Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 11:05, курсовая работа
Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы, Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын талдау. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның экономикалық жағдайы, Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары,.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары.
КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы …...............5
1.2.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері.................................................................................8
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын алдау......................................................................................................13
2.2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту.........17
2.3.«. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның экономикалық жағдайы........21
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары.................................................................................................................26
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары...................30
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................35
ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2007 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 31 бірлікке (107,9%-ға) артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге (161,5%-ға) өскен. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 9,76 адамға кеміген (2007 жылы 48,49 адам, 2010 жылы 38,73) (кесте-4).
Ғылыми-зерттеу
жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-
Сурет 1 – Ғылыми-техникалық жұмыстарды үйлестіру құрылымы
Ескерту - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері
Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.
Көптеген отандық зерттеулер
мен әзірлемелердің нақты
Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет.
2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5%), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2%) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары (кесте-5).
Кесте 2 1992- 2010 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн.теңге)
Көрсеткіштер | 1992ж. | 1995ж. | 2000ж. | 2009ж. | 2010 ж 2000 жылға өсу/кему қарқыны (%) |
Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, барлығы | 395,4 | 2983,1 | 6100,5 | 29591,3 | 485,1 |
Соның ішінде: | |||||
ғылыми-зерттеу жұмыстары | 214,2 | 1739,7 | 3764,5 | 17174,4 | 456,2 |
Соның ішінде | |||||
Іргелісі | 40,2 | 396,1 | 809,6 | 3461,1 | 427,5 |
қолданбалы зерттеулер | 174 | 1343,6 | 2954,9 | 13713,3 | 464,1 |
Жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстар | 99,7 | 496,6 | 1205,9 | 8555,8 | 709,5 |
Бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелі үлгілерін (жиындарын) жасау | 21,1 | 117,1 | 198,9 | 482,8 | 242,7 |
құрылысқа арналған жобалық жұмыстар | 40,8 | 536,0 | 231,7 | 1237,9 | 534,2 |
ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер | 19,6 | 92,5 | 699,4 | 2140,1 | 306 |
Ескерту-статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған |
Инновациялық қызметті жандандыру үшін
бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді
қаржыландыру әдісін және қолданбалы
ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту
қажет.
2.1.
Қазақстандағы инновациялық
кәсіпкерлік қызметті
дамыту
Жалпы инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Стратегияның алдына қойған мақсаттары өндірістің әр түрлі бағытта экономикалық өсуге жету. Солардың бірі 2020 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 40 пайызға жеткізу. Қазірдің өзінде Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа жолдауында айтылғандай ел экономикасы ЖІӨ-нің үштен бірі шағын және орта бизнеске тиесілі.
3 кесте - Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі
Кесте
бойынша еліміздегі кәсіпорындардың
инновациялық белсенділігі 4% тиесілі.
Бұл барлық 10 096 кәспорындарынның 399 кәсіпорыны
болып табылады. Тағы айта кететін жайт
инновациялық өнімдердің ЖІӨ-дегі үлесі
бар жоғы 0,51% ғана.
Ал, елімізде 2009 жылғы статистика бойынша облыстар бойынша кәсіпорындардың белсенділік деңгейі төмендегідей (2 сурет).
График көрсеткендей еліміздегі кәсіпорындардың белсенділік деңгейі бойынша Алматы қаласы ең жоғарғы көрсеткішке ие 6,7%, ал төменгі көрсеткішке Ақмола облысы 1,2% . Сонымен қатар келесі графикте қандай меншіктегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі жоғары екендігі көрсетілген (3 сурет).
Бұл график бойынша мемлекеттегі меншіктегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі жоғары екендігі көрсетіп тұр. 2003 жылмен салыстырғанда мемлекеттегі меншіктегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділік үлесі 2009 жылы 8,1%-ға дейін өскен.
Біздің
елдің сауда кеңістігіне қақпасын айқара
ашқан Кеден Одағы экономиканың әрбір
саласында бәсекелестікті күшейтетіні
сөзсіз. Сырттан келетін тауар мен елімізде
шығатын өнімге сұраныс, әдетте сапа салыстыруға
шебер тұтынушы талғамымен екшеледі.Осындай
жағдайда еліміздің «сыртқа шығаратын
тауары қандай болуы керек, қандай технология
тиімді?» деген сан-сауалдың жауабын мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда
нақтылаған болатын. «Индустриялдық карта»
бағдарламасы бойынша биыл жалпы құны
800 миллард АҚШ долларына татитын 144 жоба
аймақтарда жүзеге асады деп белгіленді.
Жылдың тең жартысында 72 индустриялды-инновациялық
жобаның тұсауы да кесілді. «Қуатты Қазақстанды
бірге көркейтеміз» айдарымен ұйымдастырылған
жалпыұлттық телекөпір сол жобалар жиынтығының
бастауында тұрды.Мемлекет басшысы облыс
әкімдерімен, өндіріс жетекшілерімен
он-лайн режимінде жүздесіп,жобаның аяқалысын
білді. Осы бағдарлама жыл соңына дейін
толық жүзеге асса, 100 мың қазақстандық
жаңа өндірістен жұмыс табады екен.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған
«Индустрияландыру картасы» жоспардан
нақты іске көшті.Жаңа университетте өткен
«Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз»
жалпыұлттық телекөпірі кезеңінде 72 жобаның
тұсауы кесіліп, еліміздің әр аймақта
өндіріс өркен жайды. Бәсекеге қабілетті,
болашағы бар жобалар ғана Үкіметтің сүзгісінен
өтіп, іріктелді.Жобаны қаржыландыруға
қаржы институттары мен жеке кәсіпкерлердің
капиталы, сырттан келген инвестиция жұмсалған.
Сонымен, Қостанайда металл прокаты зауыты
ашылса, Маңғыстауда іске қосылған кеме
жөндейтін өндіріс өңірдің экономикасын
түлеткелі тұр. Қашаған жобасы игеріле
бастаған кезде ең кемі 200 кеме – баржалар
іске тартылатын болады.
Қорытындылай келгенде Отандық өндірістегі инновациялық өнімнің үлесі өте аз -2,4%. Шет елдермен салыстыратын болсақ: Украинада бұл көрсеткіш 7-8, Ресейде-2,4- 2,5, ЕО елдерінде-40-тан 90-ға дейінгі аралықта болып отыр. Қазақстан инновацияландыру индексі бойынша 67-ші орынды иемденіп отыр. Атап айтсақ инновация енгізілген кәсіпорындардың саны 399 бірлікке жеткен. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында (инновациялары бар кәсіпорындардың жалпы санының 37,8 пайызы) орналасқан. Ал бұл көрсеткіш Қарағандыда - 14,0, Шығыс Қазақстанда - 11,8, Павлодарда - 4,8, Ақтөбеде - 4,0, Оңтүстік Қазақстанда - 3,8 және Астана қаласында 3,8 пайызды құрайды. Инновациялық өнімдердің көлемі 82597,4 млн.теңге болса, 13854,6 млн. теңге сомасына инновациялық сипаттағы қызметтер көрсетілген.
Ал үкіметтің 2010-2014 жылдарға арналған
индустриалдық-инновациялық бағдарламасы
бойынша жалпы құны 6,4 триллион теңге болатын
97 жоба іске қосылатын болады. Сәті түсіп,
бұл мақсаттардың орындалуына қол жеткізсек,
64 мыңнан артық азамат екі қоғга бір күрек
таппақ. Жобалар негізінен, аймақтарда
орындалатын болады. Бұл дегеніміз кәсіпкерлік
инновациялық қызметті дамыту мақсатында
жасалған шараларға мемлекет өзі білек
сыбанып кірісті деген сөз.
2.3.«Кентау
трансформатор зауыты»
АҚ-ның экономикалық
жағдайы
«Кентау трансформатор зауыты» отандық электромашина жасау профилі бойынша 50 жылдық тәжірибесі бар жалғыз кәсіпорын.
Зауыт
2006 жылдан бастап «БРК-Лизинг» АҚ мемлекеттік
лизингтік компаниясының
Зауыт
бүгінгі таңда
«Кентау трансформатор зауыты» АҚ ТМД электротехникалық нарығында көшбасшы зауыттардың бірі болып табылады. Зауыт номенклатурасына 300-ге жуық өнім түрі кіреді. Зауыт трансформатор құрылғыларымен мұнай–газ саласындағы кәсіпорындарды, құрылыс саласын, коммуналдық мекемелерді және теміржол мекемелерін жабдықтайды.
Зауыт 2009 жылдың аяғынан бастап үлкен кернеулік (35 кВА) қуаттылығы жоғары (1000-нан 25000 кВА - дейін) трансформатор шығара бастады. Бұл инновациялық жобаны іске асыруда цех шетел құрылғыларымен жабдықталған. Жобаны іске асыруда лизингтік құрал қолданылды.
Зауыттың 2009 жылы өндірілген өнім көлемі 5,3 млрд. теңгені құраса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 6,8 млрд. теңгені құрады және табыс көлемі 20% өсті. Зауыттың 2009–2011 жылдың 6 айы арасындағы экономикалық көрсеткіштерін 7-кестеден көруге болады.
Техникалық қайта жарақтандыру негізінде 2010 жылы өнім көлемі 28% артып отыр, сонымен қатар зауыт айналым қаражатына зәру болып отыр. Өйткені ғылыми сыйымдылықты және экспортқа арналған өнімдер үлкен шығын қажет етеді. Кәсіпорынның инновациялық өнімдерінің үлесі 2011 жылдың 6 айында 35%-ға жетіп отыр.
Кесте 4- «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның экономикалық көрсткіштері
Көрсеткіш аты | өлшем бірлігі | 2009 ж. | 2010 ж. | 2011 ж. 6 ай
месяиев |
1.Өндірілген өнім көлемі | млн тг | 5 382,5 | 6 898,4 | 3 564 |
Соның ішінде: | ||||
- қайтадан енгізілген немесе елеулі технологиялық өзгерістерге түскен өнімдер | % | - | 15 | 35 |
-
жетілдіруге ұшыраған өнімдер |
% | - | - | 4 |
2.Өткізілген өнімнің өзіндік құны | млн.тг | 4548,2 | 5435,9 | 2754,9 |
3. Жалпы пайда | млн.тг | 834,3 | 1462,7 | 809,0 |
4.Натуралды сан бойынша | т.кВа | 1 874,6 | 2 027,6 | 915,44 |
5.Қызметкерлер саны | Адам | 968 | 1 041 | 881 |
6.Орташа айлық жалақы | Теңге | 62 648 | 67 906 | 59 288 |
7.Негізгі қорлар құны | мың.тг. | 925 264 | 1 938 386 | 1 961 447 |
8.Қуаттылықты іске қосу | % | 95 | 95 | 71 |
9.Экспорт | млн.тг. | 765 | 2 085 | 404 |
10.Демеушілік көмек | мың.тг. | 1 605 | 13 485 | 2 420 |
11.Негізгі қорлардың тозу коэффициенті | % | 36,4 | 36,7 | 32,0 |
12.Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті | % | 36,3 | 36,6 | 58,0 |
13.Инвестициялар | млн.тг. | 210 | 918,3 | 64, 323 |
14 Электроэнергияға қажеттілік | мың.квтч. | 9 885 730 | 10 496 880 | 4 509 600 |
15.Өндіріс рентабельділігі | % | 15,5 | 21,2 | 22,7 |
Ескерту – «Кентау тарнсформатор зауыты» АҚ-ның 2008ж., 2009ж. жылдық есебі негізінде жасалған |