Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32
ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР
2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79
Қазақ поэзиясы үшін ХХ ғасыр
әлемдік әдебиет көркемдік
Лирикадағы мінез мәселесі жанрдың табиғаты тәрізді нәзік және көзге іліне бермейді, яғни ақынның ішкі менімен үндесіп, шығармадағы сезім ауанымен үйлесіп жүре береді. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі деген пікір бұл күнде барлық ғалымдарға ортақ тұжырымға айналды. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ақын өзінің жайын, өз басының мұңын жырласа да қалай да халықтың мұңын, қуаныш-қайғысын сөз етеді. Бұл арада орыстың ұлы сыншысы В. Белинскийдің «ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке басы туралы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді» деген пікірін айту жеткілікті [4;122]. Ақын өз атынан сөйлеп отырғанымен онымен «қоса-қабат тіл қататын» яғни ақын оймен қабысып, бірде бұлдырап, бірде айқын танылатын лирикалық кейіпкердің бар екенін айтуымыз керек. Лирикалық кейіпкер, қарапайым тілмен айтсақ, шығармадан көрінетін адамның тұлға бейнесі. Ақынның нәзік сезімдерін жарқырата төгіп, сол сезімнің ақ моншақтарымен, қаралы гүлдерін алма-кезек шашып, асау сезімді сапырып тұратын лирикалық кейіпкердің характерін аңлау, барлау қиынның қиыны. Себебі, онда ақын мен «екінші адамның» арасындағы байланыс тым-тым жақын. Проза мен драмадағы салқынқандылық, яғни, нақты заттық ұғым бұл арада жүрек түкпірінен орын алатындығынан, яғни, тұнықты тереңнен сүзіп алғандай қол жетпесте жататынынан туындайды. «Лирикалық кейіпкердің характері бір өлең-жырда толығымен ашыла қоймайды. Бір шығармада бір қырынан көрінсе, басқа шығармада екінші қырынан көрінеді»,-дейді академик Зәки Ахметов [2;134]. Бұл шығармадағы тақырыптық өзгешеліктің, не болмаса ақынның көздеген, межелеген объектісіне де байланысты болса керек. Бір шығарма табиғат сұлулығын бейнелесе, екінші шығарма ақынның, яғни лирикалық кейіпкердің махаббат сезімін таспалайды. Осылардан келіп шығарма өзегіндегі характер мәселесінің нақтылығы бұлдырап тұрады. Мінез ақынның табиғатымен оның стильдік ерекшелігімен, шығарманың поэтикалық қуатымен үндесіп жатады.
Қазақ поэзиясының оның ішінде алпысыншы жылдар поэзиясының ерекше даму шыңына көтерілгенін айта кеткен орынды. ХХ ғасырдың орта шенінде қазақтың өнері мен мәдениеті, әдебиеті мен ғылымы айрықша дамып өркениетті елдер санатына енгенін тарих дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда сол асыл құндылықтарды игеру жағын ойластыру қажет. Қашанда әдебиеттің бетін айқындап, дәуір талабына үн қатып, оның қоғамдық қажетін өтейтін де жеке дара озған дарын екенін, өнер саңлақтары екенін тегін айтып отырған жоқпыз. Олай болса мінез бен тартысты даралағанда, оның ғылыми сипатына мән берген шақта біздің дара таланттардың шығармаларын негізге алатынымыз орынды болмақ. Талантты ақындарымыздың өзіндік эстетикалық мектебі бар, олардың шығармашылығындағы сан алуан сезім ауандарымен, тартыстарынан туындаған сан қырлы мінез даралығы бар екенін де ұмытпаған ләзім. Әрине, бір заманда туып-өскен, бір қоғамдық процестің қалыбынан шыққан ақындардың арасында замананың үні, заманның талабы туындатқан өзара ұқсастықтары бары рас, алайда ол ұқсастық ақын шығармаларындағы лирикалық кейіпкер мінезі тұрғысынан алғанда мүлде көрінбей де қалады.
Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты тереңінен көрініс тапты. Бұл өзі сол кезеңдегі қоғамдық демократияны кеңейтіп, жеке адамға, оның жандүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, және сонымен тікелей байланысты да құбылыс болатын [6,98].
«Лириканың тапқан бағдар-тірегі – нақ сол ақындық «меннің» жүрегіндегі, жарығын болмыстың бар бояуына риясыз төге бастаған айнымас шамшырақ шындық еді» [7,98].
Адам – қайшылығымен, күмәнімен, сенімімен, барша болмыс-бітімімен уақыттың жемісі. Шығарамадағы тұлғаның қалыптасуы ақынның дара қуатына байланысты болса, дара қуат шығармада мінездің даралануымен көрініс береді. Шығармадағы (лирикалық) сезім отын лаулатқан кейіпкердің характері өлеңнің өн бойындағы динамикалық драматизм арқылы көрініс береді. Лирикалық кейіпкердің егілген көз жасы, екпінді дауылы, жүрекжарды қуанышы, мөлдір сезімі шығарма өн бойынан оның өзіне тән характерлік сипатынан өрістетіп шағарады. Осыдан келіп алғанда лириканың эстетикалық әсері дегеніміз – лирикалық шығарамадағы ақынның қаламның қарымын көрсететін кейіпкердің ішкі сезімі, толғанысы, динамикалық қозғалысы, лириканың образдық даралығын танытатын шығарманың поэтикалық қуаты болады. Лирикалық кейіпкер болмысын ашуда, сондай-ақ оның көркемдік бояуын қалыңдатуда табиғат басты нысан ретінде алынса, сол табиғатты көркемдік компонентке айналдыруда негізгі жүкті көтеретін көркемдік тәсілдердің қатарында психологиялық егіздеудің, кейіптеудің маңызды орны бар.
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі
Әдеби тұлға, көркем образ, шынайы бейнелі туындыны дүниеге әкелу үшін көп ізденіс, жан-жақты білім, терең ой болуы қаламгерлерге қойылатын басты талап. Өйткені жазушы идеясын іске асыратын – образ. Ал оның жасалу жолына келсек сан алуан. Ең алдымен кейіпкердің сыртқы пішін-келбетінен бастап, оның көңіл күйі, жан дүниесі – психологиясы, табиғат, диалог, монолог, тағы басқа көптеген компоненттері бар. Осылардың әрқайсысы зерттеу нысанасына сай маңызды мәселелер.
Біздің мақсатымыз – поэзияда түрлі бейнелеулерді жүзеге асырудағы табиғаттың атқаратын қызметі және оның бейнелену тәсілдері туралы сөз қозғау.
Ақын табиғатты көркем шығармада әр түрлі пайдаланады. Бірде оқиға алаңын немесе жыл мерзімін көрсетсе, кейде қатал долы күш табиғатқа төтеп беретін адамның жан-дүниесін ашу үшін алады. Сонымен қатар кейіпкердің көңіл күйі, жан дүниесінің құбылыс сәттерін табиғатпен қатарластыра суреттеу арқылы психологизмді терең жеткізу ең жиі қолданылатын тәсілдің бірі.
Мұндай тәсілдің арғы төркіні бай қазынамыз - ауыз әдебиетінде жатыр. Мысалы, «Ер Тарғын» жырындағы мертіккен Тарғынның толғанысы:
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт қоршайды.
Күнді барлай қарасам
Күн жауарға ұқсайды.
Айды бұлт қоршайды,
Айды барлай қарасам,
Ай жауарға ұқсайды.
Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды [8, 25 ].
Батырдың қамыққан көңіл күйі, мертігіп ауыр халге душар болуы табиғатпен қатарластырыла берілген. Күнді де, айды да, қоршаған бұлт, көлдегі шулаған қулар – бәрі де Тарғынға «алланың хақ бұйрығы» жақындағандай болып әсер етуі оның бір сәттегі көңіл күйінің көрінісі сияқты. Тарғынды қоршаған табиғат жайдары көңіл күйіне емес, бәрі түнерген хауіп-қатерлі сипатта алынып геройдың мүшкіл жәйінің суреті көзге елестейді [9, 25 ].
М.Әуезов «Қыз Жібек» жырындағы табиғаттың атқарып тұрған қызметі туралы былай дейді: «Ақын табиғат суреттерін де белгілі бір сезімге, іске айғақ етіп пайдаланған. Төлеген Жібектің көшіне күн шыға ілесіп, Жібекпен Жиренбай отауында талма-талтүс шағында жолығады. Бұл кез әлемнің күн нұрына мейлінше бөленген жарқын кезі. Бұл бақыт қуып, өрге басып бара жатқан екі ғашық сезімдеріне де ортақ болып тұр. Ал енді Қособаның түбінде күн бата Төлеген аттан құлап, қас қарая жан тапсырады. Бұл әлемге қараңғылық орнаған кез. Қара түн Төлегеннің арманда өлген қасіретіне ортақ болғандай» [9, 115].
Ғалымның берген осы талдауы ауыз әдебиетіндегі табиғаттың терең мәнін тамаша жеткізген. Табиғат пен адамды қоян-қолтық, тығыз байланыста, қатарластыра суреттеу – психологиялық параллелизм арқылы кейіпкердің басында әр түрлі көңіл күйін беру ауыз әдебиетінен келе жатқан тәсіл екен. Жазба әдебиетінде табиғатты пайдалану әлдеқайда жоғары сатыға көтерілді. Классикалық әдебиетте философиялық терең астарлы, кең мағынаға ие болды. Сөйтіп, табиғатты пайдалану суреткер идеясын ашуда, образ жасауда басты компоненттердің біріне айналып отыр.
Адам мен табиғаттың ара қатынасының не түрлі шебер суреттеулерін әлем әдебиетінен мол кездестіреміз. Бұл кейіпкердің жан дүниесіне терең бойлаудың бір жолы. Қазақ әдебиетінде психологиялық паралеллизмнің классикалық үлгісі, әдебиеті алдағы елдердің дәрежесіне көтерілген түрі Абай поэзиясында тамаша шешім тапқан. Абайдың пейзаждық лирикаларына жасаған талдауларында Әуезов Абайдың осы тақырыпқа әр кезеңде соғып отырғанын айта келіп: «...Әрине ол тақырыптарына қайта соғып отыру Абайдың бір орында тұрып қалуы емес. Бір басқан ізін қайта басу емес. Әр кезекте сол тақырыптарды, әр алуан оймен, көркемдік жолда ізденумен, сападан сапаға қарай өрлеумен жыр етеді. Бұның бәрі сыншыл және талабы зор, ізденгіш, шабытты ақынның ерекшелігі» [9, 119] – дейді.
Қысқа әңгіменің шебері, хас талант А.П.Чехов інісіне жазған хатында: «Природа является одушевленной, если ты не брезгуешь употреблять сравнения явлений ее с человеческими действиями» [10, 75] – деген.
Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға қойылған. Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды. Сонымен қатар, табиғат лирикасы ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса эпос пен драматургиядағы сияқты лирикада жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген. Бір өлеңде олар ауыса алады. Демек, жанр тобына бөлу принципі әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері – эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр - шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады. Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі) – әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.
Табиғатттың әдеби жанрларда
«өмір сүру» формасы, жоғарыда айтылғандай,
әдеби тек принциптеріне тікеле
Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді.
Қазақтың кемеңгер ақыны Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың көп тақырыптарының бірі – адам мен табиғат бірлігі. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмысын, төрт түлікті шаруашылығын, саятшылық, аңшылық өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған.
Ақынның табиғат лирикасы түр жағынан да, мазмұн жағынанда өзгеше. Өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Табиғаттағы тіршіліктің бір күйден екінші күйге ауысатынын жердегі органикалық заттардың мәңгілік еместігін, олардың өзгеріп отыратынын өлеңдерінде айтқан. Жаратылыстың бар дүниесі бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеріп отыратындығын, дамудың табиғи заңдылық екенін ерте таныған. табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақын өзін қоршаған табиғаттың осы бір күйін, жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, ақындық шеберлікпен тереңнен қорғап түрлі-түрлі көрінісін көз алдына әкеледі.
Ақын жырларын оқыған сәтте-ақ көкірегінің көріктеніп, бойыңа ыстық нәр құйылып, жаның жайлы бір ләззатқа бөлінесің. Ақын поэзиясына алғаш баға беріп, оның сырын терең ұғып сипатын таныған Ахмет Байтұрсынов: «Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады» [11, 75], – деп айтқан.
Абайдың табиғат тақырыбында жазған тұңғыш өлеңі – «Жаз». Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. Шілде айындағы толысқан табиғат, жайлауға жаңа келіп қонып жатқан көшпелі қазақтың қарбалас тіршілігі өлеңде бар болмысымен шынайы суреттеледі. Табиғат бояуы сақталынған сурет көрсетіледі.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек.
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге.
Көшіп ауыл қонғанда... [12, 75]
деп суреттейді
де табиғаттың ауыл өміріне
жерін әдемі өлеңмен жеткізеді.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жауанр, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі...
деген өлең жолдарынжа жайсаң жаздың жайдары суреті бар. Бұл өлеңінде жердегі тіршілік көктегікүн күн сәулесінен қуаттанып, ажарланатыны бейнеленеді. «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде:
Қан сонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы атпен тату жолдас бір ғанибет.
Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға...
Табиғат құбылысымен саятшыны, тас пен түлкі байланысып, адам мен адам қатынасып, киім мен аңшы адам жарасымдылығы екенін суреттеген. Ақынның табиғатқа адамның өмірін, көңіл-күйін шебер байланыстырғаны, аңшылық өмірдің қызықтығын жан бітіре бейнелі түрде суреттегенін көреміз.
«Қараша, желтоқсан
мен сол бір-екі ай» өлеңінде
ақын сұрықсыз күздің суық
бейнесін, аш-жалаңаш бүрсең қаққан
кедей балаларының аянышты
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай,
деп жас бала, кемпір-шалға дейін атап, күнкөрісі шындығын ашады.
Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады