Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32
ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР
2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79
Табиғат құбылыстарын суреттеуде О.Асқар табиғаттың түрлі құбылысы мен заттарын кейіптеу арқылы ақын өз сезімін оқырманына әсерлі жеткізумен бірге сол көрініске тәнті етеді. Мысалы:
Аулақта айтып көк нөсер барады әнін,
От шығара сабалап барабанын.
Кемпірқосақ ұсынды орамалын[22, 58].
Ақын табиғаттың түрлі құбылыстары мен көріністерін ғана жырға қоспай, адам мән бере бермейтін, сұлулығына сүйсіне де, одан сыр тауып ұғынбайтын табиғат бейнелерін өз шығармасына тиек етеді. Оразақын Асқардың табиғатқа арналған туындылары ұлттық өрнекмен кестеленіп, заман, уақыт тынысын танытатын айшықтармен қоса көмкерілген. Оразақын Асқардың табиғат лирикасын сөз еткенде, алдымен оның келісті сурет жасау шеберлігін, тілінің байлығын, терең білімділігін, байқағыштығын, өлеңнің жеңіл ырғаққа негізделгенін атаған жөн.
Ақындардың табиғатты әр қырынан жырлайтынын, бірі асау, долы кезін, бірі мейірімді, шуақты сәттерін жырға қосатынын ескерсек, Т.Айбергенов шығармаларында қыс та, көктем де, көл де, дала да көтеріңкі пафоспен суреттеледі. Ол нені бейнелесе де, өзіне тән үнмен, шабытпен жырлайды. Мәселен Т.Айбергеновке дейін «Далада» өлеңінде С.Сейфуллин жүген-құрық тимеген асауды далада ұстап мінгендігін сипаттаса, Т.Айбергенов даланың тамаша көрінісін былай береді:
Қымызды көз алдыңа келтіреді.
Ұялшақ сәби талдың жағадағ
Етегін гулеп ойнап жел иіреді ” [23, 134].
Ақын дала көрінісін қиялға қанат бітіре, ерекше сезіммен, жандандыра суреттейді. Айнакөлді шарадағы қымызға ұқсату, ұялшақ сәби талдың етегі болуы, қамыстың шулап күлуі сұлап барып түрегелуі, бұлақтың сұңқылдап сыр ақтаруы – бәрі сурет нақтылаған, аз сөзге көп мән сыйғызуы ақын шеберлігінің де айнасы. Т.Айбергеновтің жырлаған көктемі қызылды - жасылды, әлемге тіл біткендей шулы да көңілді болса, қысы қатаңдығына қарамастан сүйкімді:
еңіс аппақ сәукеле” [23, 81] .
Поэзия әлемінен өзінің әсем де әсерлі жырларымен көрінген ақындардың бірі – Фариза Оңғарсынова. Оның табиғат тақырыбындағы жырлары туған жер көрінісін, тәулік, жыл мезгілдерін, табиғат сұлулығын, теңізі мен бұлағын т.б. суреттеуге арналған. Мысалы, ақынның «Жайлау таңы» өлеңінде лирикалық кейіпкерлермен бірге оқырман да көрініс зейнеттілігіне сүйсінеді. Көктемді суреттегенде де келісті көріністер көз тартады:
Құшады қырды, сайды арай» [24, 77].
Өлеңді тұтас оқымасақ та екі шумақтың өзінен көп нәрсені аңғарамыз. Жер үрпіне сүт толуынан оның ерекше күйде екендігін, жүзіне «мөлдір» шық қонуынан сурет зейнеттілігі, «қалқиды» мақта бұлт болып тармағынан аспан ашықтығы, бұлт жеңілдігі байқалады. Лирикалық кейіпкер көзімен берілген арайдың қырды, сайды еркелей, аймалай сүйіп құшуы көктемгі арай ерекшелігін танытса, баурайдың «жұмсақ жаймадай» болуы шөп қалыңдығын, жұмсақтығын, молдығын елестетеді Ф.Оңғарсынованың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінде лирикалық кейіпкер табиғатқа сүйсіне қараушы, одан сыр аулап, көңілі сергіп, дем алатындай көрінеді. Әсіресе, лирикалық кейпкер теңіз көрінісін, ондағы толқындарды ерекше ыстық сезіммен келісті кестелейді. Табиғат құбылыстарын жырламаған ақын поэзия тарихында жоқ десе де болғандай Есенғали Раушановтың өлеңдерінде ақынның асқан талант қуаты мен ана тілдің мәйегін сіңірген шешендігі, ой айтудағы, поэзияны жеткізудегі шеберлігі, барлығы, адамды таңдандырып, тамсандырады. «Гүлтобылғы күзде ашады ақ гүлін» деген Шерхан Мұртазаға арналған өлеңі метафоралық үлгіде жазылған. Қоғам қайраткері, дарынды жазушының тұлғасын сомдап, мінезін таныту үшін Гүлтобылғы ер азаматқа тән ерлікті астарлап тұр. Яғни, ол – тектілік пен азаматтық метафорасы. Күздің қара суығында қарашаға қарсы қарап гүлдейтін гүл тобылғы, басқа тал-жыңғыл, жекен шөптерден қайсар әрі шыдамды.
Өлең – метафораға құрылған. Жекен – қоғам қалай құбылса солай құбылатын, биліктегінің ығында жүретіндердің мінез-құлқы. Раң – елпілдек, жарамсақ, жағымпаздар, құбаша тал – езіліп, егіліп жүретіндерді алмастырған. Автордың қорытындысы:
Адамға тән қасиет тектілікті Е.Раушанов Гүлтобылғыдан көрген. Метафора – Есенғали ақынның жиі қолданар сүйікті тәсілі. Табиғатты «адамдандыру» (кейіптеу) арқылы – жан бітіретін, көз алдыңызда образдық дәрежеде көрінетіндей етеді. Есенғали Раушанов метафораларына табиғат бөлшектерін (тау, гүл, ағаш, өзен) алып соларға кейіптеу тәсілінде өрнек салып өлеңін құбылта көрсетеді.
Көкте бұлттар қызылшеке айтысты,
Оқалы тау, балғын майса, баршын көк
Бұл өлең жоғарыдағы өлеңнің жалғасы сияқты. Қарағай – халықтық ұғымда да азаматтық метафорасы. Қысы – жазы құбылмас, қайыспас, қайсар. Өлең тұтастай метафора болғанда, сол метафора кейіптеуге де иек сүйенген «Көкте бұлттар қызылшеке айтысты ...Үрді самал абалай...» деген жолдарда бұлт пен самал жанды түрде бейнелеген.
Ақын көктемді суреттеуге
Мені аяма,
Өзіңді ая аясаң.
Күн сияқтым,
жоғаламын таясаң.
Бар болғаны қар ғанамын,
Ерісем,
көкке кетем –
Ақын бұл өлеңінде ішкі
Кейіптеу – жансыз
Алматыға қар жауып тұр қиғаштап,
Күй төгеді үнсіз,
іштей қилы аспап.
Сол үнсіздік шу біткенді шөктірді,
белгісіздікке бөктірді.
Қар қаланы,
қала қарды паналап,
бауырласып,
құшақтасып,
бағалап,
екі суық бірін-бірі жылытты -
Менің етігім жайлы ұмытты...
Осы өлеңдегі
қардың, қаланың жанды суреті
лирикалық кейіпкердің жан
Қаңтарлы Ай,
Қалды жұтап Жер мүлде,
Қаңырадық, қаралы әуен жамылып.
Жерден көкке жұлдыз ұшты,
Көрдің бе?
Бақа біткен аузын ашты аңырап, -
деген. Бұл жерде біз жас ақынның ешкімді қайталамай, өзінше бейнелеуге ұмтылғанын байқаймыз.
Жас ақын Маралтай Райымбекұлы
өлеңдерінен де жан
Сорлар жүрсің билік айтар тақ болмай,
Жүрмін мен де басыма бір бақ қонбай.
Жердің беті – шахматтың тақтасы,
Тоқтамайтын корольдері мат болмай [27, 76].
Жер беті – ақ пен қара, әділет пен әділетсіздік, адам мен арам, жақсы мен жаман күресіне толы. Корольдер – басшылар тәрізді, билік тағынан түскенше өмірі бітпестей күресіп жалғастырады.
Келсап – мезгіл,
Келі – уақыт, көмейлі,
Сарғайдың ба, жасылсың ба демейді.
... Ажал, сенің алақаның жұп-жұмсақ,
Қалқып барып құлайын ба?
- Е, мейлі...
Ақынның өлеңі – уақыттың
Метафора поэзияға нәр, әр, бедер-бояу
беріп, күрделендіре түседі. Көркемдік
әдіс-тәсіл ретінде де
Арыстан құсап (атылып өлген аспанға)
Өрекпір өрттей,
Өртті өр қуат жас қанда.
Тек қана, жаным, болады мұндай сезімдер,
Қайыңның бүрі сәуірге сырын ашқанда.
Ақиық сынды алқынбай қонар шыңға тік,
Арыңды жырды тылсым күнге тыңдатып.
Ақын осы өлеңінде теңеуді анық көрсетіп берген. Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Сол арқылы бір-бірінен мүлде алшақ, алыс тұрған нәрселерді, құбылыстарды да жақындастырып, салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы:
Санамды сезім улағандай-ау,
Ажарың тілді байлап бір.
Маңдайың нұрға булағандай-ау,
Гауһардай көзің жайнап тұр.
Жүргенін қудың жүзгеніндей ме?
Құмыра белің нәзік тым.
Ақ тісің ақ жыр тізгенімдей ме?
(Тауысар көркін жазып кім?)
Бұл теңеу қыздың сұлулығын, әсемдігін жүзі жылы деген сияқты көп мағына беріп тұр.
Менің жаным аппақ емес, қап-қара,
Қапияда оқ тиген мақтаға.
Қарап қоям айнасынан уақыттың,
Маңдайдағы тағдыр дейтін тақтаға.
Поэзияда теңеудің үлкен суреткерлік шеберлікті танытатын, ақынның ойлау, сөйлеу мәнеріне, стиліне сәйкес туатын келісті үлгілері аз кездеспейді.
Табиғат тақырыбына қалам
Сырбай ақын бір өлеңінде былайша ағынан ақтарылады:
Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады