Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32
ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР
2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79
Тау дастан
Ақын жерді "Жыртылып жатыр" деп суреттегеннен кейін, оны "тозған кілем " ауыстыруымен беруі жарасымды, өйткені тозған кілемнің жыртылуы орынды. Ал күрең белді "жиған кілемдер" қолданысымен өрнектеуі оның қалпын оқырманның көз алдына елестетеді. Табиғатты жырлауда автор метафоралық тіркестер арқылы да түрлі әсем суреттер жасаған. Мысалы: "Қар жауа ма қайтеді?". тармақтары арқылы лирикалық кейіпкердің айналаны қабылдау ерекшелігін,сезімге бөленуін аңғарамыз."Таудың қабағы "тіркесі сурет әсерлілігін туғызған. Осы тәріздес "Көкжиекте таулардың // Көтерілсе түндігі , // Баурайында бар маңның // Көрінеді кіндігі".
Метафоралық тіркес сурет сұлулығын ғана туғызбайды, оның өрісін кеңейтіп, оқырман жүрегіне бірден-бір жол да салады. Таулардың "түндігі" көтерілуінен "маңының кіндігі" көрінуінен таң атқандығын, жарық түскендігін аңғарамыз. Мұнда жарық түсті деген сөз жоқ, ауыстыруды шебер қолдану арқылы сәтті жеткізген. Мына тармақтарда да әдемі сурет бар: "Бұлғаса жаулық тауларың // Таранса шашын талдарың" немесе "Ақ бұлттар мамық жаулығын // Аспаннан төмен лақтырды". Екі үзінді де сурет орайластығы орын алған. Мұндағы "жаулық" сөзі арқылы бұлт бейнесін келісті елестеткен. Ақын оны бірде тау жаулығы десе, бірде бұлт жаулығы деп өрнектейді. Ал тал жапырақтарын "шашын" ауыстыруы арқылы көңілге қонымды суреттейді. М.Мақатаевтың табиғат тақырыбындағы өлеңдерде ауыстырулар жүйесі - табиғаттың әсем көрінісін лирикалық кейіпкер көзімен келісті бейнелеуге бағындырылған өлең өрнектері. Әрқайсысы – өзінше бір құнды дүниелер, ақын шеберлігінің айнасы.
Табиғатты бейнелеуде Қ. Мырза Әлі ауыстырудың дәстүрлі түрлерін кең қолданады:
Күн нұры-зер шымылдық
Тереңмен, сірә, менің тегім бірге.
Көк мұнар – көк шымылдық төгілерме,
Көк мұхит секілденер егін бірде.
Ақ қайың- ақ дүние, аппақ әлем,
Айтарға, жазарға сөз таппаған ем.
Дала қандай, шіркін-ай, дала қандай!
Бала көңіл даланы қалағандай.
Қарап тұрсаң,
Ай-сиыр
Жаңа туған
Жұлдыздарын болады жалағандай!
Ақын қолданысындағы ауыстырулар лирикалық кейіпкердің таным көкжиегін, сезім айнасын танытқандай. Үзінділердегі овтор көзімен суреттеген шындықтың, яғни ақ қайыңның өзге адамдарға аппақ әлем, дүние болып немесе айдың сиыр сияқты, желдің сүргі, шағалалардың жоңқа тәрізді көрінбеуі мүмкін. Бір затты не құбылысты екінші затқа балау арқылы жасалған ауыстырудың қарапайым түрі пейзажды бейнелеуде оған ерекше ажар беріп, сурет келістілігін тереңдете түсетіні белгілі. Ақын өзінің ішкі тебіреністері мен толғаныстарын өлеңмен өре білген. Табиғаттың келісті көрінісін, көрікті жерін сүйсіне суреттеуде ақын ауыстыруды сәтті қолданады. Өлеңмен ұлттық нақыш қана емес, ұлттық тарихы, әдебиеті әрі лирикалық кейіпкер қабылдауы аңғарылады. Мысалы, Көкшетауға арналған өлеңінен үзінді келтірейік:
Көкшетау – Қыз Жібегің болса егер,
Сексен көл – сексен шолпы шашбаудағы...
Көкшетау – Баян Сұлу болса егер,
Сексен көл – сексен алқа өңірдегі
Ауыз әдебиетінің, ұлт тариқының бай мұрасына суарылған ауыстырулар- әсерлі естілумен қатар лирикалық кейіпкер дүниетанымының айнасы. Көкшетаудың сексен көлін шашбаудың сексен шолпысына балаған тармақтың өзінен ұлттық бояу, болмас көрінеді. Бұл жолдардың әсерін сезіну үшін қазақ боп туу қажет. Келесі тармақтарды жете түсіну үшін де Қозы мен Баян тарихынан хабарлар болуы керек. Әдетте ауыстырудың екі сыңары да белгілі түрін жиі кездестірсек, бір сыңары белгілі, екінші сыңары белгісіз ауыстырулар да ақын Қ.Мырза-Әлінің табиғатты бейнелеулерін кездеседі. Мысалы: "Жиған жүктің астында жер құнжиды" тармағын алсақ, автор таудың келісті көрінісін, оның қалып пішінін ауыстырумен сәтті елестетеді. Оқырман оның тау екенін бірден түсінеді. Осы тәріздес суреттеу "Жасқа толы // Жаураған көп ақ үйдің // Кірпігі жоқ // Төртбұрышты көздері" тармағында да бар. Ақын Қ.Мырзалиевтің табиғат тақырыбына жазған өлеңдеріндегі ауыстырулар жүйесі бар төбе болса, автордың өзіндік қолтаңбасы аңғартар метафоралық тіркестер де назар аударарлық. Мысалы: "Текше-текше таудың жүгін кім жиды?";"Ала бұлттың салбырайды бұрымы"; "Саған жақын көк аспанның шырағы"; "Тұнып тұрған сұлулық тау балағы"; "Қып –қызыл болып тұрады піскен алма // Қызыл таңның желінен қақтап еміп"; "Басымыздан сипады дала қолы"; "Солқылдатып сорады күн желінін/ Сүт-сәулеге күн ұзақ талдар қанбай"; "Шүпілдейді ақ нұрдан қыр табағы", т.б. Осы үзінділердегі "таудың жүгін" тіркесінен таудың бір-бірінің үстіне біткен әсем қалыбын, келесі үзіндідегі бұлт бұрымы тіркесінен ақынның таң сөз қолданысы, лирикалық кейіпкердің бұлтты адам кейпінде елестетуін, "аспан шырағы", "тау балағы" қолданыстарынан табиғатты адам өмірімен қоян- қолтық бейнелеуін танытса, келесі үзінділерде де ақын белгілі бір ұқсастықтарына қарай сөздерді қиыннан қиыстырып, таң, өзгеше өрнектер жасаған. Ауыстырулар ақын О. Асқардың пейзажды cуреттеулерінде жиі кездеседі. Олар ақын өлеңдерінің көркемдік дәрежесін көтеріп, суреткердің сөз қолдану шеберлігін танытады. Табиғат көрінісін, құбылысын бейнелеуде ғана емес, Табиғат-Ананың өзін ақын: "Табиғат – алтын күнім, күміс айым, // Шашылған жұлдыз-меруерт түні сайын. // Табиғат көркем жырым, асқақ әнім,// Сен – ана, мен- қашанда жас баламын", "Табиғат- көк күмбезді кең сарайым", - деп лирикалық кейіпкер сезіміне бағындырылған суреттер жасаған. Осындай сұлу, сылқым суреткер өзге де көріністерде бар: "Тал шашынан су тамған тау-сұлуға // Кемпірқосақ ұсынды орамалын"; "Алып аққу- ақ кеме жағада тұр"; "Шөбі – женьшень, ағашы-балқарағай"; "Ақ сәуле – асыл жібек орамалым"; "Бұлт-сәбиі көтерген арқасына // Қарағайы ұқсаған алқасына // Ақ жаулықты, армысың, ару тауым"; "Көк мәуітімен тысталған аспан - кітап"; "Жұлдыз –жазу от шашып ымдасады, // Ай тақырып көз тартса арасында ..."; "Көз тартады бір шумақ Үркер -өлең». Алғашқы мысалға үңілсек, ағаштардан тауға су тамған, кемпірқосақтың көрінгені туралы айтылады, бірақ автор осы көріністі шебер кестелеп әсерлі, әдемі суретке айналдырған, адамдар өмірімен ұқсастыра бейнелеген. Келесі бір ақ кемені "аққу" ауыстыруымен беруінен оның реңк әсемдігі, аппақ боп жағада көзге бірден шалынатындығы байқалады. Марқакөл табиғатын суреттегенде ондағы өсімдіктің пайдалы, шипалы, ерекше қасиеттерін таныту үшін шөбін женьшеньге, ағашын балқарағайға балайды. Төртінші мысалда да тамаша суреттер орын алған. Таудың бір қарағандағы көрінісін суреткер бұлтты арқасына көтерген сәбимен ауыстыруынан таудың биіктігі, лирикалық кейіпкер қабылдауы аңғарылса, одан әрі келісті суреттер айқындау, теңеу арқылы жасалып, зейнеттілікті ашуға бағындырылған. Лирикалық "мен" қабылдауын аша түсетін "аспан - кітап", "жұлдыз -жазу", "ай - тақырып", "үркер - өлең " қолданыстары өзінше әсерлі. О.Асқар ауыстыра тіркескен үзінділерді де жиі пайдаланады. Мысалы: "Құс біткен құйқылжытып оркестірін, // Сыланып гүл биледі салқын желге"; "Жеңіл бумен құттықтап күн тіл қатып, // Бас изеді тау жүзін сүртіп жатып"; "Ақ дидары қызарып сәл ұяла, // Ене алмай тұр сұлу күн әлі ұяға"; "Найзағай бұлт пердесін қақ бөлгенде, // Толысып көктем тұрар сахнада". "Сәби жапырақ созады саусақтарын, // Талпынғандай алшы деп әркімге өзін" үзінділердегі "құс оркестрі", "тау жүзі" , "күн дидары" , "бұлт пердесі", "жапырақ саусақтары" тіркестері өзге көркемдік құралдармен иықтасып өлең көркемдігін белгілі бір дәрежеде көтеріп тұр. Ақынның ауыстырулар жүйесі арқылы лирикалық кейіпкер сезімін, табиғатты сүйетіндігін, одан тек өмірдің жарқын жақтарын көретіндігін танимыз. Ауыстырулар, оның дәстүрлі үлгілері және белгілі бір ақын қаламына ғана тән пішіндері табиғатты суреттеуде жиі кездеседі. Олар ақын өлеңдерінің көркемдік дәрежесін көтеріп, суреткердің сөз қолдану шеберлігін көтеріп, суреткердің сөз қолдану шеберлігін танытады. Пейзажды бейнелеуінде ауыстырулар мол, олар – лирикалық кейіпкер сезімінің сәулесі. Ауыстырулар, яғни метафоралар табиғатынан, жасалу жолдарынан дәстүр жалғастығы, заман келбеті, ұлттық сипат, өрнек, ақындық қолтаңба анық танылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ поэзиясының көркемдік деңгейін танып, бағалауда ақындардың поэтикалық әлемін сөз ету өте қажет. Поэзиядағы көркемдік һәм бейнелілік мәселесі ақындар шығармашылығындағы ортақ және даралық сипаттарды саралай көрсетуді қажет етеді. Ұлттық поэзиямыздың дамуындағы жарқын бір кезең болған ХХ ғасыр – поэзия әлемінде өзіндік өрнегі, үні бар суреткер ақындарды поэзия әлеміне әкелген уақыт. Қазақ ақындардың өзгеше үні, бөлекше мәнері өлең өнерінің көркемдік көкжиегінің кеңеюіне, бейнелілік сипатының түлеп, жаңаруына үлкен жаңалық болып қосылды. Қазақ поэзиясындағы стиль, бейнелілік мәселесі осыған, яғни көркемдік жүйе, ақындық тіл мен өрнек, мазмұн мен пішін бағытындағы ізденістерге тікелей байланысты. Осы тұрғыдан келгенде нысанаға алынып отырған лирикадағы кейіптеу мен психологиялық егіздеудің маңызды орын, қызметін талдап, саралай келе оның поэтикадағы үлес салмағын анықтаудың маңызы басым болды.
Ізденіс пен жаңалық әр ақынның ой мен сезімді бейнелеп жеткізуінен, көркемдік әлемінде бұрыннан бар дәстүрлі құралдарды, суреттерді, сөз тіркестерін, жинақтай айтсақ құбылту мен айшықтау түрлерін тың тәсілмен түрленте білуінен, жанрлық түрлерден, пішіндік ізденістерден көрінеді.
Қазіргі қазақ лирикасындағы көркемдік, бейнелілік мәселесін сөз еткенде әдіс, ақындық шеберлік мәселесі алдыңғы орында тұрады. Ф.Оңғарсынова, Ж.Әбдірашев, Ж.Жақыпбаев, К.Мырзабеков, Е.Раушанов Н.Мәукенұлы, Г.Салықбай ерекше қолтаңбасымен танылып, қазақ поэзиясы үшін үлкен жаңалық болған романтизмнің субъективті-философиялық, элегиялық сипатын, модернизм белгілерін өз шығармаларында тереңдете түсті. Сондай-ақ тұспалдап, ишаралап бейнелеуімен маңызды, кешегі Мағжан, Бернияз, Қасым поэзиясынан бой көрсеткен кейіптеу мен психологиялық егіздеу тәсілдерін жымдастырған символдық тәсіл қазақ лирикасына тән болды.
Жалпы, қазіргі лирикадағы кейіптеу мен психологиялық егіздеу сияқты бейнелеу құралдарын зерделегенде біздің негізгі нысанға алғанымыз қазіргі поэзияның көркемдік ерекшелігін нақтылау болды. Осы мақсатқа жету үшін көркемдік әдіс-тәсілдердің лирикалық қаһарман тұлғалаудағы маңызын, жаңа ізденістердің, дәстүрдің көркемдік-бейнелілік жүйеден көрінуін жан-жақты талдаулар барысында дәлелдеп көрсетуге тырыстық. Қазіргі қазақ лирикасындағы бейнелілік мәселесін қарастырғанда ең әуелі кейіптеу, психологиялық егіздеу дегеніміз не, оны қалай түсініп, бағамдаймыз, жекелеген ақындар ізденісін бір арнаға тоғыстырғанда нені ескеруіміз керек – бұл маңызды сауалдардың бәрін зерттеу жұмысының барысында шешіп, талдаулар негізінде жауаптар табуға тырыстық. Біз зерттеу нысанына алған ақындар шығармашылығы тұтастай алғанда ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдықты, ізденісті, әдістік, көркемдік-бейнелілік, тілдік тұрғыдан таныта алатын туындылар болып табылады.
1. Ысмайылов Е. Әдебиет жайлы ойлар. А., 1968 ж. – 310 бет.
2. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана: Фолиант.2002. - 408 бет. 3.Аль-Фараби Сборник 3-х т. 2 том, Л., 1982 г. – 250 стр.
4. Белинский В. Статьи о Пушкине. М., 1974 г.- 205 стр.
5. Қабдолов З. Жанр сыры. А., 1964 ж. – 230 бет.
6.Хализев В. Теория литературы. М.: Высшая школа. 2000. – 398 стр.
7. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы: Жазушы, 1989. – 192 бет.
8. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана: Фолиант.2002. - 408 бет.
9. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959. – 332 бет.
10. Русские писатели о литературном труде. Москва, 1977. – 369 стр.
11. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. −Алматы: Атамұра, 2003. -208 б.
12. Абай. Екі томдық шығармалар. 2-том. Алматы: Жазушы, 2004. – 336 б.
13. Қаратаев М. Ізденіс іздері. Алматы: Жазушы, 1984. – 376 бет.
14. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы / М. Базарбаев. – Алматы: Жазушы, 1973. -256 бет.
15. Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. Жауапты ред. З.Ахметов; Баспаға әзірлеп, түсініктемелерін жазғандар: З.Ахметов, Т.Берікболов.- Алматы: Жібек жолы, 2002. - 176 бет.
16. Жұмабаев М. Сүй, жан сәулем. – Алматы: Атамұра, 2002. – 256 бет.
17. Орманов Ғ. . Өлеңдер. 2-т. Алматы:Жазушы, 1983. -328 бет.
18. Аманжолов Қ. Өлеңдер. Алматы: Мектеп, 1985. – 162 бет.
19. Нарымбетов Ә. / Жинақта: Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы. Алматы: Ғылым, 1981. – 320 бет.
20. Мәуленов С. Үш томдық шығармалар жинағы. 2 т.– Алматы: Жазушы. 1982. – 460 бет.
21. Мақатаев М. Аманат. Атамұра, 2002. – 304 бет.
22. Асқар О. Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жазушы", 1981. – 210 бет.
23. Айбергенов Т. . Бір тойым бар. Алматы: Жалын, 1989. – 302 бет.
24. Оңғарсынова Ф. Он томдық шығармалар жинағы. – т. 2. – Астана, 2004. – 340 б.
25. Раушанов Е. Қара бауыр қасқалдақ. – Алматы: Жалын, 1995. – 384 б.
26. Салықбай Г. Аспандағы аңсарым. – Алматы: Жазушы, 2001. – 144 б
27. Райымбекұлы М. Кентавр. Алматы: Жалын, 2008. - 111 б.
28. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек. – Алматы: Жазушы, 2000. – 256 б.
29. Мырза Әлі Қ. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 5-т. Алматы: Қазығұрт, 2010.
30. Айтқожина М. Таңдамалы. Алматы: Жазушы, 1986. – 359 бет.
31. Сапарбай И. Гүласыл. Алматы: Жалын, 1990, – 208 бет.
32. Мифологический словарь. М., 1990. – 615 стр.
33. Мәукенұлы Н. Құснихат. Алматы: Өлке, 2000. - 128 бет.
34. Гегель Г.Ф.Н. Эстетика туралы лекциялар. Кiтапта: Эстетика. 1 т. М.,1968. – 512 бет.
35. Блок А. Әдебиет туралы. М., 1980. – 350 бет.
36. Аймұхамбетова Ж.
Мифтің поэтикадағы қызметі.
37. Веселовский А. Историческая поэтика. Москва, 1989. – 404 стр.
38. Махамбет.// Ай, заман-ай, заман-ай. Алматы: Қазақ ССР Баспасөз жөніндегі Мемлекеттік Комитеті бас редакциясы, 1991. – 495 бет.
39. Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық шығармалар. ІІ том. Алматы: Жазушы, 1991. – 576 бет.
40. Мырзабекова К. Жолға салдым көшімді. Астана: Елорда, 2002. – 208 бет.
41. Негимов С. Өлең өрімі. Алматы: Ғылым, 1980. – 196 бет.
42. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973. – 212 бет.
43. Жақыпбаев Ж. Ләйла. Алматы:Атамұра, 2002. -200 бет.
44. Тимофеев Л. Введение влитературоведение. Москва, 1974. – 314 стр.
45. Әбдірашев Ж. Перзент парызы. Алматы: Жалын, 1980. – 112 бет.
46. Әбдірашев Ж. Құлпытас. Алматы: Атамұра, 2001. – 360 бет.
47. Гинзбург Л. О лирике. – М., 1974. – 210 стр.
48. Есдәулетов Ұ. Жүректегі жарылыстар. Алматы: Жазушы, 1995. - 304 бет.
49. Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе-бет. Алматы: Жазушы, 1972. - 171бет.
50. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. – 360 бет.
51. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. Алматы: Жазушы, 1988. - 149 бет.
52. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы: Атамұра, 2003. -208 бет.
53. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп, 1978. – 210 бет.
Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады