Қазақстандағы шетелдік инвестициялар және оларды пайдалану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 14:06, курсовая работа

Краткое описание

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттігі көтеріледі.

Оглавление

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ..........................................................................................5
1.1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері............................................................................................................5
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу ..........................................................................................................12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ…………………………...18
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту халахуалының жағдайы ......................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуін және пайдалану тиімділігін талдау.………………………………………….....23

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ..................................................................................28
3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері .............................28
3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары ............................34

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................42

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Кабиева А..docx

— 91.77 Кб (Скачать)

Шетелдік  тікелей инвестицияны тартудың басқа  формасы жалға беру мен концессияны  білдіреді, яғни сыртқы кәсіпкерлік  құқық беру, ұзақ мерзімді жалға  беру қызметіндегі шаруашылық қызметтерінің  әртүрлі түрдегі ерекшелігі. Орны толатын және орны толмайтын табиғат  ресурстарын өңдеуге құқық беру, мемлекеттің жеке меншік басқа түрдегі  салалардың ерекшелігі сонымен қатар  елдің заңдастырылған сәйкестіктеріне  сай мемлекеттің монополияны  белгілейтін арнайы уақыттарды бекіту. Біріккен кәсіпорындарының Қазақстандағы  даму перспективаларын бағалаған кезде  ол елге шетел инвестициясын тартуды  көздеу керек және олардың басқа  қаржылық қызметтерінің артықшылығын ескерген жөн. Бірақ оны таңдаулар  кезінде тенденцияның инвестициялар  басымдылық формасын қазіргі уақытта  әлемдегі экспортталатын капиталды  қадағалау болып табылады. Қазақстан  мен басқа да мемлекеттердің әлемдік  нарықтағы әлсіз позицияларына  байланысты шетелдік капиталға баланста сұраныс пен ұсыныс жеткілікті жолдамда, тек олардың өзара бәсекелесу, яғни капиталдың төменгі әлемдік  сегментінде, банк несиелерімен және халықаралық  ұйымдардың ресми несиелері мен  жоюлы кепілдіктерді қамтамасыз етулер арасында.  Бағалау перспективасы  бұл елдердегі шетел капиталының  түсімі 60-70% болса батыс елдерінің  үкіметінің ресми және кепілді несиелерін көрсететін болады, сонымен қатар  халықаралық ұйымдар несиелері. Бұл белгілі жағдайда Халықаралық  валюта қорының өсуін оның қысым  тұтқасындағы өсуін жеке капиталдың түсіміне әсерін, экономикалық саясаттағы бұл елдердің энергетикалық құрылымдық реформаларын болжайды. Осыған қарамастан Қазақстанның капиталдар экспортында жалпылама мақсатта елдермен байланыста, бірақ мұндай форма шетелдік кәсіпкерлік капиталға тікелей инвестиция тартуды көрсетеді. Бірлескен және толық кәсіпорындарды қалыптастыру формасымен мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы кәсіпорынның шарттарын қалыптастыру арқылы ерекшеленеді. Шетел кәсіпкерлігінің капиталдарын тарту сонымен қатар бәсекелестіктің дамуымен және ішкі нарықта монополиямен күрестің активті құралдары болып табылады. Инвестициялық ресурстар көмегімен ұлттық өндірушілер күшінің тиімділігін арттыруға болады. Тікелей шетелдік инвестицияның парасаттылығы экспорт диверсификациясымен салыстырулар бойынша шетелдік несиелермен қосымша жұмыс орындарын пайдалану қабілеті. [21]

Тек шетелдік инвестиция мен бірлескен кәсіпорынды  қалыптастырудан басқа республикадағы шетел капиталының түсім формаларын оның ішінде бірлескен және шетелдік банктерді қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта бұндай банктер  мемлекеттік ұлттық банктерге тіркеп қояды. Әлемдік тәжірибе инвестициялаудың басқа формасын иемденеді. Олардың  арасында соңғы он жылдықта «жаңа  формадағы өнеркәсіп инвестициялар» немесе акционерлік формадағы емес инвестициялар деп аталатын ерекше дамуды көрсетті. Оларға лицензиялау, лизинг, франчайзинг, бірлескен өндіріс, құрылыс заводтары жатады. Стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында  әрбір нақты жағдай формасында фирма  оңтайлы жағдайларды таңдайды. Қазіргі  уақытта батыстың инвесторлары қаншама  тәуекелділікті қысқартса да капитал  салымдарымен шетелдік инвесторлар  үшін қамтамасыз етудің белгілі артықшылығын ескеріп отырады. Акционерлік бірлескен  кәсіпорынның мүшелік жетекшілік органдары  компания істері шешімдері жөнінде  өзіне жауапкершілікті жүктейді.

Тікелей  инвестициялау  тек  капиталдың  орын  ауыстыруы  деп  қарастыру  дұрыс  емес. Көбінесе  бас  компания  өз  маркасын, басқару  құрылымын, ноу-хауын  және  т.б.  қолдану  арқылы  барлық  қажетті  қаржылық  ресурстарды  толығымен  немесе  ішінара инвестицияны қабылдаушы елден  алады. Филиал  тиімді  болған  кезде  ол  өз  пайдасы  мен  қайтадан  алынған  несиесі  есебінен  өседі, бірақ  пайданың  бір  бөлігін  бас  компания  өз  еліне  аударады.[22]

ТШИ  ағымдарының  әсері  қиын  болжанады, және  олар  республиканың  төлем  балансының  жағдайына  теріс  әсер  етіп, сыртқы  қаржыландыруды  алудың  өте  қымбат  әдісі  болады. [23]

Шетел  инвестицияларының  10-12 % орта  пайдалылығында  тікелей  инвестордың  дивиденд  алуының  уақытша  шектеулері  болмайды  және  қаражаттың  кетуін  инвестордың  акционерлік  капиталға  қатысуының  спецификалық  ерекшеліктеріне  байланысты  алдын-ала  есептеу  мүмкін  емес. Қазақстанда  шетел  инвесторларының  қызығушылығы  негізінен  республиканың  шикізат  өнеркәсібіне  шоғырланған. Бұл  салаларға  капитал  сала  отырып, олар  3-5  жылдан  кейін  бастапқы  шығындарды  жабатын  және  өндірістің  одан  әрі  дамуын  жүзеге  асыратын  пайда  бере  бастайды  деп  күтеді. Негізінен  шетел  инвесторы  өз  пайдасын  өз  кәсіпорындарының  дайын  өнімі  ретінде  алады; мұнай, металлургиялық  өнеркәсіп  өнімдері, түсті  металл  және  т.б., яғни  Қазақстан  экспортының  негізгі  өнімдері. Сонымен  2003 жылдан  бастап  шетел  инвесторларының  дивидендтері  республика  экспортының  үлкен  бөлігін  құрады, яғни  шығарылатын  өнімнің  көлемінің  номиналды  өсімі  экспорттық  волюталық  табыстың  дәл  сондай  өсімімен  сай  келмейді, бұл  республиканың  төлем  балансының  ағымдағы  есебіне  теріс  әсер  етеді. Шетелдік инвестициядан алынған ЖІӨ және басқа көрсеткіштер макроэкономикалық процестер тұрғысынан сипатталатын шетелдік капиталдарды қадағалау керек болып табылады. Шетелдік несиелерді тарту көлемі экономикада сыртқы берешектерді өтеу мүмкіндігімен және қосымша ұлттық капитал салымдарын төлеу міндеттеледі. Сыртқы ресурстар түсімі минималды қажеттіліктен (төменгі шекара) мөлшерге дейін ұлттық қауіпсіздік деңгейінде жүзеге асырылады (жоғарғы шекара). Егер қарызға алу қарыз дағдарысын туындататын басқа қаржылық инвестиция көздерінің қатынастары бойынша сәйкестіксіз арқылы құрылады. Сондықтан сыртқы несиелерді тарту кезінде қарызға алу деңгейі қауіпсіздігін есептеу қажет, сондай-ақ елдің экспорттық көлеміне сыртқы несиелер бағамы арасындағы қатынасты анықтау керек. Болжаулар бойынша Қазақстан Республикасының Минэкономикалық бағамы, төрағалық міндеттемелер ұзақ мерзімді жеңілдіктер заемдар және несиелер бойынша 12 және одан жоғары жылдарда өтелу керек. Коммерциялық несиелер бойынша Қазақстан Республикасының кепілдіктері қызмет көрсету мөлшерінен сыртқы берешектер деңгейінде 18-20 процент экспорттық тауарлар мен қызметтерден беріліп отырады. Сыртқы қарызға алу тәжірибесі құрылым есептемесімен мерзім бойынша өтемдер ЖІӨ-нің 35-40 проценті сыртқы қарыздың шекті деңгейі бойынша қабылданады. Қазақстада соңғы уақытта өнеркәіпті басқару барысында шетелдік капиталдармен мен шетелдік басқару тәжиребесі қолданылып жүр. Капиталды тартудың жаңа формасы күрделі өнеркәсіптің ауырлау қаржылық дағдарысын байқатты. Дегенмен тәжиребедегі шарт жасасу фирмамен басқару оның ішінде шетелдіктер басқару көрсетілген. Күрделі кәсіпорындарды бір нақты саламен табыстау, шетелдік инвестордың елеулі монополиялы саланы  иемденгенін білдіреді. Бұдан басқа белгілі формада шетел капиталын тарту тек ағымдағы мінездемелер арқылы орындалады.

Қазақстанның  шетел инвесторларына тартымды фактор – ел экономикасының бір жақты  дамуы себеп болуы мүмкін. Қазақстан  экономикасының алдынғы болашағында  өнеркәсіптің өндіруші және қайта өндіруші шикізат салаларынан кірісті  алуға бағдарлануымыз қажет. Транзиттік процестегі деңгейінің маңызды индикатор  қызмет секторының дамуы болып табылғанмен, тиісіт денгейге дейін даму үшін белгілі  мерзім керек. Халықаралық нарықта  Қазақстанның позициясын нығайту үшін алдын ала маңызды шарт өнеркәсіптің экспорттық потенциалын көбейту  болуы мүмкін. Экономика секторларының арасында инвестицияны қайта бөлу пайдасына республикадағы инвестициялық саясатты қайта қарастыру болашақта саналы болып көрінеді, басқа салалардың жеткілікті инвестицияланбауынан экономиканың жеке салаларында инвестиция осы көп болып кетуі «голландтық ауруға» шалдықтыруы мүмкін. Инвестициялық саясаттың ұзақ мерзімді және басымды мақсаты экономиканың әр түрлі салаларының дамуында теңдікке жету болып табылады.[24]

Ал стратнегиялық  проблемалар қайта құру және кәсіпорынды  жаңғырту шешілмейді. Басқарушы фирмаларды капитал құрылыстары және жабдықтарды  сатып алу кәсіпорынның жекелік  формасындай салым құралдарына  деген құқықты жоққа шығарды. Осындай көз қарастар тәжірибеде шарт жасау барысында қалдықсыз  шикізат және фирманың жедел басқармасы өнімінде кәсіпорынның негізгі қорларымен табиғи ресурстарды жеделдетуді  молайтуды қамтамасыз етті.

Елдің ішкі артықшылығының маңызды факторы  жұмыспен қамтамасыз етілуі болып табылады. Мамандардың бағасы бойынша елде халықтың активті бөлігінде жұмыссыздардың үлесі жетуге болатын шектен  асып кетті, статистикалық есеп берудің  жетілдірілмегендігі жұмыссыздықтың нақты мөлшерін, соның ішінде жоғары квалификацияланған мамандардың жұмыссыздығын, дипломдалған жұмыссыздардың жасырылған формасын анықтау мүмкін емес.

Инвестиция және салық бойынша  халықаралық орталық Қазақстанда  инвестициялық климаттың арнайы зерттеуін жүргізді. Қазақстанда  инвестициялық позицияны (бағытты) ұстанатынын немесе осындай мүмкіндікті  қарастырып жатқанын 46 респонденттердің 39-ы көрсетті. Бұл респонденттер  қазіргі кезеңде республикада орын алатын шетел инвестициясының сферасындағы барлық негізгі позицияларды көрсетеді. Ірі батыс компаниялары басшыларының пікірі бойынша Қазақстанда инвестициялық  климат жалпы алғанда қолайлы, бірақ  ары қарай шетел капиталының  құйылуы үшін күрделі кедергілер мыналар болуы мүмкін:

  • бюрократиялық бөгет;
  • қаржылық тәуекел;
  • Қазақстанның салық және қаржылық режимдеріндегі жетіспеушілік;
  • құқықтық инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;
  • валюталық бақылау.[25]

Инвестициядан пайда алу  мүмкіндігіне қарамастан инвестициялық  саясаттың анықталмағандығы Қазақстанға  инвестицияның құйылуына кедергі  жасайтын басым факторлар болып  табылады. Инвесторларға тұрақты  және сенімді саяси талап етіледі.

Шетел инвестицияларын кеңейту  үшін қолға алған шаралар республикада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мақсатымен оларды реттеуді қарастыру  қажет және бірінші кезекте, табиғи ресурстармен республиканың адамдық  потенциалын есепсіз пайдалануды  тоқтату керек. Мұндай жағдайлар  өкінішке орай, шетел компанияларында  бар, олар өндіріс ұйымына көп емес материалдық және қаржылық құралдарды тартып, еңбекшілердің құқықтарына қысым көрсету есебінен заңды емес баюға жетеді. Өндірісте шығындарды азайту ресурстарды тиімді пайдалану жолымен ғана емес және де айлықты кешіктірумен және қысқартумен, күзет талаптарын және жұмысшылардың еңбек шартын орындамаумен жетеді. Шетел кәсіпорындарында қазақстандық жұмысшылардың құқықсыз жағдайы белгілі денгейде мелекеттік оргондардың жұмыспен қамтамасыз ету саясатын құруда, осындай кәсіпорындарда еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне байқамдықпен қарауында болып отыр.

Қазақстан трансұлттық корпорациялардағы  әлеуметтік еңбектік қатынастарды реттеу туралы үкімет аралық келісімге қосылмады, ол ТМД мемлекет қатысушылар территориясында  әрекет етеді. Бұл келісім ТМД  елдерінің үкіметтерінің басшылар кеңесімен 1997 жылы 9 қазанда Бішкекте қабылданды. Қазіргі уақытқа дейін  Қазақстанда бірігу бостандығы және ұжымдық келіссөздер жүргізу  құқығы, жұмыссыздықтан қорғау, айлықты  қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету  облысында құқықты сақтау бөлігінде  халықаралық еңбек ұжымының негізін  қалайтын конвенция бекітілмеген.

Республикада әлеуметтік серіктестік  қалыптаспаған. Үкімет арасында, кәсіподақтар арасында (оның ішінде ресми және ресми  емес кәсіподақтар) республикалық жұмыс  берушілер бірлестігі, өнеркәсіпшілер одағы және кәсіпкерлер, Қазақстанның кәсіпкерлерінің конгресі арасында  2007 жылдың басында үшжақты келісімге  қол қойылғанына  Қазақстандағы  шетелдік кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында әлеуметтік серіктестік дұрыс  жолға қойылмаған. Ұжымдық келісім  шартқа отырған ірі кәсіпорындар қатарына мына кәсіпорындарды жатқызуға  болады: «Испаткармет» ОК, «Феррохром»  Акционерлік қоғамы, «Казахстан Алюминий»  Акционерлік қоғамы, «Целинный кен  химиялық комбинат» Акционерлік  қоғамы, “Алматы темекі компаниясы”  Акционерлік қоғамы тағы да басқа  ірі кәсіпорындар. Көп кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуына сәйкес ұжымдық келіссөздерді  жасаудан бас тартады.

Осылайша мемлекет шетелдік капиталды  тарту мақсатымен, оны пайдалы  салымға сала отырып мемлекет ұлттық кадрлердің шетелдік кәсіпорындарда жұмыс  істеуін, жұмыс тәртібі мен жұмыс  уақытын қадағалай отырып, оның төлемақысы, оқуы мен қосымша білім алуы сияқты маңызды мәселелерді реттеуінде көп кемшіліктері бар.

 

3.2. Шетел инвестицияларын  тартудың жетілдіру жолдары

 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  экономикасына  шетел  инвестицияларының  келуінің  жаңа  перспективолары  ашылып  жатыр.

Бірінші,  ең  негізгі  шетел  капиталын  тарту  бағыты  оның  көмегімен  Қазақстанның  алынбаған  ғылыми  техникалық  потенциялын  меңгеру, әсіресе  машина  жасаудың  конверсияланатын  кәсіпорындарында.

Екінші, Қазақстанның  экспорттық  потенциялын  кеңейту  және  диверсификациялау.

Үшінші, импорт  алмастырушы  өндіріс  құру, халық  тұтыну  тауарларының , азық-түлік  тауарларының, дәрі-дәрмектің, машина  жасау  өнімдерінің, т.б. өндірісін  дамыту.

Тортінші, транспортпен  байланыс, өңдеуші  салалар  мен  инфроқұрылым  сфералары.

Бесінші, бай  табиғи  қорлары  бар, еңбегі  мол  аймақтарға (бірінші  кезекте  оңтүстік , батыс  және  орталық ) шетелдік  инвестицияның  келуіне  ықпал  ету.

Қазақстан  экономикасының  салыстырмалы  қаржылылық  тұрақтылығы, сыртқы  несие  ресурстарын  тартуға  қатаңырақ  қарау  жағдайында  (үкіметтік  несиелер  мен  кепілдерге  шектеуді  енгізу) сыртқы  қаржыландыру  көзінің  ерекше  ролін  шетел  тікелей  инвестициясы  алып  отыр.

Шетел  тікелей  инвестициялары  халықаралық  инвестициялық  қызметтің  категориясы  ретінде  инвестордың  басқа  экономика  резиденті  болып  табылатын  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметіне  ұзақ  мерзімді  қызығушылық  алуымен  сипатталады.

Қазақстандағы шетел инвестициялық қызметiн  басқарудың мемлекеттiк механизмдерiн  жетiлдiру келесi бағыттармен жүру керек.

  1. Инвестициялар бойынша комитеттiң қаржымен қамтаммасыз етiлу проблемасын шешу. Тiкелей инвестицияларды 2004-2005 жылдары татру бағдарламасында Ирландиядағы 1950 жылы берi жұмыс iстейтiн ұқсас инвестицияны қолдау бойынша агенттiктiң өз қызметi үшiн, $26 млн көлемдегi жылдық бюджетi бар екенi көрсетiледi. Орталық және Шығыс Европа елдерi арасындағы реформа қарқыны бойынша 3 алдыңғы қатарлы мемлекеттер (Венгрия, Польша және Чехия) өз инвестицияларын қолдау бойынша агенттiктерiн қаржыландыруға үлкен мағына бередi. Осылайша, эксперттердiң бағалауы бойынша, ITD Hungary жылдық бюджетi $5 млн, PAIZ Poland жылдық бюджетi-$4,7 млн, GreenInvest-$2млн.

Информация о работе Қазақстандағы шетелдік инвестициялар және оларды пайдалану тиімділігі