Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32

ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР

2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79

Файлы: 1 файл

Поэзия жане табигат.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

...Мейірімі түсіп, ұстатып  нәзік белінен

Алқоңыр шашты іңкәрім  маған сөйледі.

 

...Ғашықтық қана сөйлейді мейірім тілінде

 

...Бақыттың белі, қасы  өте жіңішке,

Кірпігін қақса, бетіңе тиіп тұратын.

Келтірілген жолдарда дерексіз ұғымдардың өзі жанды бейнеге  ауыса суреттелген.

Ғашық жандардың әдеті  ғой деп көктемгі

Сарғалдақ сонда қып-қызыл болып кеткен-ді.

Табиғаттағы құбылыстарға адам әрекетін көшіру ақын ауыстыруларынан  жиі аңғарылып отырады. Бірде  сарғалдақ гүл «қып-қызыл болып  кетті» деп суреттелсе, енді бірде:

Күнбатыстың нұры жалап  құзарды,

Құзар тасы қыз жүзіндей қызарды

деген бейнелі жолдар кездеседі. «Қып-қызыл болу» - ұялу дегеннің ауыстырылуы болса, гүлдің (сарғалдақ) мүлде бөлек түске ауысуы адамға тән сезім құбылысымен бейнелеп айту, ойды беру бағытында сипатталады. Батып бара жатқан күн нұрының  әсерінен де осы ұялу сезіміне ұқсастыра беру – ақын суреткерлігінің салмақты жағын танытар ерекшелік.

Көк аспан оқалы жіп  төкті

Құйылтып көгілдір бақтарға

 

...Оқалы жіптер төгілді  көктен тағы да.

Күн құрын «оқалы жіп» деп бейнелеу ақын өлеңінің суреттілігін айқындай түседі.

Ақын өлеңдерінен кездесетін ауыстыру үлгілерінің біразын тізбелеп көрейік: «жүректің көзі», «түбірдің  шолақ қолы», «қара көз өлең», «ақ кемік бота көңіл», «кеуденің  құлақ күйі», «аспанның қабағы», «Алатау-ата», «бөрікті қыран» т.б. Жұматай  поэзиясына өң беріп, оның көркемдік қуатын арттырып тұрған бейнелі сөздер.

Ауыстырулар арқылы кез  келген ұлттық әдебиеттің негізгі қасиеті, белгісі – ұлттық сипаты танылса, сонымен бірге әрбір суреткердің  өзінің талғамы, шеберлігі де көрініп, дараланып отыратыны ақиқат.

Қазақ поэзиясының арғы-бергі  тарихындағы символдық образдар қатарына: дала, тау, теңіз, тұлпар, домбыра, бесік, аспан, аққу, т.б. жатады. Символдық  образдардың қазіргі әдебиеттегі, өлеңдегі өміріне тереңірек үңілу  поэзия парасатын, жеткен жетістіктерімізді бажайлауға, ең бастысы ұлттық сипат пен мінездің тағы бір қырынан танылуына жағдай жасайды, мүмкіншілік тудырады.

Сонымен, Ж.Жақыпбаев  поэзиясындағы символдарға келейік. Ләйләға қатысты жырларында символдар  – аспан, гүл, аққу, кемпірқосақ. Бұлар  қазақ поэзиясында көп айтылатын нышандар болып, көркемдік мазмұнды беруде маңызды орын алып келеді.

Кемпірқосақ – аспан  төлі көктемгі,

Меңзеді де мекенім деп  көк белді.

Көзімді арбап, көкірегімді  қуантқан

Лезден соң ізім-ғайым  жоқ болды...

Ақын кемпірқосақты көктемгі аспан төлі бейнесінде алып, оған жерді мекенім деп көрсетіп тұрғандай әрекет дарытады. Көз қуантқан ол лезде-ақ ғайып болады. Ақын бұл арқылы өмірдің сәттік екенін аңғартқысы келгендей.

Әрбір ұлттың өзіндік  ойлауы мен сезінуіне, сондай-ақ қиялдауы мен армандауында өзгеше сипат, ерекшеліктердің болатыны, образдардың ұлттық өзіндік ойы мен сезіміне, қиялы мен арманына негізделіп дүниеге келетіні, сондықтан да олардың ұлттық сипаты мен мінезінің табиғи қасиеттері болып саналытындығы өзінен-өзі түсінікті. Адамзат пен табиғат арасындағы байланыстардың көркемөнер түрлерінде образдар арқылы жүзеге асып жататыны қандай рас болса, бұл орайда символдық образдардың орны ерекше, образ табиғатындағы символдық, аллегория, метафораның, сондай-ақ қиялдың маңызына әдебиет зерттеушілері: Д.И.Романов, В.А.Богдановтар өз еңбектерінде шығармашылық бейненің көркем шығарма көлеміндегі әдеби образдардың тарихында, әдеби тәсілдің болмай қоймайтындығы, символдық образ жасаудың тәсілдік табиғаты жайлы жан-жақты айтады.

Тау – Жұматай жырларында биіктіктің, асқақтықтың символы. Сарноқай - әрі тау, әрі дала бейнесінде ақын өлеңдеріне арқау болса, тек тау туралы өлеңдер де өзіндік сипатымен жырланады.

Сыр шерткен, өзен, тауы тыныс  үнмен

Бабамның тері тамып, қаны сіңген, -

деген жолдарға қарасақ, туған дала – қазақ атты халықтың тұлғасы түрінде ұғынылады. Тау  да сондай жанды кейіпкерге айналып  көрінеді.

Бетіне пенде келмеген бектің, қан толы

Көзінен жасын парлатқан  мынау тау еді.

немесе:

Аршалы тау, бояуы өңге, әрі өңге,

Бай еді ғой, жан тербетер әуенге.

Биікте өстім, биікте өстім білмей мен

Аласалық бар екенін әлемде.

дей отырып, ел, халық  бейнесін тауға көшіреді:

Биік елім, байтақ елім, өр елім

… Шалқайғанға шалқай деген сен едің,

Еңкейгенге еңкей деген сен едің…

Тау туралы жырларында сөзбен салынған көрікті кескіндер арқылы көз алдымызға «бұйра шыңдардың  бетімен сорғышқа құйған сияша жылжып бара жатқан» бұлт көлеңкесі келеді. Жұматай дала тұрмысына, тыныс тіршілігіне  барынша қанық. Өлеңдерінің қай-қайсысында болмасын қазақы іс-әрекет, қазақы бейне танылып отырады. Мұның өзі ақынның дала сырына терең үңіліп, оны өз шығармашылығына шеберлікпен астастыра білгенін таныта түседі. Дала, тау бейнелері де ұлттық болмыс пен рухты, тыныс-тіршілікті танытатын символдық сипатымен көрінеді.

Ауыстыру тәсілі дара поэтикалық стильді танытатын бір  белгі десек, бұл тәсіл де әр ақынға тән ерекшелігімен сипатталатынын ескерген дұрыс. Ж.Жақыпбаевта кездесетін ауыстырулар мен Ж.Әбдірашев поэзиясына тән ауыстырулардың өзіндік ерекшелігі бар екенін осы стильдік ерекшелік тұрғысынан бағамдаған жөн. Ақынның «Қара жол» өлеңі тұтастай ауыстыру сипатында жазылған. Ең әуелі қара жол – лирикалық кейіпкердің кәдімгі ауылдан шығар қара жолды аңсаған, балалық шаққа деген сағынышы . Сол қара  жол – балалық шақ ұғымымен астасып, сезім мен сағынышты бейнелеуде ақын төмендегідей ауыстыру тәсілін пайдаланады:

Кенеттен көңілінде құйын тұрып,

Жанының дірілдейді жапырағы [45,62].

Өлең соңындағы түйін  астары да тереңде:

Ешқашан қара жолды шаң баспайды,

Інілер ізіне ерген  аман болса [45,63].

Ауыстырудың сезім халін  танытудағы ерекше мүмкіндігін Жарсақанның «көңілде құйын тұру», «жанының жапырағы дірілдеу» деген суреттеулерінен анық көруге болады. Жан-дүниедегі арпалысты табиғат құбылыстары арқылы бейнелеу – ақын қаламына тән басты ерекшеліктердің бірі. «Сортопырақ» поэмасындағы лирикалық қаһарман сезімінің алай-дүлей халде болуы

Сыртым шуақ болғанмен,  ішім -  боран [45,65]

түріндегі ауыстырумен  берілген. Арал тағдырына алаңдап, оның қасіретін шеккен лирикалық кейіпкер халін дәл танытуда бұл ауыстырудың мәні зор. Адамға тән іс-әрекет пен көңіл-күйді табиғаттағы зат пен құбылысқа телитін ауыстыру түрі де ақын өлеңдерінің көркемдік мүмкіндігін кеңінен таныта алған. Оған мысал ретінде «Жартас жыры» өлеңін алуға болады.

Мен – жартаспын!

Мен жартаспын!

Жартаспын!

Атасымын, анасымын бар  тастың.

Тұла бойын түк басқанда, мүк басқан

Ал өзегі - өрлікке  толы өр тасқын!

 

Күнді  - түнге,

Түнді – күнге, таңға  ұрып,

Қозғалмаймын мәңгілік!

Міз бақпаймын, сыздап қалған жүзімде

Айтар әнім, қайталарым –  жаңғырық!

 

Қаншама жыл,

Қанша ғасыр озбасын,

Мысым өктем, күші жеткен қозғасын...

Тоздыруда, аздыруда тек  қана,

Пора-пора, сора-сора көз жасым!

Жартас атынан айтылатын  өлең жолдарында мінез, қозғалыс, ой мен  сезім бар. Ауыстыру ұлғая келе кейіптеу тәсіліне ұласып, табиғаттағы жансыз жартас адамға тән тұлғасымен көрінеді.  Ақын, сонымен қатар дерексіз ұғымдарды ауыстыру арқылы  деректендіріп, бейне жасауға шебер. «Уақытқа уәж» өлеңінде уақыт ұғымын нақты белгілермен сипаттайды. Уақыт лирикалық кейіпкерді «қылбұрау салып қинайтын», «кейде есіртіп, кейде еңсесін езіп, қара таспен бастыратын», енді бірде «сайтандай секіртіп, еншісі бір егіздей еркелейтін»,  «сайқалдың мінезіндей  мінезі бар», «бейқам жанның аз ғұмырын ұрлайтын» деректі әрекет иесіне айналады [45, 123-124].  Арнау түріндегі бұл өлеңдегі көркемдік тәсіл тұтастай ауыстыру түрінде келіп, кейіптеуге сіңіскен. «Ақ бұлақтар» өлеңін де ауыстыру тәсілі арқылы туындаған шығарма қатарына жатқызамыз.  Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» циклындағы өлеңдерінен ауыстырулардың ақынға ғана тән үлгілерін табуға болады. Тарихи тұлғалардың болмысын танытуда бұл тәсіл маңызды поэтикалық құрал болғанына мысал көп. Мұхаметжан Тынышпаевқа арналған жыр-азадағы

Қазақтың текті қаны тулап тұрған

Тарихтың сен бір  – Күре тамырысың! [46, 15] –

делінген ауыстыру кейіпкер болмысын ашып бере алуымен маңызды. Поэзияда баяндау емес, бейнелеу, аңғарту  жетекші орын алатынын ескерсек, М.Тынышпаевтың тарихтан алар орнын көрсетуде «күре  тамыр» ауыстыруы өте сәтті қолданылған. Бұл ауыстыруды пайдаланудағы ақынның мақсаты өлең түйінінде айқындала түскен:

Бақпай ма жауыздар да жанды жерді,

Бітпей ме бауыздауға – Күре тамыр!

Жүсіпбек Аймауытов  туралы толғанысында кездесетін

Үмітін тұлпар-жырға  үкі қылып,

Қара нар – қара сөзге артты азасын –

деген жолдардағы суреттіліктің  негізі –ауыстыру тәсілі. «Үмітті  үкі қылу» дәстүрлі  метафорасына ақын «тұлпар-жыр» тіркесін қосып, поэтикалық бейне тудырған. Сондай-ақ «қара  сөз – қара нар» ауыстыруы ақын стиліне тән қолданыс. Мағжан Жұмабаевты «ақындықтың мөлдір маржаны» деген ауыстырумен бейнелесе, Сәкен Сейфуллинге

Қызыл ат мініп, жоғалып,

Ақбоз ат мініп оралдың!

 

Жақыннан – аңғал  жас бала,

Алыстан – заңғар алыпсың!

 

Асқақ бір әнге айналып,

Ауаға сіңіп кетің  бе? –

деген жолдарды арнай келіп, «елдің көз жасы» ауыстыруымен сипаттайды. Ілияс Жансүгіровке арналған жырда ақын тағдыры Құлагермен ауыстырыла бейнеленеді:

Ежелден-ақ екі көздің бірі – қас,

Озық туған ойы –  жүйрік, жыры – жас,

Ақынның да Құлагері бар  десек,

Сол Құлагер Жансүгіров Ілияс.

Ж.Әбдірашев ауыстыруларды  әр ақынның, жазушының, қайраткердің өзіндік  болмысын танытатын  сөзден, құбылыстан іздеп, сәтті поэтикалық сурет  жасайды.

Замандас қаламдастарды  жоқтаған жырларынан да тың сипатты  ауыстырулар мол орын алатынына Х.Ерғалиевке, Т.Айбергеновке, З.Шүкіровке, т.б  арнаған өлеңдерінен көп мысалдар табуға болады.

Қауымды ойлап жүргенде құты қашқан,

Ту сыртымда қалыпты  тауым жайрап.

 

Сүлей Сырға сұрау  сап жүргенімде

Алғандаймын жоғалтып Ақ жайықты.

 

Аралымды жүргенде аза тұтып,

Атыраудан айрылып қалғандаймын.

Бұл – Х.Ерғалиевке арналған жыр. Ақынды тау, Ақ жайық, Атырау сияқты табиғаттағы заттармен ауыстыра бейнелегенде оның қазасының өзіне  қаншалықты ауыр тигенін тұспалдайды. Өмірден ерте кеткен Төлеген Айбергеовке арналған жырындағы ауыстырулар тың сипатымен, кейіптеуге ұласқан күрделі поэтикалық жүйесімен ерешеленеді:

Аққусың тағдыр-мергеннің

Оғына ерте жолыққан -

деген жолдардағы ауысырулар «ақын-аққу», «тағдыр-мерген»  жұбын  құрайды. Дәл осы сипат Төлеген  болмысын таныта түседі. Ақын қазасының қазақ өлеңі үшін орны толмас өкініш болғанын ауыстыру мен кейіптеу тәсілі тұтасқан шумақтар арқылы өрнектейді:

Тырналар үркіп, тыраулап,

Селк ете қалды ерке елік.

Көзінде дала бір аунап,

Көкжиек сөнді өртеніп.

 

Жайды жел суық хабарды,

Тілімен арлы дұшпанның...

Қызғаныш ізі жоғалды

Жүзінен қарлы қыстардың!

 

Жұлдызы ағып жанардан

Көрісті таңға түн  жылап.

Күңіреніп сол сәт  көк орман

Жас көктем қалды тұнжырап [39, 33].

Өлеңге құс сипатын  таңу – поэзияда қалыптасқан көркемдік  ұғым болғанымен, Жарасқан сол ұғымды тереңдетіп, күрделендіріп, жаңа өрнек табады:

Сыңарың болған сырлы  өлең

Сұңқылдап ұшып барады.

Құс сипатты өлең  «сырлы»  айқындауымен тіркесіп келіп, «сұңқылдап ұшуымен» әсерлі суретке айналған.

Өлеңдерінен ауыл тіршілігі, табиғат суреті көп орын алатын К.Мырзабеков стиліне тән ерекшеліктердің бірі – сол табиғи тірлікті суреттеудегі ауыстырулар жүйесі десе де болады. «Он жыл ғой» өлеңіндегі ауыстырулар ақынның поэтикалық әлемін таныта түсуге мысал.

« -Япыр-ай, содан бері он жыл уақыт» -

дедім де, демім шықпай қалдым қатып.

Ғұмырдың кештім екен қанша жолын,

Арбасын тіршіліктің салдырлатып.

Келтірілген өлең жолдарындағы «ғұмыр жолы», «тіршілік арбасы» - Кеңшіліктен  ғана ұшырасар ауыстырулар. Сондай-ақ осы өлеңдегі «тағдыр заңы», «дүние-көкпар»  қолданыстары да ақынның поэтикалық қарымын танытар суретті сөздер:

Тағдырдың заңы қандай тастай қатты...

Келемін дүние-көкпар додасында.

Ақынның шарқ ұрған мазасыз, елгезек жаны «мен – қарлығаш» бейнелеуінен көрінсе, Өмір бейнесін беруде де тың ауыстыру қолданысқа енген:

Ығыңа жүріп, ықтиярыңа  көнгенмен,

Ойнама бекер Өмір дейтұғын мергенмен.

Метафоралық сипаттағы  «Аңыз» өлеңінде рух азаттығы, еркіндік ұғымдары «еркін құс» түрінде келтіріліп, сол еркіндіктің қапасқа түскені торға қамалуымен суреттелген. Жер мен аспан – сол еркін құстың екі анасы делінген тұспал жалпы өмір, жаратылыс, тірлік атаулының символы тәріздес. Мұқағали Мақатаевқа арналған «Екі кездесу» өлеңінде Мұқағали аузынан айтылатын «Ел  - қорық, Еркін – менің қорықшым ғой» ауыстыруы ақын тағдыры мен танымын суреттеуде маңызды роль ойнап тұр.

Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады