Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32
ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР
2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79
Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» өлеңдері.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп, -
деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі сұлу көрінісін махаббаты жарасқан екі жастың жүрек дүрсілімен ұштастыра бейнелейді.
«Қыс» өлеңі – қазақ табиғат лирикасына үлкен табыс әкелген классикалық үлгісі. Ақын қысты кейіптеу тәсілі ұстанымына сәйкес «қазымыр, кәрі құда» бейнесінеде көрсетеді:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Табиғат қысын асыл оймен астастырып бейжай, енжар жатқан қазақ даласына қорқыныш әкелген қатал бейнеде көз алдымызға әкеледі.
Табиғаттағы құбылыстарды қимылға келтіріп, жансыз ұғымды жанды бейнеге айналдырып, сол арқылы қатал қыстың сұсын танытады.
Сыртқы ортаның тіршілікке әсерін Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларынан жылдың төрт маусымындағы тіршілік сипаттауын байқаймыз. Абай – оқығаны, білгені мол, білімі терең, дана ақын болумен қоса табиғаттың құбылысын ерте түсінген табиғатшы ғалым. Абайдың озық дәстүрі қазақ поэзиясындағы табиғат тақырыбындағы жырларға өзінің мол сәулесін төкті. Эстет ақын Мағжан туындыларында табиғат енді тек фон болудан нақты жанды бейнеле, сана-сезімге ие кәдімгі бер көркем бейнеге айналды. Осы игі дәстүр кейінгі поэзияда барынша кең қанат жайды.
1.3 Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық
Көркем әдебиеттегі
дәстүр туралы сөз бүкіл
Ал өмірде таланттар мен талантты туындылардың молдығы әдеби дәстүр қазынасының байи түсуіне кепіл. Дәстүрге соқпай, жаңашылық жайлы ой қозғау толымды пікір тудырмайды . “Табиғат лирикасындағы дәстүр ұғымы ұзақ дәуірлерді, сан толқын жазушылардың қаржылы ізденістері мен творчествалық табыстарын қамтиды. Ол қилы кезеңдердегі жекелеген суреткерлердің батыл ой, қанатты қиялдырынан қуат алған жаңашыл мақсат және идеялық-көркемдік тың шешімдердің іріктелген жиынтығын елестетеді. Дәстүр дегенде, әлбетте, өнердің өрісін ұзартатын өміршең, ізгі қасиеттерді айтамыз. Мысалы: Махамбет, Абай жырлары өздерінен кейінгі талай ұрпақ ақындарға жарық шырақ болғаны аян.
Сондықтан табиғат лирикасын сөз еткенде, оның бастау көздеріне, даму тарихына үңіліп, қысқаша шолу жасаған жөн. Жалпы табиғатты суреттеу дәстүрі ауыз әдебиетінең, ақын – жыраулар шығармаларынан бастау алады. Ертегілерде орын алған аң, құс, өсімдік бейнелері, олардың қасиеттері адамдардың табиғатқа көңіл бөлгендігін танытады. Алғашында табиғаттың бір бөлшегі түрінде көрініс берген бейнелеулер ұшырасса, кейіннен ақын-жыраулар шығармаларында табиғат аздап суреттеле бастайды. Әрине, жыраулар шығармаларын тақырыбы жағынан да, мазмұны жағынанда да таза табиғат лирикасы дей аламыз. Өйткені, олар өз алдына жеке тұрып, табиғат әсемдігін, ерекшелігін жалаң қызықтауға әкелмейді, белгілі бір адам сезімін, көзқарасын салыстыра ашуға қызымет етумен ерекшеледі. Жалпы қай саланы алмайық, өз жолы, қалыптасу дәстүрі болады . Пейзаждық лирика да сондай қалыптасу дәстүрін басынан кешті. Белгілі әдебиеттанушы М.Қаратаев дәстүрді кең мағынасында философиялық проблемаға жатқызады: “Дәстүрге сүйену дегенді дәстүрге еліктеу немесе дәстүрді қайталау деп ұғатындар болады. Және дәстүрдің әсерін қабылдап, одан үйрену жолын осы ретпен іздеу жиі кездеседі” [13, 163]. – деп көрсетеді.
Табиғатты реалистік
әдіспен арнайы алып бейнелеу
дәстүрі қазақ әдебиетінде
Табиғат туралы жазбаған
ақын кемде – кем. Мысалы, С.Торайғыровтың
табиғат жайындағы өлеңдерін
қарастырсақ, онда әсем көріністер аясында
сезімдегі өзіндік мұң
Ай бауыры, көк орайдың қойнында,
Сырлар сабырменен сүйген жүрек[15, 76].
Оыдан байқалатындай, табиғат картинасы барынша жанды, әсерлі, ауа да көктемнің өзіндей "көк", уылжып, үлбіреп, аспан да жібектей толқып тұр. Ай астында "көк орайдың қойнында" сыбырласып сүйген жүректер сырласады. "Ауылдың маңы терең сай..." Ондағы тылсым күй, табиғат пен адам көңіл – күйінің келісімі мұнда да бар. Сұлтанмахмұт кәнігі суретшідей табиғат тылсымына жан бітіре өрнектейді:
Жіп – жиі көкте жұлдыз жымыңдасқандай,
Күлімдеп, айға қарап ымдасқандай.
Қорылдап, бас жақтарын бүркей түсіп,
Жер жүзі жатыр ұйықтап жын бақандай.
Жұлдыздарды да тегін жұлдыздар емес, көзінде от, көңілінде көктем желігі бар, күлімдеп Айға "ымдасады", жер жүзі "бас жақтарын бүркей түсіп", рахатқа батып, "қорылдап" ұйқтап басып жатыр...
Бұл тұста Лермонтовтың Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып, ұйқыға кетер балбырап..." деген жолдары еске түседі. Сұлтанмахмұттың үнемі Абай дәстүрінен үлгі алуы – заңды құбылыс. Ұлы Абай қазақ өлеңінің түріне, мазмұнына, тақырыбына да реформа жасады. Ал Сұлтанмахмұт онан нені қалай жырлап, сөзді қалай қолдану, сырлы бояуды қалай жағу керектігін үйренді. "Кеше түндегі түс, бүгінгісі іс" өлеңінде ғашығына кездесіп, арманына жеткен бозбаланың түн қойнындағы алқына соққан жүрегінің тынысын, көтеріңкі көңіл – күйін аңдаймыз. "Кеште" кешқұрымдағы дала табиғаты қызыл шашақ нұры ойнап, торғайы сайрап, жұлдызы меруерттей жылтырап қиялға бөлейді. Мағжанның стиль ерекшелігіне сай, табиғат тақырыбындағы өлеңдерінде өзіндік торығу, күйіну басымдығы назар аудартады. Атап айтқанда, «Жаралы жан» өлеңінде ақын даланы өлікке балайды.
Сары дала, бейне өлік сұлап жатқан,
Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан. [16].
Табиғатқа әдеттегі, қарапайым адам көзімен қарап, оны жырлаған ақын – Ғали Орманов. Мысалы, «Бурабай» өлеңінде:
“Толқын тосып құшағын,
Еркелей жүздім көліне.
Кілемін жайып көп шалғын,
Аунадым майса көгіне” [17, 14].
Толқын құшағын тосуы,
шалғынның кілем жаюы, лирикалық
кейіпкердің көлде еркелей
“Шымылдықтай төгілген
Араладым орманын,
Аспанымен егескен
Бастым зәулім шынарын.
Күркіреп көкте кеңескен,
Бұлттың сөзін тыңдадым” [18, 93].
деген жолдары ерекше жігермен айтылған. Елуінші жылдардың ортасына дейін көркем әдебиеттің басқа салалары тәрізді лирикаға қойылған талаптар да өмір қайшылығын жеңу, адам сезіміндегі тартыс атаулыға жолатпау, соцализімді жалаң мадақтап, капитализмнен тек кемшілік іздеу тәрізді солақай, теріс, қарадүрсін саясат, зорлық, қысым үстемдік етті. Соның салдарынан табиғатты жалпылама бейнелеп, жалаң ұран, еңбек жетістіктерін мақтау т.б. үстірттік басым болды.
Ауыз әдебиетінен
бастау алып дәуірлер бойы
қалыптасқан табиғатты жырлау
дәстүрінің 1960-1990 жылдар поэзиясындағы
орны ерекше. Зерттеуші ғалым
Ә.Нарымбетов дәстүр жайлы
Поэзиядағы жаңалықтар, атап айтқанда, бейнелеу құралдарының дамуы, ұйқас табиғатына, әуезділігіне, ырғақ құрылымына, өлеңнің ішкі мәніне, мазмұнына басты назар аударылуы алпысыншы жылдардан кейінгі кезеңнің ерекшелігін танытады. Аталған бағыттағы жаңғырулар табиғат лирикасының да сапасын көтеріп, көкжиегін кеңейтті. Бұл заман талабының өзгеруімен және поэзия әлеміне бір топ ақындардың келуімен байланысты болды. Осы орайда, табиғат лирикасының жүгін көтеріскен барлық ақын шығармаларына тоқталмасақ та, кезең айнасын танытарлық біраз ақындар туындыларына тоқтауды жөн көрдік. Табиғатты жырлаудың дәстүрлі көші толастап, тоқтаған жоқ. Оны ілгері жалғастырушы ақындардың қатары жылдан – жылға молығып, көбейе түсті. Көбейгенде жай қайталау немесе сан өсіру емес, сапа жағында да жетіліп, дами түсті. Табиғат тақырыбында кең жырлаған ақындардың бірі – С.Мәуленов. Ақын поэзиясы туралы қазақ әдебиетінде зерттеулер аз емес. «Табиғат пен жаным бірге» деп тебіренген ақын, енді бір өлеңінде: «Мен – дүние өлшемімін,//Мен – табиғат төлшегімін» [20, 203]. дейді. Көркем жердің бірі Көкшетауға арнаған өлеңінде де әдеттегі көрініс келісті суреттеледі. Өлеңде көп құбылыс қамтылған. Мысалы:
«Ұқсаған Көкшетаудың аспанына
Көк-жасыл жалтылдайды таста қына.
Садақтың жарасындай қарағайлар
Көкше
табиғатын, сұлу жаратылысын
Қ.Аманжолов “Көк қасқа Көкшетаудың бетегесі” деп бейнелейді немесе “Жайғандай жасыл ала жібек кілем” деп теңеумен нақты елестетсе, С.Мәуленов “Көк жасыл жалтылдайды таста қына” деп суреттейді. С.Мәуленовтың табиғат лирикасы қазақ әдебиетіне өзгеше бір тосын жаңалық әкелмесе де, туып-өскен жер табиғатын қара өлең үлгісінде жырлап, қалыптасқан дәстүр арналарын өзінің сұлу да сырлы жырларымен толықтыра түсті. Қазақ поэзиясының жетпісінші жылдардағы көрінекті өкілі М.Мақатаевтың табиғат тақырыбындағы өлеңдері сан алуан. Жыл мезгілдері тәулік уақыттары ауыл, дала көріністеріне ақын бірде сүйсінсе, бірде наз білдіре жырлайды. Табиғат суретін жалаң бейнелемей, адам өмірімен тығыз қарым-қатынаста суреттеу дәстүрі Абайдан бастау алса, сол дәстүрді Мұқағали да жалғастырды. Мәселен, «Сәуір айы» өлеңінде автор табиғаттың жайсыз жағдайын ғана суреттеумен шектелмей, адамдардың көңіл – күйін де байқатады:
Шопан жүр малыменен, көптен бөлек,
Төпеп тұр,
Келер емес көктен көмек.
Сәуір айын сықпыртып, сабайды кеп,
«Құрғырдың түбі түсіп кеткен бе?!” – деп [ 21, 50].
Жаңбырдың жауғандағы ерекшелігі
үзіндідегі «төпеп тұр» қолданысынан
аңғарылса, «құрғырдың түбі түсіп кеткен
бе?!” тармағы арқылы ақынның
табиғат көрінісін ғана емес, адамдар
психологиясын аз сөзбен ұтымды даралау шеберлігі
танылады. Ақынның табиғат тұралы жазған
өлеңдерінде ұлттық өрнек нақышы назар
аудартады. Мәселен,
Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады