Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32

ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР

2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79

Файлы: 1 файл

Поэзия жане табигат.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

Бәрі – таңсық.

Қызылқұмар шақтамын,

Біле алмадым, бұлтты кімнің жаққанын.

Көрдім бір сәт

Көп жылқының мен жаққа

Көше бойлап шауып келе жатқанын.

Ұлықбек ақындық шеберлігі шыңдала түскеніне, оның өлеңдеріндегі психологиялық деталь дәлдігін, сурет шымырлығын дәлел етсе де жеткілікті. Мәселен, жаңағы өлеңде сәбидің көзіне аспандағы бұлтты біреу жағып жатқандай көрінгеніне қандай сенсек, туған күніне ешкім келмей, күтумен төзімі сарқылған кемпірге («Туған күн») «келмейді» - деп, «сұм сағат сық-сық күліп» телефонның тасбақадай тарбиып жатып алғандай болғаны соншалық дәл [7, 172б.].

Табиғат суреті де диалог, монолог, портрет секілді көркемдік компоненттерінің бір түрі. Пейзаж адамның ішкі жан сезіміне, көңіл-күй толқысына, психологиясына орай суреттеліп, әр уақыт кейіпкердің мінез-құлқын ашуға көмектеседі. А.П.Чехов: «Табиғат құбылысын, адам мінез-құлқынмен салыстыра суреттесең, табиғатқа да жан бітіп, жадырап жүре береді» [10, 74], - деп жазады. Гинзбургше айтсақ, пейзаж өзінің көлемі, орны жағынан әрқалай болып келеді. Ол бірден кең толғанып, ұзақ әңгімеленсе, енді бірде қысқа-қысқа қайрылып, суреттеме ретінде әр тұста, әр бетте айтылады [47, 26-27].

Ақын табиғат суретін үнемі күнделікті өмірден, тірліктен алады. Көркем әдебиетте табиғат көрінісін бейнелеудің әріден келе жатқан, екі түрлі амал-тәсілі бар. Соның бірі – табиғат кейіпкерінің көңіл-күйі, толқынысына орай, соған қабыстырыла, ұштастырыла суреттеледі. Мұнда кейіпкер қуанса, табиғат та қуанып, кейіпкер ренжісе, табиғат та ренжіп отырады [47, 28].

Көк айыл бұлттар күркірер,

Кеудесі қайнап күрсінер.

Көңілінің құртын қозғаса,

Қытықтап өтіп түлкі – жел.

Еңсеріп бұлттың легін,

Еркелер ме екен күле күн.

Еміренер ме екен маған ол,

Жадырар ма екен жүрегім!

Жыл сайын өмірлік тәжірибесі мен білімі, дүниетанымы мен ақындық шеберлігі өсіп, шығармашылық өрлеу жолында келе жатқан Ұлықбектің өзіндік талант-дарыны, эпикалық үлкен ізденістерге барып, күрделі мінез-құлықтар сомдауға бейімділігін байқататын бірнеше өлеңдері бар.

Келді өмірге жас бала

Адам басты жасқана,

- Тәй-тәй, - деді Жер-ана.

Есейді де шарқ ұрды,

Ғашық отқа шарпылды,

- Пай-пай ! – дейді Жер-ана.

Кен қопарды, жер жыртты,

- Балам ! – дейді Жер-ана.

- Қазынамды, нәрімді,

Байлығымды, барымды,

Сен ал, - деді Жер-ана.

Жер-ана – бүкіл адамзат баласының мекені. Адам өзінің бар тірлігін, өмірі мен бақытын, өзіне қажетті бар игілік пен байлығы болмаса, адам да өзінің ең ару, асыл байлығы – адамгершілігінен, жүрек мейірімінен айырылар еді. «Жер бетіндегі бүкіл жақсы қасиет жердің өзінен туған. Перзенті үшін ардақты Ана бейнесі де осы қасиетті жердің үлгісімен пішілген. Отанның өзі болу, сөзі болу - әр адамның аңсаған арманы. Ұлықбек сол сезім пернесін дөп басып, сөйлетіп отыр. Әрине, туған жер мен өскен елін жырламаған ақын жоқ. Бұл тақырып тозбайды. Өйткені, туған жер – оттан да ыстық. Сондықтан да болар, бұл бөлімде жүрек шымырлатар жырлар баршылық. «Алдыңғы толқын», «Отанға деген махаббат», «Бабалар бейітінде», «Ауылым менің, ауылым», т.б. туындылар өзіндік үн, өзінше сағыныш, нәрлі бояу танытады.

Күліп тұрады үстінде, көп қанаттың.

Кеме жүзген нұрлы егін,

                                         тырналы аспан.

Мұндай көркі бар ма екен

                                          басқа жақтың?

Сөйлемнің аяғына сұрау белгісін қойғанымен, бұл сұрақ емес, туған ел келбетіне деген сүйіспеншілік. «Бақытты болсам деймін мен, өмірме арымды қалқан етіп» деген ақын әлі де талай жаңбырлы күнді көрер аспанға жолығар.

Аңызға айналған таңғажайып тамаша табиғаты бар, асқақ Алтай, Нұр Зайсан, буырқанған Бұқтырма, ерке де асау Ертіс өңірінде өскен Ұлықбектің, бұл тақырыпқа қалам тартпуы мүмкін емес.

Таң нұрында, даланың жаңбырында

Құштар ем ғой саяқсып қаңғыруға.

Қорықпа, апа, мен саған ораламын

Табанымның тікенін алдыруға.

Табиғаттың баласы осылай тынбай қыдырудың, тынымсыз жүгірудің арқасында тылсым сырды танып, жан-тәнімен сезіп өскен. Сүт табиғатпен кіршіксіз көңілге енген, балғын бойға сіңген табиғат жыр болып қайта ақтарылмаса, Зайсан көлінің толқынындай туламасқа қақысы да жоқ. Дархан даланы қыдырып, тарғыл таулардың тасасына тырмысып, терек-қайыңды, қалың қарағайлы орманын аралап өскен адам табиғат тілін, оның сырлы да сынды саздарын түйсініп, болмысымен түсінеді.

Асылында, табиғаттың тылсым сырына қанбаған, оның мың түрлі әуезін ұқпаған, тілін түсінбеген ақын сырттай тамашалап, тамсанудан әрі аса алмаса керек. Тек қана, табиғат жанындай жана білсе, «лапылдап, лаулап келген» жүректегі жалын жолмайды. Мәңгі алаулап, өшпес жырды жалаулатып жатады.

Әдетте, қалай түсінсең де, қалай қабылдасаң да, ең алдымен табиғат сұлулығына сұқтанбай тұра алармысың.

Таңғы ауыл,

Торғын самал келді жетіп,

Селеулер сергіп қалды сәудір етіп

Ұйықтап жатып жылаған сәбидейін

Көк шалғын көз жасын

                                       тұр мөлдіретіп, -

деп биік таудағы жайлау таңын көз алдына жырмен жайып беруге де сомдалған шеберлік керек. Сондықтан да, «Ақынды жібер еркіне, тепсініп жырын оқысын. Өртесін өлең өртімен дүниенің кейбір қоқысын» - деп, ақынның өзі толғанғандай, оның табиғат тақарыбындағы жырлары, шынайы талант шабытынан ғана туғаны ақиқат.

Тамылжыған табиғат суреттері, аңғарлы сыр мен сезім өрнектері, қазақтың ауыз әдебиеті дәстүрінде болмаған, тың көркемдік, түрлік кестелер, ұлттық өлең өлкесінде, Абай арқылы  кең арна тартып, орыс, Еуропа поэзиясының озық айшықтары, қазақ өлеңіне  қасиет болып сіңді.

Ақынның тағы бір өлеңі  – «Шыңырау құдық». Мұнда ақын өз жанын шыңырау құдыққа теңейді: «Сусамырды  суарған шөлейттегі шыңырау, сырты – аптап, іші – сыз; менің жаным секілді». Шыңыраудағы құдыққа қолы жетпегендер тас лақтырып, тереңдігін өлшейді. Кейбіреу шөлін қандырып болғаннан кейін түкіріп кетеді. Осындай азапты, мазақты «Шыңырау» көтеріп келеді.

Құдық және тұнық су, талқан болмай қайтеді,

Құдықтың тұнығын ұлы ғасыр тозаңы жабады.

Ақын оның көзін бір  керуен ашады деп үміттенеді.  Ақынның өз мінезін сипаттауда «жайдақ су» образын таңдауы да  - дәстүрді дамытудың нәтижесі.

Көңілін табамын деп  әр адамның,

Көшеге кішілікпен қарағанмын.

Жайдақ су, жайылмадан тапқаным сол,

Жүн болып,  жүйкем бүгін жараланды.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында Құнанбайдың Абайға таққан үш мінінің бірі  мынандай еді: «Арзан мен  қымбатты айырмайсың. Өзіңдегі барды арзан ұстайсың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды».  Ақын өлеңіндегі «жайдақ су» образының қайдан келгенін осы мысалдан көруге болады.

Ұлықбектің сөз қолданысында қарапайым сөздер мағынасы терең  ұғымдарды, алуан құбылыстарды беруге жұмсалады. Мәселен, «Бауырсақ» сөзі  ақынның мына өлеңінде суреттілік жасауға қатысады: «Текеметтің үстінде ойнаушы едік, Бауырсақтай шашылып бала кезде». Осыған ұқсас суретті сөз М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бар. Ғұлама жазушы Абайдың монологы арқылы, кең даланың әр жерінде көрінетін елді мекендерді  сараң қатынның кең дастарханға шашып тастаған бір уыс бауырсағына теңейді. Осы екі суреттің арасында дәстүр жалғастығы жатыр. Табиғат суретін беруде, ақын төрт түлікке қатысты образды шебер қолданады. Мысалы: «Көгенін үзген қоңыраулы лақ – Ағады бұлақ, кеміді ызғар» - деген жолдарда ақын бұлақты көгенін үзген қоңыраулы лаққа ұқсатады. Жай лақ емес, «қоңыраулы лақ» ауыстыруы арқылы ерке бұлақтың сылдыры жеткізіледі. «Сол алақан көңілдің жайлауынан, ойларымның  қозысын жамыратқан» дейді тағы ақын.

Ақындар көбіне, жырға өзек болған табиғаттың бірлігі мен қарама-қайшылығынан, ұласпалы немесе контрасты ұғымдардан сыр түйіп, ой айтуға, бейне жасауға талпынады. Поэзиядағы ой мен сезімнің кемелдік алуы, егіз өмірдей бір-бірімен астасуы, өзгеше бір бусана, бұл күш танытуы – субъекті тегеурінінен хабар береді. Ақын өз ойынан қаншылықты сезімкешсе, телегей-теңіз сезімнен ой түйеді. Осыдан оның рухы асқақтайды. Сөйтіп, адам кешенесіне біткен сезім атаулыны кульминациялық нүктесіне көтеріледі. Яғни, өнерге, поэзияға тән сезімдік сатыға жетеді. Оның сол ойлы сезімі – бір өмір. Ой мен сезімді бұл жерде бөліп тастай алмаймыз. Лирикалық өлеңде мұның бәрі, сезімнен өрбіп жатуы шағын туындыға табиғи рең береді. Яғни ақын, сезімнің ғана құлы емес, оймен тиянақтауға машық. Сезімнің, көркемдіктің қалың қабаттарын аша отырып, олардың нәзік иірімдерін бір-бірімен шатыстырмайды. «Ақ сағыммен араласып аулаққа, сағым болып бара жатыр, көп ойлар» жолдардың жалғасы. Сезім шарықтау шегіне көтеріліп келе жатыр. Яғни, сезімнің шарықтауы – ойдың бастауы екенін ақынның өзі де айтып отыр. «Бұлттар мен жылқылар» кейде айтсаң дәмі кететін, сондықтан, ешкімге жария қылмай, үлбіретіп көңіл түкпірінде аялайтын бір құпия, сырлы сезімдердің болатыны сияқты талдауға қимайтын «нәзік» өлеңдерде де кездеседі. «Бұлттар мен жылқылар» -  сондай өлең. Айтуға, суреттеуге келе бермейтін ана мен бала махаббаты ма, әлде ананың алдында, кейде өзімізді баяғы қорғанышсыз сәби сезінетін түсініксіздеу, қызық мінезіміз бе, әлде мынау қым-қиғаш өмірдегі қайшылықтардан, тауқыметтен, талқыдан қажығанда қам көңілге медет іздеп, бала күнгі әдетімізше ана мейірін аңсайтын бір сәткі әлсіздігіміз бе – тап басып айту қиын, бірақ, өлеңде, әйтеуір соның бәрі бары, анық. Әйтеуір жүргімізге тым жақын қабылдайтын дүние.

Бүгінгі күні, адамның ішкі әлемін, күрделі дәуірдің әлеміш шындығын өрнектеуге деген талпыныста бәріне тән бір құштарлық, құлшыныс бар. Ақтарыла сыр ашып, таусыла қазынуға, болмыстың иірім-тұңғиықтарына бойлап, ақиқат маржандарын іздеуге, өмірдің сұлулығын, жарығы мен түнегін, жарасымы мен қайшылығын зерделеуге деген беймаза іңкәрлік бар. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат, кәдімгі объективі дүниенің әсері. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді. Оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады да, ерекше өмір сүргізеді. Сөйтіп, лирикалық шығарманың мазмұны объективі оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъект арқылы өтетін дүниелер. Көңіл  бұрар, ой толқытар, я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар, субъектінің рухани өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар нәрсенің бәрі – лирикаға мазмұн. Сыршыл сезім орнына сырдың ақыл қуалау – лирикаға шәркес әрекет. Бір сезімнен, екінші бір сезімге ауысу өлеңді шығарманың көлемін ұзартып жіберетіні де рас. «Лирикадағы елгезек сезімнен сыр жайын, бұлардың жинақтылығы мен мөлдірлігі туралы айтқанда, өлеңнің өзін қимылсыз, статистикалық әлденеге айналдырып алмау жағын қараған жөн» деген теоретик ғалым, академи З.Қабдолов тұжырымын осы тұста келтіре кеткен орынды [50, 316-319].

Ақынның поэзия әлемінен алатын орны оның тіл кестесімен, ізденісімен, содан туындағын шынайы да шымыр бейнелі сөздерімен бағалағанады, анықталады. «Өйткені, ақын сезімнің драматизмі тым нәзік. Оның сезімдік көңіл-күйі, сағынуы ме аңсауы, эпикалық үлгіге қалай айшық табады десеңізші. Ұйыған сүттей дірілдеген сезім, оның сюжетті дүниесін түгелдей лирика мүлкіне айналдырады. Ақындық парасаты мен асқақ сезімі, тасқа басылғандай анықтық табады. Ешкім орап өте алмайтын кеңдікпен, ешкім өшіре алмайтын мәңгілікке ұласады. Сезімін сабыр мен санаға бағындыра отырып, оның бар мәйегін шығаратындай. Бар маңызын ұсынатындай. Табиғат пен адам жанының, өмір мен өнердің үйлесімін байқаймыз. Әсер, сезім, ой қатар өрілсе ғана, өлең  - өлең» дейді әдебиеттанушы ғалым Б.Кәрібаева [51, 149б.]

Ұлықбек өлеңдеріндегі табиғаттың бейнелену тәсілдері өзінің ешкімді қайталамас ерекшелігімен құнды. Ақын жырларына сипаттама бергенді, сан алуан тақырыпты игеруін сөз етсек, тым жеткіліксіз болар еді. Ал, әр өлеңіндегі туған жердің ерке бұлағындай екпінді, сыршыл да сазды ырғақты, шебер қолдан шыққандай келісті өрнекті, бедерлі түйінді айтқанда, Ұлықбек жырларындағы табиғатты еске алуымыз заңды. Оның әр өлеңінен табиғаттың тізбек-тізбек көріністеріне жан бітірген шеберлікті көруге болады, түйдек-түйдек қалқып жүрген ақша бұлттар, ашық аспан, мөлдір бұлақ суретін тани аламыз.

«Шығыс белдеу жарқырап,

                                жез айылдай,

Құс жолы өшті ғасырдың

                                 тозаңындай.

Бояулары алмасқан

                                  дүниеге

Қарай бергім келді бір

                                   көз айырмай», -

деп жырлаған ақынжырларынан бозторғай, бұлбұл үнін бөлекше танимыз. Ақынның «Қайың», «Жаңбырлы таң», «Шығайықшы тауға, жаным» сияқты өлеңдерінде көздің жауын алар айшықты көріністер сыршыл ықғақтар көп кездеседі.

«Көкжиекте бұлттардың

қабағы ашық,

Шұғылаға аунайды

                                    араласып,

Күн астында болатын

                                      Күнекей қыз

Күмісіңді уыстап далаға шық!»

Ұлықбек есдәулет табиғат суреттерін сол нәзік күйіндегі сипатта, бір шеңберден шыға алмай қалған жоқ. Көп ақындарда кездесетін бірсарындылық, оған жат. Оның жырлары табиғат ананың өзіндей кейде буырқанып, бұрқанып кетеді. Бұл оның шынайы табиғи талантын таныста керек. Көптен бері туған жер табиғатының жанды суретін өрнектеген әсерлі өлеңдерімен Ұлықбек бір жинағымен өтеді десек, артық айтқандық болар. Абай бастаған қазақ поэзиясындағы бұл жаңалыққа қосылған аз да болса үлес деп бағалаймыз.

Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады