Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32

ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР

2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79

Файлы: 1 файл

Поэзия жане табигат.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

Мұқағали қайсы тақырыпқа  айтса да мейлі табиғатты, мейлі  махаббатты, адамның адамгершілік арманын, көңіл-күйін, қуаныш пен мұңын, жетістігі мен мінін айтса да тек қана ағынан жарылып айтқанын көреміз. Ақын «Атамекен» дейтін толғауында туған жер табиғатын тебіреніп толғана отырып жырға қосады:

 Біз туған тау   есімі «Елшенбүйрек»

 Шыға келсең аспанға еңсең  тимек.

 Жазда оранып жатады көк  торғынға,

 Қыста аппақ елтірі сеңсең  кимек.

Басқа таудан жырақ бұл «Елшенбүйрек».

Мен туған жер – Қарасаз баурайдағы,

Жалғанда жер біткеннің бал-қаймағы...

Мұқағали ата қоныс, туған жерін шабытты, үлкен жүрекпен жыр толқынына ілестіріп, асқан шеберлік, алау сезіммен кестелі өлең жолдары арқылы суреттейді. Осы өлеңнің көркемдік мазмұны мен идеясына зер салатын болсақ, брінші шумақ тек қана баяндау күйінде келіп тұр. Өлеңнің тақырыбы – туған жер табиғатының көрінісі. Идея – атамекен, туған жер табиғатының сұлулығын, көріктілігін, әдемілікті бейнелеу. Табиғат тақырыбындағы өлеңдерінде лирикалық кейіпкер өз мінезімен, бітім – болмысымен, ерекшеліктерімен дараланып көрінеді. Ол – табиғатпен тілдесуші, сырласушы. Мысалы:

                                        Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім,

                              Қайырлы таң, кермиықты кең  далам, 

  Құба жонды белдерім!

деп туған жердің өзеніне, көліне жондарына тіл қатса, енді бірде табиғатпен, жыл мерзімімен сырласады. Лирикалық кейіпкер көңіл – күйі мен табиғат егіз, ұқсас суреттеледі:

                              “Қош енді,  қош бол күрең  күз! 

                               Ақ қысты тездеп жібергіз.

                               Ақ қыстай аппақ бір елміз,

                               Шымшылап, аяз шытынап,

                               Ширығып біраз жүрерміз,

                               Шынығып өмір сүрерміз.

Қош енді, қош бол, күрең  күз!”.

Өлеңде күздің  “күрең”  деп айқындалуы лирикалық кейіпкер көңіл – күйінің де  “күрең” екендігін, ақ қысты аңсау арқылы  “ақ” көңілді, ширығуды аңсайтындығын аңғарамыз. Ақын  М.Мақатаев туған жерге көп өлеңдерін арнаған. Оларда негізінен туған жердің көркем  табиғаты мен лирикалық кейіпкердің сағыныш – сезімі  қоса өріледі. “Қуаныш” өлеңінде: “Туған жер болар құс төсек, // Аспанын – көрпе, жамыл да” - деп, лирикалық кейіпкер сезіміне бөленген суреттерді жайып салады.

          Төлеген Айбергеновтің поэзия  әлеміне басқан қадамы табиғат лирикаларынан басталады. «Аппақ қардан омбылап, көктем іздеп келем мен» деп, өзі айтқандай уақыт ызғарына қарамай, ол қазақ поэзиясын желпінтіп келеді. Ақынның. қазақ баспасөзінде  тұңғыш рет жарық көрген өлеңінің аты «Пейзаж», көлемі төрт-ақ жол.

 Көк шықты таудың  тарғыл тасын жарып,

 Арықтан сулар жатыр  тасып ағып.

 Аямай жерге төгіп  алтын нұрын,

 Күн көзі күлімдейді  қасын қағып.

Бүкіл дүниені жанды  қозғалыста суреттеген өлеңнен Төлегеннің ізденістерін, өзіндік ерекшелігін  танытуға деген талпынысын тануға болады.

Ақынның бұл тақырыпта  жазған өлеңдері: «Көктем», «Көктем  әуендері»,  «Жаз қақпасы», «Жазғы кеште», «Күзде»т.б. өлеңдерін атап кетуге болады. 

Аймалап ерке желі жан-денені,

Бозарып қылаң беріп  таң келеді.

Малынып шығар күннің шұғыласына,

Көк құрғақ мың құбылып  сәнденеді.

        Төлегеннің бұл шумағы – табиғаттың  тәуелсіз суретін суреткерлікпен  бейнелеп, табиғатты жан жүрегінде  әлдилейді. Төлегеннің бұл шумағы  – табиғаттың тәуелсіз суретін  суреткерлікпен бейнелеп, табиғатты  жан жүрегінде әлдилейді. Бұдан Мағжанға тән құбылысты байқауға болады. Осы қасиетімен ол өзі қатарлас ақындардан табиғаты биіктеп, ерекшеленеді. Міне, Төлеген Айбергенов бір ғана табиғат лирикасының  өзімен-ақ қазіргі қазақ лирикасын, оның поэтика арсеналын байыта түсті . Пейзаждық лирикасында кейіпкер – табиғатқа сүйсінуші ғана емес, сырласушы, айналаны бақылаушы, өз сезімін ашық та әсем айжеткізуші. Мәселен, қайыңдарды суреттегенде де лирикалық кейіпкер ерекшелігін байқаймыз:

                            Аққу мойын, ақ көйлекті қайыңдар,

                             Дәл сендердей менің де аппақ  айым бар.

                             Бақытымды шулап көкке жайыңдар,

                             Шулап көкке жайыңдар, ақ қайыңдар. 

Ақын қайыңдардың биіктігін, әсемдігін  «аққу мойын» деп өрнектесе, оның рең әдемілігі «ақ көйлекті» түзілімімен беріледі. Осындай көркем көрініс аясында лирикалық кейіпкер көңіл – күйі де жоғары. Ақын табиғат суреті мен лирикалық кейіпкер психологиясын қатар танытады.            Ф.Оңғарсынованың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін оқи отырсақ, ондағы лирикалық кейіпкер табиғатқа сүйсіне қарап, көңілі сергіп, дем алатындай көрінеді. Әсіресе, лирикалық кейіпкер теңіз көрінісін, ондағы толқындарды ерекше ыстық сезіммен келісті кестелейді.

Ақын С.Мәуленовтің көктем бейнесін ашарлық бірнеше өлеңі бар. Бірінде:

                              Көктем, көктем, аш қақпанды,

                              Жай көкпеңбек дастарханды. –

деп лирикалық кейіпкер өзі көргісі келетін көңіліндегі  көңілді көктемді жырласа, келесі бір көктемді суреттеген өлеңінде:

                              Босанды  мұз  құрсаудан көл кешегі,

                              Төсінде теңбіл – теңбіл сел  көшеді.

                               Көгінде жасын ойнап, күн күркіреп,

                               Көктемнің айдарынан жел еседі –

 деп, көктем суретін  жанды образ, адам бейнесінде  көз алдыңа әкеледі. 

          Ақын М.Мақатаевтың да көктем  мезгіліне арналған бірнеше өлеңдері  бар: “Айхай, көктем”, “Таудағы  көктем” , “Көктемде” , “Осы бір көктемді көгерген” , “Көктем де келер”, “Шып терлеп дала бусанған” т.б. Мұқағали өлеңдеріндегі көктем лирикалық кейіпкер көңіл – күйімен егіз, астаса беріледі. “Айхай, көктем ” өлеңінде:

                                 Күркіретіп, дүркіретіп,

                                 Мына келген көктем бе?!

                                 Сіркіретіп, бүркіп өтіп,

                                Әтір шашып кеткен бе? –

деп, табиғатты сүйсіне, көтеріңкі көңіл – күй әсерімен бейнелесе, “Көктем де келер” өлеңінде лирикалық кейіпкер көңілі екі ұшты. Ол табиғат пен адамды қатар алады. Табиғат адам еркінен тыс, өз заңдылығымен құлпырып, гүлдесе, лирикалық кейіпкерді ауру досының әлі құрып бара жатқаны  мазалайды:

                               Көгереді, барлығы көгереді,

                               Ой да, қыр да даланың төбелері.

                               Әлі құрып бара жатқан ауру  досқа 

Осы көктем білмеймін не береді?

Таудағы көктемді бейнелеген өлеңінде ақын оқырман сезіміне әсер етерліктей шыншыл да шебер суреттер жасаған. Лирикалық кейіпкермен оқырман да тауды аралайды, сұлулығына бірге сүйсініп, таң қалады:

                                   Еміренген, тебіренген

                                   Ақбас Ата – асқарлар 

                                   Күннен – бөркі,

                                   Гүлден – көркі, 

                                   Тау – тамаша, тау – алып 

                                    Қатпар басын,

                                    Шатқал тасын 

                                    Көрген сайын жаңалық.

Ақын тек келісті  сурет жасамайды, өлеңнің құрылысы арқылы да оған ерекше екпін, әуен, сезім  дарытады. Мұқағали қаламында  көктем негізінен көтеріңкі көңіл –  күй әсерімен  суреттеледі.

 Ақын Қ.Мырзалиев  ат көктем көрінісін нақты,  дәл елестету үшін теңеуді тұрмыстан, күнделікті өмірден алады. “Көктем келіп қалыпты-ау” өлеңінде көктем көрінісін бірыңғай дыбыс үндестігіне құру арқылы келісті суреттейді:

                               “Шымырлаған шуаққа шыдай алмай

                                 Шыңылтыр мұз кешегі кеткен кеміп” [29, 279].

Дыбыс үндестігі әрі  қарама – қарсылықты алу арқылы ақын өлеңге әсер береді. Ал  М.Айтқожина “Күй қанаты көктемгі” [30, 46]. өлеңінде “Дүрліктірді даланы бұлақ күліп” тармағы арқылы далада ерекше бір құбылыс болып жатқанын, тіршіліктің қозғалыста екенін шебер танытады. Келісті суреттер көктем көрінісін нақты елестетеді: “Дірілдейді қызғалдақ жер төсінде, // Ақша бұлттар мінгесіп бара жатыр, // Алатаудың ақ жалды өркешінде”. “Мінгесіп” бара жатуынан сол бұлттардың көптігі лирикалық кейіпкер қиялына сай бейнеленгенін көреміз. Т.Айбергенов өлеңдеріндегі көктем бейнесі де көңілді, жайдары суреттеліп, табиғат бар өзгерісімен, ерекшелігімен танылады. Ақын аз сөзге көп мән сыйғыза отрып, келісті сурет жасайды. Мысалы:       

                           Төбеде найзағай жарылып

                             Аспанға салды кеп сойқанды.

                             Қыстағы қаймағы алынып,

                             Өзеннің күбісі шайқалды.

      Лирикалық кейіпкер – көктемнің келісті көрінісін сырттан бақылаушы. Ақын көктемдегі тіршіліктің оянып, жандануын келісті бір “Көктемде” өлеңі арқылы көрсетеді: “Өзеннің бәрін жын ұрып, // Айналды көктем сарнауға”. – деген екі тармақтың өзіне көтемге бар сілкініс сыйғандай көрініске, “сарнауға” қолданысы арқылы автор дыбыстардың ерекшелігін жайып салады. Осы тақырыптас ақын Ф.Оңғарсынованың  “Көктем күліп келеді”, Қоңыраулатып көктемдер” өлеңдері терең сезімге құрылған әрі оқыған адамның жан – жүйесін қозғары сөзсіз:

                       Жан сезімін түнекке тасаламай

                         Табиғатқа қызуын шашады арай.

                         Балғын бүршіктерімен сұлу қайың,

                         Толықсиды босанған жас анадай.

Лирикалық кейіпкер де өзінің жан сезімін “түнекке тасаламай” табиғаттан жылулық, қызу алғандай. Өлеңнен лирикалық кейіпкер әйелге тән нәзіктік, сезімталдық лебі еседі. Ал И.Сапарбай көктемнің көңілсіз кезін сипаттайды. “Жаңбырсыз көктем” өлеңінде лирикалық кейіпкер байқаушы, бақылаушы ретінде танылады. Мысалы:

                                  “Тамыры көктің талмауыр тартып,

                                   Балауса егін сарбалақтанады”  – 

деп нақты көрсетеді. Келесіде:                

                                   Бозамық тартып ажары белдің,

                                   Басталмай жатыр базары көлдің” [31, 57]. –

деп, көктемнің осы  бір көрінісіне лирикалық кейіпкер де іштей көңілі түседі, қайғырfды. Ақын Ұ.Есдәулет шығармаларында көктем бейнесі келісті, лирикалық кейіпкер сезімі мен қиялына бағындырыла суреттеледі. Мысалы:

“ Желмаямен қашқақтай, // Көкала бұлт керуендер”. – деп, тосын тіркеске құрып, ұлттық әдебиетімізге жақын бейнелесе, келесі тармақтарда Абай өлеңдерімен ұқсас, орайлас көріністерді де байқаймыз. Ақынның лирикалық кейіпкері табиғат көрінісін ұлттық бедер – бояуымен көреді.

         Ұлттық поэзияда дала бейнесі назардан тыс қалмаған. Қазақ даласының бүкіл сипаты сол өлеңдердің бойынан көрінеді. Ақын  С.Мәуленов даланы дара алмай, ондағы ауа, жел ай т.б. бір – бірімен байланыста, тұтастықта суреттейді: « Тыныш еді у – шусыз дала қандай, // Құйылды кеудеге ауа балдай. // Күміс ай  сәулесімен күлімдетіп, // Дала желі шашымды тарағандай». Мұнда да лирикалық кейіпкер қиялы сезіммен қатар өріледі. Дала бейнесі жанға жайлы, тыныш қалыпта танылады. Ақын К.Салықов болса, «Дала дидары» өлеңінде табиғаттың бір сәттік көрінісін емес, даламыздың әр жыл мезгілін, түні, күні, жұлдызын, көлі мен тауын,  тұлпарлары мен сұңқарларын т.б. мақтаныш сезімімен келісті де әсерлі елестетеді. Ақын Ф.Оңғарсыновамен салыстырсақ, даланың қолайсыз кезеңін былай суреттейді: «Қарсыз дала. Ызғырық. // Қара суық. Қатқақ жер.// Жүргізбейді түзде ұлып // Маңдайынан жасқап жел».

Автор алдымен баяндау  әдісі арқылы дала сипатын танытса, кейінгі тармақтарда оны дәлелдей түседі. Келесі өлеңінде дала бейнесі өзен, талдармен, адамдармен тұтас бейнеленеді. Ақын К.Салықовтың  «Дала дидары» өлеңімен суреттері ұқсастықтары бар: «Біздің мынау даланы – ай // Өзен, өріс жағалай, // Талдары да – қарағай, // Дала біткен ағадай» Лирикалық кейіпкер көңілінен мақтаныш сезімі еседі. Осындай далада бейнесі ақын Т.Айбергеновтың бірнеше өлеңдерінен көрінеді. «Дала», «Далада», «Дала кешіндегі көрініс» т.б.

«Далада» өлеңінде лирикалық  кейіпкер табиғатқа сүйсінуші, одан сыр аулаушы, қызығын бақылаушы: «Айна көл тұнып тұрған шарадағы, // Қымызды көз алдыңа келтіреді, // Ұялшақ сәби талдың жағадағы // Етегін гулеп ойнап жел түреді». Ұлттық сипатта бейнеленген табиғат суреті лирикалық кейіпкер қиялымен қатар өріледі.

            Жалпы табиғат тақырыбындағы  өлеңдерді оқи отыра, ақындардың  лирикалық кейіпкерлерінің мінез  ерекшеліктерін, айналаны қабылдауын  жан – жақты танимыз. Сонымен  қатар лирикалық кейіпкер арқылы  ақынның өзіндік «менін», мінезін,  дара қолтаңбасын, айырықша стилін, поэзиядағы орнын айқындауға да қол жеткіземіз.

Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады