Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:56, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық табиғаты.......................................5
1.2. Табиғаттың көркемдік компонент ретіндегі қызметі............................8
1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12
1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22
1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32

ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК
ТӘСІЛДЕР

2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45
2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48
2.3. Табиғат пен адам болмысының тұтастықта жырлануы........................63
2.4. Көріктеу құралдарының табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-
көркемдік қызметі............................................................................................70

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................79

Файлы: 1 файл

Поэзия жане табигат.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ  ТАБИҒАТ БЕЙНЕСІ

 

 

 

 

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М А З М Ұ Н Ы

 

 

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

 

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

 

1.1. Лириканың көркемдік-эстетикалық  табиғаты.......................................5

1.2. Табиғаттың көркемдік  компонент ретіндегі қызметі............................8

1.3. Табиғатты жырлаудағы дәстүр және жалғастық..................................12

1.4. Табиғат лирикасындағы кейіпкер.........................................................22

1.5. Бейнелілік және кейіптеу тәсілі..............................................................32

 

ІІ ТАРАУ. ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК

ТӘСІЛДЕР

 

2.1. Психологиялық егіздеу тәсіліндегі табиғаттың қызметі......................45

2.2. Психологиялық егіздеудің метафораға ұласуы.....................................48

2.3. Табиғат пен адам  болмысының тұтастықта жырлануы........................63

2.4. Көріктеу құралдарының  табиғатты бейнелеудегі эстетикалық-

көркемдік қызметі............................................................................................70 

 

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................78

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.................................................................................79

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І  С П Е

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді. Поэзиялық туындылар қазіргі таңда ағым-бағыты, стилі, жанрдың сипатын ашуы жағынан ерекше бір көркемдік құбылысқа айналған. Лирикалық туындылардың көркем әдебиет жанрлары ішінде өзіндік маңызды орны бар. Қазіргі біздің зерттеу нысанасы ретінде алып отырғанымыз лирикалық туындылардағы кейіптеу және психологиялық егіздеу сияқты тәсілдерді пайдаланудағы өзіндік ерекшелігіне үңілу болып табылады.

Лирикалық туындыларды  зерттеу жағынан алғанда қазақ әдебиеттану ғылымы ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетті. ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымының дамуы көкжиегі лирикалық шығармаларды зерттеуде, оның «су астындағы бөлігін» талқылап тануда, туындылардың тереңіне бойлап көркемдік ерекшелігін ашуда табыстарға жетті. Бұл жұмыста лирикалық позиядағы табиғаттың бейнелену жолдары мен тәсілдерінің қызметі сараланады.

Бітіру  жұмысының теориялық  және әдістамалық  негіздері. Зерттеудің теориялық – әдістамалық негіздеріне ұлттық әдебиеттану ғылымының көрінеті өкілдерінің: А.Байтұрынов, Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, З.Ахметов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали, С.Қирабаев, Ә.Нарымбетов, Т.Әбдірахманова, Қ.П.Жүсіп, А.Сейдімбек, С.Негимов, У.Қалижан, Б.Кәрібаева, А.Егеубай, Қ.Алпысбаев, Б.Кәрібозов, А.Шәріп, Ә.Жәмішев, Б.Омаров т.б. еңбектері тақырыпты зерттеудің көзіне айналды. Сонымен қатар В.Абырамович, В.М.Жирмунский, А.Потебня, Б.Томашевский, И.Гринберг, Л.Гинзбург, Л.В.Щепилова, Г.Н. Поспелов, Д.Н.Овсянико-Куликовский, Ю.М.Лотман, М.Н.Эпштейн, Г.Д. Гачев т.б. еңбектеріндегі ғылыми теориялық қағидалар басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының басты мақсаты – ұлттық поэзиямызда қазақ лирикасына соны серпін, жаңа леп әкелген буынның шығармашылықтарына тоқтала отырып, табиғат әлемінің бедерленуі мен бейнеленуі, бұл бағыттағы табиғаттың қызметі, табиғаттың бейнелену тәсілдері, ондағы кейіптеу тәсілінің маңызды орны, психологиялық егіздеу жолдарын саралап көрсету, олардың көркемдік-эстетикалық қызметін айқындау. Осы мақсатты айқындауда алдыға қойылған міндеттер:

- кейіптеудің бейнелеу құралы және көркемдік тәсіл ретіндегі маңызды қызметін таныту;

- лирикада кейіпкер болмысын таныту табиғат нысандары және адам мен табиғатты тұтастыратын кейіптеу арқылы жүзеге асатынына талдау барысында көз жеткізу;

- кейіптеу және психологиялық егіздеу тәсілдерінің түп бастауы мифтік дүниетанымда екенін нақтылау және сол көне танымның көркемдік танымға ұласқанын дәлелдеу;

-  психологиялық егіздеу  тәсілінің кейіптеумен, метафорамен  ұштасып, тұтас көркемдік жүйе түзетітін көрсету;

- қазіргі табиғат лирикасындағы бейнелеу тәсілдерінің эстетикалық-көркемдік маңызын айқындау.

 Жұмыс мазмұнында лирикалық шығармалардағы табиғат пен адам бірлігі, жан толқынысы мәселелері жүйелі түрде қарастырылады, өлең мазмұнынан көрінетін ішкі әлемнің қалпы, мұң мен қуаныш, қайшылық пен келісім сияқты ұғымдар талданады. Поэзиядағы көркемдік тәсілдердің лирикалық кейіпкер болмысын танытудағы маңызды ролі теориялық тұжырымдарға сүйене отырып көрсетілді.

Зерттеу әдістері. Талдау және сараптамалық, тарихи-салыстырмалы және тарихи-типологиялық әдістер жұмысты жазудағы негізгі тәсілдер болып табылады.

Зерттеудің  жаңалығы. Магистрлік бітіру жұмысының негізгі жаңалығы ретінде қазіргі поэзияда табиғаттың бейнеленудегі ізденістер мен жетістіктерді жан-жақты қарастыруды айтамыз.

Ұлттық поэзиямыздың даму деңгейі, көркемдік ізденістер сияқты күрделі мәселелерді мифопоэтикалық таным, дәстүр мен жаңашылдық негізінде  қарастыру күллі көркемдік тұтастықты танытуда үлкен мәнге ие. Табиғатты  нысан еткен лирикалық өлеңдердегі  бейнелеудің түп негізі, қайнар көзі қайда екені дәлелдеу-талдаулармен нақытлап, жаңаша тұжырымдар – жасау –жұмыстың басты жаңалығы.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Әдебиеттің өрістеуі  1960-1990 жылдары десек, қазақ поэзиясының дамыған тұсы да осы кезең. Әдебиет әлеміне М.Мақатаев, Қ.Мырза Әлі, Ф.Оңғарсынова, Т.Айбергенов, т.б.  талантты ақындардың келуі поэзияның, әсіресе лириканың дамуына мол үлес қосты. Табиғат лирикасы да осы кезеңде назардан тыс қалған жоқ, қайта ақындардың жиі жырлайтын өзекті тақырыбына айналды. Табиғат лирикасы өрісінің кеңейе түсуі әдебиеттану ғылымында табиғат лирикасының ерекшелігі, пейзаж болмысы туралы ғылыми  пікірлер қалыптастырды. Мәселен, зерттеуші І.Омаров табиғатты жырлаудың өзгешеліктерін нақты атап көрсетсе, Ә.Жәмішев табиғат лирикасында адам, адам өмірі, адам ойы, адам еңбегі араласып отырса ғана оқушының мейірімі қанатындығын орынды аңғартады. Қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасы тақырыбының игерілу тарихына шолу жасап, зерттелуін сөз еткенде, алдымен, Ә.Тәжібаевтың “Табиғатты жаңғырту тақырыбы қазақ поэзиясында”, Ә.Нарымбетовтың “Қазіргі поэзиядағы дәстүр тұтастығы”, Қ. Мәшһүр-Жүсіптің “Поэзия және табиғат”, А.Сейдімбектің “Табиғат пен таным” атты мақалалары мен ізденістерін айтамыз. Табиғат тақырыбы қазақ әдебиеттануында күрделі зерттеу жұмыстарына ХХ ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап нысан бола бастады. Поэзия саласында Ө.Танабаевтің “Жыраулар поэзиясы және табиғат”, Ш.Қияхметованың “Қазақ лирикасындағы табиғат пен тағдыр”, проза саласында табиғатқа қатысты А.Ә.Рамазанованың “Қазіргі қазақ повестеріндегі адам және табиғат қарым-қатынасы мәселелері”, С.Майлыбаеваның "М.Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясындағы пейзаж", С.Ш. Айтуғанованың “Адам және табиғат концепциясы шағын прозада”, Г.К. Жандалиеваның “Тема природы и ее изображение в художественной литературе”, т.б. ғылыми зерттеулерді айтуға болады.

  Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

- қазақ табиғат лирикасында  ауыз әдебиетінде қолданылып, Абай  поэзиясында жаңа, классикалық сипатқа  ие болған кейіптеу бейнелеу құралы және көркемдік тәсіл ретінде маңызды қызмет атқарды;

- табиғатты бейнелеуде ұлттық поэзиямызда арналы дәстүр қалыптасып, поэзияның көркемдік-эстетикалық деңгейін биіктетті;

- қазақ ақындары табиғатты  бейнелеуде дәстүрлі суреттеулерді жаңаша тұрғыда жаңғыртып, тың бейнелеулерді туындатты;

- кейіптеу және психологиялық  егіздеу тәсілдері мифтік дүниетанымнан бастау алып, көркемдік ойлау жүйесінде бейнелі сөздердің, суреттеулердің жаңа арнасын құрады;

- психологиялық егіздеу тәсілі кейіптеумен, метафорамен ұштасып, тұтас көркемдік жүйе түзе отырып, табиғатты бейнелеудің өрісін кеңейтті;

Зерттеудің  сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалар мен конференцияларда жасалған баяндамаларда көрініс тапты.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс  іштей тараушаларға жіктелген екі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ЛИРИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

 

1.1. Лириканың  көркемдік-эстетикалық табиғаты

 

 Адам баласының  эстетикалық мұраттарына қызмет ететін көркемөнердің ішіндегі ең ерекше және өміршең түрге айналған сөз өнері екенін ықылым замандардан бері азуы алты қарыс ойшылдар мен ғалымдар, сөз қасиетіне бойлаған адамдардың барлығы айтып келеді.  Сөз өнері адамзат баласын өзге жанды жаратылыстардан айырып тұратын ерекшеліктің бірі де бірегейі. Сөз өнерін «дертпен тең» деп берген ұлы ойышылдан артып оның қадір-қасиетін ешкім де жеткізе алмас. Ал сөз өнерінің бүгінгі біз білетін, біздер танып түсінген айрықша түрлері, адам ойын жеткізудің түрлі формалары бар. Көркемөнер сөз өнерімен қаншалықты бағалы болса, сөз өнері поэзиямен соншалықты    құнды   [1,27].

          Сөз өнерінің құдіретті де  қасиетті бір саласы – поэзия. Алла түсірген қасиетті кітаптардың да өлең өрнегімен жазылғанын бәріміз де білеміз. Осы тұрғыдан келгенде поэзия қаншалықты дарын мен қарым қабілетті, ғарыштан құйылар нұрлы сәулені тілейтінін түсінеміз.

Поэзия ақынның қоғамдық құбылыстардың барлығын санасында  қайтадан қорытып, көркемдік қарым-қабілетпен қайта туындатқан, адамзатқа алуан түрлі әлемнің сырын түсіндіргісі келген жүрек  сыры мен жан мұңы [2, 204]. Тақырып трансформацияға ұшыраған өмір шындығының көркем көрінісі. Поэзия сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасым гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы. Әр ақынның өзінің жүрегінде орын алған санасының қалтарысына қатпарланған танымдық әлемі өлең өнеріне өз өрнегін қалдырады. Ақын жаны тым нәзік, тым бұзылғыш, өрекпіп тұрады, оты басым. Әр ақын өз қоғамының призмасы арқылы дүниеге көз тігеді. Олардың осы ерекшелігін, жалпы ақындық өнердің табиғатын, өзімен замандас шығармашылық иелерінің туындыларын тани отырып ұлы Әл-Фараби бабамыз ақындарды үшке бөлген: бірінші топ – табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті барлар; екінші топ – өлең өнерімен толық таныс, тәсілдерді, қағидаларды, әдеби құралдарды жетік білетіндер; үшінші топ табиғи дарынымен немесе арнайы жаттығумен жазатын ақындар [3, 22]. Дана ойшыл пікірі бүгінгі заман талабына да жауап беруге лайық сараптама. Философтың тұжырымына жүгіне отырып, оның ғасырлардың қойнауынан бастау алып жатқан ойын ескере отырып жаңағы топ-топқа бөлінген ақындар шығармашылығының тереңіне бойлап көрелік.

Көркем әдебиеттің бірде  өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар екенін белгілі ғалымдардың барлығы айтып жүр. Әрбір тарихи дәуірдің өзінің тарихи ерекшелігі болатыны секілді, белгілі бір кезеңде  өмір сүрген ақындардың өзінің дәуіріне қоғамына сай өзіндік үні мен лирикалық, поэтикалық сазы болады. Яғни, шығармашылық адам рухының зияткерлік туындылары тақырыптық, танымдық, идеялық жағынан сол заманға сай, сол қоғамдық процестердің талаптарына жауап береді. Сол ерекшеліктері арқылы позияның құдіретті де киелі даусы адамзат санасына өзінің барлық әсем сазын сіңіріп жатады.

Поэзиядағы бейнелілік мәселесі күрделі де, қиын мәселе. Ол жанрдың өзіндік ерекшелігінен туындап, дамып өрбиді. Позиялық шығарманың формалық және жанрлық ерекшелігі аталған жанрдағы  оның ішкі иірімдер арқылы жаңаша бір келбетке ие болады.

Поэзия ең қарапайым  анықтамасында адам сезімдерінің конкретті көрінісі болатынын, сол сезімдердің сан алуан ағымдары мен салаларынан туындап, өзінің формалық ерекшелігімен айқындалатын туындылар екенін бүгінгі әдебиеттану ғылымы ерекше атап көрсетіп жүр.

Бүгінгі лириканы сөз  еткенде ертеден келе жатқан, ғұмыры ұзақ бұл жанрдың өміршеңдік сыры, ұрпақтан-ұрпақққа жетіп, дәстүр жалғап келе жатқан негізгі қасиетін, көркемдік критерийлерін көздеуге тиіспіз. Осы биіктен барып көркемдеу құралдарына, образ даму эволюциясына, амал-тәсілдеріне бойлап тартыс пен мінез мәселесіне көшеміз. Әрине, мұның бәрі жанды процесс күйінде көрініс беруге тиіс. Сондықтан да алдымен лириканың негізгі тамырына, табиғи ерекшелігіне назар аударалық.

«Лирикада субъект затты  өзінің аясына алып қана қоймайды, оны ерітіп, іші-бауырына тартып алады, сөйтіп затпен соқтығысудан туған түйсіктердің бәрінде де өзінің ішкі шыңырауынан сыртқа шығарады»  [4,8]. Лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ береді, оларды ыстық тар кеуденің, көркем өнердің әуесіне шығарып, өзгеше өмір береді. Лирика белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі. Сол уақытпен ортаның перзентінің көңіл-күйі, жан тебіренісі. Оның бойындағы барша қасиет-қадірді нақтылы мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. «Лирика дегеніміз – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді» [2,133], - дейді белгілі ғалым, академик З.Ахметов. Яғни, лирикада ой мен сезім бірлесіп терең қабысады.  Оған тартымды қуат-күш дарытатын терең ой мен суарылған, нәрленген жалынды  сезім. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лирикаға жан беретін сезімнің отты нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан, мысалы, кең көлемді шығармалардан бірден-бір ерекшелігі де осында жатыр. Біз драмалық, эпикалық, лирикалық шығармалардың арасындағы өзгешеліктерді ықылым заманнан бері айтып келе жатқан ойшылдар мен ғалымдардың пікірінен білеміз [5,34]. Олардың арасындағы жанрлық, түрлік, образдық жалпы поэтикалық ерекшелік бұл күнде жеріне  жете талданған және өзінің ғылыми-теориялық тұжырымын тапқан.

Информация о работе Қазақ поэзиясындағы табиғаттың бейнеленуі жан-жақты талданады