Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:31, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға тандап алу жайлы әдістемелік нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................4
1 Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқаруерекшеліктері...........................................................................................5
1.1 Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы......................5
1.2 Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...........................................................................................6
1.3 Компанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері...................................................................................................11
2 «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.....................................................................................................................13
2.1 «Аққайнар» АҚ - ның 2011-2012 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау................................................................................................13
2.2«Аққайнар» АҚ- ның 2011-2012 жылдардағы негізгі құрал –жабдықтардың көрсеткіштерін талдау...........................................................................................14
2.3 «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау................................................................................................................16
3 Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары.........................................................................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................25
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Асет инвестиция курсовой.docx

— 155.98 Кб (Скачать)

Әзiрше Қазақстандағы заңнамалық және құқықтық базаның қызмет ету тиiмдiлiгi төмен, бұл жылжымайтын мүлiк нарығының қалыптасуы мен дамуына кepi әcepiн тигiзедi. Заңнамалық саясаттың маңызы - жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын қамтамасыз етуден тұрады, яғни атаулы жер телiмi мен ондағы құрылған барлық объектiлердi заңмен рұқсат етiлген әдiстер арқылы пайдалану құқығын иеленудi қамтамасыз ету. Жылжымайтын мүлiктi пайдалану бойынша құқықтap әр мемлекетте ол әрқалай аталатын арнайы тipкey жүйесiнде тiркеледi. Атаулы тipкey экономикалық cyбъeктiгe жер және басқа да жылжымайтын мүлiкке иелiк ету құқығын бередi.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң  тағaйындалуы мен қолданылуы әр түрлi, қасиеттерi мен сипаттары да түрлi болғандықтан, жылжымайтын мүлiк нарығының бiрнеше түpiн қарастырады. Оның неriзгi eкi үлкен бөлiгiн қapacтыруға болады: жер телiмдерi нapығы және жерге үнeмi тiркелген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің нapығы. Соңғысы тұрғын емес қор, баспана қоры, елiмiзде соңғы жылдары көбейiп кеткен құрылысы аякталмағaн объектiлер нарығын қамтиды. Бұл құбылыс қазақстандық экономикағa тән, себебi ол өткен жүйeдeн қалғaн. Мұнда аяқталмағaн құрылыс үлесi салынып жатқан объектiлердiң жартысынан көбiн құрайды.

Кез-келген нарыктың сыйымдылығы ұсыныс пен сұраныс көлемiмен сипатталады. әлеуeттi инвесторлардың негiзri бөлiгi өздерiнiң қаражаттарын шағын, соған сәйкес құны да азырақ объектiлерге сала алады. Ал, ipi объектiлерге, соның iшiнде жылжымайтын мүлiкке келетiн болсақ, олар бүкiл өндipicтiк циклды қамти отырып, тұтас мүлiктiк кешен peтiндe iскe асырылады, бұл жағдайда мемлекеттен айырудың жалғыз жолы болып кәсiпорынды акцияларын танылды, яғни атаулы кәсiпорынның акцияларын бағалы қағaздар нарығында iскe асыру. Жылжымайтын мүлiк нарығындағы дайын объектiлердiң алғaшқы нарығындағы ұсыныстардың қалыптасуы, ең алдымен, iстeгi бар мемлекeттiк немесе муниципалдық (қалалық әкiмшiлiк) меншiк объектiлерi есебiнен жүрiп жатты, себебi жеке меншiкте ондай объектiлер болмаған едi.

Баспана құрылысы ұзақ мерзімді инвестициялауды  қарастырады, тұрғын, себебі табыс әкелетін актив болғандықтан, тұрғын үй ұзақ мерзімді инвестиция обьектісі болып  табылады. Шаруашылық обьект ретіндегі  жерге деген экономикалық жеке меншік жер телімін абстрактілі түрде  сату мүмкіндігімен іске асырылмайды. Ол шаруашылығында пайдалануға арналған жерлерді сатып алу мен өндірістік пайдаланудың экономикалық уәжін анықтайтын табыс түсірумен іске асырылады. Инвестор жер теліміне ақша қаражаттарын құя отырып, ең алдымен, атаулы жер  телімін тікелей қызмет бойынша  пайдаланудан түсетін болашақ әлеуетті табысқа бағдар алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бағалау

 

2.1 Инвестициялық жобалар  мен инновация тиімділігін бағалау  әдістемелерін сипаттау

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының Стратегиясы, кейіннен 2015 жылға дейінгі  Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту бойынша Үкімет әзірлеген  Бағдарлама, қазақстандық экономиканың диверсификациясына бағытталған негізгі  құжаттар болып табылады. Диверсификация мен мұнайға деген тәуекелділіктен  саналы түрде кету, мемлекетімізде бәсекеге қабілетті инновациялық экономиканы  құрған жағдайда ғана мүмкін бола алады. Өз кезегінде шаруашылық субьектілердің және жалпы мемлекеттің экономикалық қызметі, инвестициялардың көлеміне, құрылымына, құйылу бағыттарына және тиімділігіне белгілі бір деңгейде тәуелді болып келеді. Ақыры, инвестициялық қызметтің тиімділігі мен экономикалық өсудің екпінділігі, белгілі бір дәрежеде, жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды таңдай жүйесінің жетілдірілуі мен уақыт аралығында өзгеретін экономиканың қызмет ету шарттарына бейімделумен анықталады. ҚР экономикасының индустриалды-инновациялық даму шарттарына сәйкес келетін, бағалау құралдары мен есептік үлгілердің біртұтас жүйесін әзірлеудің қажеттілігі туындайды.

Әлемдік экономиканың жаһандануы мен  халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында, жаңа нарықтық белестерді игеру, технологияларды жаңарту, ұйымдастырушылық және технологиялық жаңалықтар енгізу мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуының маңызды элементі болып  табылады.

Ғылымды қажет ететін салалардың дамуы  динамикалық экономикалық өсімнің  негізін құрып, әлемдік күш орталықтарының қалыптасуының маңызды факторы  болып табылады. Жаһандану мен  экономикалардың өзара тығыз  байланысы, инновациялық үдерістерді  басқару міндетін тым күрделендіре түседі. Сондықтан инновациялық жолға  түсуді қалайтын әрбір жеке мемлекет, өзінің инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған стратегиялық алғышарттарын  дұрыс беліглеп алуы қажет. Осыған орай, инновациялық саясатты қалыптастырудың  жүйелік жолы басты мәнге ие болады.

Бұдан басқа, қазіргі әлемдік экономиканың даму тенженциялары адами капиталдың тізгінүзді дамуын қажет етеді. Аталған  фактор әлемдік инновациялық дамудың  ең маңызды сипаттамасы болып  табылады. Білімінің жедел таралуын қамтамасыз ететін кадрлар мобильділігінің  де мәні зор.

Инновациялық белсенділіктің жедел  өсімін қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологияларды да дамыту қажет. Ал білімнің таралу үдерісін алсақ, ол баяғыдан-ақ жеке ұлттық экономикалардың шегінен шығып кеткен болатын.

Жаһандану трансұлттық компаниялардың неғұрлым жоғары дәрежеде қатал бәсекелестікті жүргізуді мұқтаж етеді. Сонымен  қатар бәсекелестік ортаның тығыздылығы, мамандану мен инновациялардың  оқшаулану процесстерін ынталанырады.

Бүгінгі таңда қоғамда ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастырудың түрлі нұсқалары талқылануда. Бірақ бұл үдеріс естен тандыратындай сипатта болмас үшін, аралық институттардың стратегиясы деп аталатын, неғұрлым өнімдірек жолды қолдану қажет. Алғашқы кезеңдерде ол мемлекеттің абсорбциялық қабілеттерін өсіруге себепші болатын механизмдердің құрылуын қарастыру қажет. Ал әлемдік технологиялық деңгейге жақындаған сайын, бұл механизмдерді инновациялық дамудың жеке меншік институттарымен толықтыру қажет.

Ұсынылып отырған концепцияны, өз кезегінде, экономикалық «кереметті»  басынан өткізген мемлекеттердің тәжрибесі  растайды. Сонымен қатар бұл тәжірибе еліктеу кезеңінде ірі фирмалар мен банктік жүйенің басты  ролде болатынын көрестеді. Ал инновациялық жолға ауысқан сайын, кіші, орта фирмалар мен қаржылық нарықтардың мәні арта түседі. Инновацилық жүйені бағалауға  қатысты, инновациялардың тиімділік  деңгейін анықтау мақсатымен жобалардың инвестициялық тиімділігі бойынша  әдістемелік ұсыныстарды қолдану  қате деп тұжырымдайтын авторлардың  ойларымен келісуге болады. Инновациялық үдерісте инвестициялық жобаны таныстыру  мен жүзеге асыру үдерісімен салыстырғанда, қатысушылардың ортасы едәуір кең.

Ал инновациялардың экономикалық тиімділігін бағалау үшін, төмендегі  әдістемелік ұсыныстарды ескірген жөн:

  • инновациялардың тиімділігі тек табыстың ортақ салмағына ғана емес, өсімнің қарқындылығына да тәуелді;
  • инноваицлярады енгізудің есептік жылын, оларды пайдаланудың бастапқы жылын, инвестицияларды пайдаланудың соңғы жылын нақты белгілеу қажет;
  • инновациялардың тиімділігін бағалағанда қолда бар есептеулердің неғұрлым тиімді нұсқасын таңдау мүмкіндігінің болуы;
  • инновациялардың тиімділігін бағалау әдісі құрастырушылардың, өндірушілердің, тұтынушылардың және бюджеттің қызығушылығын ескеретін, бағалық көрсеткіштер жүйесінде негізделуі керек;
  • инновациялардың құрылуынан, енгізілуінен және пайдалануынан интегралды әсерді шағылыстыру көрсеткіштерін қамтитын жаңалықтарды енгізу тиімділігін бағалау әдістерінің қолданылуы, инновациялар тиімділігінің кешенді бағасын беріп қана қоймай, сондай-ақ инвестициялық қызметтің әрбір қатысушысының үлесін нақты анықтауға мүмкіндік береді;
  • инновациялардың тиімділігін бағалау үшін дисконттау әдістерін ғана емес, компаутинг және аннуитет әдістерін де қолдаған маңызды;
  • инновациялардың тиімділігін бағалағанда, есептік жылдың бір жолғы шығындарын келтіру және инновацияның өндірушілері мен инвесторлардың қызығушылығын ұйғару салынған капиталға табыстың екі нормасын қолдануға болады.

Ұсынылып отырған инновациялардың  тиімділігін бағалау әдістері әмбебеп  екендігін және оларды инвестициялық  жобалардың тиімділігн бағалау үшін де қолдануға болатындығын ескерген жөн. Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, инновациялардың тиімділігін бағалау  үшін көрсеткіштердің экономикалық мазмұнына қарамастан, олардың бір  түрі емес, толық жүйесі пайдаланылуы керек.

Қазақстандағы инвестициялық мәселелердің барлығы, сайып келгенде, бір мәселеге жүгенеді – инвестиция үшін ақшаны қандай көздерден және тиімді шарттармен қарызға алуға болады. Содан кейін үдеріс кездейсоқтық сипатта болады. Бұдан сол ақшаны қай жерге инвестициялауға болатынын ұғынамыз, не болмаса, отандық немесе шетел срапшылары ойға салады. Шетел тәжірибесін қолданамыз.

Бұл тактика қате. Себебi басты мәселе, инвестициялық ресурстарды барынша  тиiмдi пайдалану, сондай-ақ  неғұрлым жоғары қаржылық әсердi қамтамасыз eтeтiн  инвестициялық жобалардың тiзiмдемесiнiң iшiнен неғұрлым тиiмдiсiн нақты  және алдын ала таңдап алу мәселелерiн  қамтиды. Ешбiр жағдайда «баламалар бойынша» шешiм қабылдауға болмайды, себебi инвестициялардың тиiмдiлiгi көп  жағдайда жобалар бойынша құрылған объектiлердiң қызмет eтyi мен жүзеге асырылуының сыртқы және iшкi шарттарьша тiкелей тәуелдi. Бұл факторларды инвестор басқара алмайды, ал оларды ескерген өте маңызды. Бұл факторлар өз әcepiн белгiлi бiр инвестициялық үдерiстердiң тиімдiлiгiне ғaнa тигiзбейдi.

Өндiрiстiк инвестициялық жобалар - бұл жобаның аумағында инвестициялар  негiзiнен капитал қалыптастырушы болып табылатын жобалар екендiгi белгiлi. Бұған қарамастан, өндiрiстiк  инвестициялар түсінігінің мағынасы кең, оларға коммерциялық пайданы алу  және өндiрiстiң техникалық қайта  қарулануы мен дамуы мақсатымен материалды салаға және қызмет көрсету  саласына бағытталған ресурстар  ғaнa емес, мемлекеттiң және жеке бизнестің , тарапынан әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық және басқа мәселелердi шешуге бағыттaлған ресурстар да жатады.

Берiлген жaғдайда әдiстемелiк құрал  ретiнде қолданбалы жүйелiк талдаудың  пайдаланылуы мақсатты болып табылады, оның негiздерi мысалы келтiрiлген.

Жүйелiк ойлау концепциясы, оның қағидаттары, әдiстемесiнiң негiздерi және оларды тәжiрибелiк есептеулерде пайдалану мiндеттерi инвестициялық  жобалардың тиiмдiлiгiн бағалауға  жатады.

«Жүйелiк ойлау» негiзiнде ресми  «Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн  бағалау бойынша әдiстемелiк ұсыныстардың»  әзiрленуi де кездейсоқтық емес.

Сондай-ақ бiр жағынан, жобаның сыртқы және iшкi ерекшелiгiн талдау жүйесiнiң жан-жақтылығы, оның микроэкономикалық көрсеткiштерi мен динамикалық сипаттамалары ,екiншi жағынан, оны құрудың макроэкономикалық шарттары, қызмет eтyi мен дамуы өтe маңызды мәселе болып табылады.

Барлық экономикалардың түрлерi үшiн ортақ  осы қағидаттардың  жүйесi (әдiстемелік, тәсiлдiк және жедел), көптеген отандық жене шетелдiк жұмыстарда талданған болатын.

Инвестициялық жобалардың ақша ағындарының  құрылымы мен көрсеткiштерiн оңтайландыру үшiн экономико-математикалық талдау мен синтез әдiстерi қолданылады. Сондай-ақ берiлген мәлiметтердi iздестiру мен  анықтау үшiн ақпараттық технологиялар  әдісі де қолданылады. Белгiлi бiр  әдiстiң немесе қос әдiстiң қолданылуы инвестициялық жобаның түpiнe және oғaн қойылған талаптардың түpiнe байланысты анықталады. Бұл талаптарды

нормативтiк, зерттеу, сенiмгерлiк түрде  болуы мүмкін. Фирмаларға қатысты, олар нүктeлік, аралық, алгоритмдiк бола алады.

Қазiргi таңда инвестициялық жобалаудың әдiстерi жүйелiк, объектiлi-бaғдарлы және есептiк-тәжiрибелiк шарттармен немесе олардың үйлесуiмен сипатталады. Бұл әдiстер, қолданлуының aлғышарты сараптамалық зерттеу, математикалық үлгiлердің және бағдарламалық құралдардың әзiрленуi болып табылады.

Жүйелiк жол инвестициялық жобаны белгiлi бiр ортақ мақсатқа бaғытталған  байланысты элементтердiң үйлесуi, байланысы, яғни жүйе түрiнде қарастырады. Ал жеке элементтер, олардың байланысы және жобаның мақсаттың бағыттылығы  құрылымдаудың нәтижесiндегi жүйелер  болып қарастырылуы мүмкін.

Жүйелiк жолдағы құрылымдық шешiмдер инвестициялар субъектiлерiнiң қызығушылығын  бiлдiретiн оңтайландырылған критерийлер  мен шектеулерге сәйкес қалыптасады.

Объектiлi-бағдарлық жол баламалы мiндеттердi шешу ұшiн логикалық және математикалық құрылыстарды таратуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, Марковиц үлгісі бастапқыда бағалы қағаздар портыелінің  құрылымын оңтайландыру үшін әзірленгенболатын, кейіннен бұл жаңалық инвестициялық  жобалардың портфелін оңтайландыру үшін қолданылып келеді. Шарп үлгісі де портыельдік және нақты инвестициялардың тәуекелін талдау үшін қолданыс тапқан.

Күрделі инвестициялық үлгілер өзінің мазмұндық және функционалды элементтерін бұрынғы үлгілерден мирас етеді. Аталған жол техника-экономикалық негіздеменің және бизнес жоспардың әзірленуіне жұмсалған шығындарды қысқартады. Есептік-тәжірибелік әдіс экономикалық жүйенің үлгілері мен ойлық тәжірибеге негізделге және инвестициялық циклдің үлгілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Компьютерлік тәжірибелер күрделі үлгілердің синтезін жасауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалаудағы жетілдірілген ақпараттық технологиялар жобаның технико-экономикалық жүзеге асырылуы мен оның нәтижесін бағалау үшін, инвестициялық шешімдерді оңтайландыру және инвестициялық жобаларды басқару үшін қызмет етеді.

Қазіргі қазақстандық экономиканың қызмет етуі жағдайында, әлемдік тәжірибеге ортақ экономикалық қатынастардың  қағидаттарын қолдануды қамтамасыз ететін бірқатар жаңалықтар енгізу қажет. Осындай бағыттардың бірі – инвестициялық  жобалау және инвестициялық бағдарламалар  мен жобаларды қаржыландыру үдерісінде нарықтық қатынастардың реттілігін қолдану болып табылады. Бұл әдіс дамыған мемлекеттердің экономикасында кең қолданыс тапқан.

Информация о работе Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері