Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32

ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР

2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79

Файлы: 1 файл

Поэзия жане табигат.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

Ақынның сезімді, махаббатты арқау еткен өлеңдеріндегі ауыстырулар  да айтар ойды, суреттелер бейнені  дәл таныта алар құралдар. Көркемдік  мазмұндағы көріктеу құралдарының қолданылу  ерекшелігі де ақынға қажет сезімталдық пен суреткерліктің бір дәлелі. Осы тұрғыдан келгенде Кеңшілік сыршылдығын оның тіліндегі ауыстырулар жүйесінен іздеу заңды. «Анар» өлеңіндегі сәтті ауыстырулар ақын сыршылдығы мен сезімталдығының айғағындай:

...Тал шыбық бойың бұралып,

тәнті етер қимыл табылмай.

 

Томардан түскен шоққа ұсап,

Томсарып көзің жанғанда,

Тай-сезіміңе ноқта сап,

Тулатпай ұстап алғанда.

Балаң сезімді жырлағанда ақын тапқан ауыстырулар да сол шақтың танымы мен пайымына сай келген. «Апам» өлеңінде лирикалық қаһарман сезімі енді туысқандық, қимастық арнада өрбиді. Толықсып, бой жеткен апа – жат жұрттық. Өмірдің осы бір заңы бала жүрегін сыздатады. Өз үйін жат босағаға алмастыра алмай, қиналған апаның көңіл-күйін ақын әдемі ауыстырумен қапысыз аңғартады:

Мінезің майдай еріп, қайран елік,

Үрке алмай  жүрдің бірақ өз үйіңнен.

Ақын өлеңіне етене  элегиялық сарын бейнелі сөздерден  де бой көрсетіп отыратынына «өмір-мұнар» ауыстыруы дәлел. «Балама» өлеңіндегі «жүрек-уыз», «қызылшақа қиял» ауыстырулары да ойды көркем түрде жеткізуге қызмет етіп тұр. Табиғат пен адам болмысын егіздей суретеуге бейім ақын адамға тән әрекет пен сезімді табиғатқа тели отырып, сәтті көркем сурет туындатады.

Буланып, бұдыр көлден сағым ұшты,

Шуда жіп сәулелерін алып ұшты.

Көзіне көкжиектің жас алдырған

Көрдім мен керемет  бір сағынышты 

 

Балдырда – бақалардың балғын шуы,

Жалбызда – мөлдірейді таңның шығы.

Құя алмай шалқарына  суала ма,

Көңілім қырда қалған қардың суы.

Өлең жолдарындағы көкжиектің көзіне жас алуы кейіптеуге айналған ауыстыру. Лирикалық қаһарман жанындағы  мазасыздық, сағыныш сезімі табиғат  арқылы өрнектеледі.  Мұң мен сағыныш  – ақын шығармаларының өзегіне айналған сезімдік құбылыстар болса, бұл ұғымдардың өзін деректендіруде бейнелі сөздер қызметі пайдаланылған. Мысалы «Бір мысқал» өлеңіндегі ақын «бір мысқал мұңым – көрінбес көзге періштем», «бір мысқал мұңым – тұрмыс, тағдырым» делінген ауыстырулар лирикалық кейіпкердің қат-қабат сезім болмысын ашып тұр. Ақын өмірді де нақты бір бейнеге айналдырып, ауыстырулар арқылы оның болмысын бейнелеп көрсетеді:

Өмір, сенің айқыш-ұйқыш  көйлегің,

Өйткені онда – кейде  рахат, кейде мұң.

Өмір, сенің ойқы-шойқы  мінезің,

Мінезіңе түсінесің бір өзің -

деген шумаққа назар  салсақ, өмір кәдімгі киімі бар, мінезі бар адам бейнесінде суреттелген. Махаббат сезімін де ауыстыру тәсілімен жырға  қосу Кеңшілік суреткерлігінің қыр-сырын  аша түседі:

Махаббат бір дерт емес пе еді, қарағым,

Өрті емес пе еді назырқау менен наланың...

 

Махаббат бір көл  емес пе еді, қарағым,

Ақ қайраны мен емеспе едім жағаның.

Хош,хош енді қайырылмай қайранға

Қара суға жүзіп кеткен шабағым.

Махаббат сезімін суреттеуде де ақындар табиғатты көркемдік  нысан, ондағы құбылыстар мен заттарды деталь ретінде үнемі назардан тастамайтынына осы өлеңдер мысал бола алады.

Сөз суреттілігі Кеңшілік ақынның «Шешемнің бір хаты» өлеңінде сәтті үйлесімімен орын алған:

Сен кеткен соң кешкісін суға бардым,

Сол шау өзен жататын  қырда қалғып,

- Суға неге келдің - деп тулап алды,

Толқып тұрған кеудемнен  тырнап алды.

 

Мен келемін, сендерді ойлап  келем,

Ойларымды сендерге арнап  келем,

Екі шелек екі отау, екі отауды

Бір ағашпен көтеріп  жалғап келем.

Өлең бейнелілігі сонда  – суға барған шешеге өзен тіл қатады, халін сұрайды, балаларын сұрайды. Қамкөңіл ананың көңіл-күйі сол сумен тіл қатысуда көрінеді.  Өзеннің адамға тән мінез-әрекетпен көрінуі кейіптеуге мысал болса, екі шелек – екі отау, иықтағы иінағаш – екі отауды жалғап келе жатқан ана көңілі толығымен ауыстыруға мысал. Символдық сипаты бар «Бозша тал» өлеңінде ауыстырудың өзіндік ерекше өрнегі бар. Әуелі бозша тал кәдімгі табиғат өскіні ретінде сипатталып, сонан соң ол адамға тән іс-әркетке ие болады:

Табанында тесік өкпе, тозса қар,

Жазғытұрым жылайды екен бозша тал.

Жаңбыры жоқ көк аспанға  телміріп,

Сағымы жоқ көкжиекке  көз сатар.

Бозша тал адамша жылап, адамша аспанға телміріп,  көкжиекке  көз қадаса, «атан жығар азулы  жел» бозша талдың «белін бұрап өтеді». Бозша тал өскен табиғат та адамға тән іс-әрекетпен көрінеді.  Жылап тұрған бозша тал уақыт заңымен әлі-ақ бүр ашады. Осы ойды жеткізген ақын түйіні мүлде басқа арнадан шыққан:

Беу, Махаббат, бозша талың  болайық,

Өліараңа – сынауыңа шыдайық.

Тал екеш тал жылап  тұрып күрессе,

Күресейік – Махаббатқа лайық.

«Адам – бозша тал» параллелі ақын қолданысындағы тың  сурет. «Бала гүл туралы баллада» өлеңін метафоралық өлең деуге болады. Өлең мәтінін толығымен келтірейік:

Жон-жонастың жаңа туған  тұрғыны,

Он екіде ашылмаған  бір гүлі,

Жазғытұрым жауқазынға жолықтым,

Қабағында бар екен сәл  кірбіңі.

 

Сәл тоңазып, дір-дір еткен  демінен,

Бейкүнә да пәктігіне  сеніп ем.

            -Сыз өтті ме, табаныңнан, арқаңнан,

           Жылытайын, - дедім, - келші, сені мен.

 

Жәудіреген қадап маған  жанарын,

Беу, бейкүнәм! Сөзін айтты баланың:

- Жылытыңыз, жылытыңыз, - деді ол

Үзілмейтін болса егер де сабағым.

Бас-аяғы үш-ақ шумаққа  әдемі ой өрнегі сиған. Өлең мазмұны  сырт сипаты жағынан гүл туралы сияқты. «Қабағында сәл кірбіңі бар жауқазын»  символдық мәнге ие екенін ескерсек, өлеңнің астарлы мазмұнын аңғарамыз. Яғни жауқазын, бала гүл – балғын бойжеткеннің метафорасы. Ақынның табиғат болмысына сезімталдықпен қарап, сыр түйетініне, сол сырды бейнелі өлең жолдарына айналдыра алар шеберлігіне тағы бір мысал – «Мен тал көрдім, солқ-солқ еткен құба тал», - деп басталатын өлеңі. Бұл өлеңде құба талдың тағдырына алаңдай отырып,  соры мен бағы бірдей талдың уақыт балтасынан аман қалғандығы жырланып, сол арқылы лирикалық қаһарманның айтар ойы тұспалданады. Табиғаттағы тал, гүл, өзен сияқты нысандар көп жағдайда егізделіп, салыстырылып, адам болмысымен ауыстырылып, кейіптеу, метафора, егіздеу сияқты тәсілдердің арқасында көркем дүниеге айналуы поэзияға тән болса, сыршыл да сезімтал ақын Кеңшілік қаламынан мұндай көркемдік бояуы қалың, сезімге суарылған өлеңдер көптеп туған. Сондай-ақ адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстары арқылы, немесе керісінше бейнелеу де поэтикалық тәсілдердің мүмкіндігінің, поэзияның көркемдік деңгейінің жоғарылығының  куәсі. 70-80 жылдардағы қазақ лирикасына тән басты сипат – сыршылдық, бейнелілік Кеңшілік қаламына тән басты белгілердің бірі еді. Табиғат құбылыстары адам өмірімен салыстыру, сол арқылы астарлы ойды бейнелеу тұрғысынан келгенде ақынның соншалықты аңғарымпаздығын баса айтқан жөн. Әдебиеттану тарихында қарама-қайшы пікірлер ара-тұра айтылып қалған символизм ағымының өміршең сипаты – айтар ойды көркемдеп, тұспалдап, басқа аңғарыммен жеткізу болса, Қазіргі қазақ поэзиясы өкілдерінің өлеңдерінен осы сипат орын алатынына сезім құбылыстарын, өмір заңдылықтарын ишара еткен бейнелі тіркестер мен оралымдарды, шумақтарды мысал ете аламыз. Символизм қазақ поэзиясының көркемдік-бейнелілік тұрғыда дамып, жетілуіне өз үлесін қоып келе жатқан  тәсіл екеніне осы мысалдар айғақ.

Біз ақындық стильдің бір қыры ретінде талдау нысанына алып отырған психологиялық егіздеу түрлері жалпы көркем туындының поэтикалық, эстетикалық мәнін тереңдетер маңызды құралдар. Бейнелеу, көркемдеу түрлерінің лирикадағы қызметі көп қырлы. Бұл туралы теориялық еңбектерде бірсыпыра тұжырымдар айтылды. «Тілімізде бейнелеу үш мәселені қамтиды. Бірінші, танымдық; екінші даралау; үшінші субъективті бағалау. Осы ерекшеліктер суреткер үшін  дара, эстетикалық, көркемделген бейне жасаудағы құбылтудың маңыздылығын арттыра түседі»[47,204]-деген Л.И.Тимофеев тұжырымына сүйене отырып, психологиялық егіздеудің стильдік ізденістегі орнын, ақындық даралықты танытудағы мәнін терең тануға жоғарыдағы талдауларымыз дәлел бола алады демекпіз.

 

2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы

 

Поэтикалық туындыда ақындар Табиғат-ананың бір сәт қайталанбас сұлулығын дәлелдікпен көрсете білу жолында түрлі көркемдік ізденістерге барады. Әркім болжай алмайтындай, мұндай дәлдікті көрсету үшін, алдымен, оны білу, әсемдікті тану – ақын тұлғасын өсіретін осы жайттар. Осы  ретте ақын Ұлықбек Есдәулет өлеңіне назар аударайық:

Аспанмен жатқан астасып,

Теңіздің төсін бетке алып,

Жағамен күліп қоштасып,

Кетейік жолға аттанып...[48, 6].

Туған жер - бар ақынның жырының өзегі. Әрқайсысының өз орны бар. Ақиқат пен әсемдікті қатар өріп, нақты образ жасайды, шындық шырайын шығарып, сұлулық бояуын қанықтырады.

Тыңдап жатып шегірткенің шырылын.

Сәл мызғышы, көздің алып шырымын.

Оянғанда өз кеудеңнен сезесің,

Кәусар бұлақ кеудесінің дірілін.

Жыршы құстар әнге бөлеп түн ішін,

Бұлтты серпіп Ай да тыңдар бұл әнді

Құзар шыңға сүйеп қойып қылышын.

Дала саған сәбиіндей еркелер,

Анаң боп та бесігіңе еңкейер.

Шырт түкіріп жүріп кетпе, бірақта

Онда сенен туған жер де жеркенер.

Ақын осындай ізденісімен өзіне дейінгі табиғат жырларына биіктей алады, ерекшеленеді. Бұл «Ұлықбектің адам өмірінің неше ықылымынан бергі, шешусіз сұрақтарына көңіл бұруына («Жапырақтар жыры» циклі),  адамның ішкі болмысына, жан дүние сырларына парық салуынан («Адамның кейбір кездері» циклі) үнемі жалқыдан – жалпылық мән іздеуге тырысуынан, шетін құбылыс – деректерге символикалық астар беруге талпынуынан, тағы да басқа көп белгілерінен танылады. Ақынның ақындығын таразылайтын бір өлшем – сол шынайылық болса керек» [7, 165-17]

Ақынның туған ауылына, достарына, аяулы анасына, сағынышты махаббатына – баршасына арналған өлеңдері де шын тебіреністен, шын шабыттан, шын сағыныштан туған жырлар. Олардың бояу, әлемі мен әуен- сазын да ақын көкірегінің толғаныс-тебіренісі жасаған: адамның өз тынысындай шынайы, табиғи. Өмір мен соған еліткен көңілдің қас-қабағын баққан үйлесімді шеберлік бар.

Ақын табиғат алдында, шексіз кеңістік аясында өз кеудесін өзі ұрғылап желпіне сөйлемейді, адамдарды бауыры боп аймалап, табиғатты перзенті боп саялайды; олардың бойынан сезім серіппесін шиыршық атқызар шындықты тауып алып, серпіле жырлайды. Ақынның адамдарға, табиғатқа деген махаббаты әншейін абстракция емес, нақты, өміршең махаббат.

Қазақтың даласы – ұлтымыздың халықтық болмысы, рух кеңістігінің символы болса, қазақтың ауылы – мазасыз тіршілікке толы және бір жанды, төл көрінісі. Халық әуезіне құлақ түре, көңіл сергек, кіндігі осынау алтын қазыққа байлаулы кім-кімнің де жүрек тереңінде сақтаған қазыналы алтын сандығы. Сол дала, сол ауыл, бүгін де, ұлан-асыр  поэтикалық тербеністер аренасына айналды. Қазақ сол өлеңдердің жалпы сарыны көңіл-күй ауаны, әуен-сазы, үн-бояуы көбіне-көп бір текті, бір деңгейлі: ауылды сағыну, ауылдың көк түтіні, қазақы қариясы, ауылда қалған балалық, алғашқы махаббат естеліктері. Қазағын қадір тұтқан қай ақын да сән-салтанаты келіскен ауылдағы, дала өміріндегі ұлттық рухани жаңғыру, даму процесіндегі мәселелерге бейтарап қарай алмаса керек. Қазіргі көп ақындармыз үшін, табиғатпен қатар, ауылда – ұлттық қанық бояулар кеніші есепті. Жусан иісі, тау самалы, дала аптабы. «Туған топырақ, туған ауыл – адам баласының осынау беймаза тіршілікте мәңгілік дамудың дәл бүгінгі күрт жеделденген қарқынында өмір күресінен сәл қаймыққан, әнтек босаңсып кеткен сәттерінде, аптыққан алапат ағын ішінен қол созар жағадағы жалғыз тал, шөліркеген жанға сусын, көкірекке сәуле құйып, дәт бекітер, медет табар рухани мекен» дейді поэзия сыншысы Т.Шапай [7, 134-135б.]

Поэзиядағы көркемдік пен шынайлықтың бір шарты – шөпті, шөңгені түгендеу емес, ақынның жанына жақын, жүрегіне етене құбылыс, бояуларға бойлауы.

«Данышпан сөзі тағдыр талқысынан өтіп барып, адам сырына, өмір сырына, өлеңге айналады. Сондықтан да болар, адамзаттың сан ғұламасы мен данышпаны өмір мен болмыстың, табиғат пен адамның талай-талай құпиясын айдай ақиқат қылып ашып беріп кетсе де, өмірге деген зерттеуші зерде әлі бір сәт тыным көрген жоқ» дейді қаламгер Ә.Кекілбаев [49, 93б.].

Ұ.Есдәулеттің қаламынан шыққан поэтикалықдүние бүгінгі өлшемнен қарағанда, аз дүние емес («Қанат қақтыдағы» алғашқы топтама жинағы, «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ақ керуен») оның құнарлы қаламынан шыққан мол өнімнің ішінде туған даланың табиғатын шабыттанан жырлаған туындылары  жетерлік.

Сәби кезім саңылаулап ес кірген,

Сыртқа шықтым

Ауыл күні кешкірген.

Аспандағы алаулаған бұлттарға,

Аңырдым мен аң-таң қалған кескінмен,

Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады