанын аңғару қиын емес. Ғалым С.Негимов поэтикалық сана екі сатыдан тұратынын атап көрсете келе, бірінші саты - мифологиялық ойлау, екінші саты – метаофралық ойлау деп сипаттайды [41, 24].
Мифологиялық ойлау сатысында адам мен табиғат тең деп түсіну басым. Яғни табиғат та адам сияқты саналы рух. Осы тұрғыдан келгенде, гүлді қызға ауыстыру екеуі де бірдей деген ұғымнан туындайды. Сонымен қатар, осы мифологиялық ойлауға тән өзгермелілік, яғни метаморфоза нәтижесінде қыз – гүл түрінде бейнеленген. Адамзат санасы дамып, көркемдік ойлау жүйесі жетіле түскен кезде, енді сол танымдық ұғымдар көркем, бейнелі сөздерге ауысты. Және гүл – нәзістіктің, сұлулықтың символы ретінде көрініп, осы жағынан келгенде де қызбен ұқсастық сипаттары ашылады. Жұматайда қыз – гүл деген дәстүрлі ауыстыру Ләйлә - Шұғынық гүл түрінідегі дәстүр негізінде жаңашылыдқпен туындаған ауыстыруға келіп ұласады. Сонымен қатар, гүл – тіршіліктің, өмірдің белгісі. Жұматайдың енді бір жаңалығы: шұғынық гүл төркіні деп туған жерін бейнелеуі. Көне мифтерге жүгінсек, гүл адамның екінші түрге ауыстырылуынан пайда болған. Мысалы, грек мифтеріндегі Нарцистің гүлге айналуы. Енді бірде қасиетті адамдардың қаны тамған жерге өсіп шыққан. Гүл - өмір, тіршілік ишарасы ретінде қазақ поэзиясында көп қолданыста көрінеді. Мысалы:
Өртенген үй орнына
Өскен жалғыз қызғалдақ, -
деген Қасым Аманжолов өлеңінде қызғалдақ – мәңгі үзілмес тіршілік символы ретінде бейнеленген.
« Бұл түстік гүлі ерте дәуірлерде көктемнің, махаббатың, солып, көктемде қайта жаңғыратын, жаңарып түлейтін тіршіліктің символы болды ( «өлу – қайта тірілу» метафорасы)» деген тұжырымды негізге алсақ [44,126], Ж.Жақыпбаевтың туған жерді «Шұғынық гүл төркіні» деген ауыстырумен беруінің мәнін тереңнен іздейміз. Туған жер – ақын үшін тіршіліктің бастауы – мәңгілік жалғасқан өмірдің жарқын бейнесі, кешегі мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырып тұрар қасиетті мекен.
Шұғынық гүл көктемде
қауыз ашып, уақыт өте қураса,
келер көктемде қайта шешек атады.
Яғни, адам, оның өмірін жалғастырар ұрпағы гүлдеп, қурап, қайта гүлдейтін
өсімдіктер ғұмырымен сипаттас болып
келеді. Ақынның туған жерді – шұғынық
гүл төркіні деп ауыстыра атауының мәнін
осылайша түсіндіреміз.
Қыз бейнесін гүлмен ғана емес, сағыммен ауыстыру Жұматай ақынға тән ерекшелік.
Қаратал жақта бетпе-бет келіп қалдым мен,
Биқасап киген, бетінде мең бар сағымға, –
деп толғанады ақын. Егер «сағым» деген сөз дара өзі ғана тұрса, оны ауыстыру ретінде тануымыз мүмкін еді. Яғни, Ләйлә – сағым екенін тануымыз «биқасап киген, бетінде мең бар» деген айқындау арқылы жүзеге асып тұр. Ләйләға арналған өлеңдер топтамасында басты сипат, белгінің бірі осы мең болып көрінеді. Сол белгі сағымға айқындау ретінде тіркесіп келгенде, сағымның ауыстыру (метафора) екені мәлім болады. Неге қызды сағым деп бейнелейді деген сұраққа жауап іздесек, сағымның мынадай белгілерін танып алуымыз керек: сағым – көзге көрінеді, қолға ұстатпайды, ол – табиғаттың бір құбылысы, деректілік сипаты мүлдем әлсіз (көзге көрінеді), дерексіздік сипаты басым (қолға ұсталмайды). Ақын өзінің қол жетпестей арманы болған қызды сағымға ұқсатып, сол арқылы бейнелеуінің негізгі түйіні осыған келіп тіреледі.
«Сағым» ауыстыруы (метафора) бір ғана сипатпен шектеліп қалмайды.
Қайтадан бір сәт, бір сәтке ғана
жолықтыр
Ақ жүзді меңді атынан сұлу сағымға, -
деп, енді бірде «ақ жүзді, меңді сағым» деп бейнелеп өтеді. Ләйләнің түр-сипаты - ақ жүз, мең – барлығы да сағымға ауыстырылып, сағым Ләйлә бейнесіне көшіп кетеді.
Енді бірде ақын Ләйләні «ақ құба ән» деген ауыстырумен бейнелейді:
Бойы дәл, маған шашы дәл,
Дастаннан алған атты да
Қап-қара көзі, шашы бар,
Ән көріп едім ақ құба.
...Бағы бар жанға жолығар,
Жарылқап маған жатты да.
Басы бар, аяқ-қолы бар
Ән көрдіңдер ме ақ құба?!
Ләйләні «ақ құба ән» деген ауыстырумен бейнелеудің өзінде үлкен жаңалық, күрделілік жатыр. Алдымен «ән» деген сөздің өзіне назар аударайық. Ән – өнер туындысы. Әуені, ырғағы, нақышы, сөзі бар. Қызды әнге ұқсатқанда, оған сол қыздың сипатын телиді. Яғни, қап-қара көзі, шашы, басы, аяқ-қолы бар ақ құба қыз «ән» болып сипатталады. Ән адам даусымен орындалады. Ол үнемі айтылады, көркемдік мұра ретінде адам жадында сақталады. Әркімнің өзінің сүйіп тыңдар немесе сүйіп салар әні болады. Ақын өзінің сүйікті арманын сол әнге балап, қыз сипатын бедерлігімен әнге айқындау етіп көшіреді. Ақынның енді бір өлеңінде Ләйлә - «асқақтау жердің маралы» болып сипатталады. Қызды маралға ұқсату – ұлттық танымымызға сіңісті ұғым. Ақын өзін жалбыз арқылы бейнелесе, енді бірде қызды сол жалбызға балайды:
Жұтқызбаған жұпарын жалбыз едің,
Жалбыз едің, жанымның жалғызы едің.
Жай ғана «жалбыз» деп емес, «жұпарын жұтқызбаған жалбыз» деп бейнелеу арқылы ақын арманды ойын аңғартып өтеді. Ақын ауыстыруларды дара емес, күрделі түрде көп қолданады. Сол арқылы өзі нысана еткен мақсатты танытады.
Ал қара шашты көктемім,
Арманның жалғыз құлыны
Секілді ең, кеттің ұстатпай...
Бұл жолдар түгелімен бейнелі сөздерден түзелген. Алғашқы жолы – ауыстыру: сүйген қызды – алқара шашаты көктеммен бейнелеу ақынның өзіндік үнін танытады. Көктем – жылдың жайсаң да жайдары сұлу мезгілі. Ауыспалы мағынасында – адамның жастық шағы, Ж.Жақыпбаев өлеңінде қыздың бейнесі. Және «алқара шашты» деген айқындаумен ауыстыру екені айқындала түседі. «Арманның жалғыз құлына» деген тіркеске «секілді ең» сөзі жалғасқанда, ауыстыру түрінде қалатын еді. Тұтас сипатында алып қарағанда метафоралық теңеу түрінде танығанымыз жөн секілді. Ләйлә бейнесі ақын өлеңдерінде бұл айтылғандардан басқа да ауыстырулармен бейнеленген. «Мөлдір саз төккен құс», «кермиық», «басқа мәңгі қонбайтын нұрлы бақ», «екі мың жыл дүние – ақын толғанып тудыра алар ақ кітап», «қара көзді киелім» деген ауыстырулар Ләйлә сипатын таныта түсуде айрықша мәнге ие болып тұр. Ақын дәстүрлі ауыстыруларды жаңаша өрнектеп, тың сипатта пайдала отырып, бейнелерді даралау арқылы өзінің ақындық келбетін, шеберлігін таныта алған.
Ақын тіліндегі ауыстыруларды сан-салада көруге болады. Көбінесе ойды бейнелеу бағытындағы ауыстырулар тың мағына берумен ерекшеленеді.
Сары ауыз жыр күтті бір.
Жырды сары ауыз деген айқындаумен суреттеу ауыстыру сипатынан да хабар береді. Дәстүрлі қалыпта «сары ауыз балапан» деп айтылатыны белгілі. «Сары ауыз жыр» деген ауыстыру жаңа туған жер деген ұғымды білдіреді. Ауыстыру ретінде ақын бейнелеулердің белгілік сипаттарын да кәдеге асырған.
Сфинкс Бабыр – басы ақын, жолбарыс кеуде.
...Барластан шыққан Сфинкс тағына мінді
Бабырды – «басы ақын,
кеудесі жолбарыс» деп
Ганг өзенін «Индия атты ұлы ақынның көз жасы» деп бейнелеуінің астарында көне таным елесі бар. Жұматайдың суреткерлік әрі сыршылдық қырын танытатын мұндай ауыстырулар қазақ поэзиясының сапалық дәрежесінің өсу деңгейін көрсетеді. Ауыстыру, баяндау тәсілінің өзін бейнелілікпен ұштастыру ақынның суреткерлік шеберлігін шүбәсіз мойындатады.
Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады