Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Курсовая работа, 25 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға тандап алу жайлы әдістемелік нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Оглавление
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқаруерекшеліктері...........................................................................................5
1.1 Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы......................5
1.2 Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...........................................................................................6
1.3 Компанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері...................................................................................................11
2 «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.....................................................................................................................13
2.1 «Аққайнар» АҚ - ның 2011-2012 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау................................................................................................13
2.2«Аққайнар» АҚ- ның 2011-2012 жылдардағы негізгі құрал –жабдықтардың көрсеткіштерін талдау...........................................................................................14
2.3 «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау................................................................................................................16
3 Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары.........................................................................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................25
Қосымшалар
Файлы: 1 файл
Асет инвестиция курсовой.docx
— 155.98 Кб (Скачать)Жобалық қардыландыруды нақты инвестициялық
жобаны қаржыландыру деп қарастыруға
барлық негіз бар. Сонымен қатар,
Қазақстандағы жобалық
Бұл ретте негізгі құралдарға салынатын
инвестициялардың тиімділігі әр түрлі
факторларға байланысты. Бұл факторлардың
негізін инвестицияларды
Капиталдық немесе қаржылық салымдар
түріндегі инвестициялау
2.2 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның инвестициялық-инновациялық жобаларын талдау
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табыла ды.
Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
- Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
- Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
- шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
- жауаптылық және есептілікте болу.
Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
- елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
- компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
- мұнай- газ секторы;
- электр энергетикасы;
- металлургия;
- химия, мұнай-химия;
- инфрақұрылым.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының негізгі инвестициялық жобалары.
БАЛҚАШ ЖЭС САЛУ
Жобаның мақсаты: Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету; ҚР энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жобаның орындаушысы: «Балқаш ЖЭС» АҚ, оның акционерлері мыналар болып табылады:
- «Самұрық-Энерго» АҚ;
- «KEPCO» және «SAMSUNG» оңтүстік корей компанияларының консорциумы;
- KAZAKMYS PLC.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2010 – 2015 жылдар.
Орналасқан жері: Үлкен кентінен 2,5 км, Алматы облысы Жамбыл ауданы және Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы.
Өндірістік қуаты: жылына 7722 ГВт/сағ.
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже:
- Алматы өңірін сенімді электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету;
- Жұмыс орындары: құрылыс сатысында – 3550, пайдалану кезеңінде – 800.
Жобаны әзірлеу сатысы:
Жобаның ТЭН, сондай-ақ дайындық
кезеңінің бірінші кезектегі
объектілері бойынша ЖСҚ
МОЙНАҚ СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ
Бұл жоба Шарын өзеніне (Алматы облысы) бекітілген қуаты 300 МВт су электр станциясын салуды көздейді.
Жобаның мақсаты:
- ҚР оңтүстік өңірлерінің тапшы энергия жүйесіне электр қуаты мен энергияны жеткізуді ұйымдастыру үшін маневрлі көз жасау;
- оңтүстік өңірлердің қарбалас жүктемелерін жабу (электр энергиясының құрылатын теңгермелі нарығындағы жұмыс).
Қатысушылар:
- «Мойнақ СЭС-і» АҚ (51% - мемлекеттің 100% қатысуымен «ҚазҚуат» АҚ; 49% - «Бірлік» АҚ жеке меншік компаниясы);
- Қытай су шаруашылығы мен энергетика халықаралық корпорациясы (China International Water & Electric Corporation) Мойнақ СЭС-інің негізгі объектілерін жобалау, толық салу және пайдалануға енгізу үшін мердігер ретінде тартылады.
- Жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, Қазақстанның Мемлекеттік даму банкі (ҚМДБ) кредиттері тартылды.
Жобаның іске асырылу кезеңі: 2006-2011 жылдар.
Жоба объектілерінің орналасқан жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылдық округі.
Өндірістік қуаты: 300 МВт
Жоба мынадай екі іске асыру кезеңін көздейді:
1. Мойнақ СЭС-інің бас
су торабы – Бестөбе су
2. СЭС негізгі құрылыстарын салу (ұзындығы 9 км деривациялық туннель, станциялық алаңымен және қызметтік-тұрмыстық корпусымен СЭС ғимараты).
Жобаны іске асырудан күтілетін тиімділік:
- Жылына 1 млрд. кВтс. жуық электр энергиясын өндіру;
- ҚР оңтүстік өңірлерінде сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;
- Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 665 құрылыс кезеңінде, 127 – пайдалану кезеңінде.
Жобаны пысықтаудың ағымдағы сатысы:
Осы уақытта жобаның ТЭН мен ЖСҚ әзірленді. Жоба құрылыс сатысында тұр, құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Қазақстанның ҰЭЖ-ін 500 кВ, 220 кВ кернеу желісіне қосатын 500 кВ Алма КС салу.
Жобаның мақсаты: Алматы өңірін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Жобаны орындаушы: «KEGOC» АҚ.
Іске асыру кезеңі: 2010 – 2014 жылдар.
Жобаны іске асыру орны: Алматы облысы.
Өндірістік қуаттылығы:
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже:
- Алматы өңірін сенімді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру.
- Құрылыс сатысында 370; пайдалануға енгізгеннен кейін 50 қосымша жұмыс орындарын құру.
Жобаны ағымдағы пысықтау сатысы:
Жобаның ТЭН әзірленді; ЖСҚ әзірлеу 2011 жылы жоспарланып отыр. Жоба қазіргі уақытта пысықтау сатысында.
Алматы қаласында
Жобаның мақсаты: Алматы қаласының аудандарын, метрополитен мен Азиада 2011 объектілерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Жобаның бастамашысы: «Алатау жарық компаниясы» («Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы).
Іске асыру кезеңі: 2009-2012 жж.
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Алматы облысы.
Жобаны іске асырудан күтілетін тиімділік:
- Беруші қуаттарды 1973 МВА арттыру;
- Жаңа жұмыс орындарының құрылуы (150 құрылыс кезеңінде, 4 – пайдалану кезеңінде).
Жобаны ағымдағы пысықтау сатысы:
Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүзеге асырылуда.
Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру
Жобаның мақсаты: Ақтау пластикалық массалар зауытында Қазақстанның климат жағдайы ерекшеліктеріне сәйкес келетін жол битумдарын өндіруді ұйымдастыру.
Жобаға қатысушылар:
Kazakhstan Petrochemical Industries” АҚ – жобаның операторы;
CITIC Group” (Қытай) – стратегиялық әріптес;
«СП «CASPI BITUM» ЖШС – осы жобаны іске асыру мақсатында құрылған АО «КРI» мен “CITIC Group” бірлескен кәсіпорны.
Іске асыру кезеңі: 2010-2011 жж.
Орналасқан жері: Ақтау облысы, Маңғыстау қаласы.
Дайын өнім және өндіріс көлемі:
- Жол битумы – 420 мың тонна/жыл;
- Бензин-дизель фракциясы – 225 мың тонна/жыл;
- Вакуумдық газойль – 277 мың тонна/жыл.
Жобаны іске асырудан күтілетін тиімділік:
- Қазақстан Республикасы жол құрылыс саласының жоғары сапалы битумға деген қажеттілігін қанағаттандыру (ҚР қажеттілігі жылына 600 мың тоннадан астам).
- Жаңа технологиялық өндіріс құру.
- Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 12 330 құрылыс кезеңінде, 490 – пайдалану кезеңінде.
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФАБРИКА САЛУ
Жобаның мақсаты: Астана қаласында инсулинді, антибиотиктерді, қан препараттарын, вакциналар мен онкологиялық препараттарды модульдік шығару жөніндегі фармацевтикалық фабрика салу және Шымкент қаласындағы инфузиялық ерітінділер мен ампулалар шығару жөніндегі «Химфарм» АҚ өндірісті кеңейту.
Жобаның бастамашысы: «Химфарм» АҚ.
Іске асыру кезеңі: 2009 – 2011 жылдар.
Жоба іске асырылатын орын: Астана қ., Шымкент қ.
Өндірілетін өнім:
- инъекциялық ерітінділер (ампулалар) – 49 позиция – 250 млн. ампула;
- инфузиялық ерітінділер (қан алмастырғыштар)–18 позиция – 4 млн. пакет;
- таблеткалар, капсулдар және драже – 43 позиция – 500 млн. дана;
- антибиотиктер (ұнтақтар) – 15 позиция – 20 млн. сауыт.
Жобаны іске асырудан күтілетін тиімділік:
- Республиканың фармацевтика нарығында отандық өндірушілердің үлесін 10%-дан 25% дейін арттыру;
- Толық өнеркәсіп циклының ғылымды қажетсінетін экспортқа бағдарланған инновациялық өндіріс құру;
- Мемлекеттік сатып алу кезінде баға деңгейінің төмендеуі есебінен бюджет қаражатын үнемдеу;
- Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 1000 құрылыс кезеңінде, 300 – пайдалану кезеңінде.
Жобаны пысықтаудың ағымдағы сатысы:
Жобаның ТЭН әзірленді. Шымкент қаласындағы учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту (II кезең)
Жобаның мақсаты: Қазақстанның ҰЭЖ техникалық деңгейін жоғарылату және ішкі станцияларда ескірген жабдықтарды қазіргі заманғыға ауыстыру арқылы оның жұмысының энергия тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету және жаңа электр беру желілерін салу.
Жобаның қатысушысы: «KEGOC» АҚ.
Іске асыру кезеңі: 2009 – 2016 жылдар.
Іске асыру орны: өңіраралық жоба.
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже:
- «KEGOC» АҚ көлік жүйесін оңалту және энергия жүйесін диспетчерлік басқаруды жетілдіру;
- Жаңа жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде - 1125; 4053 – пайдалану кезеңінде.
Жобаны әзірлеу сатысы:
Жобаның ТЭН әзірленді; ЖСҚ әзірлеуді аяқтау 2010 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жоба пысықтау сатысында.
ШАРДАРА СЭС-ІН ЖАҢҒЫРТУ
Жобаның мақсаты:
- турбиналық және генераторлық жабдықты жаңғырту;
- басқару жүйесін ауыстыру;
- Сырдария өзенінде Шардара СЭС гидротехникалық құрылыстарын қайта жөндеу.
Жобаның орындаушысы: «Шардара СЭС» АҚ (акционерлер: 100% - «ҚазҚуат» АҚ).
Іске асыру кезеңі: 2011-2015 жылдар.
Жобаны іске асыру орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласы.
Өндірістік қуаты: жылына/
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже:
- ГЭС қуатын және электр энергиясына деген өңірдің өсіп келе жатқан мұқтаждығын жабу үшін электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайту.
- Жабдықты пайдалану сенімділігін арттыру және апаттылық тәуекелінің деңгейін азайту.
- Жабдықты жөндеу-пайдалану қызметіне байланысты тікелей шығындарды азайту есебінен станция қызметінің тиімділігін арттыру.
- Құрылыс сатысында 200, пайдалану кезеңінде – 185 жұмыс орнын құру.
Жобаны ағымдағы пысықтау сатысы: