Қазақстандағы шетелдік инвестициялар және оларды пайдалану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 14:06, курсовая работа

Краткое описание

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттігі көтеріледі.

Оглавление

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ..........................................................................................5
1.1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері............................................................................................................5
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу ..........................................................................................................12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ…………………………...18
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту халахуалының жағдайы ......................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуін және пайдалану тиімділігін талдау.………………………………………….....23

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ..................................................................................28
3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері .............................28
3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары ............................34

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................42

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Кабиева А..docx

— 91.77 Кб (Скачать)

Қазақстанның инвестициялар  бойынша комитетiне республикаға шетел  инвестицияларын тарту кезiнде  консалтинг қызметтердi  кең көлемде  көрсету қажет. Өкiнiшке орай, бұл  сала Қазақстанда толығымен шетел  консалгтингтiк компанияларына берiлген. Атап айтсақ, заңды кеңес беру де шетел фирмаларының қолында-«Бейкер  и Мак-Кензер», “Уаит и Кейс”  және т.б, аудит және бухгалтерлiк  консультация –«Прайс уотерхаус», «Артур Адндерсон» және т.б.

  1. Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық бөлiмшемелерi мен шетелдiк өкiлдiктерiн құру. Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық (облыстық) бөлiмшелерiн ең болмағанда инвесторларға өте тартымды облыстарда (мұнай өндеушi, өнеркәсiптiк) құру керек. Оларға келесi аймақтарды жатқызуға болады: Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан (мұнай өндiрушi), Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы қаласы (өнеркәсiптiк).

Қазақстанның шетелдегi елшiлiктерiне инвестициялар бойынша  комитеттерге келесi сұрақтар бойынша  көмек көрсету мiндетiн қою  керек: жарнамалық компаниялар конференция, семинар жүргiзу инвестиция заңы туралы және шетелдердiң мемлекеттiк басқару  органдарының шетел инвестициясын  тарту бойынша қызметi туралы мәлiмет  жинау, мүмкiн инвесторлар iздеу және т.б.

  1. Тiкелей инвестицияларды 2004-2005 жж. тарту бағдарламасында инвестициялар бойынша комитеттiң шетелдiң ұқсас агенттiктерiнен ынтымақтастығын инвестициялық ерекшелiктердi және инвестиция тарту бойынша тәжiрибенi бiлу үшiн көбейту керек. Сонымен қатар, инвестициялар бойынша комитет әлемдiк банкпен МВФ МIGА, ПРООN, FIАS, ЮНИДО ТАСИС, WАIPА және басқада халықаралық ұйымдармен  өзара әрекеттестiгiн жалғастырмақшы. Мысалы Foreiди Iпvestmeпt Advisory, Service (FIAS)-бұл халықаралық Валюта қорының, әлемдiк банктің және 12 донор-мемлекеттердiң елдерге тiкелей шетел инвестицияларын тарту саласында техникалық көмек көрсету бойынша бiрлескен бағдарлама. Соңғы жылдары бұл ұйым келесi жобаларды жүзеге асырады: шетел инвестицияларын тарту жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдарды бағалау (Мадогаскарда, Малиде, Сенегалда, Латвияда, Мавританияда), шетелдiк меншiкпен кәсiпорын құру кезiнде түрлi рұқсат пен лицензияларды бағалау (Чехия), шетел инвестициялары туралы заңды қайта қарау (Литва) және т.б.

       Қытайда FIAS екi қызықты жобаны  жүзеге асырады:

  • шетел тiкелей инвестициясын тарту жүйесiн құру бойынша жұмыстың   аяқталуы;  
  • елдiң инфрақұрылымдағы шетел инвестициясы үшiн заңды және институционалды негiздердi бағалау.

Бiздiң  ойымызша, Қазақстан FIAS-тың тiкелей  шетел инвестициясын тарту саласында  техникалық көмек көрсету бойынша  тәжiрибесi мен мүмкiндiгiн кең  қолдану керек.

Қазақстан Республикасына  шетел  инвестициясын  тартуды  мемлекеттік  реттеу  процесін  жетілдіру  қажет.

Ол  үшін:

  • сыртқы  экономикалық  қызметтің  жетілуін  реттейтін  жаңа  заңдар  мен  қаулылар  қабылдау  керек;
  • шетел  капиталының  көлемдері  мен  оны  қолдану  туралы  ақпараттың баршаға  ашықтығын  қамтамасыз  ету  керек.

“Тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  туралы” заңға  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  қажеттігі  мен  сәйкесінше  оң  нәтижелерге  жету  үшін  материалды  базаны  құру  қажеттігін  атап  кету  қажет.

Республикада  инвестициялық  қызмет  туралы  ақпаратқа  маманданатын  баспа  органы  жоқ. Ақпараттың  жабықтығы,  мәліметсіздік  шетел  инвесторларына  көптеген  қиындық  тудырады. Көптеген  мемлекеттік  ведомстволар  бұл  жағдайды  мемлекеттік  қауіпсіздік  мақсаттарымен  түсіндіреді. Ешкім  ұлттық  құпияларды  жоюды  ойламайды, мұндағы  бастысы  экономикалық  пайда, салыстырмалы  артықшылық  пен  инвестициялық  ресурстарды  тиімді бөлу.

Республика  үкіметі  инвестиция  тарту  бойынша  шаралар  қолдануда. Осылайша, 2007 жылға  дейін  инвестиция  тарту  үшін  өте  маңызды  өңдеу  өнеркәсібінің  өндірістерінің  тізімі  жарияланды. Қазақстан Республикасының “Салықтар  мен  бюджетке  салынатын  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы ” кодекстің   жобасында (салық  кодексі) мәміле  бойынша  салық  салудың  тұрақтылығына, салық  заңдылығын  барлық  салық  пен  басқа  міндетті  төлемдер  бойынша  өзгеру  нәтижесінде  шетел  инвесторының  жағдайының  нашарлауы  немесе  жақсаруы  жағдайларына  кепіл  береді. Жаңа  салық  кодексі  жобасының  осы  және  басқа  да  баптары  республикаға  шетел  инвестициясын  тарту  үшін  ынталандырушы  факторлар  болып  табылады.

Қолайлы  инвестициялық  жағдай  жасау  үшін, отандық  және  шетелдік  инвестициялық  белсенділіктің  күшеюі  үшін  ұсынылады:

  • шетел  фирмаларымен  бірлескен  жобаларға  көмек  беру  және  оның

шығарылуы  мен  оның  жүзеге  асуына  септігін  тигізу;

  • инвестицияларды  өңдеу  өнеркәсібінің  приоритетті  салаларына  тарту

бойынша  жұмысты  халықаралық  қаржылық  ұйымдармен  сауда-экономикалық   ынтымақтастық  жобалары  мен  бағдарламалары  және  дамыған  елдердің  үкіметтерінің  мақсаты  қарыздары  шегінде  жалғастыру;

  • негізгі  капиталға  инвестициялауға  бағытталған  пайда  бөлігін  салық

салудан  босату.

Қолайлы  инвестициялық  жағдай  қалыптастыру  үшін  қажет:

а) шаруашылық  және  инвестициялық  қызметтің  құқықтық  базасының  тұрақтылығын, тікелей  инвестицияны  қолдау және  ынталандыру  бойынша  шаралар  жүйесінің  ашықтығын  қамтамасыз  ету;

б) Қазақстан  Республикасы үкіметінің  қаулыларын  өңдеу  және  қабылдау:

  • экономиканың  приоритетті  секторлары  мен  өндіріс  түрлерінің   тізімін  кеңейту  және  нақтылау  туралы;
  • тікелей  инвестициялар  үшін  жеңілдіктер  мен  преференциялар  беру  тізімі, көлемі  және  шарттары  туралы. 

в) салалық  инвестициялық  информациялық  проспектілерді  дайындауды  қолдау, потенциалды  отандық  және  шетел  инвесторларын  тарту  үшін  инвестициялық  ақпараттық  бюллетень  құру, олардың  дипломатиялық  жолдары  бойынша  таралуын  қамтамасыз  ету;

г) өзгеріп  жатқан  жағдайға  байланысты  “Шетел  инвестициялары  туралы”, ”Банктер  туралы”, “Лицензиялау  туралы”, “Сақтандыру  туралы”  заңдарға  қажет  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу;

д) шетел  капиталын  қолдану  мен  оның  көлемдері  туралы  ақпараттың баршаға  ашықтығын  қамтамасыз  ету;

е) жоғары  технология  аймақтарын  құруға  кірісу.

Әрине, Қазақстан  үкiметi үнемi әкiмшiлiк жүйенi, оның халық  мүддесi үшiн дұрыс қызмет ету  құқық қабiлеттiгiн жетiлдiру бойынша  шаралар қолданады. Бiрақ, бiздiң ойымызша, Қазақстан үшiн ең негiзгi және бiрiншi орында шетел инвесторлары үшiн тартымды заң жүйесiн құру болып отыр.

    Бұл үшiн бiрнеше шараларды жүзеге асыру керек. Қазiр Қазақстанның инвестициялық саясатында екi заң бар: 1994 жылғы  27 желтоқсанындағы «шетел инвестициялары туралы» заң және 1997 жылдың. 28 ақпанындағы “тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қодау туралы” заң. Бiз екi жеке заңдардың орнына республикаға шетелдiк инвестицияларды тарту туралы ортақ заң шығару керек деп ойлаймыз.

    Республикадағы визалық тәртiп те одан әрi жетiлдiру мен ойлатуды талап етедi.

Тiкелей  инвестицияларды 2004-2005 жылдары тарту  бағдарламасында айтылған шетелдiк  фирмалар, компаниялар өкiлдiктердiң  басшылары мен басқарушы топқа берiлетiн инвесторлық визаны енгiзу туралы ұсынысты қолдау ақталады (басқару мүшелерi және директорлар кеңесiнiң мүшелерi, бас менеджерлер). Тартуы үшiн Қазақстан Республикасының сәйкес лицензия керек шетелдiк жұмыс күшiнiң өкiлдерi инвесторлық визаны алуға кандидат ретiнде қарастырылмады. Бұл визаны алудың негiзгi шарттарының бiрi инвестициялар бойынша комитеттiң негiзгi капиталға салған инвестицияларын дәлелдеуi бола алады. Инвестициялар бойынша комитетпен мәмiлеге отырмаған шетелдiк компаниялар, бiрлескен кәсiпорындар  және жеке кәсiпкерлер салынған инвестициялар туралы жазбаша дәлелдейтiн куәлiктi көрсету керек. Инвесторлық визаның иелерi паспорттық және кедендiк бақылауды өтудiң оңайлатылған тәртiбiне құқығы болады.    Шетел капитал кезіне көз тігу Қазақстан үшін стратегиялық және ағымдағы мәселелерді шешу қажеттілігімен байланысты. Қазіргі экономикалық жағдайда шетел инвестицияларын тарту мәселесі өте өткір болып отыр: экономикалық өзгерістерді тереңдету, инвестициялық ресурстарды қысқарту, қаржыландырудың шетел көздеріне көз тігу.

Шетел әріптестерімен ынтымақтастық басқару, маркетинг, кадрларды дайындау, шетел тәжірибесін  меңгеру көзқарасы оң әсер береді. Шетел капиталы қосымша және материалды және ақшалай қаражаттар берумен  қатар сонымен бірге елдегі нарықтық қатынастарды дамытудың байсалды катализатор  болуы мүмкін.

Шетел капиталын  тарту, біріккен кәсіпкерліктің ары  қарай дамуы монополизіммен күресуде елеулі маңызы бар. Бұл процестің  маңызды сипаты шетел капиталының  қатысуымен кәсіпорындарды құру жолымен, елде монополияның қалыптасқан диктатына  қарсы тұра алатын, бәсекег е түсе алатын құрылымдарды қалыптастыру.

Инвестициялық климатты жақсартудың негізгі шаралары ретінде шетел инвесторлары келісімдерді орындау, заңдарды орындауды бақылау, бюрократиялық препондарды жою, салық салу ауыртпалығын жеңілдету  міндеттемесін қабылдауды ұсынды. Ал инвестициялаудың оң факторы ретінде  республикадағы саяси тұрақтылық, ірі  нарықтық потенциял, минералды және табиғи ресурстардың байлығы, жақсы  оқытылған және білімді жұмыс  күшінің арзандығы болып табылады. Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы жоқ, шетелдік капиталға тән және майда кәсіпкерліктің дамуы маңызды (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрмыстық тахника шығару, ауыл шаруашылық техника, ағаш өңдеу, минералдық тыңайтқыштар және өсімдікті қорғау құралдары) Соңғы кездері шетел кәсіпорындар 100% шетелдік капиталмен темекі, маргарин, кондитер бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың республика көлемінде көбеюі кездейсоқтық емес. Шетелдік инвесторлар қазақстандағы шағын бизнеске қолдау көрсетеді, ішінде ЕБРР, бүкіләлемдік банк, ПРООН, Ситибанк сияқтылар жеке кәсіпкерлерді қаржыландырады. Инвестицияларды таңдау мен тартуда тек қана халықаралық қаржылық ұйымдарға ғана емес, бірақ ең алдымен Қазақстандағы белгіленген өзгертулерді қолдауды жүзеге асыра алатын өнеркәсібі дамыған елдердің үкіметтік құрылымдарына бағыттау лазым.

Осыдан  шыға келе интеграциялық процесті мемлекеттік  реттеу белгілі талаптарға және шарттарға  жауап беруі қажет, шаруашылық субъектілердің белгіленген ағымды және перспективті жоспардағы капиталдың тұрақты кему көлеміне негізін сала алады.

Инвестицияны  тарту процесті тұрақтандыру мен  жеделдету талаптарының ең бастылары  мынадан тұжырымдалады:

  • заңдардың тұрақтылығы қаржылық салықтың кедендік реттеудің

нормативті-құқықтық негізін құру;

  • салықтық жинақтарды, тарифтерді және бекітілген жеңілдіктерді

рационализациялау;

  • Қазақстанның өндіргіш күштерінің даму артықшылықты мақсатына

жетуді қамтамасыз ететін салалық және территориялдық қатынаста ийілгіш қаржылық реттеудің  болуы;

  • мәселелерді шешуде органдардың компетенциясының жоғары деңгейінде,

ол шетел  инвестициясындағы әр түрлі министерство және ведомство жағынан инвестициялық  процесті реттеу шараларындағы қосарланушылықты жою.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Әлемдік  шаруашылық  қызмет  интеграциясының  қазіргі  деңгейінде  шетел инвестициялары  өсімінің  күшеюі  байқалады, оның  қарқыны  халықаралық  сауда  өсімінің  қарқынынан  асып  түседі. Шетелдер  экономикалық  даму  дәрежесіне  қарамастан  экономикалық  өсімге  жету  үшін  шетел  инветицияларын  тартудың  әдістері  мен  жолдарын  жетілдірумен  айналысады.

Қазiргi көзқарастарға сәйкес шетел инвестицияларының  келуi шектелген инвестициялық потенциалы бар, қарыз капиталының әлемдiк  нарығына еркiн кiру мүмкiндiгi жоқ  елдерге өте қолайлы әсер етедi.

Қазіргі  кезде  ел  макроэкономикалық  көрсеткіштерінің  салыстырмалы  тұрақталуына  жеткен  кезде  экономикалық  өсімге  жету  бойынша  шараларды  жүзеге  асыру  маңызды  міндет  болып  отыр. Экономикалық  өсім  концепциясы  шетел  капиталын  кең  тартуды  болжайды. Капиталды  жинау  мен  инвестициялаудағы  екпін  шетел  инвестициясын  тартуды  қоса  алғанда бірнеше  проблемаларды  шешуге  мүмкіндік  береді. Бірінші  кезекте  бұл  экономикалық  өсім  факторы, оның  көмегімен  алдыңғы  қатарлы  технологиялар  меңгеріледі, нарықтардың  отандық  тауарлармен  толуы  жүреді, экспорттық  өнімнің  бәсеке  қабілеттілігі  көтеріледі.

Республикаға  шетел инвестицияларының тартудың перспективалы формалары келесідей: портфельді инвестициялар (акция сатып  алу); бірлескен кәсіпорындарды құруға кететін инвестициялар; кәсіпорынды  басқаруға алған фирмалардың  инвестициялары; кәсіпорындарды өздері иеленуге алған компаниялардың инвестициялары. Шетелден капитал қазіргі уақытта  негізінде екі канал арқылы тартылады: үкіметтік кепілдік берілетін халықаралық  несие және тікелей инвестициялар.

Қазақстан экономикасына инвестициялау көлемi бойынша басты орында АҚШ тұр, одан кейiн Ұлыбритания, Швейцария және Нидерланды. Салалық бөлiну бойынша осы инвестициялардың көп бөлiгi бұрынғыдай мұнай-газ комплексiне, және түстi металлургияға салынады. Шетел инвесторларының қызығушылығын қара металлургия, энергетикалық кешен, тамақ өнеркәсiбi, байланыс және кен қазу өнеркәсiбi тартады.

Информация о работе Қазақстандағы шетелдік инвестициялар және оларды пайдалану тиімділігі