Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:31, курсовая работа
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға тандап алу жайлы әдістемелік нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқаруерекшеліктері...........................................................................................5
1.1 Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы......................5
1.2 Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...........................................................................................6
1.3 Компанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері...................................................................................................11
2 «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.....................................................................................................................13
2.1 «Аққайнар» АҚ - ның 2011-2012 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау................................................................................................13
2.2«Аққайнар» АҚ- ның 2011-2012 жылдардағы негізгі құрал –жабдықтардың көрсеткіштерін талдау...........................................................................................14
2.3 «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау................................................................................................................16
3 Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары.........................................................................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................25
Қосымшалар
Қысқартылған сөздер тізімі
ҚР – Қазақстан Республикасы;
АҚШ – Америка Құрама Штаты;
АҚ – Акционерлік қоғам;
ҰӘҚ – Ұлттық әл-ауқат Қоры;
ЖЭС – Жылу электр станциясы;
СЭС – Су электр станциясы;
ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме;
ҚМДБ – Қазақстанның Мемлекеттік даму банкі;
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ҰЭЖ – Ұлттық электр желісі;
ТОБЖ – талшықты-оптикалық
ҰИЖ – Ұлттық инновациялық жүйе;
АЭА – арнайы экономикалық аймақ;
ҚҚ – Қазақстандық құрам;
ОТӨ – отандық тауар өндірушілер;
ҰК – Ұлттық компания.
Кіріспе
Инвестициялық жобалардың
тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және
заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді.
Қазақстан Республикасында инвестициялық
жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен
әдістері, меншік формасына қарамастан,
Ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы
бекітілген, инвестициялық жобалардың
тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға
тандап алу жайлы әдістемелік нұсқауларды
Осы әдістемелік нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік - қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
Осы көрсеткіштермен - пайданың жай нормасы, капитал құру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері».
Курстық жұмыстың өзектілігі: «Индустриялды-инновациялиқ даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты. Қазақстан Республикасының Индустриалдық – инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын. 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын дамыту. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану процесінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бағалау.
Курстық жұмыстың міндеті: инвестициялық
жобалардың тиімділігін бағалау
әдістерін ашып көрсету және «Самұрық-Қазына»
ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық
Курстық жұмыс құрылымы: қысқартылған сөздер тізімі, кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері туралы жазылған.
Екінші бөлімде, инвестициялық жобалардың тиімділігі талданған.
Үшінші бөлімде, Қазақстанда индустрия - инновациялау жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары сипатталған.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» жылдық есебі және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулері мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұхааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, статистикалық көрсеткіштер пайдаланылды.
1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға
қатысты инвестициялық
1.Жобаның тұжырымдалуы.Бұл
2.Жобаны дайындау. Жобаның
бизнес- идеясы бірінші
тексерілімнен өткеннен кейін,
оң немесе теріс деген
3.Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек.
Егер жоба негізінен стратегиялық
инвестор есебінен қаржыландырылатын
болса, онда инвестордың өзі сараптама
жүгізеді, мысалы, болашақта
жобаны іске асыру процесінде ақшасының
көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл
кезеңде беделді бір
өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4.Жобаны іске асыру. Бұл
5.Нәтижелерді бағалау. Бұл
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
1.Тұрақты масштабтағы
2.Ағымдағы өндірістік шығындарды
азайту мақсатында
3.Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңеуті. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4.Жаңа өнім шығару мақсатында
кәсіпорынды кеңеуту.
5.Экологиялық жүгі бар
6.Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы
жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының
төрт түрінің біреуіне жатқызу
арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық,
өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген.
Кәсіпорынның пісіп- жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет
Информация о работе Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері