Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32
ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР
2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79
«Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта» -
деп Абай табиғат пен адамның ішкі дүниесін қалай үндестіре білген. Ақын біткеннің асқан мұратына айналған арман биігіне Ұлықбек те батыл қадам жасап:
«Аспан-ау, сен бір жатқан
Ғашықпын нөсеріңе,
Селдетсең – жас кеудеме
Мен соны ашып тастап
деп жырлайды.
Табиғатты жырлау Ұлықбек есдәулет сынды қазақтың көп ақынының поэзиясында өзіндік ерекше орын алды.
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-көркемдік қызметі
Табиғатты, оның көріністерімен құбылыстарын бейнелеуде “айқындауладың” орны ерекше. Айқындаулар сөзге әр беріп, ажарландырып, реңк үстеп, сәуле шашып, оқырман сезіміне ерекше әсер береді. Қазақ әдебиеттану ғылымында айқындауды А.Байтұрсынов [53 б.]. көріктеу, лақаптау деп, оладың түрлерінен мысалдар келтірсе, кейін Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Сыздықова, С.Негимов т.б. көңіл бөлген. Жаратылысынан табиғатпен жақын қазақ халқы ойлағанда, сөйлегенде де табиғаттан қол үзіп кете алмайды. Табиғат көріністері мен құбылыстарын суреттеуде, айқындаудың қызметі ерекше.
Ақын С.Мәуленов шығармаларында айқындаулар жиі ұшырасады әрі дәстүрлі, тұрақты болып кеткен түрлерін еркін пайдаланғанын байқаймыз. Мысалы: «Жүйткиді жел кең далада», «Ақбидай мөлдір тамшыдай» «Көрінеді күміс боп, Қырымның аппақ қайыңы» «Асқар таудың ақ ордалы үйіне «Қара тастың бойы балқып» [20, 29], т.б. тармақтарынан көрінетін кең дала, ақ бидай, аппақ қайың, асқар тау, қара тас, айдын көл қолданыстары тілімізде тұрақтаған айқындаулар.
Ақының табиғат лирикасында эпитеттер қайталана қолданылу арқылы образдың бояуын күшейтіп, кейде оқырман назарын рең әсемдігіне аударту да кездеседі: «Боз төбелерге, боз кеделерге»; «Ақ самайлы, ақ қарлы»; «Боз даланы, боз таңға, боз торғай болып шаншылып». «Ақ мұхит, ақ түн, ақ гүл»; «Кент тауына кетіп бара жатырмыз, Сары дала, сары самал, салқын күз»; «Қызыл бұлты қызыл тудай желбіреп».
Боз даланың буалдыр тозаңындай,
Бұлдырайды боз бұлттан
Бозша қыстың бүркеген боз қысауы,
Боз бұтақтар боз саусақ созады жай.
Үзінділерден
ақынның табиғатты, айналаны
Осы ретте айқындаулады шебер қолдану біріншіден, ақынның тіл байлығы, сөздік қолданысын, қорын аңғартса, екіншіден, суреттелініп отырған көріністі ажарландыра, көркейте түседі. Мысалы: «Бурыл бұлтты // Киіп алған бөрікті»; «Қызыл бұлты Қызыл тудай желбіреп»; «Соңғы сәуле бояды ақша бұлттады»; «Бұларды боз бұлттан бозарып ай»; «Басында аспан ақ бұлты // Жетісу жері көкпеңбек» немесе тауға қатысты «Көк таулар, кербез таулар, күмбез таулар, Алдымда шертіп жатыр сырын бүгін»; «Көгілдір тау ақ көбікпен жуынып» т.б.
Ақын Ф.Оңғарсынованың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен де айқындауларды көп кездестіреміз. Табиғат лирикасындағы айқындаулар жүйесі –бай, әсерлі суреттер. Жиі қолданатын дәстүрлі және дәстүрлі емес, күрделі түрлері ақын өлеңдерінде өзгеше өрнек тапқан. Дала бейнесін ашарлық айқындауларға анықтасақ: «Жамылып ақ көрпесін енді ғана / Маужырап байтақ дала тыныстаған»; “көзімді салсам дәл бүгін / Осынау байтақ көгілдір дария мекенге”, / “Сонау бір сурғылт, қатыгез дала, / Шатқалдан көл –көсір байлық ақтарған!” [24, 122 б.]. Алғашқы екі мысалда дала бейнесі “байтақ” деген талапты тіркеспен келсе, үшінші мысалда дала сурғылт, қатыгез қырымен танылады. Бұлт бейнесін сомдауда айқындаулар жүйесі біршама әсерлі, келісті көрінеді:
Көк, қызыл шарлар еркелен ойнақ салады
Балапан бауыр ақша бұлттарға асылып
Тұмшалады аспанның жақсы ажарын.
Тентек бұлттар ойнақтап аспан төсін,
семсерменен тілгілейді –
деген үзінділердегі бұлтты ажарлайтын айқындаулар, яғни “балапан бауыр» «ақша”, “қоңырқай”қолданыстары ақын Фариза Оңғарсынованың өзіндік қолтаңбасын таныта түседі.
Бейнелілік жүйесіндегі айқындаулар - бір жылдың, бір ғасырдың ғана жемісі емес, ол – халқымызбен көркемдік ойлау жүйесімен бірге жасасып, дамып келе жатқан көркемдеуіш құрал. Олардың табиғатынан халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, тарихын, мінез-құлқын, әр кезеңдердегі жаңалықтары мен қызығушылықтарын, ұлтымыздың бет-бейнесін аңғаруға болады. Ойды жай жеткізу мен бейнелі жеткізудің арасындағы ара-салмақты өлшеп жатудың өзі артық. Бейнелі сөйлеу жағымды, әсерлі естілумен қатар сөйлеушінің көңіл-күйін, көзқарасын, талғамын, бағасын байқататындығы анық. Ендеше табиғат лирикасы тқырыбын қарастырғанда да тіл бейнелілігі мәселесіне көңіл бөлу орынды болып саналады. Адам баласы табиғатынан тылсым жаратылыспен тығыз байланысты. Сондықтан да табиғат бар жерде адам, адам бар жерде табиғат сөз болады. Ауыз әдебиет үлгілерінде табиғат пейзаж түрінде жеке суреттелмесе де , тұрмыс – салт, басқада жырлардан табиғаттың көріністері, бөлшектері үздік-үздік көрініс беріп отырған. Қазақ табиғат лирикасындағы бейнелі сөздердің өңіршеңдігін, ұлттық сипатын, көркемдігін тануда жоғарыда біз сөз еткен ақындар шығармалары толық дәлел болды.
Поэзияда пейзажды суреттеуде өзге көркемдік тәсілдер тәрізді белгілі бір заттың, құбылыстың сыр-сипатын, белгісін, қасиетін, санасын ерекшеліктерін басқа бір затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы керемет әсерге бөлейтін, айрықша ажар дарытатын теңеу түрлері мол кездеседі. Әдебиеттану ғылымында теңеу туралы аз сөз болып жүген жоқ. Белгілі әдебиет теоретиктері Потебня А. А., Лотман Ю.М., Абрамович Г.Л., Поспелов Г.Н., қазақ әдебиеттану ғылымында Байтұрсынов А., Ахметов З., Жұмалиев Қ., Қабдолов З., Қоңыров Т., Кәрібозұлы Б. т.б. ғалымдардың теңеу туралы зерделі ой- тұжырымдары бар. Белгілі ғалым Т. Қоңыров [37, 3 б.] орыс тілі мен әдебиетінде теңеуге қатысты 100-ге тарта ғылыми еңбектердің жарияланғандығын айта келіп, қазақ теңеулерінің жасалу жолдарын көрсетіп, нақты мысалдармен дәлелдейді [54, 29].
Пейзажды суреттеуде теңеуді шебер қолданатын ақындардың бірі - С. Мәуленов. Оның табиғат тақырыбындағы туындыларда теңеулер жиі кездеседі. Мысалы, С. Мәуленов теңеудің сипаттаушы және сипатталушы мүшелерін жеке-жеке айқындаулармен береді: «Қызыл бұлты қызыл тудай желбіреп»; «Ақ тұман ақ теңіздей жарқыраған»; «Балғын көлдің балауса балғынындай»; «Ақ гүлдері жауған қардай»; «Ақ бидай мөлдір тамшыдай». Мұндай қайтаулар немесе синонимдес айқындаулар (балғын, балауса) ақынның оқырман назарын аударту үшін жұмсалған сөздік қолданыстар. Ақын табиғатты бейнелегеде теңеудің секілді, бейне, ұқсайды сөздерімен жасалған түрлерін де мол пайдаланады: «Алма ағаштар таң секілді»;
«Бұлт ұқсайды қарлы мұзға»; «Ерейменде біз түспеген көлдер бар, Ай секілді жарқыраған маңдай»; «Тұрды Ереймен ертедегі секілді ер Толағай; «Көп жасыл өлке суреті, Секілді мың түсті аспан»; «Кент тауына кеткен бара жатырмыз, Аспан бейне қатып жатқан жалтыр мұз» ; «Сылдыры бейне сырлы сыбызғы үні»; «Ұқсаған Көкшатаудың аспанына».
Лирикалық кейіпкер қабылдауына сай алынған бір затты екінші бір затқа ұқсата суреттеуде нәзік сезім, байқампаздық, суреткерлік шеберлік аңғарылады. Қазақ ақындарының пейзажды сурреттеулерінде теңеулер мол, қызықты қолданылды. Теңеу түрлері жоқтан бар емес, қайта барды барынша еркін пайдалануынан көрінеді. Ақындардың табиғатты суреттеулерінде заман келбетін танытарлық сөздік қолданыстар теңеудің бейнесі ретінде ұшырасады. Ұлт ақындарының пейзажды бейнелеуде қолданған теңеулері суреткер шеберлігін, өзіндік талғамы мен танымын, көзқарасын, дүниетанымын жан-жақты таныта түседі. Табиғат лирикасындағы теңеулер жүйесі негізінен табиғат көркемдігін, зейнеттілігін ашуға бағытталса, сонымен қатар ұлттық сипатты танытатын өрнектер де бар.
Табиғатты суреттеудегі айрықша тәсілдердің бірі – ауыстыру. Ауыстырулар-тек қазақ әдебиетінде емес, әлемдік әдебиеттегі көркемдік құралдарың ерекше бір түрі. Ол әдебиеттану ғылымында әр кез сөз болып келді. Белгілі әдебиеттанушы - ғалымдар құбылтудың өзге түрлері тәрізді ауыструға да үлкен мән береді. Қазақ әдебиеттану ғылымында метафораға алған “ауыстыру” атауын ұсынған А.Байтұрсынов болатын[ 53]. Белгілі әдебиет зерттеушілері де ауыстыруға анықтама беріп, оған өз еңбектерін арнаған. Ауыстыру туралы З.Ахметов: "Метафорада теңеудегідей екі нәрсені теңеп, салыстырудан гөрі олардың арасындағы ұқсастық жақты, сезім-әсер жалғастығын тірек ету басым келеді. Көбінесе сондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісін емеурін жасап сездіреді "-деп көрсетеді [2, 198]. Ал қазақ тілінде сөздердің метафоралық қолданысын арнайы зерттеген Б.Хасанов оның екі түрін (индивидуалдық және дәстүрлі ) атап көрсетеді. [55, 100].
Ауыстырулар көркем әдебиетпен бірге жасасып келе жатқан бірден-бір тәсіл болса, пейзаждық лирикада ауыстырымдардың орны ерекше. Ақын С.Мәуленовтың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінде сөзді ауыстырып қолдану жиі кездеседі. Мәселен, “Күн” өлеңінде күнді символдық бейне ретінде алады: "Мен сәулелі күн едім" [20, 68]. Сонымен қатар, автор пейзажды суреттеуде есім сөздерді атау тұлғасында немесе көптік жалғауын жалғап, ауыстырып қолданылады. Мәселен: "Анар-жұлдыз, ақық ай, арайлы аспан"; "Жарқылдайды алдымызда , Аспан – қала , Жұлдыз-шамдар"; "Аққулар- қыздар ағады жүзіп"; "Шағалар –найзағайлар жарқылдап"; "Композитор-теңіз // Аласұрған// Табиғи аккордты іздеп". Келтірілген үзінділердегі ауыструлар жай алына салған емес, суреттеліп отырған көріністі, бейнені әсерлі, бейнелі, дәл елестетіп, оқырманды ерекше сезімге бөлері сөзсіз. "Аспан – қала, жұлдыз – шамдар" ауыстыруында автор суреттеліп отырған аспан мен жұлдызды осыған ұқсас қала, шамдар сөздермен бейнелеп, мағына әсерлілігін тереңдете түседі. "Композитор-теңіз" ауыстыруларында да суреттелініп отырған заттың өзіндік ерекшелігі ғана аңғарылмай, ақынның бейнелі, заман айнасын танытарлық сөздік қолданыстары көрінеді.
Табиғатты суреттеуде үлкен ақын Мұқағали Мақатаев ауыстыруларды орынды қолданады. Ауыстырулардың әдетте поэзияда жиі қолданылатын түрі қос сыңары да атау тулғалы есім сөздер болса, мұндай түрін де ақынның табиғат лирикасынан кездестіреміз. Мысалы:
Түгі кетіп, жарғаққа айналған ба
Көздің жауын алатын дала-кілем?
Жас жігіт – жазғы бидайық
Сіп-сирек мұрты көкпеңбек.
"Шыңылдаған, // Сыбырлаған, // Айқай тастар-саққұлақ"; Еміренген // Тебіренген //Ақбас ата – асқарлар». Ақын алғашқы тармақтарында күз мезгілін айтпаса да, түсінікті етіп аңғартады. Даланы кілемге баласа, оның түгі кету арқылы бір кездегі қалың шөптің тақырлағандығын танытады. Олар автордың өзіндік қолтаңбасын, ешкімге ұқсамайтын даралығын айқындай түседі. Ал мына бір: "Мініп алып құр атқа,// Жігіт – көктем шертіп тұр" үзіндісіндегі "Жігіт – көктем" ауыстыруы поэзияда кездесе бермейді. Әдетте "қыз – көктем" деп қолданса "жігіт – көктем" қолданысы Мұқағали Мақатаев қаламына тән. "Аспан, ердің арасын, // Дәрігер – қыс алуда // Табиғаттың жарасын // Ақ дәкемен таңуда". Мұндағы қысты дәрігер ауыстыруымен беріп жандандыра суреттеуі де әсерлі. Келесі мысалда бидайықты жас жігіт қолданысымен ауыстырады. Осы тәріздес тастарды саққұлаққа, асқарларды ақбас атаға ұқсату негізінде олардың белгілі бір ерекшеліктерін, атап айтқанда жаңғырық шығатынын, тау басында қар жатуын жайып салады. Ауыстырулар көмегімен сұлу сурет жасаған өзге де өлеңдері көп: "Желкен бұлттар –желкілдеген сақалдар"; "Тік тұр ол. Қырын қарап сай-салаға, //Күн-көркі, көк – мекені, Ай-шағала"; "Сағым-сыздың ап қашып орамалын // Асыр сап тентек жігіт-жел еседі"; "Алматы – жүрегі ғой Алатаудың // Түн ұйқыға кеткенде бүлкілдеген". Лирикалық кейіпкер қабылдауына сай бұлттарды сақал ауыстыруымен беруінен бұлттардың түсі және "желпілдеген" сөзімен айқындалуынан пішін ерекшелігі көрінеді. Келесі үзіндідегі ауыстру да әсерлі. Айдың шағала сияқты ақ екендігі, көзге бірден түсетіндігі әсем бейнеленеді. Үшінші мысалда ақын сағыммен желді қиялға қанат бітіре жандандырады. Сағымды "қыз" деп ауыстыра айқындаса, сол сағым – қыздың орамалы болуы, оны жігіт-желдің ала қашуы адам өміріне ұқсата суреттегендіктен оқырман көңілінен шығарлық. Мұқағали өлеңдерінде тау, дала бейнесі ерекше көңіл аударарлық.
Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады